1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Морфема-сөздің мағыналы ең кіші бөлшегі.Ол негізге және қосымша болып 2-ге бөлінеді. Негізгі морфемаға



бет5/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа
Г.Ж.Тұрдалиева b1661, ytzh ne ms metodichka 20211, Engl 10,11
Морфема-сөздің мағыналы ең кіші бөлшегі.Ол негізге және қосымша болып 2-ге бөлінеді.
Негізгі морфемаға-дербес лексикалық мағынасы бар,сөздерге ұйытқы болатын түбірлер
Қосымша морфемалар- дербес қолданылатын сөздерге әр түрлі грамматикалық ғана мағына үстейтін тұлғалар.
Қосымша– түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема. 
Қосымшаның екі түрі бар: 1) жұрнақ; 2) жалғау.
Жұрнақ екіге бөлінеді: 1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады. Мысалы, ақыл + ды +лық, көр + егенді + лік, әдіс + кер + лік, талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш + ыра + ңқы, би + ші, қобыз +шы, құм + айт, шөл + ейт, т.б.
Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің рең мәнін ғана түрлендіреді, негізгі мағынасын өзгертпейді, жаңа сөз тудырмайды. Мысалы, жапырақ + ша, көл + шік, қора + шық, ыз +ғылтым, ағ(а) + еке, т.б.
Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, сөз бен сөзді байланыстырып, жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар: 1)көптік жалғау; 2)тәуелдік жалғауы; 3)септік жалғауы; 4) жіктік жалғауы.
Көптік жалғаулары: -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер өзі жалғанған сөздерге көптік мағына береді. Көптік жалғаулары буын үндестігі бойынша жалғанады.
Көптік жалғауы мынандай жағдайда жалғанбайды:
1. Жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттарына:қант, су, шаш, тұз, май, бидай, күріш, мақта, т.б.
2. Халық, ру, ел аттарына: найман, қазақ т.б.
3. Адамның ішкі сезімін білдіретін дерексіз зат есімдерге: қуаныш, тілек, ақыл, парасат, т.б.
4. Алдынан сан есім келген зат есімдерге:жеті нан, жиырма оқушы, сексен түйет.б.
5. Алдынан көп, аз, бірталай, қыруар сияқты сөздер тіркесіп келген зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды: көп адам, қыруар қаржы, бірталай уақыт, т.б.
Тәуелдік жалғау –үш жақтың біріне меншіктілікті білдіретін грамматикалық категория. Сөздердің тәуелдік жалғауын қабылдауы тәуелдену деп аталады.
Тәуелдіктің екі түрі бар: 
1) Оңаша тәуелдеу бір не бірнеше заттың бір адамға ғана меншікті екенін білдіреді. Мысалы: менің арманым, сенің мақсатың, оның пікірі, сіздің ойыңыз.
Ортақ тәуелдеу бір не бірнеше заттың бірнеше адамға меншікті екенін білдіреді. Мысалы: Біздің досымыз, олардың заттары, сендердің кітаптарың, сіздердің інілеріңіз.

ОҢАША ТӘУЕЛДЕУ

ОРТАҚ ТӘУЕЛДЕУ

Менің анам, кітаптарым Сенің анаң, кітаптарың Сіздің анаңыз, кітаптарыңыз Оның анасы, кітаптары

Біздің ініміз, кітаптарымыз Сендердің інің, кітаптарың Сіздердің ініңіз, кітаптарыңыз Олардың інісі, кітаптары

Тәуелдік жалғауы негізінен зат есімге жалғанады, сондай-ақ заттанған басқа сөз табына да жалғанады. Мысалы, біз бесеуміз, көзінің ағы мен қарасы, т.б.
Тәуелдік жалғауы -нікі, -дікі, -тікі түрінде де кездеседі. Мысалы, Семейдікі, кітапхананікі, Тілектікі, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет