А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет5/8
Дата29.01.2018
өлшемі1,12 Mb.
#35979
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс мазмұны


1. Гиппократ, Павлов еңбектеріндегі темперамент туралы ілім.

2. Темперамент типін анықтау диагностикасы



Мақсаты: Темперамент және ол туралы ілімдерді аша отырып оның диагностикалануы жөнінде түсінік қалыптастыру.

Темперамент – индивидтің диагностикалық ерекшеліктерін сипаттау : интенсивтілігі , жылдамдығы, темпі, психикалық процестің ырғағы және қалпы болып табылады.

Темпераментті түсіндіру негізінде адамның индивидуалды іс - әрекетінің формальды – динамикалық қасиеттерінің биологиялық концепциясы бар, ол И.П.Павлов, Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин жұмыстарында бастау алады.

Бұл концепцияға сәйкес адам іс - әрекеті ағзаның ортамен байланысы континуумнан тұрады. Әр акт иерархияның 4 блоктарында орындалады.: афферентті жинақтау, ақпараттандыру, орындау және кері байланыс.

Қазір темпераментті диагностикалау үшін сауалнамалар жасап шығарылды, оның құрамында 4 фундаментальды өлшем бөліп қарастырылған:

1) әргиттілік 2) пластикалық 3) жылдамдылық 4)эмоционалды сезімталдылық.

Адам өмір процесінде заттар мен әлеуметтік әлеммен өзара әрекет етуі. Бірінші түрі субъект- объект әрекеті.( S-O), екінші түрі субъект – субъект әрекеті ( S-S)

Темперамент құрылымының жалпы схемасы көрінеді. Орта бөлімде 4 иерархиялық блок бейнеленеді. Жоғарғы және төменгі бөлімінде әсер етудің екі типі : субъект – объект- заттық және іс - әрекеттік, субъек – субъект - әлеуметтік және коммуникативтік қарастырылады.

Функционалды жүйенің әр блогына бір фундаментальды қасиетінің 2 өлшемі жатады – іс - әрекеттік және коммуникативтік сфераға – эргиттілік(Эр) және әлеумет – эргиттілік ( СЭР), заттық пластикалық ( СП), заттық жылдамдық(Т), әлеуметтік жылдамдық(СТ), заттық эмоционалды сезімталдық(ЭМ) және әлеуметтік эмоционалды сезімталдығы енеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Темперамент дегніміз не?

2. Темперамен теорияларын атаңыз?

3. Классикалық жіктеме бойынша неше темперамен типі бар?

10дәріс

Тақырып: Ақыл-ой диагностикасы

Дәріс мазмұны:

1. Интеллектті өлшеуге арналған тесттер, оның түрлері.

2.Ақыл-ой дамуын диагностикалау проблемалары.

Интеллект ойлауға деген қабілеттілік болып табылады. Интеллект латыншадан аударғанда «intellektus»-«түсіну» немесе «тану» деген мағынаны білдіреді.



  1. Мәселені тануға және шешуге деген жалпы қабілет және ол кез-келген іс-әрекеттің тиімділігін анықтайды, әрі басқа да қабілеттердің негізі болып табылады.

  2. Интеллект- жеке тұлғаның барлық танымдық процестерінің жиынтығы: түйсік, қабылдау, ес, елес, ойлау, қиял.

  3. Мәселелерді еш сынақсыз және қатесіз «ой» арқылы шеше алу қабілеті.

Психодиагностикада ақыл-ой дамуының тұрақты көрсеткішінің жеткілікті және негізгі сапасы-«интеллект коэфициенті» түсінігімен тиімді енгізілген. Оны қысқаша «IQ» деп атайды. Бұл индивидтің интеллектуалдық деңгейін, оның кәсіби және жас ерекшелігіне сәйкес ақыл-ой дамуын анықтайды. Мысалы адамдарда қалыпты «IQ» және интеллектуалдық деңгейі өте жоғары (116-180 ұпай) адамдар болады. Психологтар мен психиатрлар ерте балалық жастан немесе туа пайда болатын ақыл-ой кемістігін олигофрения деп атайды. Өмір сүру барысында интеллект дамуының артта қалуы деменция деп аталады. Олигофреннің психикалық функциялары жетілмейді, сөйлеуі, ойлауы жағынан артта қалады. Қорытынды жасау, жалпылау, абстракциялау дамымаған, логикасы мен есте сақтау деңгейі төмен. Халықаралық стандарттар бойынша олигофрения түрлері:

Дебиль – IQ – 50-70, ақыл-ой дамуы артта қалуының әлсіз формасы, мінез-құлқы адекватты, өз бетімен жұмыс істей алады. Сөйлеу қабілеті дамыған, соған орай дебилділікті оңай аңғара қою қиын. Абстрактілі ойлауы дамымайды, мақалдар мен сөздері тура мағынасында қабылдайды.

Имбециль – IQ – 20-50 , ақыл-ой дамуы артта қалуының орташа деңгейі. Сөздік қоры шамамен 300 сөз. Күнделікті жұмыста өз бағытын біледі. Тез сенгіш, олардың көпшілігі өз бетімен өмір сүруге тырысқанымен қамқорлықты талап етеді.

Идиотиялық – ақыл-ой дамуының артта қалуының ең ауыр формасы. Ойлау мен сөйлеу мүлде қалыптаспаған. Эмоциялық реакциялары басым болып келеді.



  1. Тесттер жалпы мазмұны бойынша бірнеше топтарға бөлінеді: интеллект тесті, қабілеттілік тесті, жетістікке жету тесті, жеке-тұлғалық тесті. Интеллект тестері немесе ақыл-ой тесттері-адамның ақыл-ойының, интеллектуалдық дамуының деңгейін зеррттеуге арналады. Бұл терминдермен қатар арнайы қабілеттер тесті, жалпы қабілеттер тесті, когнитивті тесттер терминдері қолданылады. Интеллектуалдық жағдайда кез-келген жекелік байқалып көрінбейді, ең алдымен барлық психикалық процестер немесе функциялар көрінеді.

Тапсырмалардың түріне байланысты вербальды (сөздерді классификациялау тесті) және вербальды емес (Равен матрицасы) тесттер, жекелік (Векслер шкаласы) және топтық (Альфаның армиялық тесті) тесттері болып бөлінеді.

  1. Шетелде, әсіресе АҚШ-та интеллектуалдық тестісі білім беру жүйелеріне кеңінен тараған. Интеллектті тестінің ішінде танымал ұлы психологтардың тестерін жүргізу ұсынылады: Д.Векслер, Д.Равен, Стенфорд Бине. Бұл тестетер жақсы сенімділікті және валидті болып есептелінеді. Тестілеу нәтижесін өңдей кезінде жалпы ұпай алынып қана қоймай зерттеушілердің жекелік тесттік бағыттылық көрінеді. Негізгі оқу жүйесінің материалдарын логикалық және түсінікті меңгеруі жөнінде мәлімет алынады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Интеллектіге анықтама беріңіз?

2. Интеллект қай тілден шыққан және қандай мағына береді?

3. IQ- дегніміз не?

4. IQ формуласы.

11дәріс



Тақырып: Тұлғалық сапалар психодиагностикасы.

Мақсаты:Тұлғалық сапаларды зерттеу әдістерімен таныстыру, түсінік беру.

Дәріс мазмұны:


1. Жеке тұлғалық сауалнамалар

2. Сауалнамалардың түрлері.

Жеке тұлғалық сауалнамалар субъективті диагностикалық ыңғайдың классикалық үлгісі болып табылады. Сауал – жеке тұлға туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін сенімді тәсіл. Соңғы 10 жылдықта сауалнамалар әлем бойынша диагностикалық зерттеуде үлкен таралымға ие. Ресей психологиясы тарихында жеке тұлғалық сауалнаманың қалыптасуы әртүрлі кезеңнен өтеді. 1950 жылдары олар ғылыми қоғам жүйесінде тұлғалық зерттеу үшін маңызсыз болды. 1960 жылдар соңында басқа да психодиагностикалық әдістемелер секілді Б.В. Зейгарниктің айтуы бойынша сауалнама академиясы кезеңі басталды. 1970 жылдардың басына таман сауалнамалар әлем бойынша үлкен танымалға ие болды. Жеке тұлғалық сауалнамалар белгілі бір сұрақтар жүйесінен құралады. Осы сұрақтарға зерттелуші берілген нұсқаулар бойынша жауап беруі тиіс. Кейбір сауалнамалар 20 тапсырмадан тұрса, кейбіреулер бірнеше жүзге дейін созылады.

Сауалнама түрлері:



  1. Типологиялық сауалнамалар

  2. Мотивтер сауалнамасы

  3. Қызығушылықтар сауалнамасы

  4. Құндылықтар сауалнамасы

  5. Бекітуші сауалнамалар

Мақсаты:

  1. Факторлық сауалнамалар

  2. Эмпирикалық сауалнамалар

  3. Типологиялық сауалнамалар (Айзенк сауалнамасы)

  4. Мотивтер сауалнамасы (А. Эдвардс сауалнамасы)

  5. Қызығушылықтар сауалнамсы (Г.Кюдер сауалнамасы)

  6. Құндылықтар сауалнамасы (Д.Супер сауалнамасы)

  7. Бекітуші сауалнамалар (А.Терстоун сауалнамасы)

  8. Факторлық сауалнамалар (Кеттелдің 16 факторлық сауалнамасы)

  9. Эмпирикалық сауалнамалар (ММРІ сауалнамасы)

Әркім ең алғаш жеке тұлғалық сауалнамамен таныса отырып, оның ақпараты мен сауалнаманың нәтижесі мен жауаптардың шындыққа сәйкес келетіндігі жайлы ойланады. Зерттелуші сұрақтарға әділ жауап бермеуі мүмкін. Соның кесірінен өзі және өзінің мінез-құлқы туралы қате көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Егер зерттелуші шындықпен жауап бермейтін болса, сауалнаманы диагностикалық бағытта қолданудың маңызы болмайды.

Жеке тұлғалық түрлі сауалнамаларды қолдану барысында мынадай нұсқаулар беріледі: «Шын жауап беріңіз», «Жоғары және жзағымды әсер қалдырыңыз». Көптеген зерттеулер барысында жауаптың ақиқаттығының бұрмалану факторы қалыптастырушы табиғатға ие. Дж. Нанели зерттеулері бойынша әлеуметтік қолдайтын жауаптар мынадай қорытынды туғызады:



  1. Арнайы қоғамдағы зертелушілердің көбінде жеке тұлғалық ерекшеліктермен қатар әлеуметтік жағымдылық туралы бірдей түсінік қалыптастырылды. Сондықтан жеке тұлғалық сауалнамаларды қолдану барысында зерттелушінің өз жауабын әдейі бұрмалауы мүмкін емес.

  2. Егер тұлғаның әртүрлі ерекшеліктерін зерттейтін сұрақтардан тұратын шкаланы құрайтын болса зерттелушіге тек жақсы немесе жаман деген шарттарды ұсыну қажет:

      • Әрбір зерттелушінің түрлі ерекшеліктері

      • Әрбір зерттелуші сұрақтар мағынасын өзінше түсінеді.

Новаковскаяның анықтауынша, тұлғалық өзгергішиік сауал мағынасының әр түрлілігіне, жауап беру екзінде шешім қабылдау қиындығына, мінез ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді. Сұраққа жауап беру кезінде зеттелушінің интеллектуалдық деңгейі де әсер етеді. Сұрақтардың түсініксіздігі, қиындығы қайталама зерттеуде жауаптардың өзгеруіне әкеледі, бұл әдістеменің сенімділігінің аздығын дәлелдейді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Тұлғалық сапа дегеніміз не?

2. Тұлғалық сапаларды зерттеген ғалымдар?

3. Қандай әдістерді қолдануға болады?

12дәріс

Тақырып: Тұлғааралық қарым-қатынас психодиагностикасы.

Мақсаты: Тұлғалық қарым-қатынастың зерттелу ерекшелігі туралы жалпы түсінік беру


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет