1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Тұлпар бейнесін суреттеген жырауларды атап, мысал келтіріңіз



бет44/45
Дата20.12.2023
өлшемі257,63 Kb.
#197850
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Жырау сал-сері
Sultaanmuratova presentation 888
97. Тұлпар бейнесін суреттеген жырауларды атап, мысал келтіріңіз.
Тұлпар бейнесін суреттеуде Ақтамберді жыраудың шеберлігін ерекше атап өтуге болады.Оның «Түйе мойнын тұз басар», «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал барма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез-құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік сөз қарастары анық аңғарылады. Ақтамберді жырау:
Арудан асқан жан барма,
Жылқыдан асқан мал барма,
Биенің сүті сары бал.
Қымыздан асқан дәм барма- дей келе жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді.Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.
Ақтамберді жыраудан бөлек Доспамбет жырау да жылқы малын ерекше бағалап, ол туралы өз жырларына қосып отырған. Мысалы жырау «Қоғалы көлдер қом сулар» жырында :
Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес,
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес,
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес. –дей келе жылқыны жоғары санап, оның басқа малдардан ерекше,адамға жақын екендігін, «Мал патшасы-жылқы» деп бағалаған.
Жылқының жақсысы да, жаманы да болатынын атақты жырау Бұқарда жырына қосып өткен. Ол:
Жал, құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас. – деп жылқының нашар түрін ашып көрсеткен.
Қорыта айтатын болсам, Ақтамберді не болмаса Доспамбет, Бұқар жыраудың жылқы жайлы жырларын оқып, түұсіне келе олардың айтпақ ойы бір екенін аңғаруға болады.
98.“Шағырмақ бұлыт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар “- деген жырдағы көркемдік ерекшелікті баяндаңыз?
Шалкиіз жыраудың туындылары аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен,асау серпінді қуатымен ерекшеленеді.Жыраудың “ Шағырмақ бұлт жай тастар” өлеңі өнеге,ақыл - өсиет ретінде айтылған.Әділ төре елді басқару керек екені,батыр жігіт басшы болу керек екені,жақсы адаммен дос болсаң бетің жарық,жаманмен дос болсаң күндердің күні қарабет болатының жайлы,жалпы адамгергілік қасиеттер турасында жазылған.
Шағырмақ бұлт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар
бұндағы “Шағырмақ бұлт “ дегені селдіреген,күн қызуын бөгетсіз өткізетін селдір бұлт.Ал, “Жай” дегені найзағай.Бұл толғау есімшенің «ар», «ер», «с» жұрнақтары арқылы жасалған болжамды келер шақ түріндегі сөздердің қайталанып келуі арқылы жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет