1 дәріс. Педагогика


№ 7 Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы



бет10/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

№ 7 Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы


Мемлекеттің экономикалық дамуы білім беруге мейілінше ықпал етті. Баланы өмірге даярлау отбасында жүргізілді. Ата-аналар балаларына отбасында өмірге қажетті еңбек дағдыларын меңгертті. Балаларды әр сословие өзінің дәстүрлі кәсібіне үйретті. Кәсіпті меңгеру атадан балаға беріліп отырды. Кей кездерде балаларға белгілі бір кәсіпті үйрету үшін сол сословиенің шеберіне баласын шәкірттікке беріп отырды.

Балалар сауат ашу, оқу, есеп шығару біліктерін сауатты туысынан немесе “сауат ашу шеберінен” үйренді. Онда олар қолдан жазылған кітаптар арқылы хат тануға 2-3 жыл уақыт кетірді. Жазу құралдары болмағандықтан, жазуды меңгеру қиындыққа түсті. Татар-монгол шабуылына ілікпеген немесе аз іліккен жерлерде орыс мәдениеті әжептәуір өріс жайды (Новгород жері, Тверь, Владимир княздіктері). ХIV ғасырдың аяғынан бастап Мәскеу княздігі дами бастады.

ХIV- XV ғасырларда Новгород экономикасы мен саудасы дамыған ірі мемлекет орталығына айналды. Қалада қолөнері жақсы дамыды, шетелдермен сауда байланысы күшейді. Новгород қаласында кітап көшірушілер көп болды. Ол қолөнердің бір түрі болып саналды. Новгород жеріндегі ірі монастырларда кітаптар көшіріліп жазылды. Қолмен көшірілген Новгородтық энциклопедиялық сөздіктерідің бірқатары біздің заманымызға дейін жетті. Ол кітаптардың ішінде астрономия, философия, табиғаттану жөніндегі мақалалар кездеседі.

XVI ғ. соңында алғашқы баспа оқулық - әліппе пайда болды. Кітап басу негізін қалаған Иван Федоров (1510-1583 ж. ж. шамасы) деп көрсетіледі. 1574 жылы басылған “Әліппе” кітабының түсініктемесінде, оның балалар мен ата-аналарға арналғаны айтылады, бұдан сауат ашу отбасының міндетіне жүктелгенін байқауға болады.

  1. ғасырда орыс жері Мәскеу княздігі қарамағындағы бір орталыққа бағынған мемлекет болып құрылды, ал кейін Еділ өзенінің бойы, Сібір жері қосылғаннан кейін, Ресей феодалдық мемлекетке айналды.

Балалардың діни тәрбиесіне шіркеу жауапты болды. Дін иелері бұқара халыққа христиан дінінің ұстанымдарын уағыздап, шіркеуді және үкіметті құрметтеуге тәрбиеледі. Діни- адамгершілік тәрбие элементарлық біліммен байланыстырылды. Училищелердің көпшілігі діни ғибадатханаларда орналасты. Мектеп ұғымы шіркеу ұғымымен теңестірілді. Сөйтіп, Ресей феодалдық мемлекетінде оқыту отбасылық, шіркеулік және монастырлық түрде жүзеге асырылды.

Түйіндей келе, сол кезеңдегі қалыптасқан оқыту тәжірибесі мемлекет пен қоғам сұранысын қамтамасыз еткендіктен, білім беруді жетілдірудің қажеттігі болған жоқ. Сондықтан XVII ғ. дейін орыс жерінде мемлекеттік сауат ашу мектебі болған емес. Отбасында балаларға тұрмыстық ережелер үйретілді.

Сол кезеңдегі ең сауатты сословие дін иелері болды. Олар дәстүрлі білім көлемімен бірге, адамгершілік-діни тәрбие алып, өздерін рухани тұрғыдан жетілдірумен айналысты. Монастырларда терең білім алуға болатын еді. Дін иелері шіркеудегі қызметтерінен босағаннан соң кітап оқып, қолжазбаларды көшірді. Монастырларда кітап қорлары жиналып, олар кітап жазу орталықтарына айналды.

  1. ғасырдағы батыс православиелік бауырластықтар (Львов, Виленск, Могилев, Луцк, Киев т.б.) оқу - ағарту ісіне көп көңіл бөле бастады, оны православиелік сенімді және шіркеуді нығайтуға пайдаланды. Львов және Луцк мектептерінің біздің заманымызға дейін сақталған жарғысынан ондағы мектептердің демократиялық принципте құрылғандығы көрінеді. Мектеп ректоры мұғалімдер ұйымының жалпы жиналысында сайланған. Оның үстіне мектеп жұмысын бақылайтын екі қамқоршы өкіл сайланған. Баласын мектепке берерде баланың әкесі мектеппен келісім-шарт жасайтын болған. Ол келісім-шартта мектептің баланы неге үйрететіні, ата-ананың мектеп алдындағы міндеті (ата-ананың мектептен баланы оқу аяқталған соң алуы және оқуға үзбей баруына кедергі келтірмеу) жазылған. Жарғыда мұғалімнің жеке басының үлгісі туралы да айтылған.

Мектепке барлық сословие балалары оқуға тартылып, олар панасыз балалар ұйымының есебінен оқытылды.

Туысқандық мектеп жарғысында мұғалімдерге демократиялық талаптар қойылды: мұғалім балаларды бірдей оқытып, бірдей жақсы көруі, бай, кедейге бірдей қарауы тиіс болды. Әр оқушыны шамасына қарай оқытты. Мұғалім сабаққа келмеген оқушының себебін анықтауы керек болды. Мұғалім алдымен үй тапсырмасын тексеріп, сонан кейін сабақ өткізетін еді, үйге тапсырма беріліп, сенбі күні апта бойы оқытылған сабақ пысықталды. Туысқандық мектептерде ана тілін оқытуға ерекше көңіл бөлінді.

Бауырластық мектептер алғашында элементарлық, онан кейін орта және жоғары мектептерге айналды. Мәселен, Киев-Могилян академиясы ашылды. Орта мектеп діни сипат алып, діни семинария рөлін атқарды.

Бауырластық мектептер жеке меншік те, отбасылық та емес, қоғамдық мектеп болды. Бұл мектептер діни-шіркеулік қызмет атқарды. Онда барлық діни рәсімдер қадағаланып, құдайға күнделікті құлшылық ету талап етілді. Сонымен бірге шіркеу жарғысын қадағалау, шіркеу оқуларына қатысу, топтасып діни ән айтуға жаттығу міндеттелді. Діни “Киелі” кітаптар оқытылып, грек-латын тілдері және православиелік тұрғыдан қажетті делінетін “жеті түрлі өнер” үйретілді. Бауырластық мектептер білім деңгейін көтеру үшін кітаптар жинады.

Бауырластық мектептердің ішінде ерекше сипатқа ие болған Львов бауырластық мектептері болды. Олар басқа бауырластық мектептерге мұғалім даярлады.

1615 жылы Киевтегі бауырластық мектеп Киев-Могилян коллегиумы, сонан кейін академия болып аталды.

Бұл орыс жеріндегі ең алғашқы жоғары оқу орны болды. Оның үш бөлімінде (төменгі, орта, жоғары) 1200 адам оқыды. Онда философия, дін, құқық пәндері оқытылды. Оны бітіргендердің білімі батысеуропалық схоластикалық стандарт деңгейінде болды.

Оқушыларының саны көп оқу орындарының бірі - Баспаханалық мектеп 1681 жылы ашылды. Ондағы оқу бағдарламалары кеңейтіліп, славян және грек тілідері оқытылды. Төменгі сыныптарда 50 адам сауат ашу, ал ересек сыныптарда бірінші жылы 10 адам діни оқу оқыды. Уақыт өте келе баспаханалық мектеп, бастауыш мектеп рөлін атқарса, кейіннен баспаханаға аудармашылар даярлайтын училищеге айналды.

1685 жылы Мәскеуде Богоявлянский монастырында мектеп ашылды. Бұл мектептің типі батысеуропа университеттеріне жақын болды. Мұнда баспаханалық мектептер мен Чуд монастырлық мектебін бітіргендер оқуларын жалғастырды. Онда грек-латын тілдері оқытылды.



Түптеп келгенде, XVII ғасырдағы Русьте орта мектеп пен жоғары мектеп арасында айтарлықтай өзгешелік болған жоқ. Білім сапасы мектептердің бағытына және ондағы мұғалімдердің білім деңгейіне сәйкес жүргізілді.

1687 жылы Мәскеудегі ең бірінші жоғары оқу орны - эллин-гректік, кейіннен славян грек



- латын академиясы болып ашылды. Академияны ашуда білімді ағайынды Лихудылар үлкен еңбек сіңірді. Олар жоғары сыныптарда риторика және философиядан сабақ берді, грек, латын тілінде грамматика мен риторикадан оқулықтар құрастырды. Кейіннен олар Новгородта славян- грек-латын училищесін ашты. Осының үлгісімен XVIII ғасырдың басында Новгород жерінде 14 грамматикалық мектеп ашылды.

Мәскеу академиясы Киев академиясының үлгісімен құрылды. Оның ашылуына еңбек сіңірген Симеон Полоцкий (1629-1680) болды. Ол латын тілді мектепті қолдады. С.Полоцкий өзінен кейін бірнеше оқу кітаптарын «Псалтырь», «Славян тілінің әліппесі», т.б. қалдырды.

Полоцкий әлемді құдайдың жазған кітабы ретінде қабылдайды. Мұғалім оқушыны осы кітапты оқуға үйретуі қажет деп көрсетті. Ол оқытуды латын, грек және орыс тілінде жүргізу керектігін айтты.

Бұлардан кейін білім берудің таза шіркеулік-діни кезеңі аяқталып, оқу орнында дінмен қатар, ғылым да оқытыла бастады. Дегенмен ғылыми пәндерді оқытудың өзі де дінге тәуелді болды, барлық ғылым православиелік дін тұрғысынан түсіндірілді.

Мәскеу академиясы XVIII ғасырдың соңына дейін жалғыз жоғары оқу орны болса, кейіннен ол тек діни мекемеге - діни семинарияға айналды.

Бұл академияның қабырғасында М.В.Ломоносов, көрнекті жазушы А.Д.Кантемир, архитектор В.И.Баженов және т.б. мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер оқыған еді.



XVII ғасырдың екінші жартысында Ресейде оқыту мен тәрбиенің латын тілді, византия- ресейлік, славян-грек-латын, старобрядты -начетты төрт бағыты сарапталды:

Бұлар Ресейдің алдағы қоғамдық даму жолын бағалау жағынан екі бағытты ұстанды. ХIХ ғасырда олар батыстық бағытты және славяндық бағытты ұстанушылар деп аталды.



Сол кезеңдегі педагогикалық ой-пікірдің жетістігін бейнелейтін белгілі қайраткер Сильвестрдің тілі көркем, мазмұны қызықты жазылған «Домострой» шығармасын атауға болады.

«Домострой» шығармасын атауға болады.

«Домострой» үш бөлімнен тұрды: Бірінші бөлімінде өмірге байланысты діни ақыл-кеңес берілді. Мұнда ата-аналардың басты міндеті балаларына адамгершілік-діни тәрбие беру керек делінді.

Кітаптың екінші бөлімі отбасылық қарым-қатынасқа арналды. Күнделікті тұрмысқа қажетті еңбекке, сауаттылыққа және кітап «ғылымын» үйрену жөнінде кеңес берілді.

«Домостройдың» үшінші бөлімінде үйді жабдықтауға, шаруашылық жұмыстарға қатысты кеңестер берілді.

Ресей XVIII ғасырдың басында ортағасырлық тығырықтан шығып, өзінің экономикасын, саясатын, мәдениетін дамытуды көздеді. Оған білімді мамандар - офицерлер, теңізшілер, артиллеристер, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар, үкімет қызметкерлері, мұғалімдер қажет болды. Осынан білім саласын жетілдіру қажеттігі пайда болды.



Петр I-ші мемлекетті дамыту мақсатымен шіркеуді өз билігіне көндірді. Шіркеу бірден-бір білім бақылау құқынан айырылды. Бұнан былай білімді бақылау мемлекет қарамағына алынды. Сонымен Ресейдегі оқу-ағарту жұмысы үкімет мүддесіне қызмет етуге бағытталды.

Академияның оқу жоспарындағы пәндер:

  • грамматика тарихпен және жағрафиямен бірге;

  • арифметика геометриямен бірге;

  • логика мен диалектика бірге;

  • риторика мен тақпақ шығаруға жаттығу бірге;

  • физика қысқаша метафизикамен бірге;

  • қысқартылған саясат;

  • діни оқу (мерзімі 4 жылдан 2 жылға қысқартылды).

Шет тілдері (латын тілін міндетті түрде оқыту; егер мұғалім табылса, грек және еврей тілін оқыту) сабақ уақытындағы екі пәннің арасында оқытылуы тиіс болды.

Оқу мерзіміне 8 жыл бөлінді. Оқуды бітіргендерге дін немесе ғылым жолына түсуге мүмкіндіктер берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет