1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Дауыссыз дыбыстардың құрамы.Дауыссыз дыбыстардың жасалуы.Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдан тұратындығы.Дауыссыздардың әр түрлі тұрғыда топтастырылуы



бет2/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа
Г.Ж.Тұрдалиева b1661, ytzh ne ms metodichka 20211, Engl 10,11
2.Дауыссыз дыбыстардың құрамы.Дауыссыз дыбыстардың жасалуы.Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдан тұратындығы.Дауыссыздардың әр түрлі тұрғыда топтастырылуы.
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі:а)дауыссыздарды айтқанда,өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды;ә)дауыссыздарды айтқанда,үн бәсең,солғын болады;б)дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды;в)дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар.Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. У дыбысы тау,жауап,сауат,қауап,сауап секілді сөздерде келіп,буын жасай алмағандықтан,дауыссыз дыбыстар тобына жатады.Арнаулы орта және жоғары мектеп оқулықтарының кейбірінде щ-әріпі 26-шы болып енген.Щ-әріпін,дыбыспен шатастырмайық.Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын айтқанда,өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып,одан салдыр пайда болады.Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салдыр араласады.Дауыссыз дыбыстардағы салдыр мен үн барлық дауыссыздарда бірдей емес.М:бай,бас,күн сөздеріндегі б,й,к дыбыстарын алып,екі құлағыңызды басып тұрып айтсақ,К-дыбысынан ешқандай үн шықпайды,тек салдыр естіледі,и-дыбысынан салдыр естілмейді,тек үн басым келеді.Б-дыбысынан үн де,салдыр да қатар естіледі,бірақ салдыр басымырақ.
Дауыссыздар жасалу орнына қарай осылай жіктеледі.
1.Ерін дауыссызы:п,б,м(у) (билабиаль)
2.Тіс пен ерін дауыссыздары:ф,в (лабиалденталь)
3.Тіс дауыссыздары:т,д,ц,с,з (денталь)
4.Тіл ұшы дауыссызы:ч,ж,н,л (альвеоляр)
5.Тіл алды дауыссыздары:ш,р,и,щ (палаталь)
6.Тіл ортасы дауыссыздары:к,г (препалаталь)
7.Тіл арты дауыссыздары:қ,ң,,х,ғ (веляр)
8.Көмей дауыссызы:һ.
Сонымен бірге айтылу жолына қарай шұғыл (эксплозив):п,б,т,к,г,д,ч,ң,ызың (фрикатив):ф,в,с,ғ,ш,х,з,ж,һ болып екіге бөлінеді.Бұл екі дыбыстау мүшелерінің бірде жымдасып,бірде аралығында саңылау қалып,дыбыстардың кенет (шұғыл)немесе саңылаудан сүзіліп өтуімен байланысты.Дауыссыз дыбыстарды талдаудың үлгісі:
Б-шұғыл,ұяң,ерін дауыссызы;
В-ызың,ұяң,тіс пен ерін дауыссызы;
С-ызың,қатаң,тіс дауыссызы (тіс аралық деп те атайды);
Ж-ызың,ұяң,тіл алды дауыссызы;
З-шұғыл,қатаң,тіл ұшы дауыссызы;
К-шұғыл,қатаң,тіл ортасы дауыссызы;
Ғ-ызың,ұяң,тіл арты дауыссызы;
Һ-ызың,ұяң,көмей дауыссызы т.б.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң,ұяң,үнді болып үшке бөлінеді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар дейміз:п,ф,к,қ,с,т,ш,щ,х,ц,ч,һ
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дейміз.Үннен салдыр басым болады:б,в,г,ғ,д,ж,з.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып,бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар дейміз:р,л,м,н,ң,й,у(тау).
Дауыссыз дыбыстардың жасалуында өзіндік айырма бар. П мен б дыбыстарын айтқанда,екі ерін жымдасып,ауа кілт шығады.Ал с,ш дыбыстарын айтқанда,тіл көтеріліп,үстіңгі тіске жақындайды да,ауа сүзіліп шығады.Дауыссыздардың айтылуындағы,жасалуындағы осындай ерекшедіктерге байланысты олар шұғыл,ызың болып бөлінеді.Шұғыл:п,б,т,д,к,қ,г,ч,ц. Ызың:в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет