12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



бет5/5
Дата10.06.2017
өлшемі2,13 Mb.
#18720
1   2   3   4   5

Батыс елдерінің 1918-1945 жж. саяси және әлеуметтік - экономикалық дамуы. Батыс елдерінің дүниежүзілік соғыстар аралығындағы дамуының негізгі бағыттары. Италия. Германия. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы. Испания. Францияс. Ұлыбритания. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері. Америка Құрама Штаттары. Латын Америкасы елдері.


1918-1945 жж. азия және африка елдері. Шығыс елдерінің дүниежүзілік соғыстар аралығындағы дамуының негізгі бағыттары және ерекшеліктері. Жапония. Түркия. Қытай. Үндістан. Ауғанстан және Иран. Араб елдері. Африка елдері.

ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым және мәдениет. Социалистік қоғамдағы ғылым мен мәдениет. Халықаралық қатынастар. ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы халықаралық қатынастар. 1938-1939 жж. халықаралық саяси дағдарыс.

Екінші дүниежүзілік соғыс. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыс.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: Еуропа мен дүниежүзінің саяси картасының XX ғасырдың бірінші жартысында қалай өзгергенін түсіну және карта бойынша сипаттауды; қазіргі заман тарихын кезеңдерге бөлудің заманауи нұсқаларын; әртүрлі елдердегі саяси тәртіптер мен жүйелердің жалпы белгілері мен ерешеліктерін; дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің елеулі жетістіктерін және оған әдебиет пен өнердің, ғылымның жеке өкілдерінің қосқан үлесінің мәнін; дүниежүзі тарихының тұтастығын сипаттайтын негізгі фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды; шетелдер тарихының маңызды мәселелерінің заманауи түсіндір­мелері мен бағасын білуі тиіс.

сонымен қатар, оқушылар: XX ғасыр тарихын ғылыми тұрғыдан дәуірлеу туралы білімді меңгере отырып, тарихи оқиғаларды тарихи қезеңмен сәйкестендіре білуді; қазіргі заманғы әлемдегі құбылыстар мен үдерістердің тарихи байланыстылығын түсіну, қазіргі нақты өмірге қатысты өзінің жеке тұғырнамасын анықтай алуды; деректерді оқып үйрену нәтижесінде тарихи оқиғаларды түсіндіру, салыстыру, талдау және қорытындылауды; өз бетімен қажетті әдебиеттерді тауып, оларды жіктеп, рефераттар мен баяндамалар дайындауды; адамдардың тіршілік сипатында, әлеуметтік мінез-құлқында болған өзгерістерді дұрыс түсінуді; XX ғасырдың бірінші жартысындағы көрнекті тарихи қайраткерлердің іс-әрекетін дұрыс бағалай білуді; аталған кезеңдегі негізгі қоғамдық және саяси қозғалыстардың мәнін түсініп, cипаттама беруді; дүниежүзінің ірі елдерінің XIX ғасырдың бірінші жартысындағы экономикалық дамуының жалпы сипаты мен жеке елдердегі ерешеліктерін сипаттай білуді меңгеруі тиіс.

Адам. Қоғам. Құқық

Адам және оның рухани дүниесі. Адам және оның дүниетанымы. Адамның рухани дүниесі.

Адам және қоғам. Қазіргі қоғам және өркениет. Адам және қоғам. Адам және саясат.

Адам және мәдениет. Заманауи мәдениет дүниесіндегі адам. Заманауи коммуникация дүниесіндегі адам: түрлері, сипаттары.

Адам және құқық. Конституциялық құқық- конституциялық құрылымның негізі. Сайлау құқығы және сайлануы - адамның маңызды құқығы. Әкімшілік құқық – басқару қатынастардың реттеушісі. Отбасылық қатынастардың құқықпен реттелуі. Қазіргі қоғамдағы еңбек құқығы. Адамның таза және қолайлы қоршаған ортаға құқығы.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар ұғымдарды білуге тиіс: дүниетаным, дүниесезіну, дүниеқабылдау, дүниетүсінік; әфсаналық (мифологиялық) дүниетаным, діни дүниетаным, философиялық дүниетаным түрлерін жіктеуі, руханилық, адамның рухани дүниесі, жігер-қайрат, рухани құндылықтар, рухани сұраныс, рухани тұтыныс, қоғамдық даму, қазіргі дүние, дүниенің тұтастығы және қайшылықтылығы, жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылыми-техникалық прогресс, өркениеттік дамудың векторлары, әлеуметтік құрылым және әлеуметтік қатынастар, этностар, ұлттар, ұлтаралық қатынастар, этносаралық жанжалдар, әлеуметтік статус, толеранттылық, саяси жүйе, мемлекет және азаматтық қоғам, қоғамдық және саяси ұйымдар, саяси режим, тоталитаризм, авторитаризм, демократия, элита, элитаның рекрутталуы, көшбасшылық, : мәдениет, қазіргі заманғы мәдениет, мәдени жағдай, қазіргі заманғы мәдени ахуал, тұлғааралық коммуникация, нәтижелі коммуникациялар, коммуникацияның вербалды арнасы, коммуникацияның бейвербалды арнасы; Конституция, адамның құқығы және міндеттері, мемлекеттік билік, басқарма, дауыс беру, референдум, сайлау құқығы, сайлау бостандығы, әкімшілік құқық, әкімшілік кодекс, азамат, шетел азаматы, қоғамдық ұйым, саяси партия, мемлекеттік қызметші, әкімшілік құқықбұзушылық, әкімшілік жауаптылық; неке, отбасы, отбасылық қатынастар, туысқандық, неке жасы, бала асырап алу, неке шарты, ажырасу, балаға құқық; еңбек құқығы, еңбек кодексі, жұмыс уақыты, еркін еңбек, жұмыссыз азаматтардың құқығы, еңбек шарты, жұмыспен қамту, жұмыспен қамтылған азаматтар, әлеуметтік қамтамасыз ету, еңбек даулары; экология, адамның экологиялық құқықтары, экологиялық кодекс; таза және қолайлы қоршаған табиғи ортаға адам құқығы; экологиялық жағдай;

оқушылар сипаттай алуы тиіс: дүниетанымның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін; ұғымын, түрлерін, адамның рухани дүниесінің құрылымдық сфераларын, қазіргі дүние дамуының негізгі тенденцияларын, ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарын, әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерін, әлеуметтік қатынастардың сипатын, этносаралық келісімнің қағидаларын; саяси жүйенің мәнін, деңгейлерін, элементтері, мемлекетті – саяси институт ретінде, саясаттағы жастар рөлін; адамға – мәдениет субъектісі ретінде, дүниедегі және Қазақстандағы қазіргі заманғы мәдени ахуалға; : коммуникацияның құрылымына, коммуникация құралдары мен арналарына, қазіргі заманғы коммуникабельді адамға; жоғарғы заңдық күші заң ретінде конституцияға, мемлекеттік органдар – президенттің, парламенттің, үкіметтің, жергілікті органдардың, соттардың өкілеттігі мен қызметіне; сайлау құқығы қағидаттарына, сайлау жүйесіне; ҚР-ғы азаматтарға және шетел азаматтарының құқықтық жағдайына, мемлекеттік қызмет түсінігі мен принциптеріне, әкімшілік жауаптылық түрлеріне, кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығына; жұбайлардың, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттеріне, алименттік міндеттемелер бойынша, қамқоршы және қорғаншы түсінігіне; еңбек заңдылығының мақсаты және міндетіне, мамандықтарға, еңбек шартына, кәмелетке толмағандардың еңбегіне, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне; еңбек дауларына; дүниедегі және Қазақстандағы қоршаған табиғи ортаның жағдайына;

оқушылар орындауы тиіс: кешенді ізденіс жүргізіп, «адамның рухани дүниесі» туралы мәліметті жүйелеп, салыстырып, талдап, түйін жасап, танымдық және мәселелік тапсырмаларды рационалды шешуі.
4.5 «Технология» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны
«Технология» білім саласының мазмұны «Технология (ұл балаларға және қыз балаларға арналған)» пәні арқылы жүзеге асырылады.

«Технология» (ұл балаларға арналған)

Ауылшаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары. Егіндік және отырғызу машиналары. Ауылшаруашылық өндірісінің кәсіптерімен мамандықтары.

Машинатану элементтері мен құрылымдау материалдарын өңдеу технологиясы. Машиналар мен механизмдер теориясы. Іштен жану қозғалтқышы. Фрезерлік станок. Айналшақты-бұлғақты механизм. Көлік құралдарын техникалық күту. Құрылымдау материалдарын өңдеу саласындағы кәсіптер мен мамандықтар.

Ағаш өңдеу технологиясы. Ағаш ұстасы мен балташы ісі және сәндік-қолданбалы өнер. Корпусты жиһаз даярлау. Ағаш өңдеу саласына байланысты кәсіптер мен мамандықтар.

Электротехникалық өндіріс. Электроника. Электроника салалары. Электрлік техникалық және электронды қондырғылар өндірісімен, оларды пайдалануымен, қызмет көрсетуімен байланысты кәсіптер мен мамандықтар.

Құрылыс жұмыстары. Өңдеу жұмыстары. Құрылыс саласындағы мамандықтар.

Қазіргі заманғы өндіріс пен экономиканың негіздері. Техникалық нормалау принциптері. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері.

Қазіргі заманғы өндіріс пен кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі. Кәсіптік іске қойылатын заманауи талаптар. Кәсіби білім алу және жұмысқа орналасу жолдары туралы ақпарат іздеу.

Компьютерлік ақпараттық технологиялар. Шығармашылық жоба.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушы ұлдар: материалдарды өңдеудің заманауи әдістерін және бұйымдар жасаудың инновациялық технологияларын; жобалық іс-әрекеттің негізгі кезеңдерін; кәсіптік білім алу және еңбекке орналасу жолдары туралы ақпарат алу көздерін; өндірістің негізгі салаларын, конструкциялық материалдарды өңдеу, олардан бұйымдар әзірлеу, ауылшаруашылығымен байланысты кәсіптерін; материалды, қуатты және ақпаратты алу және өзгерту әдістерін; кәсіпкерлік пен жеке еңбекті іс-әрекетінің негіздерін; еңбекті ғылыми ұйымдастырудың негіздерін; ақпаратттың негізгі қасиеттерін және қоршаған ортаны зерттеу кезіндегі ақпараттың ролін; компьютерді басқарудың және заманауи графикалық, ақпараттық және байланыс компьютерлік технологиялар көмегімен орындалатын зерттеу іс-әрекетінің негізгі тәсілдерін білуі тиіс.

сонымен қатар, оқушы ұлдар: материалдарды өңдеудің заманауи әдістерін және бұйымдарды даярлаудың инновациялық технологияларын қолдануды; графикалық құжаттарды оқуды және рәсімдеуді, технологиялық құжаттарды жасауды; тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық қасиеттерін бағалауды, бұйымдарды даярлау және оларды өткізу бойынша іс-әрекет жоспарын құруды; технологиялық іс-әрекетте шығармашылық міндеттерді шешу әдістерін қолдануды; аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып кәсіпкерлік іс-әрекеттің мүмкін нысандары мен қызметтерін таңдауды; танырлық іс-әрекетке жеткізетін мақсатты өздігінен койып, дәлелдеуді және жоспарлауды; дәстүрлі және заманауи графикалық компьютерлік технологияларды қолданып өзгерту іс-әрекетінде түрлі графикалық бейнені (нобайларды, сызбаларды, сұлбаларды, белгілерді) пайдалана; экономиканың әр саласындағы және әлеуметтік аймақтағы кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктерін дәлелдеуді; өз кәсіби тандауын дәлелдеуді меңгеруі тиіс.

Технология (қыз балаларға арналған)

«Дизайнер. Тігінші. Әйел және балалар жеңіл киімнің тігіншісі». Жұмыс орнын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі талаптары. Жарақат алудың негізгі түрлері. Тігін өндірісі кәсіпорнындағы еңбек қауіпсіздігіне қойылатын шаралар. Еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқау. Жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету. Өрттен қорғаудың негізгі жүйелері. Кәсіпорын аумағында өрт болған кезде сақталатын тәртіп ережелері. Электр қауіпсіздігі.

Материалтану. Мата қасиеттері. Матаның негізгі қасиеттері: геометриялық, физикалық, технологиялық және оптикалық. Матаның сорттылығы. Стандарттылық. Стандарт түрлері. Маталар түржиыны. Маталар артикулы. Мақта, зығыр, жүн, жібек және химиялық талшықтардан жасалған маталар түржиыны. Киім тігуге арналған материалдар.

Тігін бұйымдарын дайындау және дизайны. Тігін өндірісіндегі мамандықтар туралы негізгі түсінік: тігінші, модельер-пішуші, модельер, кутюрье. Бұйым дизайны. Дизайнер. Дизайнерлік мамандықтар саласы. Тігін бұйымдарын дайындау саласындағы дизайн. Тігін бұйымдарын дайындаудың негізгі кезеңдері. Жеке адамға киім тігу. Жеке тапсырыс бойынша бұйымды тігу реттілігі. Киімдер тобының ассортименті және оның қоланылуы. Балалар киіміне қойылатын талаптар. Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Киімді құрастыру жөнінде жалпы мағлұмат. Композиция негіздері. Пропорция, сызықтар, силуэт, костюм пішіні. Масштабтылық. Симметрия және ассиметрия. Түстердің кереғарлығы және нюанс. Ритм. Статика және динамика. Костюм түстері. Түс үйлесімділігі. Тігін бұйымдарын дайындау кезіндегі негізгі жұмыс түрлері жөнінде мағлұмат. Қол жұмыстарының терминологиясы. Машина тігістерінің түрлері. Машина жұмыстарының терминологиясы. Ылғалдық-жылулық өңдеу жұмыстарының терминологиясы. Киім бөлшектерін дәнекерлеу және желімдеп біріктіру. Желімді материалдар түрлері. Базалық негізде бұйым бөлшектерін конструкциялаудың негізгі ережелері. Алдын-ала есептеу реті және қолданылуы. Сызба құрылымының реті. Киімді құрастыру және модельдеу. Балалар киімін құрастыру және модельдеу. Қыздарға арналған жеңіл көйлектерді құрастыру және модельдеу. Қазақ халқының ұлттық киімдерін құрастыру және модельдеу.

Жоба. «Киім дизайны». «Жинақтама және ансамбль» жүйесінде киімді жобалау. М 1:4, 1:2 модель немесе эскизде костюм жинағын жобалау. Ұлттық негіздегі қазіргі костюмдерді жасау барысындағы шығармашылық. Базалық пішін негізінде бұйымды жобалау. Жинақтама және ансамбль. Костюм жинағын жобалау.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушы қыздар: мата қалыңдығын, бойлық жіп, арқау жіп, матаның өңі мен теріс бетін анықтау түсінігін; мата қасиеттері, матаның технологиялық қасиетін анықтау ұғымы; стандарт, ассортимент, артикул, мата сорттылығын анықтауды машина және қол жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін; стиль бағытын; костюм композициясының құралдарын; құрастыруға қойылатын талаптар; конструкциялаудың графикалық-есептеу тәсілін; негізгі өлшемдер мен өлшем алу ережесін; дизайнер, конструктор мамандықтары еңбегінің маңызын; дизайнның шығу тарихын; көркемдік жобалауда пішінді формаға келтіру прициптері мен көркемдік даму заңдылықтарын; көркемдік жобалаудағы композиция құралдарын; көркемдік жобалау техникасы мен кезеңдерін; көркемдік жобалау және техникалық эстетика терминологиясын; тігін өндірісі, қызмет көрсету саласы, тігінші түсінігін; эскиз, конструкция, силуэт түсінігін анықтау; киім пішімдерінің түрлерін жіктеуді; моделіне байланысты қосымша, кеңдік және үстеме қосуды; лекалоны көбейту және техникалық модельдеу тәсілдерін меңгеруі; мата қасиеттері және киім тігу кезіндегі оның әсерін; тігін және үтіктеу жұмыстарының терминологиясын; қол және машина тігістерінің орындалу реттілігін; әйел жеңіл киімін жекелеген түйіндік өңдеу тәсілдерін, дайын тігін бұйымдарының сапасына қойылатын критерийлерді; тігін бұйымдарын өңдеудің қазіргі технологияларын; тігінші мамандығының еңбек мазмұнын бойлық және арқау жібін, матаның өңі мен теріс бетін анықтауды; бұйымды түйіндік өңдеудің технологиялық операциясы және бұйым моделін таңдауда мата қалыңдығының әсерін анықтауды жобаның мақсаты мен міндеттерін, оның қажеттілігін, тиімділігі мен құндылығын; есептік уақыт шығынын; жобаны орындаудың негізгі кезеңдерін білуі тиіс;

сонымен қатар, оқушы қыздар: жұмыстың қауіпсіздік шарттарына сәйкес жұмыс орнын ұйымдастыру; қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау; құрал-жабдықтарды қолдануды; жарақат алған жағдайда медициналық алғашқы көмек көрсетуді; киім силуэтін анықтауды; бұйымды пішу және тігуді; өлшем алу және есептеуді; сызба сызу және оқуды; бұйым бөлшектерін қағазға немесе калькаға көшіруді; матаға пішім жайылмасын үнемді орналастыруды; пішім бөлшектерін өңдеуге дайындауды; өлшемнен өткізуді, ақауын жөндеуді; киімді түйіндік өңдеуді; бұйымды тігу кезінде өзін-өзі бақылау, сапасын тексеруді; базалық құрастыру лекалосын қолдануды; жобалау және модельдеуді орындауды; киім тігу кезінде технология мен терминдерді қолдануды; дизайнның шығу алғышарттарынан хабардар болу; бұйымды жобалау кезінде техникалық эстетика талаптарын ескеру; функционалды қолданылуына сәйкес бұйым түсін дұрыс қолдануды; макет және эскизде жаңа бұйымды конструкциялау және үйреншікті бұйымдардың пішінін өзгертуді; композиция құралдарын дұрыс қолдануды; эскиз жасау кезінде қазіргі заманға сай көркемдеп безендіру материалдарын қолдануды және кестелеу машинасының мүмкіндіктерін; жоба тақырыбын таңдау критерийлерін анықтауды; бұйымның үлгісін, эскизін әзірлеу, жетілдіруді; ақпаратты дұрыс іріктеп алу және пайдалануды; жұмысты жоспарлауды; кемшіліктерге талдау жасау, жұмысты бағалауды; жобаны қорғауда өз көзқарасын білдіруді; өзін-өзі бағалау білімі мен біліктілігін жүзеге асыруды. жобалау жинағын жүзеге асыруды (орындау) меңгеруі тиіс.
4.6 «Дене шынықтыру» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны
«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұны «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери дайындық» пәндері арқылы жүзеге асырылады.

Дене шынықтыру

Теориялық мәліметтер. «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Дене бітімін жетілдіру» (әрекеттік компонент) және «Дене шынықтыру дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар» (мотивациялық компонент). Дене дамуы. Дене тәрбиесі және оның адамның дене бітімін жетілдіруге мақсатты бағытталуы.

Жеңіл атлетика. Жүгіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Жоғары және төменгі старт. Екпінді старт. 100 метр қысқа қашықтыққа жүгіру. Эстафеталық жүгіріс. Секіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Биіктікке, ұзындыққа секіру кезіндегі жеке жылдамдық екпінін таңдау. Лақтыру техникасын бекітуге бағытталған арнайы жаттығулар. Екпіндей жүгіріп, 500 гр (қыз балалар), 700 гр (жігіттер) гранатаны толық үйлесіммен алысқа лақтыру.

Гимнастика. Саптық жаттығулар. Орнында тұрып айналу қимылдары. Оқушының жеке дене дамуы ерекшеліктерін ескеріп, оның дене мүсінін қалыптастыру, тыныс алу, дене салмағын реттеу, дене бітімі сымбатын дамытуға және гимнастиканың дәстүрлі емес түрлерін реттеуге арналған кешенді жаттығулар. Акробатика. Жеке физикалық және техникалық дайындықтарды ескере отырып, бұрын үйренген элементтері бойынша құрылған гимнастикалық комбинация. Хореография және ырғақты гимнастика элементтерімен бұрын меңгерген жаттығулардан тұратын еркін комбинация. Тіреп секіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Белтемір; Қос сырық (ер балалар). Түрлі биіктікті сырық (қыз балалар). Бөрене. Тепе-теңдік жағдайындағы жаттығулар (қыз балалар). Арқанмен өрмелеу (ер балалар). Тартылып асылу. Қолмен іліне тартылып, күшпен тіреп көтерілу. Бұрын меңгерген жаттығуларды жетілдіру, еркін комбинацияларды құру және орындау. Жартылай отырып тірелу. Бір аяқпен серпіле айналу. Екі аяқты аша серпіле секіру. Тіреу орнын ауыстырып жасалатын жаттығулар: жүру, секіру, айналу түрлері; үйренген 3-4 кешенді (комбинациялық) жаттығулар. Екі арқанда аяқтың көмегінсіз өрмелеу; бір арқанда жылдамдықпен аяқтың көмегімен өрмелеу.

Шаңғы дайындығы. Шаңғымен жүру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығы жаттығулары. Сырғанай қадамдап, өрге көтерілу. Конькише жүріс. Табиғи кедергілерден шаңғымен өту. Шаңғымен төмен ылдилау. Бүйірімен сырғанай, тірене тежеу. Шаңғы жарысының тактикалық элементтері.

Кросс дайындығы. Арнайы дене шынықтыру және техникалық дайындық жаттығулары. Кедергілер арқылы секіру, ойлы-қырлы жерлермен жүгіруді жүрумен ауыстыра отырып жүгіру, секіру, жүру, кросстық жүгіріс.

Спорттық ойындар. Футбол, Волейбол, Баскетбол, Гандбол. Допты алып жүру, алаңдағы орын ауыстыру техника тәсілдерін бекітуге және жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығы жаттығулары. Ойыншының қорғаныс пен шабуылдағы жеке әрекеттері. Шабуылдағы және қорғаныстағы топтың және команданың техникалық-тактикалық әрекеттері. Қақпашының техникалық-тактикалық әрекеттері. Спорттық жаттықтыру ойындары. Топтың және команданың техникалық-тактикалық әрекеттері.

Жүзу. Жүзу жарыстарының тактикалық элементтері: сөре, арақашыққа күшін есептеп бөлу, алға шығу, мәреге жету. Үйренген тәсілмен (Кеудесімен құлаштап жүзу, шалқалай жатып жүзу, брасс) арақашықтыққа жүзіп өту.

Халық ойындары және ұлттық спорт түрлері.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

оқушылар: денсаулыққа, сырқаттанудың алдын алуға және өміршеңділікке дене шынықтыру сауықтыру жүйесінің ықпалын; дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік талаптарын сақтауды; жаттығуларын орындау техникасына бақылау әдістерін, дене шынықтыру жүктемесінің ережесін, сабақ барысындағы көңіл-күйін; күн тәртібіндегі дене шынықтыру жаттығуларының рөлін; жас және жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес дене бітімінің функционалды жағдайына дене шынықтырудың ықпалын; жеке дененің жетілуі мен дене дайындығын бағалау мен бақылау тәсілдерін білуі/түсінуі тиіс;

сонымен қатар, оқушылар: денсаулықты нығайтуда дене шынықтыру мен спортты жетілдіру қажеттілігін, өзінің қызығушылығын ескеріп, дене шынықтырумен айналысуды ұйымдастыруды; гимнастикалық, акробатикалық, жеңіл атлетикалық жаттығуларды (аралас кешенін), спорттық ойындардағы техникалық-тактикалық әрекеттерді орындауды; спорт түрлерінің бірін таңдап жарыстар өткізуді; бағдарламалық спорт түрлерінің бірі бойынша мектептік жарыстар өткізуді; бағдарламалық спорт түрлерінің бірі бойынша мектептік жарыстарда төрешілік жұмысты атқаруды меңгеруі тиіс.

Дене қимылдарының қасиеттерін көрсетуі тиіс: «Жылдамдық; Күш; Төзімділік (кез келген жаттығу таңдалып алынады); Қимылдарды үйлестіру».



Меңгерген білімі мен біліктілігін күнделікті өмірде және практикалық әрекетте қолдануы тиіс: жұмысқа қабілеттілігін артыруды, денсаулықты нығайту мен сақтауды; бұқаралық-спорттық жарыстарға қатысу және жеке, ұжымдық жанұялық демалысты өткізу мен ұйымдастыруды; салауатты өмір салтын қалыптастыру мен таңдауда, белсенді шығармашылық әрекеттерді.

Алғашқы әскери дайындық

Теориялық мәлімет. Алғашқы әкери даярлау теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.

Қарулы Күштер – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғауда. Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері. Қазіргі кезеңде әскери кадрларды даярлау.

Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары. Жалпыәскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары. Рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттері. Қарауылдық қызметтің атқаратын қызметі мен міндеттері. Сақшының міндеттері. Бекет, оны жабдықтау және жарақтандыру.

Тактикалық дайындық. Мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру және оның ұрыстық мүмкіндіктері. Әскери әрекеттердің негіздері. Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық тәртібі. Инженерлік бекіністер. Ұрыстағы сарбаздың әрекеттері. Шабуылдағы сарбаз. Қорғаныстағы сарбаз. Бақылаушы сарбаз.

Атыс дайындығы. Калашников автоматы және қол пулеметі. Калашников автоматын (қол пулеметін) бұзу және жинау. Калашников автоматының (қол пулеметінің) атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің құрылысы. Калашников автоматын (қол пулеметін) атуға даярлау. Калашников автоматын (қол пулеметін) бұзу және жинауға жаттығу. Калашников автоматынан (қол пулеметінен) атуға ыңғайлануға жаттығу. Жарықшақты қол гранаталары.

Саптық дайындық. Сап түрлері және олардың элементтері. Саптық тұрыс. Бір орында бұрылу. Саптық адым. Қозғалыс кезінде бұрылу. Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау. Сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру. Саптан шығу. Машина жанында және машинада әскери қызметкердің әрекеті.

Әскери топография. Жергілікті жерде картасыз бағдарлау. Магнитті азимутті анықтау.

Өмір қауіпсіздігінің негіздері. Шаруашылық нысандарының азаматтық қорғанысы. Ядролық қару және оның сипаттамасы. Ядролық зақымдау ошағы. Химиялық қару. Бактериологиялық (биологиялық) қару. Жалпыәскери газқағар (газтұмылдырық). Тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары. Теріні қорғаудың қарапайым құралдары. Дербес қорғану құралдарын қолдануға жаттығу. Ұжымдық қорғану құралдары. Эвакуациялау және тұрғындарды орналастыру. Азаматтық қорғанысты хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі. Ядролық зақымдау ошақтарындағы құтқару жұмыстары. Құтқару жұмыстарын орындаудың әдіс-тәсілдері. Адамдарды санитарлық өңдеу, киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару мен техниканы дезактивациялау және залалсыздандыру. Радиациялық барлау және дозиметрлік қадағалау құралдары. Химиялық барлаудың әскери құрылғысы. Радиациялық және химиялық қадағалау бекеті. Тұрғындардың табиғи опат орын алған жерлерде әрекет ету әдістері. Жарақаттану, қансырау және дененің күю кезінде көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек (Қан ағуды тоқтату үшін жгут салу, оны бұрау және қолда бар заттарды қолданып қанды тоқтату ережелері. Сыну, буынның шығып кетуі, сіңірдің созылуы кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек. Түрлі қайғылы оқиғалар кезіндегі көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.

Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар

11-сыныпты бітіруші оқушылар:

  • Қарулы Күштер – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғауда: ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің алатын орны және рөлі; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рәміздері және әскери бөлім туының маңызы; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері, офицерлік және сержанттық құрамның әскери атақтары; Ел тәуелсіздігін және мемлекетіміздің территориялық тұтастығын қорғау бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық және заң шығарушы құқықтары мен міндеттері.

  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпыәскери жарғылары: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының атқаратын қызметтері; Қарулы Күштердің Тәртіптік жарғыларының ерекшеліктері және жалпы талаптарының мазмұны; Қарулы Күштердің ішкі қызмет жарғыларының ерекшеліктері және жалпы талаптарының мазмұны; Қарулы Күштердің саптық жарғыларының ерекшеліктері және жалпы талаптарының мазмұнын.

  • тактикалық дайындық: қазіргі заманғы ұрыстың жалпы сипатын; ұрыс түрлері және олардың сипатын; мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру және оның қарулануын;

  • атыс дайындығы: автоматтың (пулеметтің) атқаратын қызметі, ұрыстық асиеті, жалпы құрылысы мен жұмыс істеу механизмдерін; қару және оқ-дәрілерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;

  • саптық дайындық: «сап» және «сап элементтері» анықтамаларын; сапқа тұру және саппен қозғалуға арналған пәрмендер, алдын ала берілетін және орындауға берілетін пәрмендердің арасындағы айырмашылықты; саптық және жорықтық адыммен қозғалу, бір орында және қозғалыс кезінде бұрылуды орындау әдістеріді; бөлімшені бір және екі қатарға тұрғызуға берілетін пәрмендер және тұру тәртібі; бір қатардан екі қатарға сап құру және екі қатардан бір қатарға қайта сап құруды; саптан шығу және қайтадан сапқа тұруды орындауға берілетін пәрмендер және орындауды;

  • әскери топография: бағдар және жергілікті жерде бағдарлау туралы жалпы түсінікті; Адрианов компасының құрылысын; азимут туралы түсінік: А – шынайы азимут, мА – магнитті азимуты, δ –магниттік тәуелділікті; компас бойынша көкжиек тұстарын анықтау әдістерін; магнитті азимут бойынша қозғалудың мәнін білулері керек.

11-сыныпты бітіруші оқушылар:

  • бөлімшенің ату карточкасын құруды; кез келген жерде жаудың оғының астымен қозғалуды; кедергілерден (бекіністер) өтуді; бақылау және атыс жүргізетін орынды таңдау, сондай-ақ ұрыс кезінде оқпана қазуды; «Радиациялық қауіп», «Химиялық дабыл!», «Әуе!», «Бөлімше, ұрысқа!» белгілері бойынша әрекет етуді;

  • автоматты (пулеметті) жартылай бұзу және жинауды орындауды; автоматтың (пулеметтің) жарамдылығын, тазалығын тексеру, оны майлау және атуға дайындауды; автоматтан (пулеметтен) ату кезінде болуы мүмкін кедергілерді жоюды;

  • саптық қалыпты қабылдау, «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!» және «Жинақтал!» пәрмендерін орындауды; бас киіммен, бас киімсіз бір орында және қозғалыста сәлемдесуді орындауды;

  • жергілікті жерде бағдарлауды; компас бойынша бағдарға қатысты магнитті азимут бағытын анықтауды; магнитті азимут бойынша жергілікті жерде қозғалуды орындай білулері керек.

12-сыныпты бітіруші оқушылар:

  • Қарулы Күштер – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғауда: әскери қызметті өтудің құқықтық негіздерін; әскерге шақырушылар мен әскерге шақыру жасына дейінгілерді даярлауды; әскери мамандықтар бойынша даярлықты;

  • саптық дайындық: қозғалыс кезінде бұрылуды; қарумен сапта тұруды; машина маңында және машинадағы сарбаздың әрекеттерін; сапты және машинаны басқаруға арналған белгілерді: қолмен, жалаушамен және шаммен;

  • өмір қауіпсіздігінің негіздері: Азаматтық қорғаныс (АҚ); радиациялық құралдар және химиялық барлауды; радиациялық және химиялық қадағалау бекетінің құрамындағы барлаушының әрекеттерін;

  • медицина білімдерінің негіздері: жұқпалы аурулардың негізгі топтарының сипаттамасын; карантин және биологиялық зақымдау ошағында обсервациялауды; қыша қолдану арқылы қанайналымға әсер ету шараларын; бинпен таңудың негізгі әдістерін; нығайтушы және қысушы байламдарды таңу ережелерін; бас, кеуде және құрсақ жарақаттанған кезде байламды таңу ерекшеліктерін; өкпені жасанды желдендіру тәсілдерін («ауызбен ауызға», «ауызбен мұрынға», Сильвестр бойынша, Каллистов бойынша) білулері керек.

12-сыныпты бітіруші оқушылар:

  • машина маңында және машинадағы әрекет ету кезінде бұйрық беруді; қарумен түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды; қозғалыс кезінде бұрылуды; белгінің көмегімен сапты және машинаны басқаруды;

  • радиациялық және химиялық барлау құралдарымен жұмыс істеуді;

  • науқасты күтуді; артериялық қысымды анықтауды; жүрекке жанама (жабық) массаж жасау және өкпені жасанды желдендіруді; ашық және жабық түрдегі сынықтарда шина қолдана отырып алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді; бассүйек, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйегі және аяққол сынған кезде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді (қолда бар құралдарды пайдалана отырып); бас, кеуде, құрсақ, жамбас және аяқ-қолға байлам таңуды; түрлі қайғылы оқиғалар кезінде (үсу, күн тию, электрлік жарақат, суға бату) алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді орындай білулері керек.


Қорытынды
12 жылдық орта мектептің оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін тәжірибелік іс-әрекеттерге ұштастыра білетін, функционалды сауатты, өмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі құзыреттіліктері қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға, өздігінен табысты өмір сүруге, өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс.

Әлемдегі дамыған елдердің (Германия, АҚШ, Франция, Англия, Жапония, Швейцария және т.б.) білім жүйесін талдауда көрсеткендей, олардың бәрінде орта мектеп 12 немесе 13 жылға дейін созылып, соңғы 2-3 жылда міндетті түрде бейінді оқыту жүзеге асырылады. Осы елдердің барлығында оқушыларға жалпы білім негіздерін бере отырып, бейінді оқыту сатысында оларды әрқайсысының жеке интеллектуалдық- шығармашылық қабілеттеріне, рухани сұраныстарына бейімдей отырып, даралап, жеке білім бағдарламаларымен оқыту тәжірибелері қазіргі заман талаптарына бірден-бір лайық жүйе және ол тиімді нәтижесін беріп отыр.

12 жылдық білім беру үдерісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі тәрізді тұлғалық сапалар бейіналды және бейіндік оқыту нәтижесінде қалыптасады және одан әрі дамиды.

Жалпы орта мектептің 11-12 сыныптарында бейінді оқудан өткен мектеп түлектері қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда өз мамандықтарын, өмір жолдарын таңдауға және оны дербес, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы әзірленіп шығады. Сондықтан, жалпы орта білімнің базалық мазмұны жан-жақты тұлғаны тәрбиелеудің құралы ретінде оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілетін дамытуға, өмірдің қай саласында болмасын өз орнын таба білуге, әртүрлі жағдайларда проблемаларды шеше алуға және т.б. түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.

Сонымен 12 жылдық мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде базалық білім мазмұнын анықтау әдістері мен жобалау негіздері анықталды:


  • 12 жылдық мектептегі бейіндік оқытуды дамытудың басымды бағыттары;

  • 12 жылдық оқытудағы білім мазмұнына қойылатын талаптар;

  • жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар (түйінді мен пәндік нәтижелері);

  • 12 жылдық жалпы орта білім беру деңгейінде түйінді құзыреттіліктердің қалыптасу нәтижелері;

  • 11-12 сыныптардағы базалық білім мазмұнының білім салалары және олардың білім мазмұнына қойылатын талаптар;

  • бейіндік оқытудың білім беру бағыттары және олардың білім мазмұнына қойылатын талаптар мен ерекшеліктер;

  • 12 жылдық мектептегі жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім мазмұнын анықтауда жүзеге асырылатын дидактикалық принциптер;

  • 12 жылдық мектептегі жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын анықтаудың матрицасы берілді.

Ұсынылып отырған 12 жылдық мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде базалық білім мазмұнын анықтау әдістері мен жобалау негіздері білім мазмұнын когнитивтік, іс-әрекеттік және аксиологиялық компоненттермен кіріктірілуімен анықтауды қамтамасыз етеді.

Оқытудың жоғары сатысында, яғни бейіндік білім беруде оқушылар өздігінен оқу дағдыларын игере алатындықтан, оларды белгілі мәселе төңірегінде ой қозғай алатын, жеке пәндерге деген талғамы, талғауы бар саналы азамат ретінде оқушыны тани аламыз. Сондықтан 12 жылдық мектептің оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін тәжірибелік іс-әрекеттерге ұштастыра білетін, функционалды сауатты, өмірлік қажетті құзыреттіліктері қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше табысты өмір сүруге, өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс.



Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012ж. 14.12.). – Астана, 2012.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы Президентінің 2010ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген.

  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27.07.2007.

  4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
    2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 Қаулысымен бекітілген.

  5. «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011ж. 30.12. №1684 Қаулысымен бекітілген.

  6. Шамшиева М.А. «Жас ерекшелігі педагогикасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік нұсқау. – Ақтау: КМТжИУ, 2010. – 43 бет.

  7. Белкин А.С. Основы возрастной педагогики. – М.: Издательский центр «Академия», 2000. – 192 с.

  8. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, «Мектеп». – 1987. 125б.

  9. Әбдікәрімұлы Б., Айқынбаева Г.Қ. 12 жылдық мектепке өту мәселесінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері: Ғылыми басылым. – Астана: ЕГИ, 2008. – 284 б.

  10. Айқынбаева Г.Қ. 12 жылдық мектепке өту мәселесінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері: п.ғ.к. ғыл. дәрежесін алу үшін дайын. дисс. Авторефераты. – Астана, 2008. – 32 б.

  11. Мұқанов М.М. Жас ерекшелік және педагогикалық психология. – Алматы, «КазПИ баспасы», 1980. – 29б.

  12. Поливанова К.Н. Психологическое содержание подросткового возраста //Вопросы психологии, 1996. – №1. – С.20-23.

  13. Ахтаева Н.С., Әбдіғапбарова А.І., Бекбаева З.Н. Әлеуметтік психология. – Алматы: «Қазақ университеті», 2007.

  14. Кон И.С. Психология юношеского возраста. – М., 1979.

  15. Васильев С. Профессиональная ориентация учащихся как одно из условий осознанного выбора профиля обучения //Мектеп директоры = Директор школы. – 2008. – № 3. – С.35-37.

  16. Смағұлова Г.Қ. және т.б. Шетелдік тәжірибедегі 12 жылдық білім беру //Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. – Алматы, 2012. – 9 б.

  17. Карибаева А.А. 12-летнее образование в странах с переходной экономикой// Абай атындагы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы. Әлем халықтары тілдері сериясы. = Вестн. КазНПУ им. Абая. Сер. Языки народов мира. – 2006. – №1(8). – С.87-89.

  18. Дружинский А.Н. Международный опыт 12-летнего среднего образования //Сборник Международной научно-практической конференции «Научное обеспечение функционирования 12-летнего среднего образования». – Алматы, 2007. – 20-21 апреля. – Ч.1. – С.45-49.

  19. Жұмағұлов Б.Т. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің дамуы//12 жылдық білім беру = 12-летнее образование. – 2010. – №10. – Б.7-10.

  20. Дуйсебек А.Т. Современные векторы трансформации методологии и содержания образования //12 жылдық білім беру = 12-летнее образование. – 2011. – №5. – С.50-53.

  21. Муканова С.Д. Концептуальные основы развития профильного обучения в Республике Казахстан //Білім беру мекемесі басшыларыныц аныктамалығы = Справочник руководителя образовательного учреждения. – 2011. – № 8. – С.74-84.

  22. Бегалинова К.К. Современные тенденции образования //12 жылдық білім беру = 12-летнее образование. – 2010. – №12. – С.3-6.

  23. Дуйсебек А.Т., Туяков Е.А. Модернизация казахстанского образования в контексте общечеловеческих, национальных и личностных приоритетов //Материалы международной научно-практической конференции «Образование: Традиции и инновации». – Прага, Чешская республика (27.12.2012г.). – С.347-351.

  24. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Методология 12-летнего образования. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003. – 164 с.

  25. Дуйсебек А.Т. Современные аспекты обновления содержания школьного образования //Сб.материалов Международной заочной научно-практической конференции «Педагогические и психологические науки: актуальные вопросы». – Новосибирск, 31 октября 2012 г. – С. 36-38.

  26. Бұшымбаева Қ.Т. 12 жылдық білім беру жүйесінде жаңа түйінді құзыреттіліктерді пайдалану// Қазақ тілі Қазақстан мектебінде=Казахский язык в Казахстанской школе. – 2011. – № 4. – 34-38 б.

  27. Бұзаубақова К.Ж. Құзыреттілік тұрғыдан білім берудегі білім сапасының мәні //«Шаяхметов оқулары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Павлодар, 2009. – Б.237-243.

  28. Хуторской А. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы образования //Народное образование. – 2003. – №2. – С.4-9.

  29. Андриенко Е.В., Пономарева Е.С. Формирование коммуникативной компетентности учащихся в процессе профильного образования // Педагогика жэне психология = Педагогика и психология (КазНПУ им.Абая). – 2010. – №1. – С.28-32.

  30. Афанасьева С.И. Формирование информационной компетентности учащихся в профильных классах //Наука и образование: история, современность, перспективы развития: Сб. докл. междунар. науч.-практ. конф. (15-16 окт. 2010 г.). – Усть-Каменогорск, 2010. – Ч.З. – С.123-128.

  31. Дуйсебек А.Т. Векторы обновления содержания образования в контексте современных мировоззренческих трансформации // Сб.материалов
    III Международной научно-практической конференции «Теория и практика современного образования». – Санкт Петербург, 20-21 ноября 2012 г. – С.28-34.

  32. Дүйсебек Ә.Т. Құндылық өзгерістері жағдайында білім мен тәрбие мазмұнын жетілдірудің әдіснамалық негіздері //Республикалық ғылыми-практикалық конференция жинағы. – Арқалық: Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, 2012. – Б.24-28.

  33. Иванова Н. Теоретико-методологические основы содержания образования в 12-летней школе //12 летнее образование. –2005. – №7. – С.3-15.

  34. Бабаев Д.В., Омаралиев А.Ч. Совершенствование профессионального мастерства учителей естественно-математических дисциплин //Абай атындагы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы = Вестн. КазНПУ им. Абая. Сер. Физико-математические науки. – 2005. – №2(13). – С.37-40.

  35. Дуйсебек А.Т. Совершенствование естественнонаучного образования в контексте современных требований //«Білім-Образование» спецвыпуск для
    I съезда учителей химии и биологии РК «Школьное естественнонаучное образование: общество, наука и технология XXI века». – Усть-Каменогорск, июнь 2012 г. – С.14-16.

  36. Столетов В.Н. О научных основах отбора содержания образования для учебников //Проблемы школьного учебника. – Вып.8. – М., 1980. – С.6-16.

  37. 12 жылдық білім беруге көшу бойынша 7-ші эксперименттік сыныптардың байқау оқулықтары мен ОӘК-нің сапасын апробациялау мониторингі. – Астана, 2010. – 67 б.

  38. 12 жылдық мектепке арналған оқу әдебиеттерінің сапа мониторингі: 8-ші эксперименттік сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін өткізу қорытындысы. – Астана, 2011. – 65 б.

  39. 12 жылдық мектепке арналған оқу әдебиеттерінің сапа мониторингі: 9-ші эксперименттік сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін өткізу қорытындысы. – Астана, 2011. – 52 б.


Мазмұны


Кіріспе ………………………………………………………………………..

3

1 12 жылдық мектептің 11-12 сынып оқушыларының физиологиялық

ерекшеліктері..........................................................................................


5


1.1
1.2


Мектеп жасындағы жасөспірім шақ оқушылардың физиологиялық ерекшеліктері....................................................................................

Мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру гигиенасы..................................................................


5
7


2 12 жылдық мектептің 11-12 сыныптарында оқытудың психологиялық-

педагогикалық ерекшеліктері................................................................


11


2.1
2.2
2.3

Мектеп жасындағы жасөспірімдік шақ оқушылардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы....................................

Жоғары сынып жасөспірім жасындағы оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері..................................

Жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандықтарына бағыт берудің психологиялық аспектілері..................................................

11
13


16

3 12 жылдық мектепте жалпы орта білімнің базалық мазмұнын анықтау

әдістемесі.................................................................................................


20


3.1
3.2
3.3


Бейіндік оқытуды ұйымдастыру бойынша шетелдік және қазақстандық тәжірибелер...................................................................

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамалық негіздері...............................................................

12 жылдық мектептегі жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын жобалау негіздері...............................................................

20
29


36

4 Жалпы орта мектепте негізгі оқу пәндерінің үлгілік базалық

мазмұны..................................................................................................


44


4.1
4.2
4.3
4.4
4.5
4.6

«Тіл және әдебиет» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны............................................................................................

«Математика және информатика» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны.................................................................

«Жаратылыстану» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны.............................................................................................

«Адам және қоғам» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны.............................................................................................

«Технология» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны. ............................................................................................

«Дене шынықтыру» білім саласындағы пәндердің үлгілік базалық мазмұны...............................................................................................


44
58


61
66
69
72

Қорытынды.....................................................................................................

78

Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................

80


12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері

Әдістемелік құрал

Басуға 01.04.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 5,0.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК

010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» с.-і. о., 13-қабат.





Каталог: images -> normativi -> okyshilardin
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
okyshilardin -> Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту
okyshilardin -> Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
okyshilardin -> 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
okyshilardin -> Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
okyshilardin -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
okyshilardin -> Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет