1 дәріс. Педагогика



бет11/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

I Петр заманындағы мектептің жайы. Петрге дейінгі қалыптасқан бір типті білім екі бағытқа бөлінді - шіркеулік және дүнияуи, соңғысының аясында түрлі кәсіби мектептер пайда болды. Петр заманындағы жаңадан ұйымдастырылған білім сипатына тоқталсақ, біріншіден, ол кәсіби бағыт алса, екіншіден, сословиелік жіктелуді күшейтті, өйткені бұл тұста дворяндарды қолдау саясаты күшті жүргізілді.

Петрдің алғашқы бастамасы, мемлекеттік мектепті бұхара халықтардың балаларын оқыту үшін - циферлік мектептер ашуынан басталды. Ол мектеп патша жарлығымен 1714 жылы 10-15 жас аралығындағы бұхара халықтың балаларынан, мемлекеттік қызметтің төменгі деңгейіне қызметкер даярлауды көздеді. Негізінен онда әскери қызметке, завод және кеме жасайтын жұмысшылар даярланды. Циферлық мектептер кәсіби мамандыққа арналған даярлық кезеңі болып саналды.

Оқу мазмұнына сауат ашу, арифметика, бастапқы геометрия қамтылды. Ондағы мұғалімдік қызметке мәскеулік математика мектебі мен кеме жүргізу (навигация) мектептерінің шәкірттері тартылды. Бірақ циферлік мектептің ғұмыры қысқа болды, себебі ондағы оқуға төленетін қаржыны бұхара халықтың жағдайы көтермеді. Алайда, бұл мектептің жұмысы педагогикалық тәжірибені арттырды.

XVIII ғасырдың басында әскери адамдар мен теңіз мамандарының балаларын оқытатын армия мен флоттың төменгі басшылық құрамына қызметкерлер, кеме жасау және жүргізу мамандарын даярлау қажеттігі туды. 1698 жылы Преображенск полкінің жанынан артиллерия мектебі ашылды. Онда сауат ашу, есепке үйрету, артиллериялық іске баулу жүргізілді. 1721 жылы ондай мектептерді әр әскери полкте ашу жайлы бұйрық берілді.

Кәсіби жұмысшыларды даярлау үшін кен-заводтық мектептер ашылды. 1701 жылы Мәскеуде артиллерия-инженер мектебі, 1703 жылы Мәскеу инженер мектебі, 1719 жылы Петербург артиллерия мектептері ашылды.

1707 жылы Мәскеудегі әскери госпиталь жанынан хирургия мектебі ашылды.



Мәскеудегі математика және навигация ғылымдары мектебі сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы мектеп саналды. Сол кезде, 1707 жылы Петр I-нің жарлығымен түрлі келеңсіз жағдайларды болдырмау, оқу сапасын арттыру мақсатында оқушыларды қатаң жазалау шарасы енгізілді. 1715 жылы бұл мектеп Петербургке көшіріліп, Теңіз академиясы деп аталды.

1725 жылы Санкт-Петербургте Ғылымдар Академиясы құрылды. Оның уставы Петр I-нің тұсында жарияланды. Академия үшін Батыс Еуропа елдерінен ғалымдар шақырылып, керекті жабдықтар сатып алынды. Петр I -нің жобасы бойынша академия жанынан университет, гимназия ашылды. Академияның жұмысына М.В.Ломоносов белсене араласты.



Петр I-ден кейінгі кезеңде Петр заманындағы оқу-ағартудағы белгілі жетістіктер біртіндеп өзгеріске түсіп, дворяндық тәрбиеге назар аударыла бастады. Дворян иеліктеріндегі отбасында білім беру үшін шетелдерден мамандар шақырыла бастады.

Дворян иеліктеріндегі отбасы тәрбиесіне түрлі жағдайлар ықпал етті: отбасының қаражаты, қоғамдағы әлеуметтік орны, үй иесінің негізгі іс-әрекетіне қарай бала тәрбиелейтін гувернерлер мен мұғалімдерді жалдау қажет саналды.

Дворяндардың балалары 7 жасқа толғанда Петербургке әкелініп, бірінші байқаудан өткізіліп, арнайы тіркеуден өтуі керек болса, ал Мәскеу мен губерниялық қалаларда губернаторларда тіркелу керек болды. Екінші байқау 5 жылдан кейін өткізілді. Ол кездегі жеткіншек «недоросль» жеткіншек өз оқу дағдысын жақсы меңгеріп, есеп шығара білуі тиісті болды.

Оқудың келесі сатысы үйде немесе мемлекеттік мектепте жалғасуы қажет еді. Онда олар арифметика мен геометрияны, Құдай заңын оқыды. Сөйтіп, дворяндық тәрбие (7-16 жас ) дворяндық иеліктердегі үйде жүзеге асырылды. 16 жасқа толғаннан кейін оның білімін сенат тексерді. Дворян баласы оқуын онан ары үйде немесе мемлекеттік мектепте жалғастырып, жағрафия мен тарих, фортификацияны меңгеруі тиісті еді.

Инженерлік, артиллериялық, гарнизондық мектептердің оқушылары Петербургтегі Әскери коллегия мүшелерінің немесе гарнизондар мен қала губернаторы, коменданты, «ғылым адамдары» алдында емтихан тапсырды.

Дворян балаларына - болашақ офицерге керекті - білім беретін арнаулы әскери оқу орындары кадет корпустары ашылды. Бұл оқу орындары Қазан төңкерісіне дейін сақталды.

1731 жылы Санкт-Петербургте дворян балаларын әскери және мемлекеттік қызметке даярлайтын алғашқы кадет корпусы ашылды. Бұл мектепте әскери даярлықпен бірге жалпы білім берілді. Онда 4 сынып болды. Әр сыныпта оқу екі жылдан төрт жылға созылды (барлығы 10-12 жыл) Алғашқы екі сыныпта жалпы дәрежелі білім берілді (әдебиет, математика, тарих, жағрафия оқытылды). Жоғары сыныптарда арнаулы пәндер оқытылды. Сонымен қатар атқа салт мініп жүру, қылыштасу, би, музыка өнерін үйренуге көңіл бөлінді. Кадет корпусында оқыған жастар не әскери қызметке, не мемлекеттік қызметке қажетті мамандық алатын болды. Бұл типті оқу орындарында эстетикалық және дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Кадет корпустарының кітапханасы, театры болды және журнал басып шығарып тұрды.

М.В.Ломоносовтың педагогикалық идеясы. Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) - әлемдік ғылымда аты қалған орыстың алғашқы академигі. Ол Ресейдің ғылымы мен мәдениетінің барлық саласының негізін қалаған бір туар ғалым: әдебиетші, ақын, түрлі тілдерді меңгерген тілші, тарихшы, жағрафияны жетік меңгерген, кен зерттеуші, темір қорытушы, физик, химик, суретші, ұстаз болды. Ол барлық ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді, мемлекеттің байлығын арттыруды көздеді. М.В.Ломоносов ағартушы ретінде Ресей мемлекетінің мүддесіне, ғылым және оқу-ағарту саласында қажырлы еңбек етті.

Мәскеу университетінің (1755) құрылуы М.В.Ломоносов атымен тығыз байланысты ол қазіргі кезеңдегі әлемдегі жетекші университеттердің бірі болып саналады. Ломоносов осы университетті құру жобасы мен оқу бағдарламасын жасады. Ғалымның ұсынысы бойынша университет қабырғасында гимназия ұйымдастырылды, 1812 жылға дейін өз қызметін жалғастырып келді.

Университеттің жанынан екі гимназия ашылды. Бірі дворян балалары үшін, екіншісі- крепостной шаруалардың балаларынан өзге, әр түрлі шендегі сословиелердің балаларына арналды. Бұдан кейін Мәскеу гимназиясының үлгісімен Қазанда да гимназия ашылды.

Мәскеу университетінің жанында орыс архитекторлары Казаков пен Баженовтың мектептері жұмыс істеді. Бұл университеттің профессорлары ірі педагогикалық зерттеулермен айналысты. Олар оқыту әдістемелерін зерттеді. Жеке пәндерді оқыту туралы бағалы құрал жасап ұсынды. Ол құрал “Университетке түсушілерді оқытудың әдістері” (1771) орыс, латын, неміс, француз тілінде шықты.

Мәскеу университетінің жанынан Ресейдегі алғашқы оқытушылар семинариясы жұмыс істей бастады. Бұл семинария гимназиялар мен басқа мектептер үшін мұғалімдер даярлады.

Мәскеу университетінің ашылуы М.В.Ломоносовтың жоғары демократиялық мектеп жайлы арманын іске асырды. Онда барлық сословиенің өкілдері оқуға мүмкіндік алды.

  1. ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен білімінің мемлекеттік жүйесі. XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі өмірінде капитализмнің дамуына байланысты крепостнойлық құрылыстың ыдырауы күшейе түсті. Осы кезеңде таққа отырған

Александр I мемлекетті билеудің ескірген жүйесін өзгертті. Оның мектепті өзгерту саясаты екі кезеңнен тұрды:

Ол 1815 жылға дейінгі мектеп ісін ұйымдастыруда ағартушылық бағытты ұстанды. 1816 жылдан бастап білім беру саясатында реакцияшыл тенденциялар күш алды.

Ресейдегі оқу орындарының типі. 1804 жылы “Оқу құралдарының жарғысы қабылданды”. Бұл “Жарғы” бойынша Ресейде жаңа оқу жүйесі 4 сатыдан тұратын болды: университеттер (жоғары саты); гимназия (орта саты); уездік училищелер (аралық саты); приходтық мектептер (төменгі саты).

Приходтық мектептер әр қала мен селолық жерлерде ұйымдастырылды. Бұлар оқу мерзімі бір жылдық мектептер болды. Бұл мектепке уездік училищелерге оқушылар әзірлеу, дін тәрбиесі мен элементарлық сауат ашу міндеті жүктелді. Мектептің оқу жоспарында "Құдай заңы" мен ережелері, оқу, жазу, арифметиканың бастапқы төрт амалы, үй тұрмысы мен денсаулыққа байланысты оқыту пәндері қаралды. Приходтық мектептер мемлекет қарамағына алынбады, оларды ұйымдастыру жергілікті басқару органдарына жүктелді. Шаруалардың балалары бұл мектепте оқи алмады.

Уездік училищелер губерниялық және уездік қалаларда ашылды. Бұлар оқу мерзімі екі жылдық оқу орындары болды. Училищелердің оқу бағдарламасына 15 оқу пәні: орыс тілі грамматикасы, жағрафия, тарих, арифметика, геометрия, физика, жаратылыстану, бастапқы технология, т.б. пәндер қамтылды.

Гимназиялық білім беру 4 жылға созылды, оқу бағдарламасына латын және қолданыстағы шет тілдері, тарих, статистика, поэзия, әдебиет, математика, жаратылыс тарихы (минералогия, ботаника, зоология, коммерция, технология, сурет), дін сабағы қамтылғанымен, орыс тілі енгізілген жоқ.

Білімді қайта құрудағы басты нысана университеттік жоғары білім беру болды. Мәскеу, Вильно, Дерптегі университеттер қатарына Харьков, Қазан, Санкт-Петербург университеттері қосылды.

Университеттер мемлекеттік жұмысқа шенеуніктер мен оқытушылар даярлады. Оқу орындары жарғысын даярлаған ғалымдардың талаптарына сәйкес және үкіметтің либералшыл саясатына байланысты университеттердің өзін-өзі басқару түрі қабылданды. Университеттерді сайланып қойылатын кеңес, ректорат және деканаттар басқарды.

Жарғыда оқу орындарының барлық түрінде жалпыға бірдей, тегін білім берілетіндігін жариялаған еді, бірақ қабылданған жарғының ізінше крепостной шаруалар гимназияларға алынбайды деген ескертпе жіберілді. Төменгі сословие өкілдері гимназияға қабылдану үшін бұрынғы сословиесінен шығып, онан жоғары сословиеге тіркелуі тиіс болды.

Оқу жарғысының тарихи прогресшіл жақтары да болды: оқу сатыларының бірімен-бірі тығыз байланысты болуы көзделді.

Бұрынғы гимназиялар, негізгі халық училищелерінің жаңа типті гимназия, кіші халықтық училищелер уездік училищелердің болып қайта құрылуы екі жылға созылды.

Приходтық училищелер көп өзгеріске түскен жоқ. Олардың саны қаражаттың аздығынан баяу өсті.

Осы кезеңде мемлекеттік оқу орындарымен бәсекеге түсетін жеке меншік оқу орындары да ашыла бастады

Лицейлердің (мемлекеттік жабық оқу орны - дворян балаларына арналған) ашылуына байланысты жеке меншік пансионат азая бастады. Лицейді оқып бітіргендердің білімі университет бітіргендермен тең болды.

Дворяндардың ортасында әлі де отбасы тәрбиесі басым болатын. Гувернерларлардың бәрі дерлік француз-эмигранттары болды. Біртіндеп дворяндық тәрбие қоғам талабын қамтамасыз ете алмайтын күйге жетті. 1812 жылғы Отан соғысы қарсаңында Ресейдің 47 губерниялық қалаларының барлығында да гимназиялар, уездік қалаларда уездік және приходтық училищелер ашылды.

Үкімет крепостнойлық-сословиелік идеологияны күшейту үшін барлық оқу орындарына діни оқуды ендірді. 1812 жылғы Ресейдегі Отан соғысы орыс халқының сана-сезімін оятуда ірі рөл атқарды. Министрлік қарамағындағы гимназиялар классикалық білім мектептері ретінде дамыды (жаратылыстану пәндері 1849 жылдан бастап оқу жоспарына енгізілгенімен, оны гимназиялар тегіс қабылдамады). Оқу бағдарламасында грек, латын тілдеріне ерекше мән берілді.

1849-1852 ж. ж. гимназия құрылымы өзгеріске ұшырады, үш түрлі гимназиялар ескі екі тілді (латын, грек тілдерін); жаратылыстану мен заңға кіріспе пәндерін; заңға кіріспе пәнін оқытатын гимназиялар құрылды.

Министрлік бақылауындағы жеке меншік оқу орындарының да маңызы күшейді. Университеттер ғылым және педагогикалық орталыққа айналды. 1851 жылы Мәскеу университетінде педагогика кафедрасы ашылды.

ХIX ғасырдың 60-70 ж.ж. мектепті қайта құру. 1860 жылғы ең алғашқы құжаттардың бірі “Халыққа білім беру министрлігі ведомствасының әйелдер училищелері туралы ережесі”, оның екі типін бекітілді.

Бірінші санаттағы училищедегі оқу мерзімі 6 жыл болатын, онда “Құдай заңы”, орыс тілі мен әдебиеті, арифметика мен геометрияның алғашқы ұғымдары, жағрафия, жалпы және орыс тарихы, жаратылыстану, физика және қол өнері пәндері оқытылды.

Екінші санаттағы училище (оқу мерзімі 3 жыл) оқу мазмұны “Құдай заңы”, орыс тілі, жағрафия, орыс тарихы, арифметика мен қол өнерімен шектелді.

1864 жылы бастауыш және орта білімді қайта құру жұмысы қолға алынды. “Бастауыш халық училищелері туралы ереже” 1864 жылы 19 шілдеде шықты. Бастауыш халық училищелері



  • сословиеялік емес оқу мекемесі болды. Олар халықтың діни және адамгершілік ұғымдарын қалыптастырып, пайдаға асатын білім беруге тиіс делінді. Училищелер ер балалар мен қыздарды бірге оқытатын болды. Оқу тегін болғанмен мазмұн жағынан терең білім беру көзделмеді, Мұнда оқудың орыс тілінде жүргізілетіндігі баса айтылды. Мұғалімдік жұмысты дін иелері мен сауатты адамдар тартылатын болды.

1894 жылы 19 қазан айында Гимназия мен прогимназия жарғысы бекітілді, екі типті гимназия (классикалық және реалды) және прогимназия. Классикалық гимназияның ерекшелігі оқу мерзімінің 40 пайызы ескі тілдерді (грек, латын) оқытуға жұмсалды. Реалды училищелердің оқу бағдарламасында ескі тілдер болған жоқ, өйткені олар жоғары техникалық және ауылшаруашылық оқу орындарына дайындалды. Прогимназияда білім беру мазмұны жағынан гимназияның бастапқы 4 сыныбына сәйкес келеді. Олардың оқу жоспарына арифметика, “Құдай заңы”, орыс, латын, грек тілдерінің грамматикасы, табиғаттану, орыс тілі сабағының құрамында әңгіме өткізу оқытылды. Прогимназиялар кішігірім қалаларда шәкірттерін орта гимназияға түсуге дайындады.

1864 жылдың I қаңтарында қабылданған Жергілікті мекемелердің ережесінде уездік және губерндік жетекші мекемелерге шаруашылықпен байланысты мекемелер, сонымен қатар оқу орындары да қарайтын болды. Жергілікті мекемелер бастауыш мектепті қаржыландыруға тиіс болды. Ондағы оқу-тәрбие жұмысы училище кеңесіне қарады.

1870 жылы Әйелдер гимназиясы туралы ереже жасалды. Осыған байланысты барлық әйелдер гимназиясы екі топқа бөлінді. Бірі патшайым Мария Федоровнаға қарайтын, екіншісі халық ағарту министрлігіне қарайтын оқу орындары болды. Олардың оқу бағдарламаларында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Ал жаңалығы әйелдер гимназиясында қосымша, сегізінші педагогикалық- сынып ашылды.

1871 жылы Гимназия мен прогимназия туралы жаңа жарғы бекітілді. “гимназия” атауы тек классикалық гимназияларда сақталып, реалдық гимназиялар жабылды. Оқу мазмұнында бұрынғы дәстүрлі пәндер сақталды. Университетке оқуға түсу құқы тек гимназия бітіргендерге ғана берілді.

1872 жылы Реалды училищелер жарғысы бекітілді. Бұл жаңа типті оқу орны еді, ол жалпы және арнайы білім беретін болды. Оқу мерзімі 7 жылдай белгіленді. Оқу жоспарындағы ерекшеліктері: ескі тілдер алынып тасталды, уақыттың көп бөлігі математика, физика, химия, жаратылыстану, жаңа шет тілдеріне бөлінді.

1872 жылғы Ереже бойынша уездік училищелерде өзгеріске ұшырады. Соның негізінде оқу мерзімі 5 жылдық екі сыныптық бастауыш училище, оқу мерзімі 6 жылдық қалалық училище жұмыс жасайтын болды.



Білім және тәрбие мекемелерінің ішінде 2 жылдық шіркеулік-приходтық мектептер көп болды.

40-60 - жылдардағы қоғамның қарқынды дамуы арнайы мұғалімдер дайындайтын оқу орындарын ашуды жеделдетті.

1870 жылы Мұғалімдер семинариясы туралы ереже қабылданды. Ол ереже 1875 жылы толықтырылды. Онда семинария шәкірттерінің орыс православиелік шіркеуінің талаптарын



орындауы, құдайға құлшылық жасауы, діни мазмұндағы кітаптарды оқуға міндетті екені атап айтылды.

В.Я.Стоюниннің педагогикалық идеялары (1826-1888). Владимир Яковлевич Стоюнин - педагог, халыққа білім беру қайраткері, теоретик-әдіскер. Ол 1860 жылғы қоғамдық- педагогикалық қозғалыстың ықпалымен азамат тәбиелеу, тәрбиеде гуманизм принциптерін сақтау, жалпы білім беру, мектепті демократияландыру идеяларын қолдады.

Стоюнин психология мен педагогикаға негізделген еркін шығармашылықты мектептің дамуына жағдай жасауды ұсынды.

В.Я.Стоюниннің әдіскерлік идеясы тәрбиелей оқыту принципіне негізделді. Тіл сабақтарын оқыту оқу еңбегінің рухани-адамгершілігін қалыптастыратын құрал деп санады. Ол әдебиетті оқытудың біртұтас жүйесін жасады.

Оның XVIII ғасырдағы ресейдегі педагогикалық пікірлердің дамуы” (1857-1858), “ХIХ ғасырдың басындағы тәрбие тарихынан” (1878), “Біздің отбасы және оның тарихи тағдыры” (1884) атты еңбектері Ресей педагогикалық ой-пікірінің дамуына айырықша ықпал етті.

Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарасы. Николай Иванович Пирогов (1810-1881) шенеуніктің отбасында дүниеге келді. Мәскеу университетінің медицина факультетін бітірді.

Ол орыс хирургиясының негізін қалаумен бірге көрнекті педагогика қайраткері болды. Оның әкімшілік–педагогикалық қызметті жемісті және қызу жүрді. Ол Дерпт университетінде, Петербург медицина академиясында оқытушы болды.

1856 жылы Одесса округінің оқу ісінің попечителі болып екі жыл қызмет етті. Ол гимназиялардың педагогикалық кеңесінің маңызын көтеруге барынша күш салды, оқу орындарының директорлары мен мұғалімдеріне балаларға адамгершілікпен қарауға бағыт берді. Одессада университет ашуға даярлық жасады.



Н.И.Пироговтың педагогикалық мұраларындағы басты идея тәрбие арқылы өзін-өзі тану, жалпыадамзаттық тәрбие мен жалпыадамзаттық білім беру болды. Оның пікірлері “Өмір мәселелері” “Болу және болуға тырысу”, т.б. еңбектерінде Ришель лицейіндегі салтанатты жиында сөйлеген сөзінде (1857) көрініс тапты: ол адамгершілік тәрбие негізі христиан дінінде дей отырып, тәрбиенің екі түрі бар, ол жалпыадамзаттық және арнайы; тәрбиенің ең бірінші мақсаты

“адам болуға” үйрету, яғни балалаық шақтан бастап өмірдің материалдық жағын адамгершілік және рухани өмірге тәуелді ету, бір сөзбен айтқанда ең бастысы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру; адамның екі жақты сипаты бар, бір сипаты - биологиялық, екінші сипаты - қоғамдық; әр жеке тұлғаның ішкі және сыртқы дүниесіне қарама-қайшылық тән; адамның бойындағы табиғи және қоғамдық сипатын үйлестіретін тек қана тәрбие деген пікірді уағыздады.



Н.И.Пирогов жоғары мектепке қатысты жазған мақаласында университеттік білімді қайта құру керектігін, онда ғылым қызметкерлері мен профессорларды даярлау, оқыту мамандықтың тар аясында емес, жалпыадамзаттық бағытта болуы керектігі жайлы мәселелерді көтерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет