Абулкасова Д. Б



бет4/10
Дата05.06.2017
өлшемі1,43 Mb.
#17871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ГЛОССАРИЙ

Мәдениеттану пәні бойынша глоссарий

(пән атауы)



Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Мәдениет

культура

cultura

Көне заман

античность

antic

Орта ғасыр

средневековье




Қайта өркендеу

Возрождение




Ағарту

Просвещение




Архетип

архетип, тазарту

archetupos

Қала-мелекет

полис

City

импрессионизм

импрессионизм

impreccion

Сакральдық

сакральная (культура)




Мәдени сабақтастық

культурная преемственность




Салт-дәстүрлер

традиции и обычаи




Ата-бабаларға табыну

культ предков




Аруақ

арвах (культ предков)




Өркениет

цивилизация




Өнер

искусство




«Батырлық уақыт» (қазақ мәдениеті)

«героическое время» (казахская культура)




Рухани түлеу

духовное обновление




Шешендік өнер

риторика




Саяси мәдениет

политическая культура




Мәдени-тарихи типология

Культурно-историческая типология

Cultural-historical tipologe

Өркениеттер тоғысы

столкновение цивилизаций




Мифологиялық сана

мифологическое сознание




Көзқарастың синкретикалық (біртұтастық, бөлінбеген) сипаты

синкретичность мировоззрения




Сұхбат

диалог

dialoge

Дін

религия

Religio

Бастау

архетип

archetupos

Қайта өркендеу

Возрождение




Адамгершілік

гуманизм

humanicus

Қайта өркендеу заманының алыптары

Титаны Возрождения





Жаңа заман

Новое время

New

Қала мәдениеті

городская культура

Culture of city

өнер

искусство




Діни өнер

религиозное искусство




Храмдық мәдениет

дворцовая культура




Мүсін

скульптура




«Архаикалық күлкі»

«Архаическая улыбка»




Көне жазбалар

древние рукописи




«Құдіретті топ»

«Великая кучка»




Рәміз

символ

symbol

«Ерте архаика»

«Ранняя архаика»




Көне заман

античность

antic

Ақиқат

истина




Жануардар мен аңдарды пір тұту

тотемизм

totemizm

икона

икона

eikon

инициация

инициация

Initiatio

Модернизм

Модернизм

Moderne

сентиментализм

сентиментализм

sentimentalizm

символизм

символизм

symbolizm

фетишизм

фетишизм

Fetichizm

5.Дәрістік жүйе

І апта

Дәріс 1:

Тақырыбы:Мәдениет және өркениет

Дәрістің мақсаты: Пән бойынша жалпы сипаттама беру.

Тірек сөздер: мәдениет,мәдениет объекті, мәдениет субъекті, мәдениет пәні, материалдық мәдениет, рухани мәдениет, мәдениеттің өзіндік формасы, мәдениеттің пәндік формасы,

1.Мәдениет түсінігі және оның даму логикасы.

2.Мәдениет құрылымы, оның құндылық табиғаты

3.Мәдениеттің атқаратын қызметтері



Қысқаша дәріс конспектісі.

1.Қазақ тілінде бұл термин арабтың «маденият» - қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деген атауға болады. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдіреді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтама берілген:

А) Мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы. Ә) Мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері.Б) Мәдениет – адамзат әрекетінің белгілі бір саласының жетілу деңгейі.В) Агромәдениет.

2. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Ол мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тағы басқалардың ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылым саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Мәдениет терминінің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп бастаумен тығыз

байланысты болды. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен тығыз байланысты болды. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды.



3.Қоғамда мәдениет төменгідей қызметтер атқарады:

1. Адамды қалыптастыру.

2. Жалғастық, мұрагерлік.

3. Танымдық.

4. Реттеу.

5. Коммуникативтік, қарым-қатынастық.т.б.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Мәдениеттану білімнің қандай саласына жатады?

  2. Мәдениеттану терминін ғылымда алғаш болып қолданған кім?

  3. Латын тілінен «мәдениет термині» қалай аударылады?

  4. «Культура» сөзі әлеуметтік европалық ойдың айналымына алғаш рет қашан енді?

  5. Мәдениеттанудың басты мәселелеріне нені жатқызуға болады?

  6. «Мәдениет» термині қай тілден алынған?

  7. «Культура» термині қай тілден алынған?

  8. «Культура» деген терминді ең алғаш кім енгізді?

  9. Кең философиялық мағынада мәдениеттің анықтамасы?

  10. Мәдениет қандай құрылымдық бөліктерден тұрады?

  11. Жаңа енумен шектелетін мәдениеттің ұзақ өзгермейтін жағдайы қалай аталады?

  12. Мәдениеттің анализінің қандай көзқарасында құндылықтар мәселесін ұсынады?

  13. Әлеуметтік және мәдениет тәжірибесін алмасу формасы қалай аталады?

  14. Теориялық мәдениеттану нені оқытады?

  15. Эмпирикалық қолданбалы мәдениеттану нені оқытады?

Әдебиеттер:

1.Ғабитов Т.Х., Құлсариева А, Мүтәліпов Ж.Мәдениеттану.А,2004

2.Құлсариева А.Ғарифолла Есім, Ғабитов Т.Х. .Мәдениеттану.А,2006

3.Төкенов Ө. С. Жаңақұлов А. Мәдениеттану негіздері А,1999

4. Ш. Нағымұлы .Мәдениеттану.Астана,2007

5.Қайрат Затов Мәдениеттану оқу құралы. А.2005

1.Алғашқы «өркениет» сөзі Мирабоның «Адамдардың досы» атты кітабында (1976ж.) кездеседі: « Дін сөзсіз , адамзаттың ең жақсы және тиімді бұғауы; ол- өркениеттің басты серіппесі; ол бізге ақыл айтып, әрдайым ағайыншылықты еске алып отырады, жүрегімізді жұмсартады,т.с.т.»

Мәдениет пен өркениеттің осы сәйкес келмейтін тұсын сезіп, өркениетті мәдени- тарихи типтің құлдырау кезеңі, оның ыдырауы деп О. Шпенглер өз концепциясында атап көрсетеді.

Өз еңбегінде Н. Бердяев өркениет « мәдениет рухының өлімі» деп трагедиялық түрде түсінік береді. Оның концепциясы шеңберінде мәдениет – символдық, бірақ реалистік емес, сонымен бірге « мәдениет ішіндегі динамикалық қозғалыс белгілі бір түрде өзінің құрылымымен мәдениет аумағынан шығып, өмірге , тәжірибеге ұмтылады.

ХХ ғасырдың өркениет теориясының авторы А. Тойнби мәдениеттің өз ақырына жетпей –ақ, қажетті биологиялық құбылыстар арқылы қартайып, өлімге ұшырайтыны туралы болжамды өте сақтықпен айтады.

П. Сорокин мәдениетті өркениеттің рухани жұптастығы ретінде қарастырып, концепцияға сәйкес мәдениеттің өлімі, жоғалуы, өркениеттің рухсыздануына әкеледі деп есептейді. Бұл позиция көрсеткендей, өркениет қоғамның дамуының тарихи кезеңі ретінде немесе қоғамның типі ретінде халықтар дамуының мәдени жетістіктерінің көптүрлілігін ғана емес, нақтылы тарихи дәуірдегі қоғам болмысының теріс көріністерін де қамтиды.

2.Өркениет семантикалық жағынан алғанда азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, жабайы тайпаларға басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениет пен өркениет ұғымдарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:

1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э. Тайлор).

2. Өркениет – мәдениеттің ақыры (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).

3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).

4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).

5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі. (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский).

6. Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Мәдениет философиясы нені оқытады?

2.Әлеуметтік және мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру қалай аталады?

3.Еуропалық дәстүрде мәдениетке қарсы қойылған ұғым?

4.Мәдениеттің негізгі қызметтерін атаңыз?

5.«Культура» терминінің бастапқы мағынасы не?

6.Мәдениеттанудың зерттеу пәні.

7.Материалдық мәдениеттің құрамына кіретіңдер?

8.Рухани мәдениеттің құрамына кіретіндер?

9.Мәдениеттің аксиологиялық (құндылық ) анықтамасы.

10.Мәдениеттің технократтық тұрғыдан анықтамасын беріңіз.

11.Мәдениеттің гуманистік қызметі неден көрінеді?

12.Мәдениеттің социологиялық тұрғыдан анықтамасын беріңіз.

13.Мәдениеттің қандай қызметінде адамның әлемге танымдық қатынасын бейнелейді?

14.Мәдениеттің қандай қызметінде адам мен қоғамның қарым-қатынасы көрінеді?

15.«Аксиология» нені білдіреді?



Әдебиеттер:

1.Ғабитов Т.Х., Құлсариева А, Мүтәліпов Ж.Мәдениеттану.А,2004

2.Құлсариева А.Ғарифолла Есім, Ғабитов Т.Х. .Мәдениеттану.А,2006

3.Төкенов Ө. С. Жаңақұлов А. Мәдениеттану негіздері А,1999

4. Ш. Нағымұлы .Мәдениеттану.Астана,2007

5.Қайрат Затов. Мәдениеттану оқу құралы. А.2005



ІІ апта.

Дәріс№1:

Тақырыбы: Негізгі мәдениеттанулық теориялар.

Дәрістің мақсаты: Мәдениет теорияларымен танысу, талдау, жіктеу.

Тірек сөздер: өркениет, «варварлық», конфигуративтік, предфигуративтік, типология

1.Мәдениет теориясы және оның тарихи даму логикасы



2.18-19 ғасырдағы әлеуметтанулық ғылымдарда мәдениеттің зерттелуі.

Дәрістің мақсаты: Мәдениет теорияларымен танысу, талдау, жіктеу.

Тірек сөздер: өркениет, «варварлық», конфигуративтік, предфигуративтік, типология

1.Ортағасырлық мәдениет политеизмге монотеизмді, натурализмге – руханилықты, гедонизмге (сүйсініп рахаттану) аскеттік идеалды қарама-қарсы қойды.

Жаңа заманда (ХҮІІ – ХІХ ғ.) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалмдары болды. Олар (Англияда – Толанд, Францияда – Вольтер мен Монтескье, Германияда – Лессинг, Гете, Шиллер) дүние мен адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл қорғайды.

Алғашқы теориялық жүйелі Ежелгі Грецияда б.з.д. ҮІ ғасырда пайда болды. Фалес, Демокрит сияқты ойшылдар мифологияны жоққа шығарып, өз ойларын айтып жатты. Білімнің дамуына ортағасырлық Орта Азия ойшылдары Ибн Сина, Ибн Рушд, Бируни өз үлестерін қосты.



2. Мәдениетті зерттеудің ерекше ұстанымдары социологиялық мектеп шеңберінде қалыптасты. Оның негізін қалаушы деп отандық ғалым қоғам мен мәдениетті олардың тығыз бірлігінде (осыдан «әлеуметтік мәдени» термині) қарастырған және де адамдық әрекеттің барлық жақтарын осы тұрғыдан қарастыру керек деп есептеген П. Сорокин (1889-1968) саналады.

Мәдениетті талдаудың әлеуметтік үлгілері американ социологы Толкотт Парсонс (1902-1974) еңбектерінде кездеседі. Ол мәдениет адамдық әрекеттің организмдік (әрекеттің биологиялық құрастырушысы), тұлғалық (жеке дара психикалық қасиеттер , эмоциялар, жігер), әлеуметтік (әлеуметтік рөлдер, функциялар) бөліктерімен қатар төрт жүйелілігінің бірінің орнын алатын әлеуметтік әрекет ілімі жасалады.

Әлеуметтік мектеп өкілдерінің қатарында неміс социологтары Макс Вебердің (1864-1920) және оның інісі Альфред Вебердің (1868-1958) есімдерін атап өткен жөн. М. Вебер « түсінуші социология» деп аталатынның негізін қалады. Оның мәнісі –адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени мағыналарын айқындау.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.«Жағымсыз ақиқат» еңбегінің, европалық мәдениеттегі апполондық және дионисийлік бастаудың оппозиция идеясының авторы. 2. «Либидо» генетикалық инстинкт сублимация ретінде мәдениетті кім қарастырды? 3. Мәдениетті белгілік жүйе ретінде кім қарастырды? 4. «Ойын мәдениетте, ойын ретінде» концепцияны шығарған кім? 5. «Протестанттық этика және «рух» капитализмі» еңбегінің авторы кім? 6. «Солай айтқан Заратуштра» және «Ән рухынан шыққан трагедия» еңбектерінің авторы? 7. «Тотем және табу» еңбегінің авторы? 8. «Архетип» терминін енгізген кім? 9. Ф.Ницше, З.Фрейд, К.Юнг, Б.Малиновский қай бағыттың өкілдері? 10. Әлеуметтанулық бағыттың өкілі, орыс жерінен шыққан американ социологы кім? 11. Мәдениеттің рәсімдік теориясының өкілдері? 12. Мәдениеттің ойын концепциясының өкілдері? 13.Мәдениеттануда аксиологиялық әдісті шығарған кім? 14. К.Юнг еңбегінде ұжымдық ,санасыздық негізінің бейнелері неде? 15. Ішкі психикалық энергияның «либидо» қызметке көшуін З.Фрейд қалай атады?



Әдебиеттер:

1. Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. М., 1990.

2. Зомбарт В. Буржуа. М., 1994.

3. Культура: теории, проблемы. М., 1995.

1. Соңғы онжылдықта интенсивті дамып келе жатқан құрылымдық- рәміздік ұстанымның көптеген қолдаушылары бар. Алайда олардың бәрі тіл мәселесі төңірегінде шоғырланады және бұл әбден кездейсоқ емес, өйткені, міне, осы тілде және тіл арқылы мәдени тәжірибе іске асырылды. Бұл бағыт швейцар тілтанушысы Ф. де Соссюрдің (1857-1913) еңбектерінде алғаш рет көрініс тапты.

Құрылымдық- рәміздік бағытты дамытуда үлкен үлес қосқан бес есімді атап өтейік:

-неміс философы Эрнст Кассирер(1874-1945), ол мәдениеттің бастауы- бұл адамның жасанды әлемді рәміздік формалар («рәміз әлемі») арқылы жасап шығару қабілеттілігі екендігін көрсетті;

- француз этнографы, структурализмнің көшбасшысы, антрополог Клод Леви-Стросс (1908 ж.т.), оның көзқарастарының эволюциясы семиотиканың бөлігі ретінде, ал мифті тіл феномені ретінде қарастыруға жеткізеді;

-француз әдебиеттанушысы Ролан Барт (1915-1980), Леви Стросс идеяларын дамыта отырып, құрылымдық талдаудың шексіз қолданбалылығы жөнінде қорытындыға келеді.

-француз зерттеушісі, құрылымдық немесе лингвистикалық психоанализдің негізін қалаушы Жак Лакан (1901-1981), ол бейсаналық тіл ретінде құрылымданған, сондықтан ол рационалдауға, мәдениеттендіруге, өнер туындылары мен мәдениеттің басқа да құрылымдарына айналдыруға көнеді;

- мәдениеттанушы Юрий Михайлович Лотман (1922-1993), ол мәдениеттің сан алуан феномендерін өзінің таңбалық-рәміздік табиғатына ие «мәдениет мәтіндері» ретінде қарастырды және талдады.

2. Бұл мектептің басты ерекшелігі – мәдениеттің биологиялық сипатын әсірелеп көрсету. Бұл бағытты жақтаушылар: негізінен, дәрігерлер, психологтар және биологтар. Мәдениеттану ғылымы саласында натуралистік мектептен кеңінен танымал болған «әлеуметтік дарвинизм» қалыптасады. Натуралистік мектептің қалыптасуына биологиядан басқа ХХ ғасырда пайда болған екі ғылым саласы : фрейдизм мен этология ерекше роль атқарды. Жануарлардың мінез- құлқы туралы бұл ғылым саласындағы ғылыми табыстары үшін К.Лоренцпен оның әріптестері 1973 жылы Нобель сыйлығын алды. Бұл мектептің өкілдерінің концепцияларына қысқаша тоқталып өтсек.

Зигмунд Фрейд (1856-1939) – австралиялық неврапатолог, психиатр және психолог,психикалық талдау мен фрейдизмнің негізін қалаушы. Ғылымдағы бұл бағыт мәдени құбылыстарды, шығармашылық процестерді түсіндіруде, тіпті бүкіл қоғамның дамуын анықтап көрсетуде де психологиялық концепцияларды қолдануды қажет деп тапты. Фрейд пен оның ізбасарлары мәдениет – «жеке адам психикасының қоғамдық экрандағы көрінісі» деп қарастырды. Фрейдтің ойынша, мәдениет, біріншіден, адамзат баласының ғасырлар бойы жинаған білімімен өмірлік тәжірибесін қамтиды. Екіншіден, мәдениет адамзат баласының өзара қарым- қатынастарын бір тәртіпке келтіретін барлық институттарды қамтиды. Фрейдизм ғылым саласы ретінде марксизмге қарсы шықты. Марксистер үшін адам ең алдымен, әлеуметтік құбылыс болып саналса, ал фрейдистер үшін бұл биологиялық құбылыс, марксистер үшін тарихтың қозғаушы күші - пролетариат пен таптық күрес болса, фрейдистер әйелдердің ер адамдарға тәуелділігін қолдай отырып, барлық адамдар үшін қажетті «либидоны» ( ұрпақты жалғастыру инстинкті, жыныстық инстинкт) басты орынға қояды. Фрейдтің мәдениеттану саласындағы концепциялары шамадан тыс турашылдығы үшін марксистер тарапынан ғана емес,басқа ғалымдар тарапынан қатаң сынға ұшырады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.«Адамның сезімдік жағын емес, ой қасиеттерін » көрсететін өнер стилін Ф.Ницше қалай атады? 2. Э.Кассирер мәдениеттанулық теория шеңберінде адамға қандай анықтама береді? 3. «Табиғи адам » ілімін өркениетті адамға қарсы қойған француз ағартушылары?4. И.Кант кімнің ағартушылық тәрбие бағдарламасын сынайды? 5. 19 ғасырда мәдениеттің материалистік түсінігін шығарған кім? 6. Қоғамның таптық жекеленуі рухани мәдениеттің құндылықтар жүйесін құрайды деп есептеген кім? 7. «Өнер дегуманизация » түсінігін ғылымға енгізген кім? 8. ІІІ томдық «Рәсімдік формалар философиясы» еңбегінің авторы? 9. Э.Кассирер, К.Леви-Стросс мәдениеттің қандай феноменін көрсетті? 10. «Ақпараттық қоғам» концепциясын социологтардың қайсысы зерттеді? 11. Мәдениеттің ағартушылық концепцияларының негізгі өкілдері? 12. «Технотронды қоғам» концепциясын социологтардың қайсысы зерттеді? 13. «Ойынды адам» еңбегінің авторы?



Әдебиеттер:

1.Торосян В.Т.Культурология .М,2005

2. Под ред. Драча . М,2000

3. Культурология.Маркова М,1998

4..Тимошинов. Культурология.М,2001

ІІІ апта Тақырыбы:Мәдени-тарихи типология.

Дәріс мақсаты:

Тірек сөздер: мәдениет типі, типология, типологияландыру


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет