1-тоқсан Бөлім бойынша жиынтық бағалау №1 Тыңдалым мен айтылым


а) Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратыңыз



бет4/17
Дата21.09.2022
өлшемі83,41 Kb.
#150236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
БЖБ 6-сынып барлыгы
07.04 5ә
а) Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратыңыз.



Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

1.

1.

2.

2.



ә) Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпаратты анықтаңыз.
Фарос қайда орналасқан?
Маяк қашан салынды?
Маяктың биіктігі қанша?
Авторы кім?


2. «Менің отбасымдағы дәстүрлі мерекелер» деген тақырыпта эссе жазу үшін құрылымдық ерекшелігін сақтап қарапайым жоспар құрыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтайды.

1

мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды:
1-ақпарат;
2-ақпарат;

1
1


мәтіннен қосымша ақпаратты анықтайды:
1-ақпарат;
2-ақпарат;

1
1


мәтіннен детальді ақпаратты табады:
1-жауап;
2-жауап;
3-жауап;
4-жауап;

1
1
1


1

Мәтіннің құрылымдылық ерекшелігін ескеріп, қарапайым жоспар құрады.

2

жоспар құрылымын сақтайды:
кіріспе бөлім;
негізгі бөлім;
қорытынды бөлім;

1
1
1



сөйлемдерді стильдік жағынан дұрыс құрайды.

1

Барлығы




12


6-сынып; “Қазақ әдебиеті” пәні
2019-2020 оқу жылы
1-тоқсан
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №2
Бөлім: «Туған жерім - аялы алтын бесігім»



Шығармалар

Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері;
Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» толғаулары

Оқу мақсаты

6.2.1.1-шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;
6.3.4.1-шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау.

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Эпизодтың маңыздылығына негіздеме жасайды.
• Сыни хабарлама жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15 -20 минут



Тапсырмалар
1. Өлеңді оқып, тақырыбы мен идеясын анықтаңыз, үзіндінің маңыздылығына тоқталыңыз.
Екі арыстап жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!
Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме,
Қатарланып, қарланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме!
Қабырғадан қараған
Достым менен дұспаным:
«Апырым, ер Доспамбет!» дегей ме! ...


2. Өлеңдегі көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы 5-6 сөйлеммен сыни хабарлама жазыңыз.
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма
Тіпті кейді болса да әзәзіл азғырған.
Өрге жүзген өнегелі ісімен
Таңда адал дос, өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып.



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Эпизодтың маңыздылығына негіздеме жасайды.

1

шығарманың тақырыбын анықтайды;

1

негізгі идеясын табады;

1

маңызын түсіндіреді;

1

Сыни хабарлама жазады.

2

өлеңде көтерілген мәселені анықтайды;

1

әлеуметтік рөлін көрсетеді;

1

сыни хабарлама жазады;

1

көлемін сақтайды;

1

сөйлемдерді стильдік жағынан дұрыс құрайды.

1

Барлығы




8



6-сынып; “Қазақ тілі” пәні
2019-2020 оқу жылы
2-тоқсан
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №1
Оқылым мен жазылым
Бөлім: «Астана – мәдениет пен өнер ордасы»



Оқу мақсаты

6.2.6.1-оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу;
6.3.4.1-эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Оқылым мәтінінен қажетті ақпараттарды іріктеп, комментарий жасап оқиды.
• Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15 -20 минут



Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнын ашатын 6-7 тірек сөзді іріктеңіз. 2 сөйлемнен тұратын комментарий жазыңыз.
Астана - әсем қала
Осыдан жиырма жыл бұрын Астананы көшіру идеясы іске асты. Тарихқа үңілсек, бұл идея бұрын да көтерілген. Өкінішке орай, ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш жұртын Қараөткелге (қазіргі Астана) шоғырландыруға мүмкіндік бермеді.
Ол мүмкіндік өткен ғасырдың соңындағы азаттықпен бірге келді. Қазақ тарихының жаңа беттері ашылды. Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Өзінің төлтумасына балаған Астана қаласы туралы Елбасы: «Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашан да сол ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама Астаналар ылғи өзен жағасына салынған. Санкт-Петербург – Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лондон – Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан,» - деп жеткізді.
Деректерге көз салсақ, Арқа төсіне көшіп келген жылдары Астанадағы тұрғындар саны 290 мыңдай болған. Ал қазіргі есеп үш еселенді, 800 мыңға жуықтады. Ішкі көші-қон есебінен бас қаламызға қоныс ауыстырғандар саны 1999 жылдан бастап қарқын алды. Сол жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен Елордаға 62 мыңға жуық адам көшіп келген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет