Xx ғасырдағы қоғам дамуы және әдебиет


Тақырып: Кеңес дәуіріндегі әдебиет және С.Сейфуллин шығармаларының идеялық-тақырыптық ерекшелігі және жаңашылдық



бет5/24
Дата18.10.2022
өлшемі135,11 Kb.
#153740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Алматы 2021 ж. О у- дістемелік кешенін зірлеген . бдиман лы, п

Тақырып: Кеңес дәуіріндегі әдебиет және С.Сейфуллин шығармаларының идеялық-тақырыптық ерекшелігі және жаңашылдық
Дәріс мақсаты: Кеңес дәуіріндегі әдебиет және С.Сейфуллин шығармаларының идеялық-тақырыптық ерекшелігі және жаңашылдық әлемі мен шеберлігін айқындау.
Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы.
Сәкен Сейфуллиннің творчестволық өмірбаяны. Ақынның алғашқы өлеңдері («Жазғы түнде», «Туған ел», «Сағыну», «Нұра», «Кім басшы», «Жайлауда», т.б.). «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы (1922).
Лирикалық өлеңдері («Сағындым», «Тау ішінде», «Тұлпарым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық», «Ақсақ киік», т.б.). Ақын поэмаларындағы өршіл романтика сарыны («Аққудың айрылуы»). Сәкеннің қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, соны ұйқастар әкелуі. «Көкшетау» (1929). Ақын поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар. Ақынның халық аңызы желілеріне негіздеп жазған шығармалары, олардың жанрлық сипаты, стильдік беті.
Жазушының прозалық шығармалары. «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы (1927). Шығарманың тарихи маңызы, жанрлық, идеялық-көркемдік ерекшеліктері. «Айша» атты повесть, әңгімелер жинағы. Сәкен повестерінің тақырыбы мен проблематикасы.
Сәкеннің драмалық шығармалары («Бақыт жолына», «Қызыл майдан»). Пьесаларының қазақ драматургиясының дамуына тигізген әсері.
Сәкен - қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Қазақ әдебиетінің даму жолдары, әдеби мұра жайындағы еңбектері. «Қазақ әдебиеті» оқулығы. Сәкен творчествосының қазақ әдебиеттану ғылымында бағалануы.
Дәріс мақсаты: Ілияс Жансүгіров шығармашылығындағы идеялық-көркемдік ізденістер және дәуір сипатын, ақындық әлемі мен шеберлігін айқындау.
Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы.
Ілияс Жансүгіров творчествосы. Алғашқы өлеңдері. Қазақ поэзиясында сюжетті поэма жанрының дамуына Ілиястың әсері, қосқан зор үлесі («Кәнпеске», «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» поэмалары). Ақын поэмаларының тақырыбы, сюжеті, композициясы., тілі. Ақынның образ жасау, мінез даярлау шеберлігі.
Прозалық шығармалары. «Жолдастар» романы. Романдағы қазақ аулының революция алдындағы өмірі.
Драмалық шығармалары «Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет» атты пьесалары. Сауық кештерге, мектеп балаларына арнап жазған «Мектеп», «Колхоз тойы», «Мін де шап» атты бір актілі пьесалары.
«Жол аузында» кітабына енген әңгіме, очерктері. Фельетондар жинағы – «Құқ». Ұсқынсыз мінез-құлықтың сиқын тез көріп, өткір тілмен оңай ғана сатиралық образ жасау арқылы Ілияс сатирик жазушы екендігін де танытады.
«Исатай-Махамбет» - жазушының драматургиядағы үлкен жеңісі. Ресей отаршылдары мен қазақтың хан, сұлтандарының зорлығына қарсы шаруалар көтерілісінің тарихи шындық тұрғысынан суреттелуі. Исатай мен Махамбет образдарының шынайы жасалуы.
І.Жансүгіров – көркем аудармашы. «Таврилиада», «Евгений Онегинді» тәржімалауы.
әдебиет тарихына арналған еңбектері, халық ақындарының шығармаларын зерттеуі, жинап бастыруы. І.Жансүгіров творчествосының қазақ әдебиеті тарихындағы орны., маңызы.
Дәріс мақсаты: Майлин шығармашылығындағы жанрлық көркемдік ізденістер және өмір шындығын, қаламгерлік шеберлігін айқындау.
Қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолы.
Бейімбет Майлиннің творчестволық өмірбаяны. Алғашқы өлеңдері.Оның поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі. Мырқымбай образы.
Бейімбеттің прозалық шығармалары. «Шұғаның белгісі» (1926) повесі. Оның тақырыбы мен идеясы, тіл көркемдігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы.
Жазушының повестері - «Он бес үй», «Қырманда», әңгімелері - «Колхоз қорасында», «Арыстанбайдың Мұқышы» көрініс тапқан өмір құбылыстары.
«Раушан-коммунист» повесі. Жазушының образ жасау шеберлігі. Б.Майлиннің драматургиясы. «Жалбыр», «Біздің жігіттер», «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», «Аманкелді» драматургиялық шығармалары. Пьесаларындағы («Шаншар молда», «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Қос қақпан», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей») көрініс тапқан ескіліктің қалдықтары, оны сынаудың мәні, жанрлық ерекшеліктері.
Бейімбет творчествосының қазақ әдебиеттануында бағалануы.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі


Негізгі:
1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 2012.
2. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.- Алматы, 2010.
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6 том. – Алматы, 2005.
4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Алматы, 2002.

Қосымша:
1. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. - Алматы, 2010.


2. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. - Алматы, 2002.
3. Исмакова А. Возвращение плеяды. — Алматы, 200
4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 2014.
9 дәріс, 9 - апта, 1 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет