А. Канагатова 20


Білім беруді дамытудың жаһандық тенденциялары



бет4/41
Дата05.06.2017
өлшемі11,34 Mb.
#18111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

5.4 Білім беруді дамытудың жаһандық тенденциялары


  1. Білім беру гуманизациясы

Білім гуманизациясы білім беруді «адамға жақындастыру», білім алушылардың қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін және жеке қабілеттерін ескеру; адамның жан-жақты дамуына тиімді жағдай жасау, оқытуды дамыту басымдықтары, оқыту процесіне рефлексияны, өзін-өзі тексеру мен өзін-өзі бағалауды қосу.

Білім гуманизациясы тұлғалық тұспалданған оқыту, деңгейлік және бейіндік жіктелу, білім берудің жекелігі мен оқу және кәсіптік бағдары арқылы жүзеге асырылады. Көптеген елдердің жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына жаңа «адамдарға бағдарланған» ғылыми және оқу пәндер енгізіледі: философия, психология, саясаттану, әлеуметтану, культурология, экология, эргономика, экономика және басқалары.

Жоғары білім беру гуманизациясы:


  • ЖОО бітірушілерінің кәсіби және жалпы мәдени дайындық интеграциясына олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, білім беру руханиятын қайта жандандыру тұтастығында;

  • таңдауы көп элективті курстардың оқу жоспарларын блок бойынша жасау кезінде, білімді бағалаудың рейтингтік жүйесі, тереңдетілген кәсіпқой мамандану мүмкіндігінің кең түрдегі спектрі;

  • оқу процесіне оқудың ашық жүйелерін енгізуде, жеке бағдарламалар бойынша студенттерді оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, олардың әрқайсысына өзінің білімі мен кәсіби қабілеттеріне барынша толық сәйкес келетін білім траекториясын құруға мүмкіндік береді.

  1. Білімді интеграциялау

Білімді интеграциялау білім беру мазмұнының компоненттеріне өзара сіңісуден (ішкі интеграция) және әртүрлі елдердің білім беру жүйесін жақындастыру және жалпы білім беру кеңістігін қалыптастырудан (сыртқы интеграция) көрінеді.

Білім беру интеграциясы білім саласындағы интеграцияланған бағдарламалар мен курстар және халықаралық ынтымақтастықты құру арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, жоғары білім берудің «университизациясы» мен барлық жоғары оқу орындарын еліміздегі және әлем университеттерінің жүйесіне интеграциялау процесі күшейтілуде, ол күшті университеттік кешендердің, мемлекеттік, континентальдық және аймақаралық мазмұндағы ғылыми-білім беру мегаполистерінің пайда болуына әкеп соғады.

Мұндай білімнің көпшілігі ойдағыдай әрі нық болып қала береді. Табысты консорциумдар тізімі ұдайы өсуде, жиырмасының ішінен, барынша танымалдар, ол — Академиялық консорциум 21, Африкалық университеттер Қауымдастығы, Британдық ынтымақтастық елдеріндегі университеттер Қауымдастығы, Тынық мұхит аймағындағы университеттер Қауымдастығы, Университеттердің Халықаралық желісі, Университас 21, университеттердің Әлемдік желісі және басқалары.

Жаһандық университеттер қызметінің сапасы мен нәтижесін рейтингтік бағалаудың жаңа тенденциялары айқындалады («жаңа логика» БҰҰ университеттерінің халықаралық рейтингі).



  1. Білім беруді стандарттау

Жаһанданумен байланысты, бірыңғай кедендік кеңістік, визасыз алмастыру, бірыңғай валюта, медициналық сақтандырудың бірыңғай жүйесін орнату, Еуропалық Одақ азаматтары үшін ЕО-қа кіретін, кез келген елде жұмысқа орналаса алу мүмкіндігін ашты. Бұл тенденция ЕО-тың әртүрлі елдерінде мамандарды дайындау қажеттілігін бір іздендіруге әкелді. Болон процесінің қатысушылары қол қойылған уағдаластыққа сәйкес, Бірыңғай еуропалық білім беру мен ғылыми кеңістік құру негізінде жатқан барлық идеялар мен қағидалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуге міндетті. Жоғары білім берудің халықаралық консультанттары Болон процесінің тек 47 қатысушы-елдерде ғана емес, сонымен қатар Еуропадан тысқары жерлерде де өзгерістер әкелгенін атап өтті2.

Болон процесінің міндетті параметрлері:

- Жоғары білім берудің үш деңгейлі жүйесі

- ECTS академиялық кредиттері

- ЖОО студенттерінің, оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы

- Дипломға Еуропалық қосымша – Жоғары білім беру сапасын бақылау



- Бірыңғай еуропалық зерттеу кеңістігін құру

Кесте1. Ұлттық біліктілік шеңберін жүзеге асыру (ҰБШ) (2010/2011)3



Каталог: images -> uploads
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
uploads -> Бұрғылау қондырғысын жайғастыру бойынша тәуелсіз супервайзердің қызметтері шарт №


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет