1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы


КСРО ыдырағаннан кейінгі құқықмирасқорлық мәселелерін шешу



бет18/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ГОС

23. КСРО ыдырағаннан кейінгі құқықмирасқорлық мәселелерін шешу.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру кезіндегі құқықмирасқорлық мәселелер.
КСРО-ның бұрынғы субъектілері – мемлекеттер - өздерінің арасындағы бұрынғы барлық қатынастарды түбегейлі қайта қарау керек деп шешті. Ең алдымен, ТМД-ға мүше –мемлекеттер үшін КСРО-ның халықаралық құқық субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатқаны аян болды. Соған байланысты, халықаралық құқықтың жаңа субъектілерінде де,сондай-ақ мирасқор-мемлекет Ресей Федерациясында да көптеген проблемаларды жеделдете реттеу қажеттілігі туралы мәселелері пайда болды.
ТМД-ның барлық мүше-мемлекеттері өздерінің құрылтай құжаттарында сыртқы саясаттың іс жүзіндегі мәселелерін жүзеге асыру үшін тиісті шарт-жағдайлар қалыптастыру туралы жариялап, бұрынғы Одақтың мүліктерінен тиісті, бекітілген әділ үлестеріне ТМД-ның әрбір мүше-мемлекетінің иелену, пайдалану, билік ету құқығын бекітіп жатты. ТМД- ның барлық мүшелері халықаралық шарттардың мемлекеттер арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту ісіндегі рөлі туралы мәселені шешуге ортақ мәмілемен келу қажеттілігі жөнінде мәлімдеді.
ТМД-ның іс жүзіндегі тəжірибесі көптеген проблемалардың əлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқанын көрсетеді. Ол біріншіден, Каспий теңізінің мəртебесмін айқындай алмаудан; Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының сыртқы саясатындағы даулы аумақты мəселелерден; Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» ғарыш кешенін ұзақ мерзімге жалға алу мəселесінің толық көлемде шешілмеуінен байқалады жəне біздің ұлы отандастарымыз Ш.Уəлиханов пен Ə.Бөкейхановтың қаламдарынан шыққан Мəскеу, СанкПетербург, Омбы, Томск, қалаларының кітапхана қорларында жатқан мұрағаттық құжаттардың бірқатарын беру мəселесі шешілу сатысында тұр.
1991 ж. 8 желтоқсандағы ТМД-ны құру туралы келісімде, 1991 ж. 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясында, 1993 ж. 22 қантардағы ТМД жарғысында жалпы экономикалық кеңісткті, жалпы еуропалық және еуразиялық нарықты қалыптастыру және дамыту; жұрт таныған нормалар мен халықаралық құқық қағидалары негізінде демократиялық құқықтық мемлекеттер құруға ұмтылу; ТМД мүше –мемлекеттерінің азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралақ келісімді сақта жауапкершілігін сезіну мәселелерінде ынтымақтастықтың жолын қуу бірнеше мәрте бекітілді.
ТМД аясында құқықмирасқорлықты жүзеге асыру ТМД-ға мүше-мемлекеттердің мүдделерін, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен қатынастарын келістіру үшін уақыт талап ететін күрделі процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет