1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы


Халықаралық құқықтағы тұрғын-халықтар. Бипатрид және апатрид құқықтық мәртебесі



бет22/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ГОС

31. Халықаралық құқықтағы тұрғын-халықтар. Бипатрид және апатрид құқықтық мәртебесі.
Азаматтық туралы коллизиялық нормалар азаматсыздықты (апатризм) немесе қос азаматтықты (бипатризм) туындатады.
Халықаралық тəжірибеде ешбір мемлекеттің азаматтығын алмаған адамдар санаты бар, яғни апатридтер, мысалы, шетелдікпен заңды некеге тұрған əйелдің елінің заңында "əйелі ерінің азаматтығын алады" деген қағида қолданылады. Мұндай жағдайда əйел өз елінің азаматтығынан шығады, ал күйеуінің елінің заңы бойынша оған тиісті шарттар орындалмағандықтан азаматтық берілмейді. Апатризмиің басқа да кең таралған түрі бар: адам қандай да бір мемлекеттің азаматтығынан өз еркімен немесе күштеп шығарылса жəне басқа мемлекеттің азаматтығын алмаған жағдайлары болады. Апатридтердің құқықгық жағдайы тұратын елдің заңымен айқындалады. Мекендеген мемлекет олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апатридтерге адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын беруі тиіс. Апатридтердің болуы халықаралық жəне ішкі мемлекеттік құқық үшін құқықтық "ауытқушылық" болып есептелетіндіктен, мемлекеттер азаматтығы жоқ адамдардың санын кемітуге ұмтылып отыр. Мысалы, Қазақсандағы азаматтық туралы заңда ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы аумағындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады – деп көзделген (Азаматтық туралы 1991 ж. заңның 13-бабы). Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрғылықты жері бар азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады - Азаматтық туралы 1991 ж. Заңның 14-бабы. Балатуған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығында болып, екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып -табылады - Азаматтық туралы заңның 12-бабы.
Осы заманғы халықаралық құқық апатридтердің мəртебесін азаматсыздықты қысқарту туралы 1961 ж. конвенцияда жəне апатридтердің мəртебесі туралы 1954 ж. Конвенцияда айқындайды. Бұл халықаралық-құқықтық құжаттар азаматсыздық жағдайларын қысқартуға жəне апатридтерге осы конвенцияларға қол қойған мемлекеттердің аумағында біршама жеңілдіктер беруге бағытталған. Апатризм жағдайларын болғызбау үшін бірқатар мемлекеттердің азаматтық туралы заңдарында "қандық құқық" қағидасы қолданылады, яғни тараптың біреуінің азаматтығы жоқ болған жағдайда, баланың əкесінің немесе шешесінің азаматтығын алуына жол берілуі болып табылады.
Мемлекеттер апатридтер үшін белгілі бір құқықтық режим бекітеді. Қазақстан Республикасының заңы - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" заң күші бар жарлығында белгіленгеніндей, бұл шетел азаматтарымен құқықтар мен міндеттерін теңестіруден көрінуі мүмкін. Азаматтығы жоқ адамдарды өздерінің азаматтарымен теңестіру немесе апатридтерге арнайы режим белгілеу іс-тəжірибеде сирек кездесуі мүмкін.
Тұрмыстағы əйелдің азаматтығы туралы конвенцияның 2-бабында: "əрбір келісуші мемлекет азаматтарының басқа бір мемлекеттің азаматтығын ерікті түрде қабылдауы, не азаматтарының өз азаматтығынан бас тартуы азаматтың əйелінің азаматтығының сақталуына кедергі бола алмайтындығымен келіседі"- деп көрсетілген. Əрине, бұл конвенциялық норманың азаматсыздықты жоюға бағытталғаны сөзсіз.
Түрлі мемлекеттердің азаматтығы туралы заңдардағы қайшылықтар - қосарланған немесе көп азаматтықтың пайда болуына, яғни бипатризмге себеп болуда. Апатризм сияқты, бипатризм де белгілі бір деңгейде халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидаларын жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Мұндай сипаттағы қайшылықтарды жою үшін мемлекеттер тиісті заң актілерін қабылдайды жəне халықаралық шарттар жасайды. Бипатридтердің құқықтық мəртебесін айқындау кезінде белгілі бір қиындықтар кездесіп отырады. Нақты құқықтарды жүзеге асырғанда жəне нақты міндеттемелерді орындау барысында көптеген қайшылықтардың болмай қалуы мүмкін емес. "Қосарланған азаматтық" туралы тезисті Еуропалық Одақ қабылдаған жоқ. Бипатридтердің құқықтарын дипломатиялық жəне заңдық тұрғыда қорғау кезінде бипатризм проблемалары туындап жүр. Теориялық жағынан алғанда, кос мемлекет те өздерінің тəуелсіз құқықтарына орай, бипатридтерді қорғайды. Ол екі мемлекеттің бірінің аумағында өмір сүре беруі мүмкін. Сонда мемлекеттердің бірі оның азаматының қорғалуына қарсы болса, келесі мемлекетті тəуелсіз мемлекеттің ішкі құзыретіне қол сұғады деп айыптауға болады. Мұнан да маңыздырақ мəселелер бипатридтердің үшінші мемлекетпен арақатынастарында туындайды. Осыған байланысты халықаралық құқықта, XIX ғ. 60-жылдарынан бастап, "қосарланған азаматтықты" болдырмау үшін екі жақты жəне көп жақты шарттар жасалып келеді. Мəселен, оған көп жақты америкааралық конвенцияларды, көп азаматтықты қысқарту туралы жəне кеп азаматтық жағдайындағы əскери міндеттемелер туралы 1963 ж. конвенцияны жатқызуға болады. ФРГ, Грекия, Израиль мемлекеттерінің заңдарында қосарланған азаматтыққа қатаң шектеумен рұқсат етілген.
Қазақстан Республикасындағы конституциялық норма - Ата Заңның 10 бабының 3- тармағында - Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды деп бекітілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңның 3-бабының 2- тармағында, Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды,- деп белгіленген. Қазақстан Республикасының 1993 ж. Конституциясында "қосарланған азаматтық" мəселелерінің жалпы ережелері жəне ерекшеліктері белгіленген болатын. Мəселен, 1993 ж. Конституциянглң 4-бабының 3-тармағында Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам басқа мемлекеттің азаматы болып танылмайды деген норма мазмұндалған.
Республика аумағынан кетуге мəжбүр болған жəне басқа мемлекетте де тұратын барлық
қазақтардың басқа мемлекеттердің азаматгығымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматы болуы танылады - 4-баптын 4-тармағы немесе Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарының күші бойынша ҚР-дың азаматы болып танылуы - жалпы ережеден болек болды.
Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конститутциясы бипатридтердің құқықтық мəртебесі мəселелеріндегі көпшілік таныған халықаралық стандарттарға сай келеді. Онда "қосарланған заматтығы" бар адамдарға қатысты жалпы ережелерден ауытқушылықтар жоқ. Қазақстанның 1993 ж. Конституциясында орын алған ерекшеліктерге келсек, онда Қазақстан Республикасының 1991 ж. Азаматтық туралы заңында 1995 ж. өзгерістерін қоса алғанда былай деп белгіленген: Қазақстан Республикасы өз аумағына жаппай жазалау, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жатпайтын өзге де саяси əрекеттердің салдарынан республика аумағынан кетуге мəжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумақтарында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды делінген. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы біртұтас азаматтықты мемлекет тəуелсіздігінің тұрақтылығы мен мызғымастығының жəне ұлттық тең құқылықтың негізі ретінде жариялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет