1 дәріс. Педагогика



бет12/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресей ғылыми педагогикасының негізін қалаушы.


дің қысқаша өмір жолы мен негізгі еңбектері. Константин Дмитриевич К.Д.Ушинский тәрбие пәнінің басты нысанасы - адам деп есептеді. Осы мәселені терең зерттеуге арналған “Адам тәрбие пәні. Педагогикалық антропология тәжірибесі” атты еңбегінің бірінші томы 1868 жылы, ал екінші томы 1869 жылы Петербургте шықты. Бұл еңбек орыс педагогикасындағы ізденістерге арналды. Зерттеуші өзінің педагогикалық ойын толық жүзеге асырып үлгермеді, оның тек “Физиологиялық”, Психологиялық” екі бөлімі ғана жарық көрді. Онда К.Д.Ушинский адам ағзасының физиологиялық қызметінің заңдылықтарының және психикалық құбылыстардың тәрбиеге ықпалын кеңінен қолдану мақсатын көздеді. Оның “Педагогикалық мәселеге арналған бөлімі” аяқталмай қалды.

К.Д.Ушинский еңбектерінің жетістігінің бірі - бастауыш оқыту мәселесін мейілінше зерттеді. “Сауат ашу білімді кеңейту құралы” (1858), ”Балалар әлемі мен Хрестоматия. Оқу кітабы ақыл-ойды жаттықтыруға арналған табиғат әлемімен біртіндеп танысу” (1865), “Алғаш орыс тілін оқыту” (1864), “Ана тілі” оқушыларға арналған, “Ана тілін оқытуға ата-аналарға кеңес” (1864).

К.Д.Ушинский теориясының басты идеясы - халықтық тәрбие беруге саяды, ал, халықтың шығармашылық қабілеті мен күшіне сенім арту қажеттілігін және олардың білім алуға құқы болуы керектігін айтты.

Оның халықшылдық идеясы ұлттық тұрғыдан шектелу дегенді білдірмейді. Өзге халықтардың жетістіктерінің пайдасын жоғары бағалай келіп, ол халықтық білім беру негізінің мықтылығына тоқталады. Мектеп ісін басқаруда қоғамдық ой-пікір мен халықтық идеяны

басшылыққа алудың маңызын көрсетеді. Осы ұстаным тұрғысынан К.Д.Ушинский ер балалар мен қыздарға жалпы білімді ана тілінде беру керек дегенді баса айтты.

Орыс мектептерінде халықтық принципті сақтау үшін орыс тілінің алдыңғы пәндер қатарына шығарылуын талап етті. Ана тілінде оқыту баланың сөзді түйсініп, сезіну, түсіну қабілетін, дүниетанымын арттырады, сөз құпиясын ашады (“кез келген білім - ана тілі киімінде болуы тиіс”) деді. Халықтық принцип еңбекпен тығыз байланысты, бұл жеке тұлғаны дамытудың негізгі факторы, баланы еңбекке баулу арқылы халықтың өміріне терең бойлап, оны мейілінше түсініп, сезінуіне болады деп түсіндірді.

К.Д.Ушинский оқытуды ақыл-ой, адамгершілік, дене дамуының құралы деп қарастырды.

Оқыту - білім беру және тәрбиелеуді жүзеге асырады.

Оқыту процесінде мұғалім оқушыларға білім беріп, дағдыны қалыптастырса, ал оқушылар білім мен дағдыны меңгереді.

Көрнекті педагог оқыту процесін екі кезеңге бөлді. Бірінші кезеңде - білімді белгілі бір жүйеге келтіру. Ол үшін зат пен құбылысты біртіндеп қабылдау керек; оларды салыстырып, ортақ қасиеттерін табу шарт; алғашқы ұғымдарын қалыптастыру; ол ұғымдарды жүйеге келтіру.

Екінші кезеңнің мәні - алған білімі мен дағдысын қорытып, бекіту.

Оқыту процесі негізгі дидактикалық принциптерге негізделуі тиіс: саналылық пен белсенділік, көрнекілік, бірізділік, түсініктілік, беріктік.

Ол оқытудағы әлемдік сыныптық-сабақтық жүйені қолдап, оны мектептегі оқытуды ұйымдастырудың ең тиімдісі деп санады. Оның жүйесінде белгілі тәртіпті қадағалауы тиіс: сыныптағы тұрақты оқушылар санының болуы; сабақтың өтілу реті сақталып оқу кестесінің құрылуы; мұғалімнің бүкіл сынып оқушыларымен және жеке оқушымен жұмыс жасауы.

К.Д.Ушинский оқытудың сабақтық-сыныптық жүйесіндегі жетекші рөлді мұғалім атқарады, сабақтың әр түрлі өтуі, оның мақсатына байланысты екендігін айтты.

Сабақты даярлау және оны өткізу мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен алдын ала дайындығын қажет етеді деді. Сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптары: жоспарлау, жаңа тақырыпты түсіндіру, сабақтың гигиенасы. Сыныптық-сабақтық жүйені толықтыратын, оқушылардың үй тапсырмаларын орындау қызметі - өздігінен жұмыс жасау деп санады.

К.Д.Ушинский екі деңгейлі дидактика туралы ілім жасады: жалпы дидактика оқытудың басты принциптері мен әдістерін зерттейді; Ол жеке пән дидактикасы оқыту принциптері мен әдістерін нақты пән аясында зерттейді; әмбебап дидактика - оған жинақтау және талдау идеяларын қолдану жатады; жекелеген дидактикаға оқыту теориясы мен әдістемесі, баяндау, зертханалық-практикалық жұмыс, жазба жұмыстар, кітаппен жұмыс, т.б. қосылады.

Ушинскийдің негізгі тезисі оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету болатын. Ол тәрбиенің маңыздырақ екеніне тоқталып, жалпы ақыл-ойдың дамуы тәрбиелікпен сабақтасып, толығуы керек деп түйіндейді.

Адамгершілік пен адамгершілік тәрбиесі К.Д.Ушинский еңбектерінде халықтық идеямен бірлікте қарастырылады. Діннің қоғамдық моральді қалыптастырудағы тәрбиелік мәнін мойындай отырып, ол мектеп пен ғылымның дербес болуын талап етті.

Адамның адамгершілік дамуын К.Д.Ушинский қоғамдық-тарихи дамумен байланысты қарастырады. Оның адамгершілік тәрбиес туралы жүйесі беделге негізделмейді, жағымды мысалдарға, мұғалімнің адамгершілік ықпалына, баланың саналы іс-әрекетіне, адамды жақсы көру, құрметтеу, сүюге сүйенеді.

Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен тұжырымдамасы. Лев Николаевич Толстой (1828 -1910) белгілі жазушы, ойшыл, педагог. XIX ғасырдың 60 жылдарында Ресейде өріс алған қоғамдық педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халыққа білім беру саласында қоғамдық ағарту қызметімен шұғылданды. Ол педагогикалық қызметінің алғашқы кезеңінде (1859-1862) Ясная Полянада шаруа балаларына тегін мектеп ашып, мұғалімдер шақырып, бұл мектепте өзі де сабақ береді. Оның бастамасымен Тула губерниясында 20 шақты бастауыш селолық мектептер ашылды, олардың мұғалімдеріне Толстойдың өзі көмек көрсетіп тұрды.

1861-1862 ж. ж. Л.Н.Толстой шетелдерде болды, Франция, Италия, Бельгия, Германиядағы мектептердің жұмысымен танысты. Шетел мектептерінің (әсіресе Германия) негізгі кемшіліктерін (формализм, балаларға еркіндіктің берілмеуі, т.б.) атап көрсетті. Өзі ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде балаларға толық еркіндік берілді.

Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметінің екінші кезеңі басталды. Балаларға арнап әдістемелік нұсқауымен “Азбука” кешенін жасады (1-2 кітап, 1872). Азбуканы” өңдеу

барысында “Арифметика” (1874), “Жаңа Азбука” (1875), “Оқуға арналған орыс кітаптары” (1875) баспадан шығарылды. Л.Н.Толстой Ясная Поляна мектебіндегі жұмысын қайтадан жалғастырды.

Л.Н.Толстойдың барлық педагогикалық шығармаларының темір қазығы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қабілеттерін дамытуға арналды. Жеке тұлғаның қалыптасуын оның адамгершілік қасиетімен және түрлі іс-әрекеттерімен байланыстырды.

Ясная Поляна мектебінде сабақ мұғалімнің оқушылармен еркін әңгімелесуі түрінде жүргізілді. Мектепте оқу, жазу, таза жазу, грамматика, дін сабағы, орыс тарихынан әңгімелер, арифметика, жағрафия, жаратылыстан алғашқы мәліметтер, сурет және ән үйретілді.

Бұл мектепте оқу жоспары, оқытудың бағдарламасы және сабақтың тұрақты кестесі болмады. Әр аптаға жаңа сабақ кестесі белгіленді және оның орындалуы міндетті болмады. Үйге тапсырма берілмеді, оқылған сабақты ертеңіне пысықтау жүргізілмеді. Күн сайын мектепке міндетті түрде келу талап етілмеді. Осыған қарамастан, балалар сабаққа күн сайын келіп, мектептен үйге қайтуға ешқашан асықпады. Мектепте жазалау деген атымен болмады.



Ясная Поляна мектебінің жетістіктері (балаларды қызықтыру, олардың белсенділігін арттыру, балаларға қамқорлықпен қарау, мұғалімдер мен оқушылардың өзара түсінісуі, материалды көркем әңгіме ретінде түсіндіру) болды. Мектеп жұмысындағы кемшіліктер де (жүйелі білім беруді бағаламау, міндетті оқу жоспары мен бағдарламаның болмауы, сабақ кестесінің, баланы тәртіпке, жинақты болуға үйрететін күн тәртібінің болмауы) орын алды.

Л.Н.Толстойдың пайымдауынша білім беру мен тәрбиелеу, табиғи құбылыс тәрізді обьективті процесс. Толстой оқыту мен тәрбиелеу барысында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, ғылыми білім берудің басты мақсатының бірі болуға тиіс деп санады. Л.Н.Толстойдың баланы еркін дамыту идеясы мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа типті қарым- қатынас қалыптастыруға негізделді. Ол оқушының танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілетін арттыру, мектептің жұмыс жасау стилін анықтайды деп түйіндеді.

Л.Н.Толстой адамгершілік тәрбиесі - адамдың рухани жағынан жетілдіру, санадан тыс та, саналылық түрде де іске асады дейді. Санадан тыс қалыптасқан адамгершілік қасиеттер баланың өскен ортасында нелерді қабылдағандағандығын көрсетеді, оның құндылық бағдарын анықтайды. Белгілі жазушы-педагог осыған байланысты отбасы мен қоғамдағы екіжүзділік моральдің қауіптілігін әшкереледі.

Л.Н.Толстой саналылық тәрбиесі қойылған мақсатқа табандылықпен жетуді, ерік сапасын шынықтыруды, өзін-өзі жетілдіруді мақсат етеді деп есептеді.

ХIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы Ресейдегі халыққа білім беру ісінің дамуы. Бұл кезеңде Ресей қоғамының алдында мектептегі білімді қайта құру мәселелері тұрды.

Либералдық партиялар мен педагогикалық ұйымдар (кадеттер, Мәскеу педагогикалық қоғамы, Жалпыресейлік мұғалімдер бірлестігі, т.б.) білімді қайта құруда, ешқандай төңкеріс жасамай, демократиялық тұрғыдан құрудың қажеттігін қолдады. Осыған орай жоғарыда аталған ұйымдар жаңа бағдарлама жасап тегін міндетті бастауыш білім беруді мектепке бөлінетін қаржыны көбейтуді, ағарту саласындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейтуді, ерлер мен әйелдердің тең құқықты білім алуын қамтамасыз етуді ұсынды.

Мектепті қайта құрудың демократиялық бағдарламалары халыққа білім беру сьездерінде 1908-1913 ж. ж. қаралды.

Патшалық Ресейдегі 1916 жылғы жалпы оқытуға көшірудің соңғы жобасын ағарту министрі П.Н.Игнатьев Думаның қарауына ұсынды. Бұл жобаның бұрынғы жобадан айтарлықтай айырмашылығы болмады. Онда бастауыш оқу сатысы төртжылдық халық мектебі немесе жоғары бастауыш училищенің (гимназия) бірінші-үшінші сыныптары болуы керектігі көрсетілді. Бұл құжатты талқылау 1917 жылғы ақпан айындағы төңкеріс оқиғаларына байланысты тоқтап қалды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет