Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі


Құрлыс, жол және жол қәуіпсіздігі саласы



бет5/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Құрлыс, жол және жол қәуіпсіздігі саласы:

2018 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 3027,0 мың теңге бөлініп, Ақыртөбе ауылы А.Сейталы көшесінің 306 метр жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жамылғысы төселінді.

Қазіргі кезде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Ақыртөбе ауылы Көкімбай көшесіне 240,95 метріне 3027,0 мың теңгеге асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттен қаржыландыру үшін ұсынылып, қолдау тапты. 2019 жылға Ақыртөбе ауылы Молдаш көшесінің жолдарын жөндеуге, Ақыртөбе ауылы Қарасу көшесінде орналасқан балалар ойын алаңының аумағын көгалдандыру, көгеріштендіруге, Ақыртөбе ауылы Ақыртөбе көшелерінің жолдарын жамап, жөндеуге, Ақыртөбе ауылының көшелеріне видеобақылау орнатуға және Ақыртөбе ауылына ескерткіш тақта орнату жұмыстары үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалып, қаржыландыруға ұсынылып отыр, егер бұл ұсыныстар алдағы уақыттарда бюджеттен қаржыландыру қолдау тапса, жұмыстар атқарылады.

Малдыбай ауылы Мектеп, Жеңіс көшелеріне иесіз су тарататын мұнара, су тарататын құбырлар және иесіз электр сымдары, қарағайлар Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің теңгерімінен «Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне алынып, әділет органдарында тіркелді.

Тағыда айта кететін жайт Малдыбай ауылының тұрғындарын таза, сапалы ауызсумен қамту мақсатында 200 метр тереңдікте су ұңғымасы ұрылды. Қазіргі кезде жер асты суына зертханалық тексеру жүргізіліп жатыр. Ауызсумен қамту үшін жобалық сметалық жұмыстары жасалуда.

Ақыртөбе ауылының Тотан көшесіне жалпы ұзындығы 510 метрге, Көктал көшесіне ұзындығы 610 метрге Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы аудандық бюджет есебінен асфальт жамылғысы төселінді. Ағымдағы жылы Малдыбай ауылының Жеңіс, Теміржол көшелеріне, Ақыртөбе ауылының Т.Рысқұлов, Молдаш, Көкімбай, Б.Момышұлы, А.Сейталы көшесінің қалған бөлігіне, Қарасу және О.Тойбеков көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу үшін Т.Рысқұлов ауданы әкімідігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, автомабиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне ұсыныс жасалынды.

2018 жылы округімізде көптеген жұмыстар жасалынды. 1131,0 мың теңгеге Ақыртөбе ауылдық округіне қарасты екі елдімекеннің күл-қоқыстарын, қатты тұрмыстық қалдықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. 952,0 мың теңгеге Ақыртөбе ауылындағы Қарасу бұлағының көзін ашу, арнасын тазалау жұмыстары, 1500,0 мың теңгеге Ақыртөбе ауылындағы мүрдені қоршау жұмыстары, 767,9 мың тегеге Ақыртөбе орта мектебі мен Шәріпхан көшесінің арасына жаяу жүргіншілер жүретін ұзындығы 142 метр жол (тротуар), 1350,0 мың теңгеге Ақыртөбе орта мектебі мен Теміржол көшесінің арасына жаяу жүргіншілер жүретін ұзындығы 162 метрге жол (тротуар) салынды. 929,0 мың теңгеге Ақыртөбе ауылы Молдаш көшесінің Қарасу бұлағынан өтетін жолға ұзындығы 99 метрге тас төселініп, ені 3,5 метрлік көлік өтетін көпір салынды. 535,0 мың теңге Молдаш көшесі Қарасу бұлағының арнасынан жаяу жүргіншілер жүретін ұзындығы 30 метр жол салынып, ені 2 метрлік адам өтетін көпір салынды. Сонымен қатар 400,0 мың теңгеге Молдаш көшесі №21 үйдің жанынан Қарасу өзенінің үстінен өтетін көпір салынды. 373,6 мың теңгеге Ақыртөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратына мүгедектер жүретін арнайы жол, пандус жасалынып, белгілер қойылды.

1377,3 мың теңге Малдыбай ауылына қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орын салу жұмыстары, 2523.2 мың теңгеге Малдыбай ауылы Жеңіс көшесінің бойынан кіші фотбол алаңы соғылып, көк шөп егу жұмыстары, «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында 2366,5 мың теңгеге жерді таңдап, сыртын қоршап, тал егу, талдарды суғаратын су тарту жұмыстары, 1333,7 мың теңгеге Малдыбай ауылы Жеңіс көшесінде орналасқан балалар ойын алаңын қайта жөндеу, ішіне құм төсеу жұмыстары, 439,8 мың теңге Малдыбай ауылында орналасқан су мұнарасын қоршау жұмыстары, 341,0 мың теңгеге Малдыбай ауылының Жеңіс, Мектеп, Теміржол көшелеріне көше атауы жазылған аншлаг жасалынып, ілінді. Сонымен қатар 240,0 мың теңге Малдыбай ауылындағы Теміржол көшесіне тас төсеуге жұмыстары, Малдыбай ауылы Жеңіс көшесі мен Теміржол көшесін жалғайтын жолға, Мектеп көшесі мен Теміржол көшесін жалғайтын жолға және Мектеп көшесі мен Жеңіс көшесін жалғайтын жолдарға шағал тас төселініп, тегістелінді.

Округке қарасты 2 елді мекендегі мешіттерге бейнебақылау орнатылған.

Бүгінгі күні округ бойынша 223 жарық шамдары бар оның 178 данасы жанып тұр. Қалған шамдар тозығы жеткен. 2018 жылдың 12 айында 193 дана күйген шамдар және ескіріп тозығы жеткен 59 дана шамдар 1786,0 мың теңгеге ауыстырылды. Уақытылы жыл бойына электр энергиясы үшін 2 млн теңге төленді.



Каталог: app -> uploads -> sites
app -> Таќырыбы: Јділбай Табылдиев “Аппаќ бала”
app -> Бекітілді шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған арналған кешенді даму жоспары
sites -> Құрметті Бекболат Серікбекұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!
sites -> Т. Тысқұлов ауданында 2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
sites -> Баспасөз баяны қР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары
sites -> Зейнетақы жүйесінің деңгейлері туралы әңгімелеп берсеңіз, базалық және ортақ зейнетақы дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет