2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»


Ағылшын тілінде химия пәнін оқытудың негізгі ерекшеліктері



бет6/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша
сборы
Ағылшын тілінде химия пәнін оқытудың негізгі ерекшеліктері
Баланстық рудалар, Жер планетасының минералды ресурстары

І. Қажетті сөздерді пайдалана отырып мәтінді толықтыр.
/жіктелуі, кестесі, жүйеге, қасиеттері, заңдылықтары, table, classification, Law, system, properties, классификация, закона, систему, таблица, свойств/
Химиялық элементтердің периодтық __заңдылықтары________, химиялық элементтердің ____жіктелуі_______ – Д.И. Менделеев ашқан периодтық заңның кестелік бейнесі. Менделеев элементтерді периодтық _кестесі________ орналастырғанда олардың атом, салмақтарының өсуіне, сонымен қатар олардың химиялық ______қасиеттері___ өзгеруіндегі периодты__жүйеге___________ сүйенді.

Жалпы пәнді үш тілде оқыту қазіргі кезде көп қолдауға ие болып отыр. Бұл қажеттіліктен туындады. Мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларға көптеп қатысуда, ал осы олимпиадалар мен ғылыми жобалар ағылшын тілінде қорғауды қажет етеді. Көп жағдайда химия пәнін жақсы меңгерген оқушылар ағылшын тілін жетік білмегендіктен осындай мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады. Осы кедергілерді жою мақсатында, мектепте өтілетін пәндерді үш тілге негіздей отырып өткізген тиімді. Осыған орай елімізде ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер дайындалуда. Көптеген қазақстан мектептерінде пәндерді ағылшын тілінде жүргізу жүзеге асырылуда. Осының барлығын негізге ала отырып химия пәнін үш тілді үндестіре оқытудың маңызы да зор.
ПӘН МЕН ТІЛДІ КІРІКТІРІП ОҚЫТУ (CLIL)
(химия пәндерін ағылшын тілінде кіріктіре оқытуға
негізделген сабақтар сериясы)
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектеп мұғалімдерінен оқытудың құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын бүгінгі күнде пәндерді кіріктіріп оқытуды меңгеруін талап етіп отыр. «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасын орындаудың негізгі жолдарының бірі жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқытуға сатылап көшу болып саналады. Кіріктіріп оқыту дегенде ең алдымен сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды қарастыру маңызды екені ескеріледі. Тіл мен пәнді пәнаралық байланысты жүзеге асырып оқыту танымдық міндеттерді, ұсыныстар жасауды, оқушының шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға зор ықпал етеді.
пәндердін ағылшын тілінде кіріктіре оқытуға үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісі
Командалық сабақтар сериясын үндістандық волонтер Энтони Бернард Роу мен НЗМ мұғалімі Баймурзаева Разия (Информатика), Стэфэн Отиено мен Таңшолпан Бану, Алданышова Мөлдір (Биология), филиппиндік Кениялық Пол Онианка Обита мен Қыстаубаева Мөлдір (Физика), канадалық Кристофер Скуайрес пен Меңдібаева Нұргүл (Химия), үндістандық Аджсал Наджиб пен Жәрімбетова Айзат (Химия) жүргізді.
Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде Қазақстандағы ең маңызды тіл – ағылшын тілі болып саналады. Зияткерлік мектепте жаратылыстану пәндерін ағылшын тілімен кіріктіріп оқыту арқылы оқушылардың сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, пәнлі тереңдетіп оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған.
Шет елдік әріптестермен НЗМ мұғалімдерінің командалық сипатта өткізген ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту сабақтарында курс тыңдаушылары үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісінің тиімділігін көрумен қатар, оқушылардың ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, химиялық, физикалық элемент терминдерін ғана емес, түрлі зертханалық жұмыстар мен зерттеу нәтижелерін ағылшын тілінде сауатты түрде меңгеріп жатқандығына куә болды. Сабақты бақылаушылар кіріктірілген сабақтардың оқушылардың тілдік қарым-қатынас қажеттілігі мен мүмкіндіктерін шет тілінде ойлануларына жағдай жасайтынын, бір мезгілде екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін көрумен қатар, негізгі назар тілге емес, пәннің мазмұнына бағытталуы қажет екендігін түсінді.
Сабақтардан кейінгі сұхбаттасу барысында курс тыңдаушылары пәнаралық кіріктіру мұғалімге өзінің шығармашылығын танытуға және өзінің оқушыларының қабілеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік беретінін, оқушылардың мүмкіншіліктерін дамыта отырып, қисынды ойлау мен ой-өрістерін кеңейтуге, қоршаған орта мен айналадағы құбылыстарға деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Қазір көптілді білім беру – мектептегі оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты қажеттілік. Көп тілді беру – көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі кезде қоғамдық қатынас жағдайында тұлғаның қалыптасу деңгейі көбінесе адамның өзін-өзі жүзеге асыра алуына, бәсекеге қабілеттілігіне және әлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты.
Көптілді оқыту білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа үлгісін құруды көздейді. Осы орайда үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей оқытуды білдіретін көптілді оқыту бағдарламасының бірегейлігін атап өту керек. Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері. Оларды білу көптік етпейтін ақиқат. Себебі көптілді меңгерген жастардың алар белестері биік. Сондықтан көптілді білім берудің басты мақсаты әр білім алушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау.
Жаһандануға бет бұрған заманда көптеген ұлттық айырмашылықтар азайып, олар үшін аға буын аталарымыздың адамгершілік тәжірибесі мәнін жоғалта бастады. Сондықтан оқытушының алдында әр халықтың мәдени құндылықтарын, аға буынның барлық үздік тәжірибелерін пайдалану арқылы әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы білімдік ортаны құру сияқты маңызды міндет тұр. Яғни, көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді, әрі тиімді өмір сүруге мүмкіндігі мол, өзге мәдениеттерге түсіністік және құрметпен қарай алатын, бейбіт және ынтымақтастықта өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін көптілді білім беру қажет.“Үш тілдің бірлігі” мәдени жобасы – үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты – мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу.
Қандай мемлекет болмасын оның, ең әуелі мән беріп, ұлықтайтын тілі, әрине, мемлекеттік тілі. Өйткені, мемлекеттік тіл әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші. Міне, осы бағытта еліміз, ең әуелі, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға күш салып отыр. Бұл мәселе тек қана қазақ халқының ғана емес, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің де алдында тұрған міндет.
Ағылшын тілінің ендігі бір мүмкіндігі жастарымыздың тек білім алып қоймай, ағылшын тілі арқылы шетелдік білім беру орындары мен ұйымдарында тәжірибе алмасуына, жұмыс істеуіне жағдай туғызып отырған ахуалмен байланысты. Бұл – қазіргі қоғам үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан, қандай қиындық болса да, біз нық қадам жасап, ілгері жүруіміз қажет деп есептеймін.

27. Бағдарлама бойынша оқушыларды есеп шығартуға үйретудің әдістемесі. Мектеп бағдарламасы бойынша VIII--IX --сыныпта шығарылатын сандық есептердің типтері.


28. Топсеруен химияны оқыту формасы іспеттес, оның белгілері. Химия пәні топсеуендердің мақсаты, құрылымы мен мазмұны. Топсеруендерді ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі. Кешенді топсеруен.+


Химиядан оқу жүмысын үйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі-топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірімен, өндірісін және қоғамдық қүрылыстың сарамандылығымен байланысын жүзеге асырады. Оқушыларға политехникалық білім, еңбек тэрбиесі және кәсіптік багдар беруге жәрдемдеседі. Топсеруен өткізетін объектілер химия бағдарламасының талабына сай, жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады. Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химиялық өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет