Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


ж. Түркістанға келген Ж.Аймауытов, А.Гордлевский зерттеу, мақалаларындағы Қылует әдебі туралы мәліметтерін жазып көрсетіңіз



бет56/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған
195.Намаз үйренейік, Дәрігердің үшінші қаруы
1929ж. Түркістанға келген Ж.Аймауытов, А.Гордлевский зерттеу, мақалаларындағы Қылует әдебі туралы мәліметтерін жазып көрсетіңіз

. В.В.Гордлевский еңбегінде мұнда бір апта бойы жұмадан бейсенбіге дейін түнде зікір айтылғанын жазады. Қылуеттегі, Ғардағы рәсімнің өтуі зерттеуші уақыт бойынша қыстың ортасына сәйкес келеді дейді. Бұл қыстың қырық күн шілдесі кезі болар.1929 жылы Түркістанда болған зерттеуші қылует дәстүрін жазған болар. Төрт метр тереңдіктегі ені 1м, 34 см, 1метр, 34 см. ұзындығы бар бөлме. Қырық күндік ораза ұстау рәсімі өтілген. Ол Ғар бөлмесінің жанында болған. Қылуеттің екі бөлмесі XIV ғ. мерзімделген. Қылуетхана кешенінде ошақ, сандал, бөлмелердегі интерьерлер ол жер тұрғын жай ретінде қолданғанын көрсетеді.
1929 жылы Түркістанға келген Ж.Аймауытов «оразада мыңдаған шалдар қылуатта жататын жер асты орыны (қорасы)... Ол бір дерттің ұясы...» деп жазады. Қылует кезінде нәпсіге тиісті қалау, ниеттер жанып жоқ болған. «Өлместен бұрын өлу». Оңашаланған орын –Қылует-оңашалау Ясауи тарихатының ерекшелігі. Қожа Ахмет Ясауидің белгілі шәкірттерінің бірі - Сопы данышпан Зарнуқи Сафи ад-дин Қойлақының шежіресі «Насаб-намада» Қожа Ахмет Ясауидің қызметінде қырық жыл қылует қылғаны айтылады. Содан кейін Ахмет Ясауи шәкіртін Отырарға суфра тұтуға жібереді. Мұхаммед Данышманд Отырарда қырық жыл софра тұтты. Онда сопыхана болды .

  1. Ислам сәулетіндегі «жалал» сөзінің мәнін түсіндіріңіз, талдап көрсетіңіз

VIIғ. Ислам сәулетінде ұстынды мешіттер түрлері қалыптасты. Мешіттің белгілі сәулеттік бөліктері исламдық діни түсініктерді қамтыды. мұнаралары-жалал.Құдайдың ұлылығын білдіретін «жалал» сөзіне сәйкес мешіт мұнаралары символданды Көптеген мешіттердің бір немесе бірнеше мұнаралары болды. Олардан азан айтылады. Мұнара - биікке өрлете салынып, жеке орналастырылған құрылыс немесе құрылыстық ғимараттың биік бөлігі.



  1. Ислам сәулетіндегі «сыпат» сөзінің мағынасына жазыңыз, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен мысал келтіріңіз

Мешіттің сыртына түсірілген Құран сөздері- сыпат. Аллаһтың әсем есімдерін білдіретін символ (сыфат) ретінде мешіттің сыртқы , ішкі қабырғаларындағы жазу болды. Сонымен қатар Аллаһ жолының мәңгілік көктеуін білдіретін түс – жасыл. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мешіт бөлмесіндегі, басқа да бөлмелердегі, жалпы ғимараттағы жазулар, әшекей өрнектер кірпіштік мозайка, майолика, ойылып, кашиннен жинақталып, өрнектелген жиналмалы мозаика сипатында түсірілген . Ғалымдар XIII-XIVғ.ғ., XIVғ.-XVғ. ғасырлармен мерзімдеген, Отырардан табылған шеберханаларда, соның ішінде Мыңшұңқыр шеберханасы керамикаларының арасында сәулеттік керамикалар бар. Солардың ішінде шыңылтырланған, сыртына өсімдік, геометрияланған сипатта өрнектер түсірілген күмбездің ұштары кездеседі. Күмбез ұштары өсімдік сағақтары, төртқұлақ өрнектері түсіріліп әрленген. Ол сан ғасырлар қолданып келген белгілі бір мәні бар сарынды бейнелейді. Кесененің сыртқы бөлігінің жоғарғы және орта бөліктеріне ислам өнерінің даму сипатына сай сульс және геометрияланған, гүлденген куфи қолтаңбаларымен жазулар түсірілген. Жоғарғы жағындағы жазулар Құранның алынған сөздер.Кесененің солтүстік беті үш бөліктен тұрады. Оң қанат, сол қанат және қас бет деп бөлуге болады. Көркем жазулармен қабырғалар, бұрыштағы ұстындар, қас бет ойықтардың ішкі бөліктері әрленген. Бұл қабырғадағы жазулар мәтіні келесі сипатта: «Ойластыратын Алланың құлы, айқындаушы Алла».





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет