А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет3/8
Дата29.01.2018
өлшемі1,12 Mb.
#35979
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс мазмұны:


1. Жеке тұлғалық сауалнамалар

2. Сауалнамалардың түрлері.



ОЖСӨЖ -21 мазмұны:

Тұлғалық сауалнамалар және тұлға теориясы.

Р.Кеттелдің «Тұлғаны көпфакторлы зерттеу» сауалнамасы.

СӨЖ-21 мазмұны:

Р.Кеттеллдің сауалнамасын жүргізу, қорытындысын шығару.



22кредит

11семинар



Тақырып: Жеке тұлғалық сауалнамалар.

Семинар мазмұны:

  1. Тұлғалық сауалнамалар ерекшелігі

  2. Тұлғаның негізгі қасиетін зерттеу ОТКЛЭ әдістемесі

ОЖСӨЖ-22 мазмұны:

1.Тұлғалық сапаны зерттеу диагностикасы

2.К.Томас сауалнамасы

СӨЖ-22 мазмұны:

К.Томас сауалнамасы жүргізу, қорытындысын шығару



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

12 апта

23кредит

12дәріс



Тақырып: Тұлғааралық қарым-қатынас психодиагностикасы.

Дәріс мазмұны:

1. Тұлғаралық қарым-қатынастарды зерттеу


2. «Жанұя суреті» әдістемесі

ОЖСӨЖ -23 мазмұны:

1.Қарым –қатынас негізгі түрлері мен әлеуметтік қатынас диагностикасы

2.Т.Лиридің тұлғааралық қарым-қатынастарды анықтау әдістемесі

СӨЖ -23 мазмұны:

Т.Лири әдістемесін жүргізу, қорытындысын шығару.



24кредит

12семинар



Тақырып: Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу

Семинар мазмұны:

  1. Қарым-қатынастың негізгі түрлері, функциялары

  2. Қарым-қатынас компоненттері мен құрылымы

ОЖСӨЖ-24 мазмұны:

Тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеу әдістері

В.Бойконың эмпатиялық қабілет деңгейін анықтау әдістемесі.

СӨЖ -24 мазмұны:

В. Бойконың және А.А. Руковишниковтың әдістемелерін жүргізу



Әдебиеттер:

1. Бодалев А.А., Столин В.В Общая психодиагностика СПб., 2003. 292-313 б.

2. Основы психодиагностики Под ред. А.Г. Шмелева Р.-на-Дону, 1996.

3.Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-справочник по психодиагностике СПб., 2005.

4. Райгородский Д.Я. Практическая психодиагностика. Самара, 2003.

5.. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. Кн-2



13 апта

25кредит

13дәріс



Тақырып: Өзін-өзі бағалау психодиагностикасы

Практикалық сабақ мазмұны:

1. Өзін-өзі бағалау тесттерінің даму тарихы

2. Өмірлік бағдар диагностикасы

ОЖСӨЖ -25

1.Тұлғаның өзін-өзі бағалау сипаты

2.Ч. Д. Спилберг пен Ю. Л. Ханиннің өзін-өзі бағалау әдістемесі

СӨЖ-25

Ч.Д.Спилберг пен Ю.Л.Ханин әдістемесін жүргізу және оны интерпритациялау



26кредит

13семинар



Тақырып:Өзін-өзі бағалау диагностикасының әдістері

Семинар мазмұны:

  1. Өзін-өзі бағалау диагностикасының өзіндік ерекшелігі

  2. Өзін-өзі бағалау диагностикасының әдістері

ОЖСӨЖ -26

Тұлғаның өзін-өзі бағалау әдістемелерінің мазмұны

Тұлғаның өзін-өзі бағалау әдістемелерін іріктеу

СӨЖ-26

Өзін-өзі бағалауға арналған әдістемелерді жүргізу және оны интерпритациялау



14 апта

27кредит

14дәріс



Тақырып: Тақырып: Кәсіби психодиагностика

Дәріс мазмұны:


1.Кәсіби кеңес берудің принциптері мен технологиясы.

2.Кәсіби кеңес берудегі диагностиканың ролі.



ОЖСӨЖ-27 мазмұны:

1. Е.А. Климованың «Дифференциалды-диагностикалық сауалнамасы» (ДДО)

2. «Коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерді» анықтау әдістемесі.

СӨЖ-27 мазмұны:

Әдістемелерді жүргізу және интеррпитациялау



28кредит

14семинар



Тақырып: Психологтың педагогтармен жұмысы

Семинар мазмұны:

  1. Педагогтың кәсіби іс-әрекетін бағалау.

  2. Оқытушы тұлғасының кәсіби бағыттылығын бағалау.

ОЖСӨЖ-28 мазмұны:

1. Педагогтың эмпатияға қабілеттілігін анықтау.

2. Ряховский тестісі Оқытушының қарым-қатынас деңгейін анықтау.

СӨЖ-28 мазмұны:

Ряховский тестісін жүргізу, интеррпитациялау



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар

15 апта

29кредит

15дәріс



Тақырып: Психологиялық біліктілікті көтеру

Дәріс мазмұны

  1. Педагогикалық ұжымды басқару стилі

  2. Ақыл-ой іс-әрекеті стилін бағалау

ОЖСӨЖ -29

  1. Ұжымды басқару стилінің ерекшелігі

  2. Экспресс әдістеме

СӨЖ -29

Негізгі ақыл-ой стратегияларын жұмыс дәптерлеріне түсіру



30кредит

15семинар



Тақырып: Психодиагностика және тұлға дамуының өзара байланысы

Семинар мазмұны:

  1. Диагностика және тұлға дамуы

  2. Диагностикалау әдістерінің даму жолдары

ОЖСӨЖ-30

1. Тұлға дамуын анықтауға арналған әдістемелері

2. Г.Шуберт әдістемесі

СӨЖ-30

Г.Шуберт әдістемесін жүргізу, интерпритациялау



Әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М, 2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248-270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М, 1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .



8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М-2003. 1,2,3 кітаптар



  1. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ






Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Дәріске қатысу

Тақырып бойынша білім алу

Дәріс тақырыбына байланысты

Дәріс сабақ кестесі бойынша

Әрбір дәріс сабағына

0,5 ұпайдан-15

Дәріс тақырыбы бойынша білімдерін арттыру

2

Практикалық сабақтарда тапсырманы сұрау

Білімді тексеру

Семинар тақырыбына байланысты

Практикалық сабақ кестесі бойынша

Әрбір практика

лық сабаққа әзірленіп, жауап бергенге 0,5 ұпайдан - 15

Тапсырмалар

дың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау


Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

ОЖСӨЖ тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша


Тақырып бойынша

әрбір ОЖСӨЖ-ге 0,25 ұпайдан- 15

Тапсырмалар

дың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жеке жұмысты орындау

Өздігінен жұмыстану және танымдық қабілеттерін арттыру

тақырыбына байланысты

6,13 апта соңында

Жеке жұмысты орындауға

2,5 ұпайдан 5

Жеке тапсырмаларды орындауын тексеру

5

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабілетін және білімін тексеру

Бірінші жұмыс 1 -7 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 8 – 15 тақырыптарға байланысты

8,15 апта соңында

аралық бақылауға 5 ұпайдан - 10

Аралық бақылауды тексеру, бағалау

6

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Тест - 40




4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Кафедра: «Педагогика және психология»

Тьюторлар: Мұханбетчина А.Г., Калаханова С.

Пән: «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды диагностикалаудың теориясы мен практикасы».






Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту





кітапханада


Кафедра-да


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі





1

2

3

4

5

6

7




1

Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь-справочник по психодиагностике СПб., 2005.

20




















орысша




2

Г.Айзенк Новые тесты-IQ М., 2002.

50




















орысша




3

Л.Ф. Бурлачук Психодиагностика М., 2002. 99-101 б.


25




















орысша




4

Романов К. М. Практикум по общей психологии: Учеб. – 2-е изд.

20




















орысша




5

Немов Р.С. Психология М., 2001.


25




















орысша




6

Шевандрин Н.И.

Основы психологической диагностики М., 2003.



15




















орысша




7

Основы психодиагностики Под ред. А.Г. Шмелева Р.-на-Дону, 1996. 9-26б.

30



















орысша




8

Психодигностика, коррекция и развитие личности Под ред. Шевандрина М., 1998.

45




















орысша




9

Райгородский Д.Я. Практическая психодиагностика. Самара, 2003.


60




















орысша




10

Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. Кн.1, 2 М., 2002.


50




















орысша




11

Урунтаева Г.А. Диагностика психологических особенностей дошкольника. М., 1999.


15



















орысша




12

Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 2000


20



















орысша




13

Бодалев А.А., Столин В.В Общая психодиагностика СПб., 2003.13-16б.

26




















орысша




14

Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М., 1995.


12



















орысша




15

Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2000.


20



















орысша




16

Волков Б.С, Волкова В.Н Методы исследования в психологии. М., 2000


15













орысша




17

Ганзен В.А, Балин В.Д Теория и методология психологического исследования. СПб: 1991.


16













орысша




18

Дружинин Н.К Выборочное наблюдение и эксперимент - М., 1977.


13













орысша




19

Куликов Л.В Психологическое исследование – СПб: Наука , 1994


14













орысша




20

Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. Л., 1990.


17













орысша





ГЛОССАРИЙ

«Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды диагностикалаудың теориясы мен практикасы» пәні бойынша глоссарий

(пән атауы)

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Лонгитюдті әдіс

лонгитюдный метод

longitude metod

Тест

тест

test

Проективті әдіс

проективный метод

projection metod

Тренинг

тренинг

train

Гипноз

Гипноз

hypnos

Психология

психология

psychology

Индивид

Индивид

individual

Жеке тұлға

Личность

personality

Психологиялық қызмет

Психологическая служба

psychological service

Психологиялық көмек

Психологическая помощь

psychological help

Психологиялық диагностика

Психодиагностика

psychological diagnostics

Зерттеу әдістері

Методы исследования

methods of the study

Анкета әдісі

Анкетирование

questionnaire

Бақылау

Наблюдение

observation

Эксперимент

Эксперимент

experiment

Бейімделу

Адаптация

adaptation

Кәсіби кеңес

Профессиональная консультация

Professional consultation

Темперамент

Темперамент

temperament

Мінез

Характер

nature



5. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ.

1 дәріс



Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалар психодиагностикасы.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі жөнінде жалпы түсінік қалыптастыру.

Дәріс мазмұны:

1.Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі.

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін зерттеудің психодиагностикалық әдістері.

Мектепке дейінгі балалардың қабылдау, назар салу, елес, сақтау, ойлау және сөйлеу сияқты танушылық үрдістердің нақты психодиагностика әдістерін баяндау үшін «психодиагностикалық әдістердің стандартталған кешенінің» түсінігін қарастырамыз.

Психодиагностикалық әдістердің стандартталған кешені белгілі бір жастағы балалардың психологиясын бағалайды, баланың толығымен немесе бөлек сапасы мен қасиеті бойынша психологиялық дамуының деңгейін анықтайды. Әрбір ұсынылған әдістердің кешенінде оның қысқа нұсқаулықпен ескертілген толық бейнеленгеннен кейін алынған нәтижелерді бағалау амалы, мәліметтер негізінде баланың даму деңгейі туралы шарасы мен қорытындысы беріледі. Әдістердің барлық стандартталған кешенінің мәтіні баланың психологиялық дамуының жеке картасын ұсынумен аяқталады. Онда баланы кешенді тексеру кезінде психодиагностикалық әдістер бойынша алынған көрсеткіштер енгізіледі. Бұл картаға бірнеше жыл ішінде баланың қайталап және кейінгі психодиагностикалық тексерулердің мәліметтерін енгізуге болады. Баланың жылдан жылға, айдан айға психологиялық дамуын зерттеп отыруға қолайлы болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін көлемі тар немесе кең, тұрақты немесе тұрақсыз, ырықты немесе ырықсыз болуы мүмкін. Арнайы оларды зерттеу үшін әртүрлі әдістемелер өткізіледі. Зейінділікті анықтауда қарастырылатын мәселелер:

А) Зейіннің тұрақтылығын білу

Б) Зейіннің шоғырлануын бағалау.

В) Зейіннің көлемін анықтау.

3. Психодиагностикалық әдістерді қолданудың бірінші сатысында бағалаудың тиісті формасы тек шарасыз емес, пайдалы да сонымен қатар әрбір жастағы балалардың психологиялық даму деңгейінің көрсеткіші өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Көрсеткіштер – ұпайлар мен мінездеме олардың негізінде бейнеленген әдістемелерде пайдаланылған баланың психологиялық дамуының деңгейі, сонымен қатар дамудың дәрежеге жеткенін тікелей көрсететін 5-6 жастағы балаларға қатысты. Егер бала сол жаста болса алынған көрсеткіштер бойынша оның психологиялық даму деңгейі жөнінде қорытынды жасауға болады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктері?

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін қандай әдістер арқылы диагностикалауға болады?

2 дәріс



Тақырып: Мектеп жасына дейінгілердің тұлғалық сапалар диагностикасы

Мақсаты:Мектеп жасына дейінгілердің тұлғалық сапалары мен қарым-қатынастарының диагностикасы және зерттеу әдістері жөнінде біліммен қаруландыру.

Дәріс мазмұны:

1. Мектеп жасына дейінгі балалалардың жеке тұлғалық сапаларын диагностикалау.

2. Мектеп жасына дейінгі балалалардың қарым-қатынасын диагностикалау

Мектепке дейінгі кезеңде баланың тұлғасы біршама қалыптасады. Психика тұрғысынан баланың мектепке әзірлігінің тұлғалық құрылуында мектепке дейінгі мотивация орын алады. Л.Н.Божович өзінің теориялық еңбегінде бала тұлғасының қалыптасуында мотивациялық сфераның ролі зор екенін көрсете келіп, екі топ мотивін анықтап көрсетті:

1.Баланың басқа адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі. Олардың өзіндік бағалауы және тілегі.

2.Балалардың танымдық қызығушылықтары.

Танымдық белсенділік қажеттілігі және жаңа білім, іскерлік пен дағдыларды меңгеру барысында қалыптасатын болады.

Баланың тұлғалық әзірлігі эмоция сферасының даму деңгейін дамытуға ықпал етеді.. Іс-әрекеттер барысында бала әлеуметтік нормаларды игеріп, оның сезімі көрініс береді. Іс-әрекетте эмоция жағдайы өзгеріп отырады.. Жоғарғы сезім түрлері (адамгершілік, интеллектілік,эстетикалық ) қалыптасып көріне бастайды. Сонымен қатар тұлғалық әзірлік қатарына жаңа әлеуметтік ұстаным міндеттер мен құқықтарға ие , яғни оқушы деңгейін қабылдауға деген әзірлігі қалыптасады. Бұл тұлғалық әзірлік баланың мектепке, оқу әрекетіне, мұғалімдергежәне өзіне деген қатынасынан көрінеді.Тұлғалық әзірліктің құрамына мотивациялық сфераның да белгілі бір даму деңгейі енеді.Мектепте оқуға әзір балаларды мектептің сыртқы жағы (мектеп өмірінің атрибуттары-оқулықтар,дәптерлер) емес, жаңа білім алу мүмкіндігі қызықтырады. Бұл олардың таным процестерінің дамуына байланысты келеді. Болашақ оқушы өзінің мінез-құлқын,танымдық әрекетін өнімді басқару қажет. Бұл балада мотивтердің иерархиялық қалыптасқан жүйесі болған кезде ғана мүмкін болады.Осылайша бала дамыған оқу мотивациясына ие болады. Тұлғалық әзірлік баланың эмоционалды сферасының да белгілі бір даму деңгейін қарастырады.Мектепте оқудың бастапқы кезеңінде балада жақсы эмоционалдық тұрақтылық деңгейі біршама болуы тиіс, себебі осының негізінде оқу әректінің дамуы қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде жаңа мотивтер түрі қажеттілік, қызығушылық, тілектер ерекше көріне бастайды. Барлық мотивациялық жүйелер бірнеше жағдайда жүреді. Балаларда қызығушылықтан туындаған мотивтер үлкен тұрақтылықты танытады. Мотивациялық қажеттілік және еріктік сфераны анықтауға арналған әдістемелердің бірі, танымдық қажеттілікті зерттеу В.С.Юриевичтің ұсынған мұғалімдерге арналған анкетасы болып табылады. Сонымен бірге оқушыларға арналған білімнің бағыттылығын зерттеу анкетасы бекітілім-сұрақтар қатарынан тұрады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғааралық қарым-қатынастағы ерекшеліктері?

2. Қандай әдістерді қолдануға болады?

3дәріс



Тақырып: Кіші мектеп жасындағы балалар диагностикасы

Мақсаты: Мектептегі психодиагностиканың міндеті және кіші мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі жөнінде түсінік беру.

Дәріс мазмұны:

1.Мектептегі психодиагностиканың міндеттері.

2.Кіші мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі.

Балалардың мектепке алғашқы баруында психикалық даму деңгейі бойынша олардың жеке ерекшеліктері өсе бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен баллардың бойын,дағы интеллектуалы, моральды тұлғааралық дамуы бойынша ажыратуға болмайды. Балалар бір нұсқауға және бір психодиагностикалық жағдайға әртүрлі жауап береді. Кейбір мектепке баратын балалар ересектерді пситходиагностикалауға арнайы тесттерге жауап бере алса кейбіреулерге 4-6 жастағыларға яғни мектепке дейінгі балаларға арналған әдістерге қиындықпен жауап береді. Сол үшін кіші мектеп жасындағы балаларға әдістеме жүргізбес бұрын ол әдістерінің баланың даму деңгейіне жеткілікті сай екеніне көз жеткізу керек. Эмпирикалық мәліметтер 6-7 жастағы балалардың 50-80 пайызы мектепте оқуға және басқа да сол сияқты бағдарламаны меңгеруге дайын емес.

Олардың физикалық дамуына талап ететін психикалық тест берсе бала оны игере алмайды. Бұл интеллектуальдық қабілет деңгейінің жоқтығынан емес, жеткілікті деңгейде тұлғалық психикалық дамудың болмауынан жүзеге асады. Егер осы балаға ойын түріндегі қызықты, тартымды тест берсе онда тесттердің нәтижесі жоғары болады.Кіші мектеп жасындағы балаларда көрнекі-бейнелі ойлау байқалады.

Кіші мектеп жасындағы балаларға әдістеме жүргізе отырып, біз олардың мектепке қандай дәрежеде дайындықпен келгенін және сабақ кезіндегі балалардың психикалық дамуын анықтай аламыз. Осы жастағы балаларда негізінен мына қасиеттеріне әдістемелер жүргізіледі:

1. Қоршаған әлемді жалпы бағдарлау

2. Мектепте оқыған оның қатынасы.

3. Зейіні

4. Есі


5. Ойлауы

6. Көркем – бейнелі қабілет.

7. Еңбектік білік және дағдысы

8.Жетістікке жету мотивациясы

9. Тұлғалық сапа

10.Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеулер.

11.Сөйлеуі

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Мектептегі психодиагностиканың міндеттеріқандай?

2. Мектепте психодиагностикалық зерттеулер қандай бағытта жүргізіледі?

3. Қандай әдістерді қолдануға болады?

4 дәріс

Тақырып: Жасөспірімдер диагностикасы

Мақсаты: Жасөспірімдермен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі және олардың танымдық процесстері мен тұлғалық сапаларын диагностикалау әдістерімен таныстыру.

Дәріс мазмұны:

1.Жасөспірімдермен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі.

2.Жасөспірімдердің танымдық процестерін зерттеудің психодиагностикалық әдістері.

Жасөспірімдік шақ – генитальді кезең. Жасөспірімдердің негізгі мақсаттарының бірі – жоғары жыныстық сезімталдық пен ұмтылысқа бейімделу. Сексуальды белсенділіктің маңызды формасы – мастурбация. Оның көмегімен сексуальды қозуларды реттейді және өзінің денесіне объект ретінде қарап, үйреніп кетеді. Жасөспірімнің эмоциялық деңгейі жыныстық жетілуімен байланысты. Ата-аналарымен, құрдастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасы нашарлайды.Жасөспірімдер оларды сынайды, шыншыл емес адамдар деп ойлайды. Бұл процесс – сепарация - оқшаулану, кінәлілік сезімін тудырады. Жасөспірім өзін құрдастарымен және жасөспірімдік топтағы көшбасшылармен салыстырады.

Жыныстық жетілуден кейін жағымды саты келеді. Жасөспірімдерде логикалық және абстрактілі ойлауы дамиды, формальды операциялар көмегімен ойлау қабілеті пайда болады. Ой операциялары шығармашылық сипатқа ие. Жасөспірімдерде күшінің көбеюінен, рухани және денелік – шығармашылық энергиясының артуынан қуаныш сезімі пайда болады. Осы кезеңде табиғатты қабылдау қалыптасады, рухани құндылықтар пайда болады. Бұл кезеңнің негізгі мәселелері – мамандық таңдау және сексуальды қарым-қатынаста әріптесін табу.

Балалық жастан ересектік кезеңге өту кезіндегі жасөспірімдік дағдарыс туралы мәселелер талас тудырады. Жасөспірімдік дағдарысты кейде қалыпты патология деп те атайды. «Дағдарыстық кезең» ұғымы дамудың жалпы барысындағы маңыздылығын анықтау үшін қолданылады. Л.С. Выготский өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін көрсете отырып, дамудың сәйкес келмеуінің үш нүктесін бөліп көрсетті - әлеуметтік-мәдени, жалпы-органикалық және жыныстық.

Дағдарыстың негізгі себептерінің бірі – жыныстық жетілу – адамның психологиялық және психофизиологиялық дамуына әсер етіп, қызметтік күйін анықтайды (жоғары қозғыштық, тұрақсыздық, шаршау, ашушаңдық), жыныстық ұмтылысты тудырады және осылармен байланысты жаңа қайғырулар, қажеттіліктер, қызығушылықтар пайда болады. Дағдарыстың тағы бір себебі, тұлға жаңа жастық кезеңде пайда болатын мәселелермен күресе алмайды. Осы кезеңдегі өзін ересектерге қарсы қою, жаңа позицияны жаулап алуға белсенді ұмтылыс – заңды ғана емес, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуы үшін өнімді процесс. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, дағдарыстың әр түрлі жағымсыз белгілерінің негізінде «жаңа және жоғары формаға ауысуының жағымды мазмұны жасырылып тұр», ал 3 жастағы дағдарыстың мәнін түсіндіре келе, егер осы дағдарыс «белгілі бір себептерге байланысты енжар және көріксіз өтетін болса, онда баланың тұлғасының аффективті және еріктік сферасы содан кейінгі жас кезеңдерінде де кейін қалушылыққа ұшырайды». Бұл тұжырымдама жасөспірімдік кезеңдегі дағдарысқа да сәйкес келеді.

Дамудың күрделі де маңызды кезеңі болып есептелетін жасөспірімдік жастағы дағдарысты қарастыра отырып, даму дағдарысын 3 кезеңге бөлеміз:

1).Жағымсыз, немесе сын алды кезеңі, мұнда ескі дағдылар мен стереотиптердің өзгеруі жүзеге асады, ертеде қалыптасқан құрылымдардың бұзылуы жүреді.

2).Дағдарыстың кульминациялық нүктесі (жасөспірімдік шақта бұл – 13 жас)

3).Жасөспірім балалар өзін-өзі тануға қатты талпынады. Сондықтан да бұл жас кезеңінде мынадай диагностикалық жұмыстар жүргізіледі.

1. Өзін-өзі тану

2. Қарым-қатынас жағдайын анықтау.

3. Эмоциялық көңіл-күй.

4. Интеллектуалдық даму.

5. Темперамент құрылымын анықтау.

6. Мінез ерекшелігін білу

7. Тұлғалық қасиет ерекшелігін білу

8. Таным процесінің даму жағдайын анықтау

9. Мінез-құлық акцентуациясы.

10 Үрейлену жағдайын анықтау.

11. Қабілет ерекшелігін білу.

12. Дүниетаным, қызығушылығын білу.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері?

2. Танымдық працестерін зерттеуде қандай әдістерді қолдануға болады?

3. Жеке тұлғлық сапаларын зерттеуде қандай әдістер қолдануға болады?

6 дәріс

Тақырып:Тұлғаның өзін-өзіреттеу және мотивациялық сфера психодиагностикасы

Мақсаты: Өзін- өзі реттеу және мотивация және оны диагностикалау туралы теориялық білім қалыптастыру.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет