1. Тәрбие жұмысының тұжырымдамасы тәрбие саласындағы Ш



бет5/7
Дата21.12.2022
өлшемі40,53 Kb.
#163760
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
tәrbie-zhұmysynyn-tұzhyrymdamasy
8 сынып қазақ тілі 1-тоқсан
4.2. Оқудан тыс тәрбие жұмысы
Білім алушылармен сабақтан тыс жұмыс, ең алдымен, рухани дамыған, дені сау тұлғаларды-конфессионал мамандарды даярлау сапасын арттыруға, олардың жаңа ұжымдарда және жаңа экономикалық жағдайларда бейімделгіш мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға, әр адамның саналы азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, адамгершілік және мәдени құндылықтарды сақтауға және көбейтуге бағытталған.
Оқудан тыс тәрбие қызметін әлеуметтік қолдау және жастарды дамыту басқармасының тәлімгерлері әртүрлі формаларды қолдану арқылы жүзеге асырады: тақырыптық кештер, конкурстар, тиісті фильмдер мен бейнероликтерді қарау және талқылау, студенттерді шығармашылық үйірмелерде, спорт секцияларында, конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинар-тернингтерде, атаулы күндер мен оқиғаларға арналған іс-шараларда, студенттік клубтарда, өндіріс қызметкерлерімен кездесулерде, мастер-класстарда және т. б.
Университетте өткізілетін тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар мыналарға бөлінеді:

  1. бұқаралық іс-шаралар (жалпы университеттік және факультеттік іс-шаралар, волонтерлік қозғалыс, кештер, концерттер, Жайдарман, денсаулық күндері, білім күндері, фестивальдар, конкурстар, спорттық жарыстар (спартакиадалар), ойындар, кездесулер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысу және т. б.);

  2. топтық іс-шаралар (студенттік топтардағы ұжымдық жұмыс, дебаттар, кураторлық сағаттар, клуб отырыстары, семинар-тренингтер, экскурсиялар, кәсіпорындар мен ұйымдарға, мәдениет, спорт мекемелеріне бару және т. б.);

  3. жеке, тұлғаға бағытталған іс-шаралар (жеке әңгімелесулер, консультациялар, психологиялық тренингтер, әңгімелесу, кездесулер, талантты студенттермен жұмыс және т.б.).



6.ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
Тәрбие жұмысын басқару келісілген және үйлестірілген іс-қимылдар мен рәсімдер кешенін көздейді. Жұмысты басқару жүйесіне мыналар кіреді:
1) әкімшілік-басқару аппараты: президент, вице-президенттер, факультет декандары, кафедра меңгерушілері,тәлімгерлер , университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары,;
2) студенттік өзін-өзі басқару: Union Студенттік парламенті
3) штаттан тыс қабылданған Үйірме жетекшілері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет