2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»


Қоспаның құрамын анықтау және бөлу



бет4/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша
сборы
Қоспаның құрамын анықтау және бөлу. Заттар таза күйінде сирек кездеседі. Оларды қоспаның құрамынан тауып, тазартуға тура келеді. мысалы: «техникалық ас тұзында сульфаттың қосымшасы болатынын қалай анықтайды?, «мырыш хлоридінмыс (ІІ) хлориді мен қорғасын (ІІ) хлоридінің қоспаларынан қалай тазартады?»
Соңғы есептің шешуі. Есептің шартына қарағанда мыс және қорғасын металдарының атомдарынан құтылу керек. Бұлар – металдардың белсенділік қатарында мырыштан кейін орналасқан белсенділігі төмен металдар. Оларды мырыш арқылы ығыстырып, тұнбаға түсіруге және тұнбаны сүзіп тазартуға болады. Қоспаны толық тазарту үшін мырышты артық мөлшерде алу керек. Осындай теориялық талқылаудан кейін тәжірибелер жасалады.
Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі:
Химияны оқытуда оқушылар назарына эксперименттік есептердің жеті типі ұсынылады.
І тип – есептің шарты бойынша тәжірибені орындау ұсынылып, бақылау қорытындысын түсіндіру тапсырылады. Мысалы, «сынауыққа 2-3 мл 15%-дық тұз қышқылын құйып, үстіне мырыш түйірін салыңыздар. Не байқалады? Байқағандарыңызды түсіндіріңіздер.
ІІ тип – зат қасиетін сипаттайтын білімді қолданып есептер шығару. Мысалы «Тұз қышқылына тән реакцияларды іске асырыңыздар».
ІІІ тип – заттың құрамын эксперименттік түрде анықтауға арналған есептер. Мысалы, «Тұз қышқылының құрамына сутегі мен хлор енетінін эксперименттік жолмен дәлелдеңіздер».
IV тип – бірнеше зат қатар берілгенде соны анықтауға арналған есеп. Мысалы, «Бір сынауықта тұз қышқылы, екіншісінде күкірт қышқылы, үшіншісінде сірке қышқылыберілген. Қай сынауықта қандай зат барын анықтаңыздар».
V тип – бастапқы берілген заттардан жаңа заттар алуға арналған есептер:
а)тікелей; б)аралық қосылыстар арқылы немесе жанама жолмен. Мысалы, а) «Мырыш хлоридін әртүрлі әдіспен алыңыздар»; ә) «Мына айналуларды іске асырыңыздар: «Сu ? CuCl2»
VІ тип – берілген үлгіде қоспа барын физикалық және химиялық әдістерді қолданып дәлелдеп, затты қоспадан бөлуге арналған есеп. Мысалы, а) «Ас тұзына араласқан құмды қандай жолмен бөлуге болады?» ә) «темір шегені таттан қалай тазартуға болады?»
VІІ тип – қарапайым аспап құрып, онымен тәжірибе жүргізуге арналған есеп. Мысалы, «Берілген құралдар арқылы газ алатын аспап құрастырып, хлорсутек газын алыңыздар».
Химиялық эксперимент — сабақ тиімділігін арттырудың — мықты құралы. Химиядан оқушылардың білім мен біліктілігін, қызығушылығын қалыптастыруда, алған білімін бақылап, бағалауда эксперимент есептерінің маңызы зор, көзбен көрген құбылыс, қолмен ұстаған зат оқушы ойында ұзақ сақталады, өзіндік қорытынды жасауына мүмкіндік туғызады, әсіресе химия сабағында жаңа тақырыпты тәжірибесіз түсіндіру жоғары нәтиже бермейді. Қарапайым сабақтарға қарағанда лабораториялық-практикалық сабақтар күрделі болып келеді, олар химиялық құрал-жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен практикалық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді.Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтиханы билеттерінің бір сұрағы эксперимент есебі түрінде беріледі Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Эксперимент нәтижесінде оқушы теориялық білімін практикамен, практиканы теориямен ұштастырады.
23. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Жас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теориялары. Оқудағы бихевиористикалық тәсіл. Оқудағы танымдық тәсіл. Оқудағы гуманистік тәсіл. Оқудағы әлеуметтік–жағдаяттық тәсіл.
Балалардың жас ерекшеліктері
Ерте балалық шақ кезеңі 1-3 жас
Мектепке дейінгі кезең 4-6 жас
Мектеп кезеңі 7-18 жас
Ересек кезеңі 18 жастан кейін.
3. Жас ерекшеліктері тұрғысынан оқу үдерісі
Оқудағы бихевиористикалық, Оқудағы танымдық, Оқудағы гуманистік тәсіл
Пиаже, тәсіл (мінез –тәсіл Выготский құлықты зерделеу)
Маслоу мен Роджерс, Джон Уотсон, Эдварл Торндайк
Оқудағы әлеуметтік – жағдаяттық тәсіл
Альберт Бандура
Зейін
Хаган мен Хейл
1973
Жады
4. Жас ерекшеліктері тұрғысынан оқу үдерісі
Оқудағы бихевиористикалық тәсіл
Психологиядағы бихевиористикалық бағыт ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады.
Бихевиоризмнің негізін салушы Джон.Б.Уотсон. «Түрткі реакция» модеін әзірлеп, онда орта оған орай тұлға әрекет ететін түрткілерді өндіруші ретіне қарастырған. Эдвард.Л.Торндайк сияқты зерттеуші осы идеяны негізге ала отырып, Т-Р оқу теориясын әзірледі.Олар мінез – құлық нәтижесінде реакция күшейетінін немесе әлсірейтінін атап көрсеткен. Скинер осы көзқарасты бұдан әрі дамытты және ол қазір «оперантты шарттылық» ретінде белгілі:
адамдардың лайықты іс –әрекеттерін ынталандыру мақсатында оларды көтермелеу, ал тоқтатылуы қажет мінез-құлықты елемеу ол үшін жаза қолдану.
5.
Оқудағы гуманистік тәсіл
Бұл тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылған. Бұл тәсілдің
негізін өалаушылар-Маслоу мен Роджерс (1970-1980).
Бұл тәсілде адамның өсудегі әлеуетіне ерекше назар аударылады. Бұл
әдіс адамдарға оқу объектілері ретінде қарауға қарсы шығып, сол
арқылы бостандық, таңдау, уәж және сезімдерді қамтитын
эмоционалдық және субъекивті әлем бар екенін растады. Бұл ретте ең
белгілі мысал Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы болуы мүмкін.
Оқудағы гуманистік тәсілді анағұрлым толығырақ зерттеген Карл
Роджерс. Оның зерттеуі логикалық және интуитивті, зият пен сезім
үйлесім тапқан барлық тәжірибесімен білімімен қоса алғанда жеке
тұлғаны толық қамтиды. «Осындай тәсілмен оқығанда біз бүтінбіз біз
еркекке және әйелге тән қабілеттерімізді толық жүзеге асырамыз.
6. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы
Өзін – өзі таныта білу
Тұлғалық өсуі және өзін-өзі іске асыруы
Құрмет көрсетілуін қажет ету
Жетістік, мәртебе, жауапкершілік, бедел,
Сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттілік
Отбасы, сезім, байланыс, ұжым және т.б
Қауіпсіздікке деген қажеттілік
Қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық т.б
Биологиялық және физикалық қажеттіліктер
Негізгі өмірлік қажеттіліктер: ауа, тамақ, су, баспана, жыныстық қатынас,
ұйқы және т.б
7. Оқудағы танымдық тәсіл
Бихеовиристтер ортаны зерттеген болса, Гештальт теориясының
ізбасарлары тұлғаның ақыл-ой үдерістеріне сүйенген. Осылайша,
білім алу әрекеті немесе үдерісі ретінде сана оларды едәуір
қызықтырған.
Жан Пиаже, Мария Монтенссори және Лев Выготский сияөты
теоретиктер оқу және даму мазмұнының ұқсастығын анықтай отырып,
танымдық тәсілді дамытуда одан әрі ілгерілеген. Ғалымдар кіші
жастағы балалар дәл өзін қоршаған ортамен және адамдармен
әрекеттесу кезінде оқу және даму жүзеге асады деп сендірген.
Зерттеуші Жан Пиаже ортаның әсерін мойындап, ішкі танымдық
құрылымдағы өзгерістерді зерттеді. Ол психикалық дамудың төрт
сатысын (сенсорлы-моторлық, оперативтің алдынғы, оперативті және
оперативтіден кейінгі) айқындады. Джером Брунер жаңалық ашу
арқылы оқудың маңызын атап көрсетіп, ақыл ой үдерісінің оқытумен
өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеді.
8.
Оқудағы әлеуметтік - жағдаяттық тәсіл
Оқушылар әлемді түсіну үшін құрылымдар мен модельдерді игеріп қана қоймай өз құрылымы бар ортаға қатысады. Зерттеген Алберт Бандура.
Зейін оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан Хаган мен Хейл (1973) біздің селективті зейінімізге еске сақтаудың белсенді сипаты айтарлықтай әсер ететініндігін анықтады.
9. Жады
Қысқа мерзімді (жұмыс жадысы)
Аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа мерзімді есте сақтау адамның жадында негізгі орын алатынын анықтады. Баддели мен Хичтің кейінгі жұмыстарында ол Жұмыс жадысы деп аталды.
Ұзақ мерзімді: рәсімдік, эпизодтық, семантикалық Тулвинг (1895) жылы ұзақ мерзімді жадыны үш компонентке бөлуді ұсынды.
Рәсімдік жады- әрекеттерді қалай орындау керек екендігі туралы, мысалы, қасықпен тамақ ішу, түйме тағу, секіру, қаламмен жазу сияқты іс-қимылдар
арқылы дамитын біздің білімімізді сақтайтын «қойма».
Эпизодтық жады дегеніміз біздің тәжірибеміздің толық тізімі алғашқы болып сақталатын жүйе. Көзбен шолу аса маңызды болғанына қарамастан, эпизодтық жадыға басқа ақпараттар –сезім мүшелерінен келетін ақпараттар
да кіреді.
Семантикалық жадыбіздің естеліктеріміздің бір бөлігі, онда біз эпизодтарды немесе оқиғаларды, біздің белгілі бір тәжірибемізден шығаратын ойларысызды, идеяларыызды, жалпы қағидаларды есте сақтаймыз.
10. Метасана
Тұлғаның өзін өзі тануы және өз танымдық үдерістері мен стратегиясын қалыптастыру. Метасана жай ойлап әрі біліп қана қоймай, адамдардың қалай ойлайтынын, не білетінін қарастыра отырып, өзіндік рефлексия жасау мүмкіндіктерін зерделеу қабілетіне жатады.
Флейвелл,1979
11. Пайым
Ұқсастық бойынша пайымдау
Моральдік пайымдау (Нормативке дейінгі,дәстүрлі моральдік,нормативтен кейінгі)
12. Зерде теориясы
Ұстаным
Тілек
Ниет
Елестету
Эмоциялар
13. Шығармашылық оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
Шығармашылық үдеріске, өнімге немесе жеке тұлғаға қатысты қарастырылады және ол арқылы бірегей, жоғары сапалы және дана нәтижелер шығатын тұлғааралық әрі тұлғаішілік үдеріс деп сипатталады.
(Barron,2002)
14.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады.

24. Күрделі заттың массасы бойынша оның құрамындағы элементтің массасын және керісінше элементтің белгілі массасы бойынша күрделі заттың массасын табу алгаритмі. Мысалдар келтіріп, шығару әдістемесін түсіндір.


25. Химиядан оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына жалпы сипаттама. Сабақ – химияны оқытудың негізгі формасы. Химия сабақтарының типтері және олардың құрылымы.
Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының жалпы сипаттамасы. Сабақ туралы түсінік. Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы жэне т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі — сабақ. Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.
Оқу барысы тұрғысынан қарағанда сабақ үшінші басқышта (оқыту барысы — ұйымдастыру формалары — сабақ) тұрғанымен өзі күрделі дидактикалық жүйе кұрайды. Сондықтан қазіргі дидактикада сабақ оқыту барысының барлық ерекшеліктері айқын білінетін бір бөлігі (кесіндісі) деп есептейді.
Шынында да, сабақта оқыту барысының нақтылы мақсаттары мен міндетері, мазмұны жүзеге асатыны, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен эдістері пайдаланылатыны талас тудырмайды.
Кез келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері арқылы ерекшеленеді. Сабақ білім мен тәрбие беру жэне дамыту міндеттерін шешетіндіктен оның алдына жалпы педогогикалық, дидактикалық жэне әдістемелік мақсаттар қойылады. Сабақтың жалпы педогогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметік сұранысы бойынша анықталады. Қазіргі кезде халыққа білім беру саласын қайта құру оқушылардың дербестігін арттыруды, алған білімін өздігінен жэне творчестволық тұрғыда қолдана білуге үйретуді қажет етіп отыр. Сабақтың дидактикалық мақсаты оқыту барысының буындарына сэйкес анықталады, оларға жататындар: а) оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау; э) жаңа білімді қабылдау; б) алынған білімді қорытындылау; в) білімді бекіту жэне жетілдіру; г) білімді қолдану; д) білімді тексеру жэне бағалау.
Сабақтың әдістемелік мақсаты қарастырылатын деректерді, ұғымдарды, заңдарды жэне теорияларды нақтылайды.
Химия сабактарының жіктелуі. Химияны оқыту эдістемесінің оқулықтары мен оқу құралдарында химия сабақтары типтерге, түрлерге және нұсқаларға жіктеледі. Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысының дидактикалық міндеттері, оқыту эдістері, материалдық мазмұны, оқушының таным эрекетінің тэсілдері алынады.
Химиядан сабақ беру эдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:

  • жаңа білім мен білікті игеру (жаңа материалды оқып үйрену);

  • теориялық білім мен білікті жетілдіру жэне қолдану;

  • білімді қорыту жэне жүйеге түсіру;

  • бақылау-есепке алу;

  • аралас сабақтар.

Өзге әдістемелерде сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған.
1-тип. Жаңа материалды оқып үйрену сабактары. Негізгі дидактикалық буыны — оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.
2-тип. Оқушылардың білімімен білігін жетілдіру сабақтары.
Бұған оқушылардың алған білімін қайталау жэне бекіту, қорытындылау жэне жүйеге түсіру сабақтары кіреді.
3-тип. Оқушылардың білімін жте білігін тексеру, есепке алу жэне багалау сабақтарьи Мұнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары (г, д) жүзеге асады.
Сабақтың типі оқыту әдістері бойынша түрге және нұсқаға жіктеледі. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары дәріс сабағы, әңгіме сабағы, эңгімелес сабағы , кітаппен жүмыс істеу сабағы, үлестіріліп берілетін материалдармен жүмыс істеу сабағы болып бөлінеді. Одан әрі дэріс сабағының нұсқаларын — хабарлама баяндау және мәселелерді баяндау, кітаппен жұмыс істеуге, оқу және түсіну сабақтарына — жауаптар іздеу, жоспар және қысқаша мазмұн құру, сызба — нұсқа және кестелер жасау т.б. жатады.
Сабақтың екінші типіне оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарын қайталау, қорытындылау, жүйеге түсіру және сарамандық сабақтар жатады.
Химия сабақтарының құрылымы. Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады. С.Г. Шаповаленко жаңа білім, білік жэне дағды калыптастыру сабақтары 4-5 бөліктен тұрады деп есептейді. Олар: 1) оқушыларды түгендеу;
2) сабақтың мақсатын айту, көрнекті көрсету жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу немесе сөз эдістері арқылы жаңа материалды түсіндіру; 3) үйге тапсырма; 4) баяндалған білімді қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін тексеру және бекіту (сұрау, есеп шығару). Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігімен істейтін жұмыстарымен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.
Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу, конференция, шолу дэрістерінің сабақатры алты бөліктен тұрады. Мысалы, дэріс сабағының бөліктері: 1) оқушыларды түгендеу; 2) үй тапсырмасын тексеру; 3) мұгалімнің дэрісі; 4) үйге тапсырма; 5) оқушылардың сұрақтарына жауап беру; 6) мұғалімнің сұрауы.
Жазбаша бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамандық сабақтарының алты бөлігі бар: 1) оқушыларды түгендеу2) өздігінен істейтін жұмыстарға мұғалімнің түсінік беруі; 3) окушылардың тәжірибелер жүргізу жоспарын, қажетті реактивтер мен жабықтардың тізімін жасау; 4) жұмыс орнын эзірлеу; 5) тәжірибелерді жасау жэне есеп жазу; 6) жұмыс орнын тәртіпке келтіру жэне өткізу.
Сабақтың мүшелері деп аталатын жеке бөліктерін таптаурынға айналдыру тиімсіз екенін іс жүзінде де, теория жағынан да дәлелдейді. Сабақ оқу жұмысының жігі айқын көрініп тұрмайтын күрделі жэне біртұтас дидактикалық жүйе. Сабақ құрылымының үш құрамдас бөлігі-мақсаттары, мазмұны жэне әдістері бойынша айқындалуы мүмкін.
Сабақтың жалпы педогогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттары оқу барысының жеке буындарында жүзеге асады. Әр буын өзінен басқаларымен оқу барысының қисыны арқылы қабысып, сабақтың құрылымын түзеді, ең басты дидактикалық мақсаттың төңірегіне топтасады.
Сабақтың тағы бір құрылымын анықтайтын мазмұны жеке деректерден, ұғымдардан, заңдылықтардан, біліктер мен дағдылар жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысы өзара оқу пэнінің қисыны бойынша байланысады, игеру үшін оқушылардан әр түрлі қисынды психологиялық тәсілдерді қажет етеді.
Мазмұндық. құрылымның әр бөлігіне сәйкес қолданылатын эдістердің өз-ара байланысу реті әдістер құрылымын түзеді. Сабақтың мақсаттары, мазмұны жэне эдістерінен түзілетін үш қүрылымы бір-бірімен ұласып, байланысып жатады.
Әдістемелік әдебиеттерде сабақтың оңайлатылған құрылымы кездеседі. Бұл көзқарас бойынша кезкелген сабақ үш бөліктен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі бөлім жэне қорытынды бөлім.Кіріспе бөлім оқушыларды негізгі бөлімді отуге дайындайды, мазмұны сабақтың типіне, ең басты дидактикалық мақсатына сай анықталады. Сабақтың негізгі болімінде жаңа материал отіледі, алған білім жетілдіріледі немесе тексеріледі. Қорытынды бөлімде осы үшеуінің нотижесі шығарылады.
Қазіргі әдістемеде әр түрлі типі жэне құрылымы бар сабақтарға қойылатын жалпы талаптар белгіленеді:
1. Сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және лдістемелік мақсаттарын нақтылы айқындау;
Сабақтың мазмұнын дидактикалық негізге сай, бағдарлама жэне оқушыларға сэйкес таңдап, химия ғылымының соңғы жаңалықтарымен толықтыру;
Сабақта өтілетін оқу материалын өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыстың сарамандығымен тығыз ұштастыру жэне кәсіптік бағдар беретін деректерді енгізу;
Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын табуына, табиғаты аялау, ізеттілік, басқа да адамгершілік қасиеттердің орнығуына жәрдемдеседі;
Сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру, ақыл ойын дамыту;
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
Сабақтың әр бөлігін тиімді өткізетін эдістерді таңдап алу, олардың дидактикалық, мақсаттарға жэне оқу материалының мазмұнына сай келуін қамтамасыз ету;
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының үлесін артыру. Оқушылардың жаппай, топтық және жеке істейтін жұмыстарының ара-қатынасын дәл анықтап, тиімді ұйымдастыру;
9.Сабақтың құрылымын дұрыс таңдап, әр бөліктерінің арасындағы байланысты негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзеге асыру, уақытты ұтымды пайдалану;
10.Оқушылардың жаңа материалды игеруін, негізінен, сабақта жүзеге асыру, тапсырмасын барынша ыңғайлату, жұмысбастылықты болдырмау;
11.Сабақта оқушылардың байыпты,ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Сабақты талдау. Сабақ беру әдістемесін игерумен бірге оны жан жақты талдай білудің маңызы да зор. Сабақты білгір талдау үшін химия курсының мазмұнын, құрылымын жэне сабақтар жүйесіне жіктелуін жетік білу қажет.
Сабаққа кірердің алдында мұғалімнің тақырыптық жоспарымен танысып, сабақтың типі, құрылымы және басқа сипатамаларын жазып алған жөн.
Сабаққа кірген соң бақылағандарынын ретімен жүйелі түрде: 1) сыныбын; 2) мұғалімнің аты-жөнін, уақытын, сағатын; 3) сабақтың мақсатын; 4) сабақтың талдауын жазу керек. Сабақты талдағанда дэптердің бетін екіге бөліп, сол жағына көрген-білгенін, ескертпелерін жазған қолайлы.Талдау кезінде қазіргі сабаққа қойылатын талаптардың қандай дэрежеде орындалғанына көңіл аударылады. Сабақты оқыту барысының негізгі бөліктері бойынша, әсіресе мұғалімнің істегені мен оқушылардың таным әрекетінің қалай жүзеге асқаны тұрғысынан қарастырады.
Сабақтың білім беру міндеті қалай жүзеге асты? Сабақ құрылымының ең басты дидактикалық мақсатына сай келетінін немесе келмейтінін, жеке бөліктерінің өзара үлесімділігін және оларды жүзеге асыру әдістерінің тиімділігін, сабақ құралдарына қойылатын талаптардың орындалуын, пәнарылық байланыстардың жүзеге асуын талдау;
Сабақтың тәрбиелік мәні қалай болды? Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыруда, ақыл-ой еңбек, экологиялық, экономикалық, патриоттық және интернационалдық, адамгершілік тэрбие берудегі жүзеге асырылған шараларды талдау;
Оқушыларды дамыту міндеті қалай жүзеге асырылды? Оқушылардың тыңдау, бақылау, қабылдау, есте сақтау жэне ойлау нәтижелерін қалыптастыру жэне дамыту, сабақ мүмкіндіктері қалай пайдаланылғанын талдау;
Оқушылардың таным эрекеті қалай жүзеге асты? Мұғалімнің келтірілген үш саладағы ісі оқушыларда із қалдырды ма? Оқушылардың өздігінен істеген жұмыстарын, сабаққа ынтасын, белсенділігін, жаппай, топтық жэне жеке тапсырмаларды қалай орындағандарын талдау;
Мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы, сөйлеу мәдениетінің дәрежесі қандай болды? Мұғалім мен оқушылардың химия ғылымының тілін — терминологиясын, номенклатурасын жэне символикасын қалай меңгергенін, химиялық сауаттылығын талдау;
Сабақтың мақсаты мен нэтижесі үйлесе ме? Сабақтың тақырыптық жоспарына сәйкестігін немесе одан алшақтығын, нәтижесінің қалай анықталғанын, оқушыларға қойылған бағалардың ақиқаттығын, сынып журналы мен басқа да құжаттардың қалай пайдаланылғанын талдау.
Сабақтарды жоспарлау. Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі — жоспарлау, ол екі түрлі: тақыраптық жоспар және әр сабақтың жоспары (күнделік жоспар). Тақырыптық жоспар сыныптар бойынша бір жылға жасалады. Бағдарлама жэне оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде әр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады. Қосымша әдебиеттер жэне әдістемелік қүралдар пайдаланылып сабақтың мақсаты, мазмұны, типі, эдістері мен құралдары белгіленеді. Қазіргі әдістемеде және мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың эр түрлі құрылымы пайдаланылуда. Химияны оқыту әдістемесінің сарамандық сабақтарында өтетін сабақтың уақыты, реттік нөмірі, тақырыбы, типі, химиялық диктанттың мазмұны (модельдеу), сан есептері, көрнекі көрсету жэне зертханалық эксперименттік ескертулер көрсетілген.
Студенттерге арналған эдістеменің тақырыптық жоспарында сабақтың реті, тақырыбы, білім беру мақсаттары, жасалатын тәжірибелері жэне сан есептерінің типі, пэнаралық жэне пэн ішіндегі байланыс, көрнекі құралдары қамтылады.
Тақырыптық жоспардың барлық мектептерде қолданылатын біркелкі түрін ұсынудың қажеті бола қоймас, ол мұгалімнің пайдалануына қолайлы, сабақтар жүйесінің алдын ала ескеруді қажет ететін аса маңызды мэселелерін қамтыса жеткілікті. Мысал ретінде «Азот топшасы» бойынша жасалған тақырыптық жоспардан үзінді келтіруге болады.

26. Үш тілді білім беру құзыретті тұлғаны қалыптастыру заман талабы. Билингвалді сәйкестендіру – химияны екі тілде оқытуда формасы. Химия пәнін ағылшын және орыс тілдері пәндерімен кіріктіре оқыту. Үш тілде білім беру күзіреттілігі. GLIL технологиясын химияны оқытуда қолдану.


Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады.Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі замандаағылшын тілі «21 ғасырдың»,халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің саны күннен – күнге көбеюде.. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңа бетбұрыстарды қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта,ағылшын тілін меңгерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда. Бүгінде осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында біз, мұғалімдер өз үлесімізді қосуға, оқушыларға аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысамыз. Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Тіл – ғасырлық қазына, сондықтан ол бәрінен де жоғары тұруы тиіс.
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. Келешекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.
Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет