1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы


Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық институты



бет17/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
ГОС

22. Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық институты.
Құқықмирасқорлық - бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің белгілі бір оқиғалар мен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші субъектіге өтуі. Халықаралық құқықта қарастырылып отырған институт азаматтық құқықтағы құқықмирасқорлықтан өзгешерек екені сөзсіз. Мұндай айырмашылықтардың болуы халықаралық құқықтың ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, субъектілік құрам, құқықтар мен міндеттер көлемі, құқықмирасқорлық мәселелерін құқықтық реттеу сияқты болып келеді.
Халықаралық құқық тарихында екі диеметриалдық қарама-қайшы теориялар белгілі. Әмбебап құқықмирасқорлық теориясы 17-19 ғасырларда пайда болған. Бұл теорияның мәні субъект-мирасқордың барлық құқықтар мен міндеттерді толық көлемде мұраға алуынан көрінеді. Бұл теорияны Г.Гроций енгізген болатын. Ал келеңсіз теория ХХ ғасырдың басында пайда болды. Оның өкілі А.Кейтс болды, ол халықаралық құқықтың жаңа субъектісінің бұрынғы субъектісіне ешқандай қатысы жоқ деп есептейді. Осы теорияның бірқатар жүйесі де болды. Ол: tabula rasa теориясы – “таза тап теориясы” мен “мінсіз бедел теориясы” еді. Құқықмирасқорлықтың қазіргі жағдайында қарастырылып отырған теориялардың бірде-бірі дәлел таппай отыр.
Халықаралық бірлестік 1961 ж. осы институтты жүйелеу әрекетін жасап көрді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1961 ж. 18 желтоқсандағы 1686 қарары құқықмирасқорлық туралы мәселені бірінші кезектегі тізімге енгізді. Құқықмирасқорлықтың негізгі мәселелері әмбебап және аумақтық көпжақты шарттармен реттеледі: 1971ж. 23 тамызындағы мемлекеттердің шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы туралы Вена Конвенциясы, 1983 ж. 8 сәуіріндегі мемлекеттік меншік, мемлекеттік мұрағат және мемлекеттік қарыздарға қатысты мирасқорлық жөніндегі Вена Конвенциясы, КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен мұрағаттарының мирасқорлығы туралы 1991 ж. 4 желтоқсандағы шарт. КСРО таратылып, тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін, ТМД құқықмирасқорлық институтына қатысы бар мынадай шарттарға қол қойды:
- ТМД мемлекет басшыларының “Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі меншігі туралы” 1991 ж. 30 желтоқсандағы Келісімі.
- КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен активтеріне қатысты құқықмирасқорлық туралы шартын толықтыру жөніндегі 1993 ж. 13 наурыздағы Келісімі.
- Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі барлық меншігін бөлу жөніндегі 1992 ж. 6 шілдегі Келісімі.
- Бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік мұрағаттарына қатысты құқықмирасқорлық туралы 1992 ж. 6 шілдегі Келісімі.
- Бұрынғы КСРО-ның шарттарына қатысты өзара мүдделерді көрсететін құқықмирасқорлық мәселелері жөнінде өзара түсінісу туралы Меморандум.
- Құқықтардыөзара мойындау және меншік қатынастарын реттеу туралы 1992 ж. 9 қазандағы Келісім
- Бұрынғы КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен архивтеріне қатысты құқықмирасқорлық мәселелерін реттеу жөнінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 ж. 6 қыркүйектегі Келісім және басқалары.
Халықаралық құқықта мемлекеттердің құқықмирасқорлығы туралы мәселелері мынадай жағдайларда туындайды: а) әлеуметтік революцияларда; б) отарладан мемлекеттедің құрылуы кезінде; в) мемлекеттердің бір бөлігінің бөлек шығуы;г) мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа мемлекетке өтуі кезінде.
А) Әлеуметтік революциялар кезінде.
Мұндай тарихи мән жайлар кезінде құқықмирасқорлық мағынасы әлеуметтік революциялар нәтижесінде пайда болған жаңа мемлекетке бұрынғы мемлекеттің бірқатар халықаралық құқықтары мен міндеттерінің өтеуімен түсіндіріледі. Мұндай құқықмирасқорлыққа мысал ретінде 18 ғ. Аяғындағы Ұлы француз революциясын,1917 ж. Ұлы Қазан социалистік революциясын айтып өтуге болады. Әлеуметтік революциялар кезіндегі құқықмирасқорлық мынадай мәселелерді қозғайды:
- Аумақтық - жаңа мемлекет бұрынғы мемлекеттің аумағында қалады;
- Халыққа қатысты мәселелер – мемлекеттің қол астындағы бұрынғы азаматтар жаңа мемлекеттің азаматтары болып қалады; ал шетелдегі адамдар мұндай жағдайда өздері туралы хабарлауы тиіс;
- Шарттық міндеттемелер – жаңа мемлекет, әдетте бұрынғы әділетсіз шарттар жүйесін қайта қарайды;
- Меншік мәселелері – бұрынғы мемлекеттің активтері мен пассивтері жаңа мемлекетке берілуі тиіс;
- Халықаралық ұйымдарға мүшелік мәселелері - әлеуметтік революциялар халықаралық ұйымдардағы мүшелікке әсер етпейді – мысалы, Куба бұрынғыдай БҰҰ-ның мүшесі болып қала берді.
Б) Мемлекеттердің отарлардан бірігуі кезінде.
- Жаңа мемлекет бұрынғы отар аумағында қалыптасады
- Шарттық міндеттемелердің, әдетте, кейбір ескертпелері болады. Бұрынғы метрополийлардың ( отарлап, билеуші мемлекеттердің) халықаралық міндеттемелерді өздеріне толық көлемде ала алмауына байланысты. Мысалы, Танганьика мемлекетті 1961 ж., ал Уганда 1962 ж. БҰҰ бас хатшысына екі жыл көлемінде бұрынғы метрополиялардың шарттарын іс жүзіндегі шарттар жүйесі деп есептеп келгендері туралы хабарлайды. Осы кезен ішінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер шарттық негіздердің тиімділігі мен қажеттілігін айқындаған болып шығады.
В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде
- Аумақтық ұмтылыстар шарттық тәртіпте келісіледі;
- Халыққа таңдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылу құқығы беріледі;
- Меншік мәселелері шарттық тәртіпте шешіліді;
- Мүшелікке өту мәселелеріәр нақты жағдайдажеке дара шешіледі. Мысалы,1963 ж. Малайзия Федерациясы құрылды (Малайзия, Сингапур, Солтүстік Борнео, Саравак Федерациясы). 1965 ж. Сингапур Малайзия Федерациясының құрамынан бөлек шығып, БҰҰқұрамына дербес мемлекет ретінде қабылданды.
Г) Мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа бір мемлекетке өтуі кезінде
- Аумақтық ұмтылыстар шарттық тәртіпте келісіледі;
- Халыққа таңдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылу құқығы беріледі;
- Меншік мәселелері шарттық тәртіпте шешіліді;
- Мүшелікке өту мәселелері әр нақты жағдайда жеке дара шешіледі.
1958 жылы Египед жəне Сирия бірігіп, Біріккен Араб Республикасын құрды. 1961 ж. 29 қыркүйегіндегі Сирия БАР құрамынан шығып, қайтадан БҰҰ-ның дербес мүшесі болды. 1990ж Солтүстік жəне Оңтүстік Йемен біріккен кезде мүшелікке өту осыған ұқсас жағдайда өткен болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет