Xx ғасырдағы қоғам дамуы және әдебиет


–модуль бойынша. Тақырып: Алаштың азатшыл поэзиясы және А.Байтұрсынов шығармашылығындағы азатшыл рух



бет3/24
Дата18.10.2022
өлшемі135,11 Kb.
#153740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Алматы 2021 ж. О у- дістемелік кешенін зірлеген . бдиман лы, п

2–модуль бойынша. Тақырып: Алаштың азатшыл поэзиясы және А.Байтұрсынов шығармашылығындағы азатшыл рух.
Дәріс мақсаты:А. Байтұрсынов шығармашылығының ерекшеліктері мен өзіндік ізденістерін тусіндіру.
Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы мен шығармашылық ғұмырнамасы.
Ахмет Байтұрсыновтың аса көрнекті қоғам қайраткері, саңлақ санаткер, ірі ғалым-лингвист екені.
Шығармашылық және көсемсөздік публицисткалық мұрасының ұзақ жылдар бойы негізсіз жоққа шығарылып келгені. Қазақ зиялыларының Ахмет Байтұрсыновты казақтың "рухани көсемі" деп тануы. А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, ғылыми, әдеби қызметінің шындығы. Ахмет шығармашылығының жазықсыз жазаланғанға дейінгі әдеби-ғылыми ортада бағалануы. А.Байтұрсыновтың шығармашылығы, азаматтық тұлғасы туралы М.Дулатов, С.Сейфуллин, М.Әуезов ой-пікірлерінің тарихи және ғылыми маңызы.
А.Байтұрсыновтың халық ағарту, ғылым саласындағы еңбектерінің мәні. Оқу құралдарын жасау жолындағы қызметі.
Тұңғыш биресми газет шығарушы екені. "Қазақ" газетінің бас жазушысы ретінде саяси-әлеуметтік, мәдени-ағарту, әдебиет пен өнер жайлы жазған мақалаларының құндылығы.
Аударма саласындағы шығармашылығы ("Қырық мысал" 1909 ж.). Мысал аудармаларының жаңашылдығы. Аудармадан төл туынды жасау шеберлігі. Мысал аудармаларындағы Абай дәстүрі және өзіндік ерекшелік ("Қарға мен түлкі", "Бақа мен өгіз" т.б.). Аударма жинағының белгілі жүйемен құрылуының өзіндік бет-бағдарды танытатыны. Тақырыбының әр алуандығына қарамай, жинақтағы басты ой-идея ел азаттығы екені.
"Қырық мысалды" аударғанда Ахмет күрескердік, ағартушылық идеяларды алға тартуына байланысты көбіне еркіндеу кетіп отырса, Лермонтов, Надсон, Жадовскаядан жасаған аудармаларында ол көркемдік зандылықтарға қайшы келмей, түпнұскаға мейлінше жақын болуын қалауы. Пушкин, Надсон, Жадовская, т.б. өлең аудармаларының көркемдік жетістіктері.
Төл туындыларының жинағы ("Маса", 1911 ж.). Өлеңдеріндегі ой-идея сонылығы ("Қазақ салты", "Қазақ қалпы", "Досыма хат", "Жауға түскен жан сөзі", "Бақ"). Азаттық сарынның басым келуі. Отаршылдық саясатқа ашық қарсы шығып, ел санасын оятуға ұмтылуы. Абай дәстүрін жалғастыруда азаматтық сарынның үндесіп жатуы ("Жиған терген", "Жауап хаттан" т.б.).
Өлеңдерінің көркемдік жетістіктері. А.Байтұрсыновтың ақындық жаңашылдығы. Азатшыл бағыттың көш бастаушысы екендігі.
А. Байтұрсыновтың «Әдебиеттанытқыш» еңбегінің қазақ руханиятындағы орны. Оның түркі дүниесіндегі тұңғыш теориялық еңбек екендігі. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 2012.
2. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.- Алматы, 2010.
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6 том. – Алматы, 2005.
4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Алматы, 2002.

Қосымша:
1. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. - Алматы, 2010.


2. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. - Алматы, 2002.
3. Исмакова А. Возвращение плеяды. — Алматы, 200
4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 2014.

7 дәріс, 7- апта, 1 сағат






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет