Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе Мақсаты



бет14/29
Дата11.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#6881
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29

Сабақ№____12_ Сыныбы____11__ Күні__09.10.2014ж___
Тақырыбы: Үндістанның шаруашылығы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Үндістанның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, ішкі айырмашылықтары, экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Үндістанның шаруашылығымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Б.Ү.Ү. кестесі. 6. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы?

2. Үндістанның аумағының құрамы?

3. Үндістанның табиғат ресурстары?

4. Үндістанның табиғатын қорғау?

5. Үндістанның халқы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Үндістанның өнеркәсібін түсіндіру.



Өнеркәсібі

Өнеркәсіптің аса маңызды салалары бар. Олар: болат құю, мақта-мата, машина жасау, тау-кен өндіру, мұнай өндіру, фармацевтиа, электроника, энергетика, химия өнеркәсібі. Халықаралық қызмет көрсету секторы жоғары қарқынмен дамуда.

Экономикалық проблемалары

Экономикалық негізгі проблемаларына инфляцияның қарқынды өсуі және мемлекеттің айтарлықтай сыртқы қарызы жатады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония.



3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Үндістанның ауыл шаруашылығын түсіндіру.

Үндістанның ауыл шаруашылығы


Мал шаруашылығы

Елдегі мал шаруашылығының негізін қой шаруашылығы құрайды. Бұл сала елдің солтүстік-батысында дамыған. Ірі қараның саны жөнінен Үндістан д.ж. 1-ші орында және олар түгел дерлік күш көлігі ретінде пайдаланылады. Құс шаруашылығы жақсы дамыған.

Өсімдік шаруашылығы

Егіс көлемінің 80%-ға жуығын азық-түлік дақылдары құрайды. Техникалық дақылдардан мақта, джут, қант қамысы, майлы өсімдіктер өсіріледі. Күріш дақылы теңіз маңы ойпаттарында және Ганг өзенінің төменгі ағысында кеңінен өсіріледі. Экспортқа шығарылатын басты дақыл-шай.


4. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Үндістанның көлігін түсіндіру.


Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді











V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Үндістанның шаруашылығы.

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова
Сабақ№__13_ Сыныбы____11_____ Күні____14.10.2014ж_____
Тақырыбы: Түркия. Экономикалық-географиялық жағдайы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Түркияның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары, халқы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Түркиямен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Топтастыру.

4. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Үндістанның өнеркәсібі?

2. Үндістанның ауыл шаруашылығы?

3. Үндістанның көлік жүйесі?

4. Үндістанның өндірістік емес салалары?

5. Үндістанның ішкі айырмашылықтары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Түркияның экономикалық-географиялық жағдайын түсіндіру.


Түркияның экономикалық-географиялық жағдайы


Көршілес елдерімен жақын орналасуы.

Елдің халықаралық теңіз және әуе жолдарының тоғысқан аймағында орналасуы.


3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Түркияның табиғат ресурстарын түсіндіру.







4. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Түркияның халқын түсіндіру.


Халық саны

Халқы 68,1 млн адам. Тұрғындарының өмір жасының ұзақтығы ерлерде-69 жас, әйелдерде-74 жас.

Ұлттық құрамы

90%-ға жуығы түріктер, күрдтер, арабтар, түрікмендер, черкестер, лазылар, аджарлар, абхаздар, ингуштар, шешендер т.б.

Тығыздығы

1 км2-ге 81 адамнан келеді. Діні ислам.

Қалалары

Елдің ірі қалалары батыс бөлігінде орналасқан. Олар Стамбұл, Измир, Бурса, Аданазары, Денізлі, Адана, Балыкесир.


Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Түркияның экономикалық-географиялық жағдайы?

2. Түркияның аумағының құрамы?

3. Түркияның табиғат ресурстары?

4. Түркияның табиғатын қорғау?

5. Түркияның халқы?

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Түркияның экономикалық-географиялық жағдайы, халқы.

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:________ С.Қисықова


Каталог: uploads -> doc -> 0ca5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ca5 -> Сабақ Тақырып: Таным белестері. Құндылық:Ішкі тыныштық
0ca5 -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап
0ca5 -> Сабақтың тақырыбы: § 25 Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері
0ca5 -> Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы толық түсінік беру. Білімділік
0ca5 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру
0ca5 -> Бағдарламаның мақсаты
0ca5 -> Жалпы қолданыстағы сөздер Қолдану аясы шектеулі сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет