А. Канагатова 20



бет6/41
Дата05.06.2017
өлшемі11,34 Mb.
#18111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Консультациялар мен бүкілхалықтық талқылаулар өткізілді, ҰБШ жобасы мүдделі топтармен мақұлданды
ҰБШ заң деңгейінде қабылданды
ҰБШ жүзеге асыру басталды: ЖОО-лар мен басқа да органдардың жауапкершілігі мен рөлі келісілді
Оқу бағдарламалары ҰБШ бойынша қайта қаралды
Біліктіліктер ҰБШ-ға енгізілген
ҰБШ жоғары білім берудің Еуропалық шеңбердегі стандарттарына сәйкес сертификатталған
Мәліметтері қол жетімді емес
Пайдаланылған әдебиеттер: The Bologna Process: Its impact on higher education development in Europe and beyond



  1. Демократизация

Білімді демократияландыру барлық халық үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету екенін, білім беру мекемелеріне үлкен құқықтар мен автономдығын, білім алуға әрбір адамның құқығын жүзеге асыру мақсатында педагогтар мен білім алушыларға академиялық еркіндік беру.

Білім беру мекемелерінде демократия қағидаттары қалай жүзеге асырылуда? Бұл басқарудың бөлшектенуі және басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін жасау, білім беру жүйесінің ашықтығы, білім алушылардың өздік жұмыстарының үлесін және білім беру мекемесінің өзімен дайындалатын оқу жоспарының үлесін ұлғайту.



  1. Білімді ақпараттандыру және компьютерлендіру

Білімді ақпараттандыру мен компьютерлендіру компьютерлік және электронды-есептеу техникаларын кең түрде пайдаланумен, Ғаламтор желісіне қосылу, оқу процесін жабдықтау мультимедиасы арқылы көрінеді.

Білімді ақпараттандырудың кең түрдегі мағынасы – бұл білім беру жүйесіндегі білім мен ақпараттар айналымының қарқынын жеделдету. Болашақта, ақпараттандыру мен жаһандандыру барысында, «білім» ұғымының мазмұнының өзі өзгереді және үздіксіз өзгеріп тұратын орта ретінде білімнің ашық мазмұны пайымына өту, осы өзгерістерді барынша жедел көрсететін ақпараттық және телекоммуникациялық ортаны қосқанда жүзеге асырылатын болады.

Қашықтықтан білім беру ерекше тез қарқынмен дамуда. Вебинарлар, электронды курс материалдары, видеоконференциялар пайдаланылады. Үйіңізден шықпай-ақ, тек Ғаламтор ресурстары арқылы алуыңызға болады. Мысалы, Массачусетс технологиялық институты өздерінің интернет-трафик жүйесі арқылы Оқытудың ашық курстары дамытушы жобасының (Open Course Ware project) барлық оқу материалдарын ашық пайдаланымға қойды.

Дүниежүзі бойынша қашықтықтан оқытуға қатысушы студенттер санын санап шығу қиын, алайда, 24 мега университеттерінің болуы, миллион студентімен мақтана алу – бұл көрініс масштабтылығын көрсетеді.

Виртуальды білім беру процесінің технологиялық жағынан қарқынды өзгеруі күндізгі бөлім өзгешеліктерінің қарқынды өзгерісінен кем болмауы тиіс. ЖОО-ларға аудиторияда білімді бірлесіп жасай білетін харизматтық оқытушылар қажет. Оқытушылар рөлінің өзі фасилитириялық және коммуникациялық болып өзгерді. Оған барлық жағынан көшбасшы болу керек – оқыту барысында негізгі рөлді сол атқаратын болады. Осы әдістеме синергетикалық әсер алуға және білім берудің жеке формасын растауға мүмкіндік береді.

Студенттермен жұмыс істеудің жаңа түрі тез және икемді енгізілуі тиіс. Бұл жерде жоғары білім дамуын «қуып жететін» емес, алдын алатын қарқын талап етіледі. Таяу арада ерте білім алу жүйесімен өскен, ақпараттық технологияларды 4-5 жас кезінен меңгерген барынша білімді ұрпақпен жұмыс істеуге тура келеді. 



  1. Білім фундаментализациясы

Білім фундаментализациясы білім алушылардың әдістемелік, теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін тереңдету мен қамтамасыз етуге негізделген. Фундаментализация білім мазмұнының ядросын қысқартуға, базистік компоненттерге оқытуға әкеледі, халықаралық негіздегі білім мазмұнын модульдік құру, ғылымның білімдегі рөлін арттыру.

Жоғары білім беру фундаментализациясы төмендегілер арқылы көрінеді:



  • жалпы гуманитарлық пәндер циклын жаратылыстану мен техникалық білімге енгізу және жалпы жаратылыс-ғылыми пәндерді гуманитарлық білімге адамдардың дүниетанымдық мәдениеті бастарының бірікпеуін жеңе білу мақсатында жүргізу;

  • барынша әмбебап және жалпылауыш білімі бар, қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің негізі болып табылатын, адамдардың жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптастыруға арналған базаны, жаңа мамандықтарға тез бейімделуге интегралды пәнаралық курстар құру;

  • Фундаментальді білім мен кәсіби оқу арасындағы сәйкессіздікті фундаментальді білімнің сөзсіз басымдығымен меңгеру.

  • білім беру интеллектуализациясы, білім мазмұнына ғылыми білім енгізу, білім беру жөнінде ғылымдар кешенін қалыптастыру, сондай-ақ интеллекті дамытуға бағытталған білім беру технологиялары арқылы көрінеді.

  1. Білім беру технологиясы

Білім беру технологизациясы білім алушылардың қоғам мен өндірістің технологиялық мәдениетін, жаңа технологияларды пайдаланумен және жастарда технологиялық сауаттылық пен құзіреттілікті қалыптастыра отырып, оларды продуктивтік және қауіпсіз өзгертілген қызметтің субъектісі ретінде дамытуды білдіреді. Оқу мекемелерінде оқытудың ең жаңа технологиялары кең түрде пайдаланылады, оқытудың жобалық әдісі енгізіледі, мұғалімдер мен оқытушылардың технологиялық мәдениетінің деңгейі артуда.

Тек білімді адам ғана, өзінің қызметін технологиялармен немесе нарық талаптарымен байланыстыруға қабілетті болса ғана өзін әлеуметтік қорғалған санауына болады.



  1. Озық және үздіксіз білім беруге бағдарлау

Озық және үздіксіз білім беруге бағдарлау ғылым мен білім деңгейін қоғамдық даму мен өндірістің даму деңгейінің қажеттілігіне,кез келген жастағы адамдардың бүкіл өмірінде үздіксіз өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі білімін көтеруіне негізделген. Бұл үшін білім беру сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс, перспективалы мамандықтар бойынша мамандарды дайындау және қайта дайындау, үздіксіз білім беру жүйесін құру, білім алу нысанының әртүрлілігі талап етіледі.

  1. Оқу мекемелерінің автономизациясы (тәуелсіздік, орталықтандыру, қаржыландыру көздерін диверсификациялау)

Жоғары білімді Басқару жүйесі орталықтандырылған елдерде жоғары білім айқындылығы ЖОО автономиясының өсуіне бағытталған жоғары білім беру жүйесіне ең аз үлеспен мемлекеттің қатысуы елдерде, оны басқару децентрализация тенденциялары болып табылады. Еуропалық университеттердегі қаржылық басқару реформаларының негізгі бағыттары келесі жолдармен айқындалуы мүмкін4:

  • өздік экономикалық қызметтің дамуымен және шаруашылық нәтижелеріне жауапкершілікті арттырумен байланысты, жоғары университеттік менеджменттің рөлі мен функциясын өзгерту;

  • ЖОО-ның қаржылық-экономикалық қызметін, стратегиялық және қаржылық жоспарлауға жауаптылардың фунциясын ұлғайту, жоо бюджетін құру және оның орындалуын бақылау;

  • қаржылық жоспарлауды орталықтандыру мен демократияландыруы аясында, факультеттер мен басқа да дәстүрлі университеттік бөлімшелер қызметін бюджеттеуге көшу, факультеттер басшылары мен университет мектептері, сосын кафедралар құқығы мен жауапкершілігін ұлғайту;

  • «университеттің шеті» аталатын, жоо-ның құрылымдық бөлімшелерін дамыту, шаруашылық есептеу, маркетинг және бюджеттеу негізінде кәсіпкерлік қызметке тұспалданған түрлі салаларда дамыту.

5.5 Еуразиялық экономикалық одақтағы білімді дамыту тенденциялары


ЕЭО елдерінің білім беру жүйесінің көпшілігінде келесі тенденциялар байқалады:

  1. ЖОО санын оңтайландыру

  2. Мемлекет тарапынан білімге шығатын шығындар үлесінің болмауы

  3. Қызметтің басым салаларына мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру

  4. Болон процесінің қағидаларын енгізу (магистратура, PhD)

  5. Интернационализация

  6. Нострификацияны болдырмау (өзара мойындау)


Ресейлік білім беру

ЖОО санын қысқарту: 2008 және 2012 жылдары аралығында 88 оқу мекемесі жойылып кетті, ал студенттер саны 1 460 000 адамға қысқарды5. Таяу арада студенттер үшін университеттер арасындағы бәсекелестік күшейе түспек.

ЖОО-ларға қойылатын талаптарды арттыру: ғылыми зерттеулерге қатысу және инновациялық қызметті жүзеге асыру қажеттілігі. Бұрын бұл рөлді дәстүрлі түрде Ресей ғылым академиясы атқаратын, бірақ ол жаңа талаптарға бейімделе алмады, сондықтан айтарлықтай дәрежеде заңдылығын жоғалтты.

Білім беру интернационализациясы: 2020 жылға қарай әлемнің үздік университеттерінің алғашқы жүздігіне (топ-100) ресейлік бес ЖОО кіреді. Шетелдік студенттерді тартудан түсетін экономикалық пайдадан басқа, мұндай жетекші ЖОО-лар Ресейдің халықаралық білім беру мен ғылыми имиджін жақсартуы тиіс. 2003 жылы Ресей Болон процесіне қосылды, алайда ресейлік жоғары білім беру интернационализациясы әлсіз күйінде қалып отыр: 2010 жылы Ресейде әлемнің түрлі елдерінің жалпы контингентінен шетелдік студенттердің 3,9 %-ы оқыды,басым көпшілігі ТМД елдерінен болды. Салыстыра қарасақ, Қазақстанда – 1,9% шетелдік студенттер (10 мыңдай шетелдік студент).

Білім беруді мемлекеттік қаржыландыру: Жоғары білім беруді мемлекеттік қаржыландыру 119 млрд. рубльға өсті, 2005 жылы ($ 4 млрд) 402,4 млрд. рубльға дейін 2011 жылы ($ 13 млрд).62012 жылдың қазанында Премьер-министр Дмитрий Медведев 2020 жылға қарай білім беру шығыны қорғаныс бюджетіне теңеседі деп уәде берді. Ресейдің тарихында алғаш рет білім мен қорғанысқа бірдей басымдық берілді. Сонда да бір студентке жұмсалатын шығын жетекші ЖОО-лардың өзінде төмен ($ 8000 - $14 000 орнына, орташа алғанда экономикалық ынтымақтастық пен даму Ұйымы бойынша немесе $ 30 000 орташа алғанда АҚШ бойынша).7
Белоруссия білімі

Халықтың 10 000 адамға шаққанда студенттер саны бойынша жоғары көрсеткіш: Белоруссияда әрбір бесінші жас адам — студент. 2013/2014 оқу жылының басында елдегі 54 жоғары оқу орында 395,3 мың студент білім алды. Оның ішінде 13,9 мың шетел азаматтары (3,4% студенттер мен магистранттардың жалпы санынан). Демографиялық жағдайға байланысты — балалар мен жастар санының азаюы — студенттер саны төмендеді. Бұрынғы оқу жылында олар 428 мың болды.

2013/2014 оқу жылында студенттер саны бойынша Белоруссия халқына 10 000 адамнан, ТМД елдерінің арасынан ең жоғары көрсеткішке ие болды — 417 адам (Ресей — 394, Қырғызстан — 391, Украина — 380). Бұрынғы жылдардағы бұл көрсеткіш бұдан да жоғары: 2008 жылы — 425, 2012 жылы — 453.

Белоруссияда студенттер санын халық санына шаққанда 91,5%. Бұл рейтингте Белоруссиядан Корей Республикасы озуда — 98,4%, АҚШ — 94,3% және Финляндия — 93,7%.8

Білім интернационализациясы: Белоруссияда ЖОО студенттері мамандықтың (бакалавр) және магистр академиялық дәрежесін ала алады, алайда, республика Болон декларациясына қол қоймаса да. Белоруссия жоғары оқу орындарындағы мамандықтардың көпшілігі бес жылдық оқу мерзіміне есептелген. Алайда, 2012-2013 оқу жылынан бастап студенттерді төрт жылдық оқу бағдарламасымен оқытатын 230- дан астамжоо мамандықтарына ауыстыру жоспарланған.

Белоруссияда (2011жыл деректері бойынша) жоғары білімді мемлекеттік үлгідегі 45 жоғары оқу орнында және жекеменшік түрдегі 10 жоғары оқу орнында оқуға болады. Білім берудің ұлттық жүйесінде алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары болып Белоруссия мемлекеттік университеті (БМУ) және Белоруссия ұлттық техникалық университеті (БҰТУ) болып табылады.

Британдық танымал QS агенттігінің рейтингі бойынша 2011 жылы Белоруссия мемлекеттік университеті әлемнің үздік университеттері ТОП-700 қатарына енді, 501–550 ұстаныммен айналысатын ЖОО-лар тобына кірді.ТМД елдерінің жоғары оқу орындары ішінде Белмемуниверситет QS рейтингі бойынша 9-шы орында, Орталық және Шығыс Еуропа ЖОО арасында да осы деңгейде. Әлемдік вебометрикалықWebometrics Ranking of World Universities университеттерінің рейтингтік мәліметтері бойынша, әлемдегі 20372 университеттерінің арасынан БМУ 843-ші орынды иеленді. Белоруссия мемлекеттік университеті сонымен қатар планетаның үздік университеттерінің үш пайызына кіреді.9

Республиканың статистикалық басқармасының мәліметі бойынша 2013 жылмен салыстырғанда оқу бағасы 17,9 %-ға өсті.10 Яғни, Белоруссия ЖОО-да бюджеттік орындарды қысқарту арқылы ақылы оқу пайдасы көзделген тенденция қадағаланып отыр.



ЖОО бітірушілерін жұмысқа орналастыру жүйесі: Елде ЖОО бітірушілерін жұмысқа орналастырудың кеңестік жүйесі сақталған. Бұл о бастан халықты жұмыспен қамту саясатын шешу үшін қажет болатын механизм ретінде қаралды, қазіргі уақытта маңыздылығы елде қарама-қайшы жағдайда тұр және бұрын жарияланған мақсаттарын жүзеге асыруға болыса алмай отыр. «Білім туралы» Заңындағы 2006 жылғы түзетулер жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс мерзімін орындай алмаған республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттен студенттерді дайындауға жұмсалған қаражатты қайтаруды нормативпен бекітті.Осы жыл бюджеттік оқу нысанындағы бітірушілерге бетбұрыс болды, ал 2007 жылдың өзінде, жүзден астам қылмыстық істердің пайда болуымен қатар, таратуға келмеген жас мамандардың санын аяқ астынан қысқарту байқалады. Соңғы жылдары бөлу бойынша жұмысқа барғысы келмейтін бітірушілер саны бірқалыпты азаюда, жас мамандардың мемлекет тарапынан берген бірінші жұмыс орнында тәжірибе жинақтауға (төмен ақылы, беделді емес және тұрғылықты тұратын жерінен алыста орналасқан) талабының болмауымен байланыстыруға болады, мемлекет тарапынан қысымдық шаралары қаншалықты қорқыныш тудырады.

Белоруссия білім министрлігінің міндетті бөлу мәселесі ойластырылған деп есептегеніне қарамастан, жастар арасында қызметкердің ең аз қажеттілігін қанағаттандырмайтын орында жұмыс істеуді мәжбүрлеуге қарсылық күн санап өсуде. Бұдан басқа, әуелі мектеп бітірушілерінің арасында (тегін негізде) Чернобыль АЭС апатынан кейінгі лас алыс ауылдарға бөліну қорқынышынан өздерінің білімдерін одан әрі жалғастыруға құлқының жоқтығы байқалады.

Бітірушіге игерген мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі болмаған кезде бірінші жұмыс орнының берілуі оң жағдай екенін атап өтпеуге болмайды. Алайда, белорустар жағдайындағы мұндай жұмысқа орналастырулар еріксіз сипатқа ие және еңбектің өркениетті нарығын қалыптастыруды қиындатады. Осыған Белоруссияның Болон процесіне қосылуға ұмтылуын қосатын болсақ, онда міндетті, немесе директивтік жүйе, бөлу дамыған еуропалық мемлекеттің жолындағы басты кедергі болып табылады.


Каталог: images -> uploads
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
uploads -> Бұрғылау қондырғысын жайғастыру бойынша тәуелсіз супервайзердің қызметтері шарт №


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет