1-тоқсан Бөлім бойынша жиынтық бағалау №1 Тыңдалым мен айтылым



бет5/17
Дата21.09.2022
өлшемі83,41 Kb.
#150236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
БЖБ 6-сынып барлыгы
07.04 5ә
2. «Мақтанышым Астана…» деген тақырыпта келісу не келіспеу эссесін 60-70 сөзбен жазыңыз. Эссеңізде мәтіннен іріктелген ақпаратты қолданыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Оқылым мәтінінен қажетті ақпараттарды іріктеп, комментарий жасап оқиды.

1

тірек сөздерді іріктеп алады;

1

комментарий жасайды;

1

ойын жүйелі жеткізеді;

1

Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазады.



2

оймен келісу-келіспеу себебін білдіреді;

1

ойын дәлелді жеткізеді;

1

эссе құрылымын сақтайды;

1

эссенің даму желісін сақтайды;

1

сөйлемдерді стильдік жағынан дұрыс құрайды.

1

Барлығы




8



6-сынып; “Қазақ әдебиеті” пәні
2019-2020 оқу жылы
2-тоқсан
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №1
Бөлім: «Абайды оқы, таңырқа!»



Шығармалар

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдері

Оқу мақсаты

6.2.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды.
• Нақты эпизодтың маңыздылығын ашады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15 -20 минут



Тапсырмалар
1. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің идеясы қандай? Шығармада қандай әлеуметтік-қоғамдық мәселе қозғалады? Өз ойыңызды нақты дәлелдеп, 3-4 сөйлеммен жазыңыз.


2. Берілген өлең жолдарының мәнін ұғындырыңыз.
Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?...
Берілген өлең жолдары өлеңнің негізгі идеясы бола ала ма? Өз ойыңызды берілген эпизодтың маңыздылығын аша отырып, нақты дәлелмен жазыңыз (3-4 сөйлем).



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды.

1

шығарманың идеясын анықтайды;

1

өлеңде көтерілген мәселені анықтайды;

1

нақты дәлелдер келтіреді;

1

Нақты эпизодтың маңыздылығын ашады.

2

берілген өлең жолдарының мәнін ашады;

1

өлең идеясын анықтайды;

1

эпизодтың маңыздылығын көрсетеді;

1

көлемін сақтайды;

1

сөйлемдерді стильдік жағынан дұрыс құрайды.

1

Барлығы




8



6-сынып; “Қазақ тілі” пәні
2019-2020 оқу жылы
2-тоқсан
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №2
Тыңдалым мен айтылым
Бөлім: «Тарихи тұлғалар»



Оқу мақсаты

6.1.5.1-тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді.
• Ақпараттарды өмірмен байланыстырады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15 -20 минут



Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын жұпта талқылаңыз. [10]

Қаныш Сәтбаев – 1950 жылдары аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болған геолог ғалым. Ол Қазақ Ғылым Академиясының құрылтайшысы, ал 1945 жылы оның тұңғыш президенті болады. ХХ ғасырдың орта шенінде минерология ғылымдарының докторы Қаныш Имантайұлы Қазақстанның орталық бөлігіндегі табиғи қазба байлықтар шоғырланған ірі кен орындарын ашады. Көп уақыт өтпей оның аты бүкіл Кеңес үкіметіне белгілі болады.


Әйгілі ғалым соғыс кезінде немістер Украинадағы жез кендерін басып алған кезде, Қазақстанның орталығынан жез өндіретін кен орындарын ашады. Орыс ғалымдары оның жетістігіне таңдана қарайтын. Қаныш Сәтбаевтың топонимикалық білімі жоғары еді.
Қаныш Сәтбаев жастайынан этнографияға қызыққан. Бала кезінен әртүрлі жер-су атауы туралы аңыз әңгімелерді тыңдап өседі. Ер жеткен соң геология ғылымы саласына қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. Дегенмен өзінің топонимикаға деген қызығушылығын да жоғалтқан емес. Кейіннен мұның оған орасан зор пайдасы тиеді. Яғни жер атауларына байланысты ірі кен орындарын қысқа мерзімде анықтап, қоғамды жаңа ресурс көзімен қамтамасыз етеді.
Қаныш Имантайұлы Қарағанды облысында өмір сүретін ақсақалдардан топонимикалық атаулардың шығу тарихы туралы деректер іздейді. Нәтижесінде ата-бабаларымыздың мыс, қола, темір сынды пайдалы қазбаларды көне заманнан бері пайдаланғаны анықталады. Себебі бұл жер-су атаулары көне заманда қолданысқа енген. Айта кетсек, ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет