Xx ғасырдағы қоғам дамуы және әдебиет



бет8/24
Дата18.10.2022
өлшемі135,11 Kb.
#153740
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
Алматы 2021 ж. О у- дістемелік кешенін зірлеген . бдиман лы, п

11- апта, 1 сағат


Тақырып: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ прозасы және Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармашылығы

Дәріс мақсаты: қазақ сөз өнерінің зергерлері Ғ. Мүсірепов пен Ғ. Мұстафин шығармашылығындағы шеберлік қырларын таныту.


Ғабит Мүсірепов (1902-1985). Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жиырмасыншы жылдардың аяғындағы әңгімелері ("Тулаған толқында", "Қос шалқар", "Талпақ танау", "Үздіксіз өсу", "Бір адым ілгері, екі адым кейін", т.б.). Жазушының ана туралы әңгімелері. Жазушы творчествосында ана тақырыбының алатын орны. Драмалық шығармалары. Олардың жанрлық құрамы, поэтикасы "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері - Ақтоқты", "Аманкелді", т.б. Драматургия саласында алғашқы сәтті еңбегі - "Қыз Жібек" (1934), атты музыкалы драмасы, оның кейінірек операға айналуы. Пьесада махаббат бостандығы, гуманизм сарынының суреттелуі.
"Кездеспей кеткен бір бейне" (1967) повесі. "Ұлпан" (1974) романы. Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап жазған "Қазақ батыры" (1945) повесі. Автордың оны "Қазақ солдаты" (1950) романына айналдыруы. Романның көркемдік ерекшелігі, ұлттық және интернационалдық сипаты, көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдары. Романдағы псйзаж, оның көркемдік қызметі. "Оянған өлке" (1953), "Жат қолында" (1984) романдары. Ғ.Мүсірепов творчествосының қазақ әдебиетіндегі орны.
Ғабиден Мұстафин (1902-1985). Жазушының творчестволық өмірбаяны. Жазушының 1927-1929 жылдарда жазған әңгімелері алғашқы қысқа әңгімелері. "Сәрсен мен Мүқаш" (1927), "Кек", "Қан", "Қашқын", "Ер Шойын", "Шағатайдың шатағы", т.б. Олардың тақырыбы мен идеясы. "Ер Шойын" (1929) жинағындағы жаңа өмірдің көрінуі, ауылдағы күрес. Жазушының үлкен эпикалық жанр саласындағы шығармалары. "Шығанақ" романы (1945). Роман тақырыбының туу тарихы. Шығанақ, Олжабек, Амантай, Жанбота, т.б. бейнелері. "Миллионер" романы (1948), ондағы жаңа мен ескінің арасындағы тартыс. "Қарағанды" романы (1952). Роман тақырыбының туу тарихы. Романның материалы және өмір шындығы. Жазушының өмір шындығынан өнер шындығын жасау жолдары. Романның басты кейіпкерлері, олардың өмірлік негіздері (прототиптері). Ескі мен жаңа, әке мен бала арасындағы тартыс. "Өмір мен өлім" (1939) және "Қарағанды" романдарының сюжеттік желісіндегі, оқиғалар қамтуындағы, образ жасаудағы кейбір ұқсастықтар. "Дауылдан кейін" романы (1959). Романда суреттелетін оқиғалар тобы. Басты тұлғалар Аман, Шолпан. Оның образын жасаудағы жазушының жетістігі. Аманға ере шыққан жаңа, жас қауым: Ізбасар, Сыздық, Әлжан, Тоқабай, Нұрғали, Таймас. Шәкен мырза, Малқар болыс, Жақып және Шегел т.б. іс-әрекеттері, бейнелерінің әлеуметтік сипаты. Романның көркемдік ерекшеліктері, композициялық құрылысы. Жазушы шеберлігінің жаңа қырлары. "Көз көрген" (1963). Романда суреттелетін оқиғалар. Шығарманың 1900-1925 жылдар арасындағы қазақ қоғамы бастан кешкен дәуір шындығына құрылған сюжеттік желілері.
Жазушы шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі


Негізгі:
1. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 2012.
2. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.- Алматы, 2010.
3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 6 том. – Алматы, 2005.
4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Алматы, 2002.

Қосымша:
1. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух. - Алматы, 2010.


2. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. - Алматы, 2002.
3. Исмакова А. Возвращение плеяды. — Алматы, 200
4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 2014.
12 дәріс, 12 - апта, 1 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет