№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының


Облыс мынадай салалық өнімдерді өндіру бойынша әлемдік нарыққа шығады. Олар



бет13/15
Дата06.07.2018
өлшемі3,7 Mb.
#48073
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


Облыс мынадай салалық өнімдерді өндіру бойынша әлемдік нарыққа шығады. Олар:

  • уранмен оның өнімдерін қайта өндіретін ірі жабдықтаушы ретінде;

  • ауыл шаруашылығы өнімдері;

  • алыс және жақын шет елдерге тоқыма саласының өнімдері (Ресей, ЕО елдері, Орта және Орталық Азия т.б.);

  • трансформаторлар («Кентау трансформаторлар зауыты» АҚ) – Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан;

  • фармацевтикалық сала өнімдері («Химфарм» АҚ) – Ресей, Болгария, Өзбекстан;

  • электротехникалық және электронды құралдар («Электроаппарат» АҚ) – Ресей, Украина;

  • металлургия өнеркәсібінің өнімдері («Южполиметалл» ӨК» АҚ – қорғасын, цинк, темір жол рельсін ауыстыру құралы) – Белоруссия, Ресей, Украина, ҚХР.


Аймақтық және Ұлттық нарыққа:

  • өнеркәсіп өнімдерімен жабдықтаушы – мұнай өнімдерін қайта өңдеу, фармацевтика, металлургия, машина жасау салалары бойынша (электротехникалық және электрондық машина жасаумен «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «Кегок», «Қазақстан темір жолы» сияқты ұлттық компаниялар жұмыс жүргізеді), құрылыс материалдары;

  • ауыл шаруашылығы өнімдері және оның өнімдерін қайта өңдеу;

  • инновация жабдықтаушысы;

  • облыста жеміс-көкөніс кластерін құру мен дамытуға жағдай жасау мүмкіндік бар;

  • облыста туристік-жергілікті әлеует орын алған.


Ежелден мамандандырылған жүйеге талдау жүргізу нәтижесі облыстың аудандары мен қалаларын жіктеуге мүмкіндік береді:

Бәйдібек ауданы – ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, тері, кілем, жүн өнімдері мен түйе сүтін қайта өңдеу) қайта өңдеу кәсіпорындары мен цехтарын дамыту, құрылыс материалдарын өндіру;

Қазығұрт ауданы – жүзім, алма шаруашылығы және шарап жасау өндірісін әрі қарай дамыту және жандандыру, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарды дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет өнімдері) өндіретін кәсіпорындарды дамыту;

Мақтаарал ауданы – жүзім шаруашылығы және шарап жасау өндірісін әрі қарай дамыту және жандандыру, ауыл шаруашылығы және мақта өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту;

Ордабасы ауданы – жеңіл өнеркәсібін қайта өңдеу саласымен, құс шаруашылығымен, құрылыс материалдарымен айналысатын кәсіпорындарды дамыту;

Отырар ауданы – ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, тері, кілем, жүн өнімдері мен түйе сүтін қайта өңдеу) қайта өңдеу кәсіпорындары мен цехтарын дамыту;

Сайрам ауданы –шарап жасау саласын, ауыл шаруашылығы өнімдерін – сүт, көкөніс, жеміс, бақша дақылдарын қайта өңдеу, туристік саласын дамыту;

Сарыағаш ауданы - жүзім шаруашылығы және шарап жасау өндірісін әрі қарай дамыту, мақта өнімдерін қайта өңдеу саласын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды дамыту, курорттық зона әлеуетін пайдалану;

Созақ ауданы – кен өндіру өнеркәсібін әрі қарай дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, тері, кілем және жүн өнімдерін қайта өңдеу) қайта өңдеу кәсіпорындары мен цехтарын дамыту;

Төлеби ауданы – жеңіл өнеркәсібін қайта өңдеу саласын және туристік саланы дамыту;

Түлкібас ауданы – жүзім шаруашылығы және шарап жасау өндірісін әрі қарай дамыту, мал шаруашылығын қарқынды дамыту (сүтті мал шарушылығы, шошқа өсіру шаруашылығы және құс шаруашылығы) жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарды дамыту, туристік саланы дамыту;

Шардара ауданы – мақта өнімдерін қайта өңдеу мен балық шаруашылығы салаларын дамыту;

Арыс қаласы – тамақ және жеңіл өнеркәсібін, темір жолға қатысты қызмет көрсету саласын дамыту;

Түркістан қаласы – машина жасау өндірісінің жаңа түрлерін меңгеру, өнеркәсіп

өнімдерін өндіру, туристік саланы дамыту;

Кентау қаласы - машина жасау өндірісінің жаңа түрлерін меңгеру, өндіретін кәсіпорындарды дамыту;

Шымкент қаласы – бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару мақсатында өнеркәсіп өнімдерін модернизациялау, фармацевтикалық саланы әрі қарай дамыту, жеңіл өнеркәсіпті дамыту және тамақ өнеркәсібі саласын кеңейту.
Ауылдық елді-мекендердің әлеуетін көтеру және жағдай жасау
2012 жылдың қорытындысымен 868 ауылдық елді-мекендердегі адам саны 1551 мың адамды құрады. Облыстың ауылдық жерлерінде 831 мектеп, оның ішінде 48 мектеп – апатты жағдайда, 37-сі – 3 ауысымдық мектеп қызмет етеді. Оқушы саны – 543,5 мың оқушыны қамтыды, бұл 2008-2009 оқу жылымен салыстырғанда 178,3 мың оқушыға артық.

827 ауылдық елді мекенде 367 мектеп – типтік, 463 мектеп – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.

8671 баланы қамтыған 100 балабақша, оның ішінде 45 баланы қамтыған 2 – шағын орталық қызмет етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың қамтылу пайызы – 7,3% құрады. Бұл көрсеткіштерді 2008 жылмен салыстырғанда балабақша – 19 бірлікке, бала саны – 1477 балаға, ал қамтамасыз ету пайызы – 1,3%- ға артқан.

Балалардың балабақшамен қамтылу пайызының төмен деңгейі – оралмандардың келуімен демографиялық жағдайдың өсуінен орын алып отыр.

2011-2015 жылдарға 99 жаңа мектеп және 24 балабақша құрылысын жүргізу нәтижесінде білім нысандарының жағдайы жақсарады.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерлерінде 826 денсаулық сақтау мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде:



  • 9 аудандық орталық аурухана;

  • 6 ауылдық аурухана;

  • 7 өкпе ауруына қарсы диспансер;

  • 15 емхана;

  • 5 ауылдық емхана;

  • 203 дәрігерлік амбулатория;

  • 48 ауылдық аурухана;

  • 244 медициналық пункт;

  • 289 ФАП.

Облыс бойынша ауылдық елді-мекендерде медициналық қызметтерді 2619 дәрігер, 7688 орта білімді қызметкерлер, оның ішінде 786 дәрігер мен 1750 орта білімді маман квалификацияны жетілдіру курстарын өткен.

Стационарлық медициналық қызметтерді 5310 медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген 65 медициналық мекеме көрсетеді.

2011-2014 жылдарға 179 жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу жұмыстары жоспарланған, іске асыруда.

868 ауылдық елді-мекеннің 481 орталықтандарылған, 374 орталықтандырылмаған және 13 тасымалды сумен қамтамасыз етілген.

2011-2015 жылдарға 572 ауылдық елді-мекендер орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілетін болады, бұл тасымалды су мәселесін шешетін болады.

2012 жылы 881 ауылдық елді-мекеннің 606 орталықтандарылған, 275 орталықтандырылмаған және 45 тасымалды сумен қамтамасыз етілген.

2011-2015 жылдарға 165 ауылдық елді-мекендер орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілетін болады, бұл тасымалды су мәселесін шешетін болады.

ОҚО бойынша газ құбырларының ұзындығы – 3757,1 км құрады.

2012 жылы ОҚО бойынша газ құбырларының ұзындығы – 5 473,5 шқ құрады.

2009 жылдың қорытындысы бойынша табиғи газбен 139 ауылдық елді-мекендер қамтамасыз етілген, бұл жалпы елді-мекендердің санының 15,9% құрайды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша табиғи газбен 16 ауылдық елді-мекендер қамтамасыз етілген, бұл жалпы елді-мекендердің санының 8% құрайды.

2015 жылға дейін қосымша 277 елді-мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.

2009 жылы 876 елді-мекеннің 855-і орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген.

20 елді-мекен электр жүйесімен қамтамасыз етілмеген, бұл жайылымдағы мал шаруашылықтары.

2012 жылы 868 елді-мекеннің 860-і орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген.

16 елді-мекен электр жүйесімен қамтамасыз етілмеген, бұл жайылымдағы мал шаруашылықтары. Бұл мәселенің шешіміне күн шуақты аккумулятор, қуатты генератор сияқты электр қуатының балама көздерін ұсынуға болады.

2013 жылдың 1 қарашасына Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 19050,2 шқ құрайды, оның ішінде 4330,3 шқ немесе, 22,8% облыстық маңызы бар жолдар болып табылады. Жолдардың төселімі бойынша: 4121,3 шқ (95,1%) – асфальтты бетонды, 166,1 шқ (3,9%) – қара тасты, 42,9 шқ (0,9% ) - табиғи топырақты жолдар болып табылады.

2011-2015 жылдарға жолдардың 58% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болады.



Мақсатты индикаторлар:




Көрсеткіштер

1 кезең

2 кезең

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Міндет 1. Берілетін білімнің сапасын жақсартуы

1

Апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектептердің құрылысын жүргізу, бірлік

17

2

2

5

5

2

Мектептердің құрылысы, бірлік

оның ішінде бейімделген ғимараттардың ішінде орналасқан мектептердің орнына, бірлік




2
1

12
9

2
1

14
10

14
13

3

Ауылдық мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы, бірлік

6

6

4

5

3

Міндет 2. Медициналық көмектің қол жетерлікпен қамтамасыз ету

1

Денсаулық сақтау нысандардың құрылысы, бірлік

оның ішінде бейімделген ғимараттардың ішінде орналасқан орнына, бірлік



44
18



79
48

69
43

91
49

48
28

Міндет 3. Ауылдық тұрғындарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету

1

Орталықтандырылған сумен қамтылған ауылдық елді мекендердің үлесі (жалпы бар АЕМ санынан) , %

60,0

70,0

80,0

90,0

100,0

2

Сумен қамтамасыз ету нысандардың құрылысы, бірлік

58

220

94

106

94

Міндет 4. Ауылдық елді мекендерді газдандыру

1

Ауылдық елді мекендерді қамтамасыз ету, бірлік


20

21

96

60

80


Міндет 5. Ауылдық елді мекендерді жарықтандыру

1

ЛЭП-ң 85% асқан тозушылығымен ауылдық елді мекендердің санын азайту


10

9

8

7

6

Міндет 6. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту

1

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың деңгейінің жақсы және қанағаттандырарлықтай жағдайы, %


50

52

53

56

58

2

Авто жолдарды күрделі және орташа жөндеу (км)


933,7

894,3

952,8

1077,6

906,9



Көрсеткіштер

1 кезең

2 кезең

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Міндет 7. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін әлеуметтік сала мамандарын тарту

1

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру мақсатында келген әлеуметтік сала мамандарының саны, адам.

508

564

618

310

300

2

«РИЦ Максимум» ЖШС арқылы орта және кіші кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде ауыл халқын, млн. теңге.

3 000

3 000*

3 000*

3 000*

3 000*

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет