1 дәріс. Педагогика



бет7/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

Ибн Сина ұлы гумманист. Оның ойынша мемлекетке “жалпы адамзатқа арналған қаржы (қор)” болуы керек. Кемтарларға сол қор есебiнен көмек көрсетiлуге тиiс деген.

Әбу-Райхан әл-Бируни (973-1048) атақты астроном, математик, географ, геолог, философ, филолог, тарихшы және этнограф, дәрiгер және ақын. Әбу-Райхан Мұхаммед ибн Ахмет әл-Бируни 973 ж. 4 қазанда ежелгi Хорезмнiң астанасы Қият қаласының iргесiндегi қыстақта дүниеге келген. Қазiр Қияттың орнында Бируни қаласы бар. Ол Қарақалпақстанға қарайтын аудан орталығы. “Бируни” деген сөз «қала маңындағы жатақ” деген мағынаны бiлдiредi. Демек Бируни жатақтардан шыққан. Қият кейбiр деректерге қарағанда бұрынғы Хорезм мемлекетiнiң астанасы, iрi мәдениет орталығы болған. Онда өз заманына сай мектеп-медреселер мен кiтапханалар жұмыс iстеген.

Бируни ата-анадан жастайынан жетiм қалып, балалық шағын жоқшылықпен өткiзедi. Өз бетiмен оқып хат таниды. Көп iзденiп Хорезми, Фараби, Жауһари, Ферғанидiң т.б. бiлiмпаздардың кiтаптарын оқиды. Керуенмен iлесiп “бақыршы бала” атанып, Орталық Азия мен Солтүстiк Иранның әр қалаларында болып бiлiмiн көтередi. Жиырма жасында көрнектi ғалым болып қалыптасады. Махмуд Үргенiштiң әмiрi Мамұнды өлтiрiп, Бируни бастаған бiр топ ғалымдарды Ғазнаға әкелiп тұтқындайды. Оған өзiнiң зұлымдықтарын дәрiптеп кейiнгi ұрпаққа батыр етiп көрсетiп еңбек жазуды талап етедi. Махмуд данышпан ақын Фердоусидi де шақырып алып, “патшаға лайықты” кiтап жазуды тапсырады. Фердоуси “Шаһнаме” (“Патшалар кiтабы”) атты атақты кiтабын 30 жыл жазып Махмудқа ұсынады. Кітапқа көңілі толмаған Махмуд оны асау пiлге тепкiлетiп өлтiртпек болады. Фердоуси қашып құтылып, өз аулында өледi. Патша ұлы ақынды көпшiлiктiң зиратына көмуге рұқсат бермей, оның сүйегi өз үйiнiң ауласына жерленедi. Осы уақиғадан кейiн Махмуд Бируниге өзі туралы еңбек жаздырмақ болады. Бiрақ Бируни сыйлықты алудан бас тартып, “Күмiстiң кететiнiн, ғылымның тарихта мәңгi қалатынын, ақыл-парасатты ақшаға айырбастамайтынын” ашық бiлдiредi. Махмуд сұлтан Бирунидi Үндiстанға жер аударып, бес-алты жыл бақылауда ұстайды. Бируни үндi халқының тарихын, әдет-ғұрыптарын, календарын зерттеп, “Үндiстан” атты еңбегiн жазады. 1030 ж. Махмуд өлiп, орнына баласы Масғұт таққа отырады. Масғұт Бирунигеқ қамқорлық жасап, еркiндiк бередi. Жаңа патшаның құрметiне Бируни “Масғұт таблицасы” атты еңбек жазады. Әбу Райхан әл-Бируни Селжук мемлекетін құрған Маудұттың сарайында дүниеден қайтады. Оның сүйегi сол Ғазна қаласына жерленедi.

Орта ғасыр ойшылдары iшiндегi көрнектiлерiнiң бiрi Махмұт Қашғари I ғ.) болды. Ол қазiргi Ыссыкөл жағасындағы (кейбiр деректерде Шу бойындағы) Барсхан қаласында туып өскен. Оның әкесi әскери-дипломатиялық қызмет атқарып Қашгарияда көп жыл тұрған. Махмұттың балалық шашы Ќашғарияда өткендiктен оны Қашгарлық Махмұт деп атап кеткен. Ол Қашғарда алған бiлiмiн Бұқара, Нишапурда, Бағдатта жалғастырған. Түрiк тiлiмен қатар парсы, араб тiлдерiн жетiк меңгерген. Ол өзiнiң атақты “Диуани лұғат ат-түрк” (“Түркi сөздерiнiң жинағы”) атты еңбегiн жазып қалдырған. Онда түркi тiлдерiнiң грамматикасын түзiп, оқулығын жасап, тiл өнерiнiң өресiн кеңейттi. Үш жинақ, сегiз кiтаптан тұратын бұл еңбек (1072–1078 ж.ж. жазылған) бүкiл түрiк ұлысының тiлтану энциклопедиясы болып саналды. Махмұт Қашғари бұл еңбекте ата жұрт, ата мекен, жер, су аттарының қойылу тарихына, этимологиялық ерекшелiктерiне қатысты ғылыми анықтамалар беруге баса назар аударан.

Оның бұл еңбегi Ресей, Германия, Англия, Франция, Швеция, Голландия, Финлаяндия, Италия, Жапония, Қытай елдерiнде сақталған.

ХI–ХII ғасырларда қазақ жерiнде түркi тiлiнде жазылған этикалық-педагогикалық трактаттар көп тараған. Солардың iшiндегi ең шұрайлы еңбектiң бiрi Жүсiп Баласағұнидiң “Құдатғу бiлiк” (“Құтты бiлiк”) атты кiтабы. Бұл дидактикалық дастан. “Құтты білік” түркi тектес халықтардың мiнез-құлықтарын, моральдық-этикалық, рухани қазыналарын негiзге алатын ескерткiш мұра. Мұнда адамға бiлiмнiң қажеттiлiгi, оның тiршiлiктегi мәнi, бақыт туралы адамның iс-әрекетiнiң оңы мен терiстiгi, тiлден келетiн пайда мен зиян, ел билеушi әкiмдерге қажеттi асыл қасиеттер, әртектi жұртшылық өкiлдерiнiң тiлiн таба бiлу т.б. хақындағы ой-толғамдар бар. Сондай-ақ отбасы мен неке, ұл мен қыздың өнегелi тәрбиесi, бала мен ата-ананың қарым-қатынасына байланысты мәселелер жан-жақты сөз болған.

Көне түркiлерден шыққан екiншi бiр ойшыл Ахмет Жүйнеки II ғ.). Оның ойшылдық дүниетанымы, философиялық тұжырымы, көркемдiк-эстетикалық көзқарасы “Ақиқат сыйы” атты дастанымен әйгiлi болған. Дастанның бас арқауы әлем мен адамның ара қатынасы, адамның өмiрлiк мақсаты мен сол мақсатқа жету жолы. Ол адамдар бойындағы ұнамды, ұнамсыз моральдық- этикалық қасиеттердi атап қана қоймай, сонымен бiрге бiрсыпыра тәлiмгерлiк ақыл-кеңестер де бередi.

Сопылық iлiмнiң Түркiстан өлкесiнде негiзiн қалаушылардың бiрi Қожа Ахмет Иассауи (1094–1167) болды. Ол түрiк әлемiнiң ойшылы. Оның “Дүнияуи Хикмет” атты дастанында дүниенi жаратушыға табыну, оны танып бiлу өзiңдi-өзiңнiң танып бiлуiң дегендi айтады. Адамдықтың басты мақсаты ақиқатқа жету. Адам өзiн-өзi тану және жетiлу арқылы адамдық биiкке көтерiледi. Осы тарихат жолында адамды ұстамдылыққа жетiлдiруге шақырады. Сол шынайы қасиеттер арқылы сүйiспеншiлiк пен махаббат идеясын ұсынады. Тарихаттың нұсқайтын жолы “Өзiн бiлгенi хақты (жаратушыны) бiлгенi, құдайдан қорқып ынсапқа келгенi”дейдi.

Ахмет Иассауидiң ойынша “шариғатсыз тарихат”, “тарихатсыз мағрифат”, “мағрифатсыз

хақиқат” болмайды. Әдiлдiк жолына түсу үшiн, ақиқатты iздеп табыну керек. Адамның рухани өмiрiнiң таза болуы үшiн ислам шариғаттарын мойындау қажет және оларды әркiм өзiнше түсiнiп қабылдауға ерiктi. Адамның кемелденуi жаратушыға да қажеттi. Адам баласы бұл дүниенiң қызығына елiгiп арамдық жолға түседi. Мәңгiлiк өмiрге адам рухының тазарып баруы үшiн жаратушыға құлшылық етiп, тiршiлiкте еткен күнәларын ой елегiнен өткiзiп, тазарып баруы керек. Аллаға ғашықтық - сопылықтың бiр көрiнiсi. Ғашықтық адамның иман жүздiлiгi, жүрегiнiң ашық пердесi, имани тазалық рухани тазалық дегендi айтады. Сөйтiп, Иассауи өзiнiң адамгершiлiк жөнiндегi ойларын дiн арқылы, дiни мораль арқылы түсiндiредi. Ол түрiк мәдениетiн тәңiр дiнiн араб мәдениетiмен исламмен ұштастырды. Ислам дiнi арқылы адамды жан-жақты жетiлдiруге болады деп ұқты. Алланы тану арқылы адам өзiн-өзi танып бiлуге, өзiне-өзi сын көзiмен қарауға талпынады дегендi айтты. Яғни адам өзiн-өзi дiн арқылы тәрбиелеуi керек деген идеяны ұстанды.

Қожа Ахмет Иассауи еңбектерiндегi сопылық идея өзiнен кейiнгi ақын-жырауларға (әсiресе Бұхар, Ақан серi, Әсет т.б.) қала бердi жазба әдебиетiнiң өкiлдерiне, тiптi ұлы Абайға да азды-көптi әсерiн тигiздi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет