З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет3/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
1-сурет. Мембраналық потенциал мен әрекет потенциалының өзгерісі Суреттің төменгі бөлігіндегі көлденең бағыттаушы – қоздырушы стимулдың
пайда болу сәті, 80 мВ белгісінде – МП бастапқы деңгейі

Қозу дамуы кезінде ұлпалардың қозғыштық қасиетінде са- тылы өзгерістер байқалады. Ұлпадағы деполяризация нәтиже- сінде шектеулі қозу пайда болған кезде аз мерзімге қозғыштық жоғарылайды. Шектелген қозу таралатын қозуға айналғанда натрий иондары жасуша ішіне көп мөлшерде еніп кетеді де, әре- кет потенциалының шыңы (спайк) туындайды. Осы сәтте ұлпа- ның қозғыштығы күрт төмендейді, оның тітіркендіруге сезім- талдығы жоғалады, қосымша тітіркендіруге жауап реакция бол- майды. Қозудың дамуының бұл сатысын толық (абсолюттік) рефрактерлік кезең дейді. Абсолюттік рефрактерлік кезең әре- кет потенциалының өрлеу кезімен сәйкес келеді де, жылы қанды жануарлардың миелинді жүйке талшықтарында 0,5-1 мс, бұлшық етте 2,5-3 мс, ал жүрек еттерінде 300-400 мс уа- қытқа созылады.




2-сурет. Мембраналық потенциал мен әрекет потенциалы
70 мВ белгісінде – МП бастапқы деңгейі. Қозу табалдырығының мәні суреттің сол жақ бөлігінде бағыттаушымен көрсетілген, МП-ның бастама алды өзгерістерінің мәліметтері берілген

Қозудың осы кезеңінен кейін ұлпалардың қозғыштығы біртіндеп бастапқы қалпына келеді, салыстырмалы рефрак-


терлік кезеңі басталады. Ол реполяризациямен – әрекет по- тенциалы шыңының төмендеп, оның іздік реполяризацияға айналған кезеңімен сәйкес келеді. Бұл кезең жүйке талшықта- рында 1-10 мс, ал ет талшықтарында 30 мс-қа дейін созыла- ды. Осыдан соң экзальтация кезеңі деп аталатын қозғыштық- тың жоғарылау кезеңі басталады. Мерзім жағынан бұл кезең іздік реполяризацияның соңымен сәйкес келеді. Экзальтация сатысының ұзақтығы жүйкеде – 20 мс, бұлшық етте – 50 мс шамасында. Экзальтация сатысынан соң субнормалы саты басталады, ол іздік гиперреполяризациямен сәйкес келеді. Бұл кезеңде ұлпалар қозғыштығы тыныштық сатысымен са- лыстырғанда төменірек болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет