1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет5/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


1.Шумер өркениетіндегі мектептердің дамуы туралы не білесіз?

  1. Шумерлердің жазу жүйесінің ерекшеліктері қандай?

  2. Ежелгі Египет мектептерінде не үйретілді және қалай аталды?

  3. Үнділік білім берудің касталық мектептерінде не оқытылды? 5.Қытайдың Конфуциға дейінгі кезеңіндегі тәрбие ерекшеліктері қандай?

Ұсынылған әдебиеттер


1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 35-46 б.

4 Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуы Мақсаты: IV- ХIII ғ.ғ. педагогикалық ой-пікірлердің дамуымен таныстыру.

Дәріс жоспары:


  1. Византиядағы ағарту ісі мен мәдениеті дамуының алғашқы кезеңі (IV-IX ғ.ғ.).

  2. ХI-ХIII ғасырларда ортағасырлық христиандық Еуропадағы мектеп.

  3. Византиялық білім беру дәстүрінің жалғасы.

Негізгі ұғымдар: риторлар, грамматиктер, аудиториум.

Византиядағы ағарту ісі мен мәдениетінің алғашқы даму кезеңі (IV-IX ғ.ғ.). Рим империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болған Византия империясы 395-1453 жылдар аралығында өмір сүрді. Оның территориясы Римнің шығыс билігіндегі Балқан түбегі, Кіші Азия жерлерімен Жерорта теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауларын қамтыды. Рим императоры Константин негізін қалаған жаңа империяның орталығы Константинополь (бұрынғы Византия) эллиндік-рим мєдениетінің тікелей мұрагері деп аталды. Оныњ тұрғындары өздерінің білімділігі жөнінен ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. дейін батыс Европалық елдерден анағұрлым алда тұрды. Византияның жері Шығыс пен Батыстың орталығында орналасқандықтан Европа мен Таяу Шығыс елдері мәдениетін жалғастырушы алтын көпір ретінде есептелді.

Византиян құл иеленушілік қоғамнан орталықтанған монархияға айнала бастады. Бес ғасыр аралығында Иоанн Златоуст, Василий Кесарийский, Григорий Богослов, т.б. византиялық дінді уағыздаушылар мен көрнекті ойшылдардың философиялық, саяси-әлеуметтік, діни көзқарастары топтастырылған шығармалары кеңінен танымал болды, антикалық рухани мұралар арқылы христиандық қарым-қатынастар негізінде христиандардың адамгершілік бағдарлары қалыптасты.

ІХ-ХІІ ғ.ғ. Византияның барлық жерлерінде билік пен басқарудың ортақ формалары мен құқықтық нормалары енгізіліп, идеологиялық жєне адамгершілік құндылықтардың біртұтас жүйесі қалыптасты. Мұның барлығы адамдардың білім беру мен тәрбие ісінің мақсатына деген

көзқарастарының өзгеруіне әсерін тигізді.

Қоғамның экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге ұшырауы, мәдениет пен ағарту саласының даму қарқыны мен формасына күшті ықпал етті. Бұл даму жан-жақты білімді император Константин VІІ Бегрянородныйдың (910-959 ж.ж.) билігімен тікелей байланысты болғандықтан оның жарлығымен және тікелей басшылығымен жаңа оқу орындары ашылып, логика, философия, тарих, т.б. білім салалары бойынша энциклопедиялық сипаттағы еңбектер жазылды. Мектептерде арифметика, геометрия, стереометрия, музыка пәндерiне ерекше назар аударылып оқу орындары төңiрегiне бiлiктi ғалымдар топталды, оларға бiлiм алуға талаптанушыларды оқыту жүктелдi. Сол кезеңдегi көрнектi Византия мәдениетiнiң өкiлдерi: патриарх Фотий, Лев Математик, Михаил Пселл жєне т.б. ағартушылар бiлiм беру iсiнде жаңа бағыттарды ұстанды.

Византияның ең негізгі ерекшеліктерінің бірі білім және тәрбие берудің римдік дәстүрін әлемдік білім беру дәстүрлерімен ұштастыра алуына байланысты болды. Византия империясының мектептерінде эллиндік және грек-римдік дәуірде жазылған оқулықтар пайдаланылды. Византия мәдениеті дүниежүзі мәдениетінің даму барысына елеулі ықпал жасады.

Византиядағы ағарту iсi мен педагогикалық ойлардың дамуы орта ғасырлар тұсында елеулi дағдарысқа ұшырады. Парсы өркениетiнiң ықпалы және VII ғ. туындаған жаңа араб халифатының дүниеге келуi, ислам дiнiн қабылдаған Византияның әлеуметтiк-экономикалық және мәдени-тарихи дамуына тiкелей әсерін тигiздi.

ХI III ғасырларда ортағасырлық христиандық Еуропадағы тәрбие мен білім беру. Х1 ғасырда Батыстың крест жорығынан кейiн Латын империясының уақытша үстемдiгi кезiнде батыстың ықпалы үдей түстi. Әсiресе, ХIIII ғасырларда ортағасырлық христиандық Еуропада бiр- бiрiне қарсы екi дiни-мәдени: латын-католиктiк және шығыс-гректiк бағыттар қалыптасты. Олардың арасындағы қайшылық Византия мен Батыс елдерi арасында соғыс ұшқынының басталуыны түрткi болды.

Императорлық билiкке сүйенген византиялық христиандық шiркеу патриархтың қолдауымен бiлiм берудегi мемлекеттiк билiкке қарсы тұрмады. Сол себептi де IХ-ХII ғасырларда византиялық қоғамдағы императорлық билiктiң өрiс алуына объективтi жағдайлар жасады. Педагогикалық ойлар мен тәрбие және бiлiм берудегi практика жаңа бағытта жүргiзiлдi.

Византия империясында балаларды грек-римдік дәстүрде үйде оқыту түрі етек жайды, ал қарапайым отбасының балалары негізінен еңбек етуге үйренді. Ұлдар белгілі бір қолөнер түрін әкеден мирас ретінде қабылдап, соның қыр-сырын меңгерсе, қыздар аналарынан үй шаруасын атқаруға дағдыланды. Ал, ауқатты отбасыларында жағдай басқаша құрылды, ұлдармен бірге қыздарға да сауат берілді. Ауқатты отбасында ұлдар 5-7 жасында тәрбиеші-педагогтың қарамағына берілді, педагогтың міндеті баланы ойнату, сауаттылыққа үйретумен шектелді.

Византия қоғамындағы білім беру жүйесі бүкіл мыњжылдық бойына алдыңғы қатарлы орында болды. Дерек көздері Византияда оқуға мүмкіндігі бар балалардың барлығының мектеп табалдырығын аттай алатындығын, яғни әлеуметтік шектеулердің болмағандығын дәлелдейді. Ал монастрлық және сарай мектептерінен басқа оқу орындары ақылы болды.

Оқудың алғашқы сатысында балалар қарапайым сауаттылыққа үйретілді, оқу 2-3 жылға созылды, олар мектеп қабырғасына 5-7 жастан алынды. Византиядағы салауаттылық мектептері христиандырылған эллиндік элементарлық мектептердің жалғасы болды, тек оқыту құралдарына аз ғана өзгерістер енгізілді. ХІ ғасырдан бастап пергамент пен папирустың орнына қағаз пайдаланылды, таяқша құс қауырсынына ауыстырылды, жазу дәптерлері пайда болды. Алайда сауаттылыққа үйрету әдістемесінде бұрынғы тәжірибе пайдаланылды. Мысалы, әріптерді буынға бөліп оқу, барлығы бірге дауыстап айту әдісі қолданылды. Оқушылар алдымен әріптерді, кейін буындарды жаттады, содан кейін ғана сөздер мен сөйлемдерді оқи бастады. Есепке үйрету әдісі де өзгеріссіз қалды: алдымен саусақтармен санау, одан тастар, кейіннен есеп тақтасы абак қолданылды.

Антикалық және эллиндік оқыту дәстүрлерінен бір айырмашылығы бастауыш білім беру мазмұнына дене тәрбиесі енгізілмеді. Ал, музыкаға үйрету шіркеулік хормен алмастырылды. Бастауыш мектеп мұғалімдері - дидаскалдар оқытудағы бірізділікті, яғни қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге қарай өту тәсілдерін пайдаланды.

Көпшілік балалар үшін элементарлық мектептер оқытудың алғашқы және соңғы сатысы болып есептелді.

Византиялықтар жоғары білімге жеке меншік, шіркеулік жєне мемлекеттік грамматикалық мектептерде қол жеткізді. Ақсүйектердің және діни элитаның балалары түгелдей дерлік оқытудың осы сатысынан өтті. Математикалық төрттікке (арифметика, геометрия, музыка, астрономия)

қарағанда, грамматикаға, риторикаға, диалектика мен поэзияға көп көңіл бөлінді. Оқытудың негізгі мақсаты жастардың бойында жалпы мәдениет пен шешендік өнерді қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту болып табылды.

Жоғарғы мектептердегі оқыту әдісі дәстүрлі негізде жүргізілді: мұғалім оқып түсіндірді, оқушыларға сұрақ қойды, оқушылар қойылған сұрақтарға жауап берді, пікір-талас ұйымдастырды.

Оқу аптасының соңында дидаскал оқушылардың білімін тексерді. Тәртіп бұзу, үлгермеушілік орын алған жағдайда оларды дүре соғу арқылы жазалап отырды.

Константинопольде жоғары мектеп 425 жылы император Феодосий ІІ-нің билік құрған жылдары ұйымдастырылып, “Аудиториум” (латынша “аудер” тыңдау) деген атқа ие болды. Оқытудың негізгі әдісі дәріс болды. Оқытушылар “философия консулы” деп аталды.

Константинопольдік жоғары мектеп өзінің дамуының биік деңгейіне жетті. Бұл мектеп тікелей императорға бағынды. Константинопольдік жоғары мектепте платондық және жаңа платондық философия оқытылды, грек мәтіндерін талдауға және оны сынауға үйретті. Оқыту негізінен пікірсайыс негізінде жүргізілді.

ІV-V ғасырларда Византия империясында ғылыми және мұғалімдік қызметті эллиндік білімді философтар атқарды.

Византиялық-православиелік педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуына ықпал еткен, шығыс христиан шіркеуінің көрнекті уағыздаушыларының бірі Иоанн Златоуст болды. Ол тәрбие негізіне әңгіме, ақыл айту сияқты антикалық дәуірде кеңен таралған әдістер алынуы керек деп есептеді.Тәрбие ісінде Иоанн Златоуст адамның бойындағы ең асыл қасиет адамгершілікке көңіл бөлу қажет деді. Ол қысым жасау әдістеріне қарсы болды. Иоанн Златоустың пікірінше ақылшы- ұстаз әр оқушыға дербес көңіл бөліп, оның жанын түсіне білуге, өзінің ойын нақты, көркем түсінікті тілде жеткізуге тиісті. Ол білімнің қайнар көзі библия деп есептеді.

Максим Исповедник (шамамен 580-662 ж.ж.) тәрбие беруде эллинистік және христиандық педагогикалық ой-пікірлерді бір-бірімен байланыстыра жүзеге асыруды қолдады. Антикалық дәуірдегі дәстүр бойынша ол адамды тән мен жанды жалғастырушы микро әлем ретінде қарастырды. Сондықтан адамның қалыптасуында үйлесімділікке қол жеткізілсе, оның қоршаған ортасында, тіпті бүкіл әлемде тепе-теңдік пен тәртіп орнаған болар еді деп есептеді.

Тәрбие барысында ең бастысы ерік-жігер сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлген византиялықтардыњ бірі Кирилл мен Мефодийдің ұстазы патриарх Фотий (шам. 810-890 ж.ж.) болды.

Фотийдің көзқарасы бойынша мектеп жас ұрпақтың жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңіретін орны болуы тиіс. Сол себепті Фотий констанинопольдік ақсүйектердің балаларына арнап өз идеалындағы мектепті құрды. Энциклопедиялық білімі бар мұғлім бұл мектептің ең басты ерекшелігі еді. Оқушылар арасында мұғалімдердің беделі өте жоғары болды. Сонымен бірге ұстаздар мен шәкірттер арасындағы шынайы сыйластық қарым-қатынас пен қарапайымдылық, оқу мазмұнының жан-жақтылығы, ғылым мен дінтану салаларының қатар жүргізілуі бұл мектептің беделін арттырды. Фотий өз мектебіндегі оқушыларға арнап антикалық, византиялық философтардың, тарихшылардың, ғалымдардың 300-ге жуық шығармаларынан құастырылған “Мириобиблион” атты еңбегін жазды.

Симеон Новый Богослов (949-1022 ж.ж.) философ ақын, мистикалық бағыттағы діни қайраткер болды. Ол педагогикалық ой-пікірлердің дамуында шығыс христиандық дәстүрді жалғастырушы болып табылады. Фотиймен салыстырғанда Симеон Богослов зайырлы білімге қарсы болды. Ол константинопольдік мектепте жан-жақты білім алғанына қарамастан, діни білімді жақтады. Ол монастыр шәкірт болудың ең тамаша орны деп есептеді. Симеон әрбір оқушы мұғалімді өзі таңдауы тиіс деді. Оқытудың мақсаты ғылымды игеру емес, рухани әлемге өте алатын қабілеттерді дамыту дегенді, яғни мистикалық білім беруді уағыздады. Симеон танымға мектепте зайырлы ғылымдарды оқыту арқылы емес, оқушылардың адам табиғатын игеруі (түсінуі) арқылы жетуі тиіс деп есептеді.

Византиялық білім беру дәстүрінің жалғасы. Әлемдік мәдениеттің дамуында Византия орта ғасырлық мәдениет пен антикалық дәуірдегі білім беру ісінің арасын жалғастырушы рөлін атқарды. 1453 жылы империя өзінің өмір сүруін тоқтатса да византиялық білім беру дәстүрі жалғаса берді.

Сондай-ақ Византия өзінің өмір сүруінің алғашқы жүз жылдығында-ақ Персия және басқа шығыс елдерінде гректік оқыту дәстүрінің кең таралуына ықпал жасады. Император Юстиниан билік құрған жылдары Афина академиясы жабылғаннан кейін философтар мен мұғалімдердің көпшілігі иран шахин-шахы Хосрованың сарайына келіп, қызмет жасады, өйткені, ол Византияның

көп бөлігін өзінің империясына қосып алған еді, сөйтіп осы жерде “Эллиндік даналық” орталығын ұйымдастырған болатын. Тіпті, алыстағы Мервте де Сириядан келген христиандар колонниясы болды және “еркін өнер” мектептері жұмыс істеді.



Византия мәдениетінің Кавказ аймағына да ықпалы күшті болды. ХІІІ ғасырда Арменияның оңтүстік шығысында Глодзор университеті ашылды, бұл жерде византиялық мектептердегі сияқты зайырлы ғылым салалары мен дінтану қатар оқытылды.

Грузия да византиялық-православиялық мәдениеттің күшті ықпалын басынан кешірді. Грузиндік ағарту саласының орталығы Гелат академиясы болды. Академияны Кутаиси қаласына жақын маңда Давид ІV Строитель (1073-1125) ұйымдастырған болатын. Бұл жерде оқыту византиялық үлгіде жүргізілді.

Византия мен араб-ислам әлемі арасында да интеллектуалдық байланыс. VІІ ғасырда арабтар Византияның педагогикалық мәдениеті жоғары дамыған шығыс және оңтүстік аудандарын жаулап алды. Араб тіліне ұқсас арамей тілінің диалектісі болып табылатын сирия тілі арқылы мұсылмандар грек-византиялық мәдениет пен педагогикалық ой-пікірлермен танысты. Айта кететін бір жайт, 830 жылы арабтар Византия империясын жеңгеннен кейін соғыс контрибуциясын алтынмен емес кітаптармен төлеулерін талап еткен. 832 жылы Әл-Мамух халиф Бағдатқа әйгілі “Данышпандық үйін” құрды. Бұл мектептегі оқушылардың көпшілігі христиандар болды.

VІІ ғасырда Византия империясына арабтармен бір уақытта Балқан түбегіндегі славян халықтары да кіріп, қоныстана бастады.

ІХ-ХІ ғасырларда грек жазу үлгісіне негізделген славяндық жазу ісінің қалыптасу кезеңі басталды.

Византия үстемдік құрған жылдары (1018-1185) болгарлық мектептерде оқыту грек тілінде жүргізілді, ал славян тілінде білім берген мұғалімдер Киев Русіне келіп қоныстана бастады. Бұл жағдай Киев Русіндегі білім беру ісінің дамуына айтарлықтай әсер етті.

Батыс Европалық өркениет пен оның білім беру жүйесіне де византиялық ықпалы болды.



Өйткені, Европада білім беру ұзақ жылдар бойы латын жєне грек тілдерін оқу арқылы жүргізілді.

Византиядағы ағарту ісі және мәдениетінің дамуының негізгі кезеңдеріне тоқталғанда мына мәселелерге көңіл аударған жөн. Византияда антикалық авторлардың шығармаларын мазмұндайтын кодекстер жасалды. Бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына әсер еткен византиялық мәдениет пен білімділіктің өзіндік белгілері болды. Византияда балалар мен жастарды үйде оқыту мен тәрбиелеудің формалары айқындалды. Византия қоғамында білім беру жүйесінде төмендегідей оқу орындары: сауат ашу мектебі, элементарлық және грамматикалық мектептер, жоғары заң мектебі, жоғары медициналық және философиялық мектептер, жоғары патриархиялық мектептер, университеттер ұйымдастырылды. Орта мектепте оқытудың методикасы жасалды. Жоғары білім мазмұнына өзгерістер енгізілді. Монастырлық білім берудің дәстүрлі формасы қалыптасты.

Осылайша Византиялық мәдениет дүниежүзілік өркениеттің дамуына қосқан үлесі айрықша болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет