З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет8/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Жұмыстың мақсаты: тура және жанама тітіркендіру ар- қылы жүйке мен еттің қозғыштық қасиеттеріне баға беру.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: миограф, кимог- раф, электр тітіркендіргіш, хирургиялық аспаптар жиынтығы, лоток, пипетка, салфеткалар, рингер ерітіндісі. Жұмыс бақа- мен орындалады.



  1. сурет. Жүйке-ет препаратын миографқа бекіту және оның жиырылуын графикалық тіркеу:1 – кимограф; 2 – вертикальды миограф; 3 – тітіркендіргіш

Жұмыстың барысы: бұлшық ет-жүйке препаратын жоға- рыдағы әдіспен дайындап, оны миографқа бекітеді (7-сурет). Ту- ра (бұлшық етті тікелей тітіркендіру) және жанама (жүйкені) ті- тіркендіру арқылы жүйке мен бұлшық еттің қозғыштығын (уа- қыт мөлшерін) миограф барабанына жазу.
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын дәптерге жазу. Алынған кимограмманы дәптерге жабыстырып, оны белгі- леу. Жүйке мен бұлшық ет қозғыштығына салыстырмалы баға беру.


БҰЛШЫҚ ЕТ ФИЗИОЛОГИЯСЫ




Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

    1. Бұлшық еттің жалпы физиологиялық қасиеттері.

    2. Бұлшық еттің жиырылу түрлері.

    3. Бұлшық еттің жиырылу механизмі.

    4. Қаңқа бұлшық етінің физиологиялық ерекшеліктері.

    5. Бірыңғай салалы бұлшық еттің топографиясы мен физиологиялық қасиеттері.

Морфологиялық белгілері жағынан бұлшық еттің үш тобын ажыратады:



  1. Көлденең-жолақты қаңқа бұлшық еті.

  2. Бірыңғай салалы.

  3. Жүрек бұлшық еті (миокард). Көлденең-жолақты бұлшық еттің қызметі:

  1. Қозғалыс (динамикалық және статикалық).

  2. Тыныс алуды қамтамасыз ету.

  3. Мимикалық.

  4. Рецепторлық.

  5. Қор жинағыш.

  6. Жылу реттегіш.

Бірыңғай салалы бұлшық еттің қызметі:

  1. Қуыс мүшелеріндегі қысымның тұрақтылығын қамтиды.

  2. Қан тамырларындағы қысымды реттейді.

Жүрек бұлшық еті – қан тамырлар арқылы қанның қозғалы- сын қамтамасыз ететін қызмет атқарады.
Қаңқа бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері:

  1. Қозғыштық (жүйке талшықтарынан төмен).

  2. Өткізгіштік (төмен, шамамен 10-13 м/с).

  3. Рефракторлық (жүйке талшықтарына қарағанда көп уа- қыт аралығын алады).

  4. Лабильділік (функционалды қозғалғыштығы шамамен 250 имп./с).

  5. Жиырылғыштық (қысқару қасиеті).

  6. Серпімділік (созылу қасиеті).




  1. сурет. Қаңқа бұлшық еті көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарынан тұ- рады. Бұлшық ет талшықтарының айтарлықтай көлемін миофибриллалар алып жатыр. Бір-біріне параллельді миофибриллаларда ашық және қара дискілердің орналасуы сәйкес келеді, ол көлденең сызықтың пайда болуына әкеледі. Мио- фибриллалардың құрылымдық бірлігі – саркомер, ол жуан (миозин) және жі- ңішке (актин) жіпшелерден құралған. Саркомердегі жіңішке және жуан жіпше- лердің орналасуы сол жақта және сол жақтың төменгі жағында көрсетілген.

G-актин – глобулярлы; F-актин – фибриллярлы актин
Қаңқа бұлшық еттерінің құрылымды-қызметтік бірлігі көп- ядролы бұлшық ет талшығы болып табылады (8-сурет). Бұл тал- шықтар шоқтарға біріге отырып, бұлшық етті құрайды. Жиыры- лу бұлшық еттің арнайы қасиеті болып табылады. Бұлшық еттің жиырылуы бұлшық еттің қысқаруынан және (немесе) оның ме- ханикалық кернеуді дамытуынан байқалады. Стимуляция және бұлшық еттің қызметтік жағдайына байланысты жеке, біріккен (тетаникалық) жиырылу немесе бұлшық еттің контрактурасы пайда болуы мүмкін.
Қозу құбылысы бұлшық ет жиырылуының алдын алады, оның электрографикалық көрінісі биопотенциал болып табылады. Өзінің даму уақытымен биопотенциал бұлшық ет жиырылуының латентті кезеңімен сәйкес келеді. Бұлшық ет жеке жиырылуының амплитудасы жиырылған миофибриллалардың санына тәуелді. Бүтін бір бұлшық етті құрайтын жеке талшықтар топтарының қозғыштығы әртүрлі, осыған орай, токтың бастама күші тек ең қозғыш бұлшық ет талшықтарының жиырылуына алып келеді. Мұндай жиырылудың амплитудасы минимальді. Тітіркендіргіш- тің күші жоғарылаған кезде қозу үдерісіне біртіндеп қозғыштығы төмен бұлшық ет талшықтары қосыла бастайды, жиырылу ампли- тудасы жинақталады да, бұлшық етте қозу үдерісімен қамтылма- ған талшықтар қалмағанынша өсе береді. Бұл жағдайда жиыры- лудың максимальді амплитудасы тіркеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет