1 Жұмыс Тас көмірді флотация әдісімен байыту



бет4/13
Дата15.11.2022
өлшемі3,56 Mb.
#158275
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лабораториялық жұмыстар мазмұны-1
ЭПИТЕЛИЙЬ, Инклюзивті білім берудің қағидалары, treatise192903, 104,105 сұрақтар
Сұрақтар мен есептер
Кальцийдің орта фосфаты іс жүзінде суда ерімейді. Бірақ оны қышқылды топырақтарда нәтижелі қолдануға болады. Қолданудың негізі неде?
Қос суперфосфатта фосфордың мөлшері жай суперфосфаттан неше есе көп? Есептеу P2O5-ке жүргізіледі. Тыңайтқыштың ылғалдылығын есептемейді. Кальций сульфаты суперфосфатта гипс түрінде болады. Жауабы: 3,02 есе.
Фосфорит пен азот қышқылының өзара әрекеттесуінің нәтижесінде түзілетін тыңайтқыш бағалы тыңайтқыштарға жатады. Бұл тыңайтқыштың реакция теңдеуін жазыңдар және осы тыңайтқыштағы азот пен фосфордың пайыздық мөлшерін табыңдар. Есептеу кезінде қышқылды ыдырау кезінде кальцийдің гидрофосфатына дейін жүргізіледі, ылғалдылығы есептелмейді. Жауабы: 11,2% N және 12,7% P.
Неліктен фосфорлы тыңайтқфштарды анализдеген кезде суда еритін және цитратта еритін фосфор деп ескеріледі?
1 т суперфосфатты дайындау үшін массасы мен көлемі бойыншы қаншы 66,6% күкірт қышқылы (тығыздығы=1,57) қажет? Жауабы: 577,7кг және 368л.
Неліктен суперфосфатты тұтынушыға жеткізбес бұрын 20 күн сақтайды?
Фосфориттерді анализдегендефосфорға күкірт қышқылын, ал болатқа азот қышқылын қолданады. Неге?
Суперфосфатты алу үшін неліктен күкірт қышқылының белгілі бір концентрациясын қолданады?
Теория бойыншы фасфориттен құрамында 5% кальций карбонаты бар. 10 г суперфосфат алу үшін қанша 65%-ті күкірт қышқылы қажет. Жауабы: 6,212 г.
Магнезия қоспасын фосфат ионының тұнбаға түсу реакциясының теңдеуін жаз.
4 Жұмыс


Қатты отынның ылғалдылығын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Отынның ылғалдылығын анықтау.
Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар:
1) Қатты отын (тас көмір,антрацит,тақта тас);
2) Аналитикалық таразы (0,001 г дəлдікпен);
3) Биіктігі 25-30 мм , диаметрі 25-40 мм бюкс;
4) Термометрлі кептіргіш шкаф;
5) Фарфорлы келі-келісап;
6) Торларының диаметрі 0,2 мм елек;
7) Эксикатор.
Жұмыстың жүргізілу реті.
Тас көмір, антроцит немесе тақта тасты келі келісаппен ұнтақтап електен өткізеді. Алдын-ала өлшенген , ұнтақталған, електен өткізілген отыннан тугельге 1 г салып, бірыңғай қабатпен толтырып, 150-180 градуста 10 минут тұрақты массаға келгенше кептіреді. Кептіргіш шкафтан кепкен отынды алып, бюкстің қақпағын жабады. Алдымен ауада, кейін эксикаторда кептіріп, өлшейді. Ылғалдылықты мына формуламен есептейді(%).
W=(M*100)/m

Мұндағы: М – отынның кепкеннен кейкнгі салмағы, г;


m -анализге алынған отынның салмағы,г.
Алғашқы анықталған ылғалдылықты қайтадан 104-105 градус температурада 30 минут кептіреді. Отынның жоғалған салмағы 0,01 г аспауы керек. Егер отынның азайған салмағы 0,01 г көп болса, онда кептіруді қайталау қажет. Яғни. Отынның салмағы 0,01 г азайғанша кептіреді.
Жұмыстың нəтижелерін қорытындылау.
Жұмыстың мазмұнын қысқаша жазып, 17- кестеге толтырады.



Отынның салмағы(г)










Кепкенге дейінгі

Кепкеннен кейінгі

Азайған салмағы

Ылғалдылық мөлшері

5 жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет