2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»



бет9/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша
сборы
Сабақты талдауСабақ беру әдістемесін игерумен бірге оны жан жақты талдай білудің маңызы да зор. Сабақты білгір талдау үшін химия курсының мазмұнын, құрылымын жэне сабақтар жүйесіне жіктелуін жетік білу қажет.
Сабаққа кірердің алдында мұғалімнің тақырыптық жоспарымен танысып, сабақтың типі, құрылымы және басқа сипатамаларын жазып алған жөн.
Сабаққа кірген соң бақылағандарынын ретімен жүйелі түрде: 1) сыныбын; 2) мұғалімнің аты-жөнін, уақытын, сағатын; 3) сабақтың мақсатын; 4) сабақтың талдауын жазу керек. Сабақты талдағанда дэптердің бетін екіге бөліп, сол жағына көрген-білгенін, ескертпелерін жазған қолайлы.Талдау кезінде қазіргі сабаққа қойылатын талаптардың қандай дэрежеде орындалғанына көңіл аударылады. Сабақты оқыту барысының негізгі бөліктері бойынша, әсіресе мұғалімнің істегені мен оқушылардың таным әрекетінің қалай жүзеге асқаны тұрғысынан қарастырады.

  1. Сабақтың білім беру міндеті қалай жүзеге асты? Сабақ құрылымының ең басты дидактикалық мақсатына сай келетінін немесе келмейтінін, жеке бөліктерінің өзара үлесімділігін және оларды жүзеге асыру әдістерінің тиімділігін, сабақ құралдарына қойылатын талаптардың орындалуын, пәнарылық байланыстардың жүзеге асуын талдау;

  2. Сабақтың тәрбиелік мәні қалай болды? Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыруда, ақыл-ой еңбек, экологиялық, экономикалық, патриоттық және интернационалдық, адамгершілік тэрбие берудегі жүзеге асырылған шараларды талдау;

  3. Оқушыларды дамыту міндеті қалай жүзеге асырылды? Оқушылардың тыңдау, бақылау, қабылдау, есте сақтау жэне ойлау нәтижелерін қалыптастыру жэне дамыту, сабақ мүмкіндіктері қалай пайдаланылғанын талдау;

  4. Оқушылардың таным эрекеті қалай жүзеге асты? Мұғалімнің келтірілген үш саладағы ісі оқушыларда із қалдырды ма? Оқушылардың өздігінен істеген жұмыстарын, сабаққа ынтасын, белсенділігін, жаппай, топтық жэне жеке тапсырмаларды қалай орындағандарын талдау;

  5. Мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы, сөйлеу мәдениетінің дәрежесі қандай болды? Мұғалім мен оқушылардың химия ғылымының тілін - терминологиясын, номенклатурасын жэне символикасын қалай меңгергенін, химиялық сауаттылығын талдау;

  6. Сабақтың мақсаты мен нэтижесі үйлесе ме? Сабақтың тақырыптық жоспарына сәйкестігін немесе одан алшақтығын, нәтижесінің қалай анықталғанын, оқушыларға қойылған бағалардың ақиқаттығын, сынып журналы мен басқа да құжаттардың қалай пайдаланылғанын талдау.

 Сабақтарды жоспарлау. Сабақты дайындаудың ең жауапты кезеңі - жоспарлау, ол екі түрлі: тақыраптық жоспар және әр сабақтың жоспары (күнделік жоспар). Тақырыптық жоспар сыныптар бойынша бір жылға жасалады. Бағдарлама жэне оқулықты талдау арқылы әр тақырып сабақтарға бөлінеді, нәтижесінде пайда болған сабақтар жүйесінде әр сабақтың орны, өзіндік келбеті анықталады. Қосымша әдебиеттер жэне әдістемелік қүралдар пайдаланылып сабақтың мақсаты, мазмұны, типі, эдістері мен құралдары белгіленеді. Қазіргі әдістемеде және мектеп сарамандығында тақырыптық жоспардың эр түрлі құрылымы пайдаланылуда. Химияны оқыту әдістемесінің сарамандық сабақтарында өтетін сабақтың уақыты, реттік нөмірі, тақырыбы, типі, химиялық диктанттың мазмұны (модельдеу), сан есептері, көрнекі көрсету жэне зертханалық эксперименттік ескертулер көрсетілген.
Студенттерге арналған эдістеменің тақырыптық жоспарында сабақтың реті, тақырыбы, білім беру мақсаттары, жасалатын тәжірибелері жэне сан есептерінің типі, пэнаралық жэне пэн ішіндегі байланыс, көрнекі құралдары қамтылады.
Тақырыптық жоспардың барлық мектептерде қолданылатын біркелкі түрін ұсынудың қажеті бола қоймас, ол мұгалімнің пайдалануына қолайлы, сабақтар жүйесінің алдын ала ескеруді қажет ететін аса маңызды мэселелерін қамтыса жеткілікті. Мысал ретінде "Азот топшасы" бойынша жасалған тақырыптық жоспардан үзінді келтіруге болады.
Тақырыпты оқып үйренудің негізгі міндеттері: азот пен фосфор түзетін жэне жай заттардың жэне қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін қарастыру ақылы периодтық заң және химиялық элементердің периодық жүйесі туралы білімді тереңдету жэне нақтылау. Оқушыларды дамыту мақсатын жүзеге асыру үшін теориялық білімді қолдана білуге үйрету электролиттік диссоциациялану жэне тотығу-тотықсыздану эректтері тұрғысынан заттар қасиеттерінің құрылысына тэуелділігін түсіндіріп, жасалған қорытындыларды тәжірибе арқылы дәлелдеу; химиядан жэне математикадан алған білімді сан есептерін (теориялығымен салыстырғандағы өнім шығымының масалық жэне көлемдік үлесін табу) шығаруға пайдалану, химия гылымьшың өндіріспен байланысын көрсету, химия өндірісіндегі негізгі мамандықтармен таныстыру, азық-түлік молшылығын жасауда, табигат қорғау ісінде химияның рөлін көрсету.

  1. Сабақтың тақырыбы: азот топшасы элементтерін сипатау. Азоттың химиялық қасиеттері.

  2. Сабақтың мақсаты: тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.

  3. көрнекі құралдары. Элемент атомдары модельдерін көрнекі көрсету, аммиак синтезінің тэжірибесі.

  4. Жоспарланған сабақ нәтижесі; азот, жай зат қасиеттерін білу. Периодтық жүйе жэне атом құрылысы жөнінде білетіндерін, химиялық элементтерді жэне жай заттарды сипаттауға қолдана білу, азоттың химиялық қаситтерін тотығу-тотықсыздану әрекеттерінің, химиялық реакциялар жүру заңдылықтарының тұрғысынан сипаттап түсіндіре білу.

Сабақтың жаңа материалын түсіндіруде енгізілетін жаңа ұғымдар болмауынан жоспардың 2-бабын пайдаланылып, басқа баптары текстегі ретімен берілді, пайдалануға қолайлы жэне көрнекі болу үшін тақырыптық жоспарды кесте түрінде жазған тиімді. Тақырыптық жоспар сабақтардың жүйесін және оны іске асыратын ауқымды мэселелерін ғана қамтиды. Әр сабақтың нақтылы мазмұны күнделікті жоспарда шешіледі. Күнделікті жоспар қысқа, кеңейтілген жэне қысқаша жазба түрінде жазылады.
7-кесте. Тақырыптық жоспардың үлгісі

Сабақ реті

Сабақтың
тақырыбы

Негізгі
ұғымдар

Химиялық
эксперимент

Жоспарланған
оқыту нәтижесі

Оқулық бойынша
тапсырма


1

2

3

4

5

Күнделікті жоспардың мазмұны сабақтың типіне, құрылымына, кұралдары мен эдістеріне қарай іріктеліп алынады. Жаңа білім беру сабағының күнделікті жоспарында мыналар көрсетіледі:
1)сабақтың тақырыбы;
2)Сабақтың білім мен тәрбие беру және дамыту мақсаты;
3)Пайдаланылған эдебиеттер;
4)Кұрал-жабдықтары;
5)Кұрылымы:
а) кіріспе бөлімде тексерілетін ұй тапсырмасы мен тірек білімнің мазмұны мен эдістері;
ә) негізгі бөлімде түсіндірілетін материалдың жоспары, ұғымдар, заттардың формулалары және құбылыстардың реакция теңдеулері, тэжірибелер мен көрнекі құралдардың орны жэне пайдалану эдістері;
6) қорытынды бөлімде үй тапсырмасының мазмұны, орындау,
эдістері, жаңа білімді бекіту жэне қолдана білу үшін қойылатын
сұрақтар, орындалатын жаттығулар жэне есептер, өздігінен істейін
жұмыстар.
Химиядан оқу жүмысын үйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі-топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірімен, өндірісін және қоғамдық қүрылыстың сарамандылығымен байланысын жүзеге асырады. Оқушыларға политехникалық білім, еңбек тэрбиесі және кәсіптік багдар беруге жәрдемдеседі.
Топсеруен өткізетін объектілер химия бағдарламасының талабына сай, жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады. Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химиялық өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет