1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы


Халықаралық шарттардың түсінігі мен түрлері



бет19/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ГОС

24. Халықаралық шарттардың түсінігі мен түрлері.
Халықаралық шарт – халықаралық құқықтың ең кең тараған қайнар көздердің бірі. Халықаралық шарттар мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негізін құрайтын дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетін басты құрал болып есептеледі.
Халықаралық құқық жүйесінің дербес құқық саласы болып табылатын халықаралық шарттар құқығы өзіне шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолданылуын тоқтату тұру негіздеріне қатысты нормаларды топтастырады.
Бұл құқық саланың қайнар көздерін келесі халықаралық-құқықтық құжаттар құрайды: 1969 жылы қабылданған (1980 ж. өз күшіне еңген) «Халықаралық шарттар құқығы туралы» және 1986 жылы қабылданған, бірақ өз күшіне еңбеген «Мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқығы туралы» Вена конвенциялары. 1986 ж. Конвенция өз күшіне еңбегенмен оның көптеген ережелері әдет-ғұрыптық нормалар ретінде қолданыла береді. 1978 жылы «Мемлекеттердің халықаралық шарттарға қатысты құқықтық мирасқорлығы туралы» Вена конвенциясы қабылданып, 6 қараша 1996 жылы өз күшіне еңді.
Қазақстан Республикасында халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерті және қолданылуын тоқтата тұру негіздері 2005 жылғы «ҚР халықаралық шарттары туралы» заңмен реттеледі
1969 және 1986 жылғы Вена конвенцияларының 2-баптарына сәйкес, халықаралық шарт – ол мемлекеттер және халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында жазбаша түрде жасалынатын және халықаралық құқықпен реттелетін келісім. Бұл келісім бір, екі немесе бірнеше бір-бірімен байланысқан құжаттарда болуы мүмкін және де оның нақты атауы (пакт, келісім, шарт, конвенция) оның заңдық күшіне әсер етпейді.
Халықаралық шарттар құқықтарының теориялық курсы үшін халықаралық шарттардың жіктелуінің үлкен маңызы бар. Жіктеуге мыналар негіз болады:
Шартқа қатысушылардың сандық құрамына байланысты: екі тарапты жəне көп тарапты. Екі тарапты шарттар, өз кезегінде əр тарапта бір қатысушы болатын əдеттегі екі тарапты шарттарға жəне бір тарабында да, екінші тарабында да бірнеше қатысушылары бар шарттарға бөлінеді. Көп тарапты шарттардың ішінде қатысушылары шектеулі шарттар жəне жалпы шарттар болатынын айыра білу керек.
Халықаралық шарт обьектілерінің түрлеріне байланысты: саяси, экономикалық, арнайы мəселелер бойынша. Шабуыл жасамау туралы, дипломатиялық жəне елшілік қатынастарды орнату жөніндегі шарттар жəне т.б. саяси шарттарға жатқызылады. Экономикалық мəселелер жөніндегі шарттар санатына тауар жеткізілімі жəне тауар айналымы жөніндегі, есептік-несиелік шарттар, өндірістік меншікті қорғау туралы, қосарланған салықтан құтылу үшін шарттар жəне т.б. жатқызылады. Арнаулы мəселелер жөніндегі халықаралық шарттар көлік, ауыл шаруашылығы, ғывлым жəне мəдениет, денсаулық сақтау, құқықтық мəселелер көлемінде жасалады.
Халықаралық шарттарды жасайтын органдарға органдарға байланысты шарттар мемлекетаралық, үкіметаралық, ведомстоаралық болып бөлінеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Халықаралық шарттарды жасау, орындау жəне күшін жою тəртібі туралы » заң күші бар Жарлығының 3-бабына сəйкес, халықаралық ұйымдар шетелдік мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының атынан мемлекетаралық шарттарды жасайды; үкіметаралық – Қазақстан Республикасының министрліктерінің, мемлекеттік комитетінің жəне өзге де орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін жəне бағынатын мемлекеттік органдардың атынан жасайды.
Халықаралық шарттардың жасалатын мерзіміне байланысты мерзімді жəне мерзімсіз шарттар болады. Халықаралық шарттың қорытында ережелерінде қандай да бір шарттың əрекет ету мерзімі келіседі. Мысалы, конвенциялық шарт ережелері, əдетте, мерзімсіз болады.Тауар жеткізілімі, лизинг мерзіміне байланысты экономикалық шарттар мерзімді халықаралық шарттарға жатқызылады.
Заңдық салдарына, ұлттық заңдардың өзгеруіне байланысты халықаралық шарттарды өзі орындалаитын жəне өзі орындалмайтын халықаралық шарттар деп бөлінеді. Егер мемлекетте халықаралық шарт ұлттық заңдарды қосымша, нақтылай норма қабылдамай-ақ қолданылатын болса, онда ол өзі орындалатын болып есептеледі. Мұндай санатқа, əдетте қаржылық мəселелерге байланысты Қазақстан қатысатын шарттар жатқызылады. Өздерінің мəні бойынша шарттар халықаралық болып есептеледі, олардың реттейтін қатынастарына əсер ету нысаны бойынша өздері орындалатын болады, өйткені Қазақстан қаржылық заңдарда олар имплементтелмеген.Алайда, осы заманғы шарттық тəжірибеде олар кездесіп қалады. Мəселен, халықаралық бухгалтерллік есеп аясындағы, салық салу, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет көрсету, бəсекелестік ережелердегі шарттар. Əрекеттегі ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу тиіс шарттық ережелер өздері орындалмайтын болып есептеледі.
Халықаралық шарттарды жіктеу үшін ұсынылған негіздер толық көлемде емес жəне оның қолданбалық маңызына қарағанда теориялық маңызы анағұрлым көбірек.
Нысаны бойынша:
- ауызша;
- жазбаша.
Халықаралық шарттар жазбаша және ауызша нысанда жасалуы мүмкін. 1969ж. және 1986ж. келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы тек жазбаша шарттарды жасасу, орындау, тоқтату тәртібін белгілейді. Ауызша шарттарға қатысты халықаралық құқықтық нормалар кодификацияланбаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет