Абулкасова Д. Б


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет6/10
Дата05.06.2017
өлшемі1,43 Mb.
#17871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.«Мәдениет» ұғымына берілген анықтамалардың көптүрлілігі. 2. Мәдениет түсінігі, мәні, құрылымы, қызметі. 3. Құқық әлеуметтік-мәдени нормалар мен қарым-қатынастар жүйесі ретінде. 4. Мәдениеттің ағартушылық тұжырымдамалары және оған И.Канттың сыны. 5. Ф.Ницшенің мәдениет туралы ілімі. 6. Мәдениеттанудағы натуралистік мектеп (З.Фрейд, К.Юнг, Б.Малиновский). 7. Н.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер туралы ілімі. 8. П.Сорокиннің мәдени супержүйе тұжырымдамасы. 9. Ойын мәдениетінің тұжырымдамасы (И.Хейзинги, Х.Ортега-и-Гассет). 10. О.Шпенглердің өркениет және локальды мәдениет теориясы. 11. А.Тойнбидің мәдени тұжырымдамасы. 12. «Өркениет» түсінігінің мәні және оның белгілері. Өркениеттің пайда болуы. 13. Өркениеттің мәдени-тарихи типтері. 14. Өркениет және мәдениет: ортақтық, айырмашылық және өзара әрекеттесуі.



Әдебиеттер:

1.Торосян В.ТКультурология .М,2005

2. Под ред. Драча . М,2000

3. Культурология.Маркова М,1998

4.Тимошинов. Культурология.м,2001

Құқық- ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық құбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен субъективтік тұрғыдан, құқвқ қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру құқығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Бұл орайда көрсетіп кету керек субъективтік құқық объективті құқықтың негізінде туындайды және тоқтатылады. Құқықтық, объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігін де жоққа шығармайды. Осыларға қарап, құқықтың аса күрделі категория екендігін білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз мемлекет белгілеп мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жиынтығы.

Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз мінез құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адам ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдарда бір-бірімен қатынасқа келеді.Демек, құқық нормалармен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.

Құқықтық нормалардың жиынтығы ретіндегі құқық қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болсын, адамдар арасындағы қарым-қатынастардыа тәртіп болуына бағытталады.

Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың , денсаулық сақтаудың , отбасын құрып, оны нығайтудың т.б қажеттіліктердің заңдық шарттарын белгілейді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Типология мәдениетті зерттеу әдісі және ойлау тәсілі ретінде. 2. Мәдениеттің қазіргі типологиялық классификациясы. 3. Мәдениет адамды қалыптастыру факторы ретінде. Адам мәдениет объектісі және субъектісі ретінде. 4. Тіл түсінігі және оның мәдениеттегі қызметі. 5. Өнер түсінігі, оның қызметі.6 Өнер спецификасы мәдениет феномені ретінде. 7.. Өнер түрлері.8. Өнердің дамуының негізгі сатылары және оның бағыттары. 9. Дін ұғымы, құрылымы, пайда болуы және қызметі. 9. Діннің тарихи формалары. 10Мораль ұғымы, оның құрылымы, қызметі. 11. Моральдың негізгі түсінігі. 12. Мораль түрлері. Мораль және этикет.



Әдебиеттер:

1.Соколова. Мировая история искусств.М,2000

2.Шаповалова. Культурология. М,2004

3.Емохонова. Мировая художественная культура М,2001

4.Борзова.История мировой культуры. М,2004

5. Ерасов.Социальная культура.М,1996



ҮІІ-апта

Тақырыбы: Архаикалық мәдениет. Алғашқы мәдениеттің ерекшеліктері.

Дәріс:

1. Архаикалық мәдениет динамикасы және оның негізгі түсінігі. Мәдениет дамуының факторлары және қайнар көздері.

2. Алғашқы мәдениет генезисі: әртүрлі жолдары және тұжырымдары.

3. Алғашқы қауымдық мәдениеттің материалдық және рухани негізі, оның ерекшеліктері.

1. Эволюциялық ілім негізінде адамдардың қалыптасуын төрт мың жыл бұрын басталды деп айта аламыз. Ал алғашқы өркениеттер 6-7 мыңжылдықта пайда болды. Алғашқы қауымдық кезең- адамзат тарихындағы ең ұзақ уақыт қамтитын кезең.(оларды кезеңдеу еңбек құралдарының өзгеруіне байланысты бөледі.). Алғашқы құралдардың пайда болуы 2,5 млн .жыл ға жуық уақыт қамтыған. Ғалымдардың пікірінше , алғашқы қауымдық құрылыс 3 дәуірге бөлінеді. Тас дәуірінің өзін де дүниежүзілік ғылымдарда бірнеше кезеңдерге бөледі.Көне тас дәуірі палеолит деп аталады. «Палеолит» термині «көне» -«палайос» деген мағынаны білдіреді , «литос»- тас деген сөзден алынған. Орта тас дәуірі мезолит, жаңа тас дәуірі неолит деп аталады. КЕйінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған атымен аталады. Кейінгші палеолит кезеңдері:

1.Перигорд кезеңі(35-20 мың жыл).Бұл дәуірдің ескерткіштері :шеттері өңіделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер,найзаның ұштары;

2. Ориньяк кезі(30-19 мың жыл). Бұл дәірдің қауым адамдары гримге қажетті бет бояуларының 17 түрін білген және оларды түрлі діни мейрамдарда пайдаланатын болған. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы туындылары «Венералар» деп аталды.

3.Солютре кезеңі(18-15мың жыл). Кремнийді өңдеудің ең жоғарғы тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар т.б жасала бастады.

4.Мадлен кезі(15-8 мың жыл). Дөңгелек , бұрандалы және діни белгілердің пайда болуы адамның өзін қоршаған заттар жөніндегі ұғымын кеңңіп, оны бейнелей бастағаны дәрежеге жеткенін көрсетеді.

Кейінгі палеолитте дүнинжүзілік өркениеттің екі негізгі орталығы қалыптасты. Олар: азиаттық және афро- еуропалық орталықтар.

Кейінгі палеолиттің мәдениеті сан-салалы болып келеді. Бұл кездегі адамның ең басты тіршілік кәсібі- аң аулау болғандығы сөзсіз және аңшылық қауымдастықтың егіншілік , мал шаруашылығы қауымдастықтарымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар өздерін қоршаған дүниеге деген көзқарастарын сиқырлау, дуалау арқылы білдірді, демек алғашқы адамдар құдіретті күштердің бар екндігіне кәміл сенді.

Алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының салт-жоралары қалай болғанда да мифологиямен келіп тоғысады. Кейінгі палеолти кезеңінде адамдар арасындағы түсінісу қабілетінің басты құралы- тіл өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетті. Неандертальтықтардың дыбысты белгілерінен «жаңа адам» сөйлеудің алғашқы сатысына көшті.

Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті дамуының соңғы кезеңдері – мезолит, неолит дәірлерінде адамдар баяу болса да тұрмыс- тіршілігін табанды түрде өзгертуге кіріседі.

Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі –неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып, тас индустриясының шарықтаған кезеңі. Мезолит пен неолиттің бейнелеу өнері көп кескінді көріністер бейнелеуден басқа да жаңалықтар әкелді.



І рейтингке бақылау сұрақтары:

1.Археология алғашқы қауымдық мәдениетті қандай сипаттарына байланысты тас, қола, темір ғасырларына бөледі? 2. Архаикалық мәдениетке қандай ерекшеліктер тән? 3. Алғашқы қауымдық діндердің негізгі сипаттарын атаңыз. 4. Алғашқы қауымдық адамның дүниетанымының басты ерекшелігін атаңыз.5. Алғашқы қауымдық өнердің негізгі сипаттарын атаңыз. 6. Алғашқы қауымдық қоғамның материалдық мәдениетінің басты сипаттарын атаңыз. 7. Алғашқы қауымдық мифке тән сипаттарды атаңыз. 8. «Синкретизм» ұғымы нені білдіреді? 9. «Табу» ұғымына түсініктеме беріңіз. 10. «Тотем» ұғымының этимологиялық маңызы. 11. Петроглиф деген не? 12. Мифке түсініктеме беріңіз. 13. Политеизмге түсініктеме беріңіз. 14. Мәдени динамикаға түсініктеме беріңіз. 15. Табиғатты рухтандыратын және бейнелейтін алғашқы қауымдық діннің формалары қалай аталады? 16. Абызды құдіретті күштермен байланыстыратын тылсым қабілеттерге ие етіп көрсететін алғашқы қауымдық діннің формасы қалай аталады? 17. Аңдарды құдіретті етіп көрсететін алғашқы қауымдық діннің формасы қалай аталады? 18. Ерекше адамның әрекетіне тән тылсым қабілеттерімен объекті мен үдерістерге әсер ететін алғашқы қауымдық діннің формасы қалай аталады? 19. Белгілі бір әрекеттерге тыйым салатын салт қалай аталады? 20. Ежелгі түріктердің тотемдік жануарын атаңыз. 21. Қазақстан территориясында қалыптасқан өркениет типі. 22. Ежелгі түріктер қандай жазуды қолданды? 23. Сақ мәдениеті қандай стилде болды? 24. Ежелгі түрік мифологиясындағы жоғарғы құдайды атаңыз. 25. Ежелгі түріктердің діні қалай аталды? 26. Ежелгі түріктердің поэтикалық шығармашылығы қандай жанрда болды? 27. Мәдениеттануда «әлеуметтік-мәдени динамика» термині қолданылады. «Динамика» термині шыққан грек сөзі қандай мағына береді? 28. Тастарға, үңгірдің қабырғалары мен төбелеріне, шың-құздарға қашап түсірілген белгілер мен бейнелерді қалай атайды? 29. Алғашқы қауымдық өнерде басты орын алған кескіндемелік жанрды атаңыз. 30. «Алғашқы қауымдық мәдениет» еңбегінің авторы. 31. Адамзатқа белгілі табудың алғашқы түрлерін атаңыз. 32. «Алғашқы қауымдық мәдениеттің алғашқы жағдайын сипаттайтын діннің, мифологияның, өнердің бірлігі, бөлінбеушілігі» деген анықтама қандай түсінікке сәйкес келеді? 33. Алғашқы қауымдық мәдениеттің материалдық негізін не құрайды? 34. Қазақстан территориясындағы «алтын адам» табылған қорғанды атаңыз. 35. Сақ мәдениетінде қолданылған ою түрлері. 36. Ежелгі түріктердегі уақытты 12-жылдық циклмен есептеу немен байланысты болды? 37. Ежелгі түріктердің негізгі мәдениетін атаңыз. 38. Ежелгі грек тарихшысын және оның ежелгі сақтар туралы мәлімет беретін еңбегін атаңыз.



Қосымша әдебиет:

1.Акишев К.И. Искусство и мифология саков. А., 1995

2.Акишев К.И. Мироввозренческий синкретизм казахов. А-А., 1993, 1994

3.Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М.,1984

4.Ладыгина О.М. Культура мифа. М.,2000

5.Лосев А.Ф. Философия, мифология, культура. М.,1991

6.Орынбеков М. Предфилософия протоказахов. А-А., 1994

7.Тайлор Э. Первобытная культура М., 1989

8.Токарев С.А. Ранние формы религии. М., 1990

ҮІІІ-апта

Тақырыбы: Ежелгі Шығыс мәдениеті және өркениеті: Ежелгі Үндістан, Мысыр.

Дәріс №1.

Тақырыбы: Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті. Көне Шығыс өркениеттері: Мысыр, Вавилон, Иран, Үнді және Қытай.

Дәрістің мақсаты: Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету, әлемдік мәдениетте алатын орнын айқындпу.

Тірек сөздер: Ежелгі Шығыс, деспотия, абыз, перғауын,пирамида, иероглиф, шумер-аккад, элегия.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Шығыс деспотиясының феномендері.

2.Шығыс көне өркениттеріндегі жеке адам тұлғасы.

Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне Ежелгі Египет, Қытай, Қосөзен, Үнді елдерін жатқызамыз.Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да құдіретті мемлекттердің бірі болды.Мемлекет билеушілері фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» - күн деген мағына береді) ұлымын деп жариялады.Ғылым саласында да көне Египет айтарлықтай жетістіктерге жетті.Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап маматематика, геометрия сияқты ғылым салалары жоғары дәрежеге көтерілді.

Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-Аккад мәдениеті: Шумер мемлкетінің мәдени жетістіктері орасан зор болады. Шумерліктер алғашқы элегияларды жазд, дүниежүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия – архивтер отаны» деп тегін аталмаған. Сонымен қатар егер Ніл аңғарында 3 мың жыл бойы бір-ақ халық қаныстанып, бір-ақ қана мемлекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар болды.

Бақылау сұрақтары:

1. Шығыс диспотиясының феномендері неден көрінеді?

2. Ежелгі шығыс мемлекеттеріне қандай елдерді жатқызамыз?

3. Көне Египет, Қосөзен мемлекеттері мәдениетінің ерекшеліктері неде?



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Ежелгі Шығыс мәдениетіне тән басты ортақ белгіні атаңыз.2. Ежелгі Шығыс елдерінде рухани мәдениетке қандай тап жетекшілік (монополизациялау) етті. 3. Ежелгі Шығыс өркениетіндегі мемлекеттің формасын атаңыз.4. Ежелгі Шығыс өркениетіндегі материалдық негізді атаңыз. 5. Ежелгі Шығыс өркениетіндегі діни жүйелерге тән басты , ортақ белгілерді атаңыз.6.Ежелгі Шығыс өркениетінің өнеріне тән басты, ортақ белгілерді атаңыз.7. Ежелгі Шығыс өркениетіндегі дәстүрліліктің, консервацияның , ескіліктің себебін атаңыз.8. Ежелгі Египет өнерінде қандай басты идеялар іске асырылды? 9. Ежелгі Египет пирамидалары нені рәміздеді? 10. Ежелгі Египет жазуын атаңыз.11.Бірыңғай құдай дінін құруға бағытталған діни реформаны алғаш рет өткізген египеттік перғауынды атаңыз.12.Ежелгі Египет мәдениетінің өзгешелігі неде?



Әдебиеттер:

1.Арсеньев В.Ф.Звери.Боги. Люди.М.,1991.

2.Боев Ю. Эстетика. М.,1998.

3.Выготский Л.С.Психология искусства. М.,1968.

4.Бахтин М.М.Эстетика словенсного творчества.М.,1979.

5.Васильев Л.С.История религий Востока.М.,1998.

6.Кислюк К.В.,Кучер О.Н.Религиоведение. Ростов-на Дону, 2003.

7.Кимелев Ю.А. Философия религии.М., 1998.

8.Малерб М. Религии человества. Миф, религия, культура//пер.с фр. М.-СПб.,1997.

Жер шарындағы құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді – будда мәдениеті. Үнді жеріне келген өздерімен бірге б.г.б. 2000 жылы шыға бастаған мәдени-мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарасындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шолу кезінде айтылатын өлеңдердің жиынтығы б.з.б. ҮІ ғасырда үнді елінде кейіннен дүниежүзілік дінге айналған будда діні қалыптаса бастады. Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Үнді химиктердің химия саласындағы жаңалықтары бояу, дәрі және т.б. дайындауға кеңінен қолданылды.

Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениеттің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлар да дүниежүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметтеріне құрбандылықтар шалды. Қытайда будда діні даосизм мен Конфций ілімдерімен қосыла отырып философиялық – діни үш тікті (сань цзяо) құрады. Қытайлықтар өз жазулары иероглифтердің әдемі жазылуына, қағаз бен сияның сапасына, оның түстеріне де қатты мән берген. Олар компасты, оқ-дәріні ойлап тапқан, фарфор жібек жасауды менгерген.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Шығыс диспотиясының феномендері неден көрінеді?

2. Ежелгі шығыс мемлекеттеріне қандай елдерді жатқызамыз?

3. Көне Египет, Қосөзен мемлекеттері мәдениетінің ерекшеліктері неде? 4..Өз заманындағы ірі кітапхананың негізін қалаған ассириялық патшаны атаңыз.5..Шумер жазуын атаңыз.6.. «Семирамиданың аспалы бақтары» қай мәдениеттің ескерткішіне жатады?7..Месопотамия мәдениетінің Ежелгі Египет мәдениетінен басты айырмашылығы неде?8.Ежелгі Үндістан мәдениетінің ерекшелігі неде?9.Қандай діни мәтіндерде сансара және карма ойлары негізделген?10.Рама ханзадасының (принц) махаббат үшін көрсеткен ерліктері туралы қай эпиялық дастандарда жазылған? 11. Бхарат ұрпақтарының ағайындылары патшалық таққа соғысы туралы қай эпиялық дастандарда жазылған?12. «Махабхарата» дастаны қай өркениеттің мұрасына жатады?13. Ежелгі Үндістанның қандай діни-философиялық жүйелері адамның құндылығы мен ішкі дүниесін негіздейді?14.Көне Үнді қоғамындағы касталық жүйені беркіту мақсатында сансара мен карма идеясын негіздеген діни жазба-жәдігерді атаңыз.15. Ассириялық Қосөзен арасындағы мәдениетті қай мәдениет ауыстырды?16. «Гильгамеш туралы дастан» қай мәдениеттің игілігі болып табылады?



Әдебиеттер:

1.Соколова. Мировая история искусств.М,2000

2.Шаповалова. Культурология. М,2004

3.Емохонова. Мировая художественная культура М,2001

4.Борзова.История мировой культуры. М,2004

ІХ-апта

Тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті. Қазақ мәдениетінің қайнар көзі.

Дәріс мақсаты: Ежелгі қытай және қазақ мәдениеттері мен өркениеттерінің дамуын салыстыра отырып, түсіндіру

Тірек сөздер: даосизм, Конфуций,Будда,Көк тәңірі, Ұмай ана, Эрклиг,космологиялық түсінік

Дәріс №1:

1.Ежелгі Қытай мәдениетінің және өркениетінің дамуының әлеуметтік-тарихи, материалды-техникалық, саяси негізі.

2.Ежелгі Қытай және қазақ мәдениетіндегі рухани құндылықтар

1.Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениеттің қалыптасуына ерекше ықпал жасады.Қытайлар да дүниежүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметтеріне құрбандылықтар шалды.Қытайда будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық- діни үш тікті (сань цзяо) құрады.Қытайлықтар өз жазулары иероглифтердің әдемі жазылуына, қағаз бен сияның сапасына, оның түстеріне де қатты мән берген.Олар компасты, оқ-дәріні ойлап тапқан, фарфор жібек жасауды меңгерген.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ежелгі Қытай мәдениетінің басты ерекшелігін атаңыз. 2. Ежелгі Қытай мәдениетінің негізін қалаған негізгі салт-дәстүрлерді атаңыз. 3. Ежелгі Қытай философиясының негізі болған әдеби ескерткіштерді атаңыз. 4. Ежелгі Қытайдағы бейнелеу өнерінің ерекшеліктерін атаңыз. 5. Ежелгі Қытай мәдениетінде қандай құндылықтар басым болды? 6. Ежелгі қытай өркениетіндегі салттық-этикалық нормаларға философиялық-этикалық негіздеме берген кім? 7. «Номадизм» термині нені білдіреді? 8. Жырау ұғымының мағынасы қандай? 9. Ақын сөзінің мағынасы? 10. Би сөзінің мағынасы? 11. «Зарзаман» ұғымының мәні неде? 12. Толғау ұғымы мәні? 13. Аруақ ұғымының мәні? 14. «Құтадғу-білік» философиялық шығармасының авторы? 15. «Диуани Хикмет» шығармасының авторы, суфизм өкілі. 16. «Диуани лұғат-ат-түрік» (түрік сөздігі) авторы, мұсылмандық Ренессанс өкілі. 17. Аристотельдің ізбасары, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Ақылдың маңызы туралы» философиялық трактаттардың авторы. 18. Белгілі қазақ ғалымы, түрік халқының мәдениетін зерттеуші, ресейлік географиялық қоғамның мүшесі, «қырғыздардағы шамандық іздері», «Қашғария туралы жазбалар» еңбектерінің авторы. 19. Қазақстандағы Ағартудың белгілі өкілі, «Қара сөздердің» авторы. 20. Қазақстандағы ағартудың белгілі өкілі, мектепке арналған алғашқы оқулықтың авторы.



Әдебиеттер:

1.Қазақ мәдениетінің тарихы мен теориясының кейбір мәселелері. Сатершинов Б.М. А,2002.

2.Ұлттық мәдениеттің интернационалдық сипаты. Қарашин Ө. А,1976

3.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. Ардақ Нұрғали. А, 2000

Ежелгі түркі бабаларымыздың діни сенімдері негізінен Көкке (Тәңіріге ) және Жерге (Жер-суға) табыну болды. Қазақ халқы өзінің діни наным сенімінде осы қасиеттерді берік ұстанды.Қазақстанда отбасы және балалардың жебеушісі-әйел құдай Ұмай ана болды.Сенім бойынша жер асты патшалығын Эрклиг әлемінің әміршісі билейді деп түсінген.аспан әлемін қазақ бабаларымыз жете зерделеген.Түнде жұлдыздарға қарап бағыт айырытып болған.Соған байланысты Темірқазан, Жетіқарақшы, Үркер,Шолпан, Қызылжұлдыз (Марс), Есенқырған (Юпитер), Сүмбіле т.б жұлдыз және аспан денелерінің атауы шыққан.Осыған байланысты қазақ бабаларымызда космологиялық түсінік қалыптасты.Кейін ислам дінін ұстаған соң да бұл түсінік жойылған жоқ қайта керісінше күшейе түсті.

Қазақ халқы материалдық және рухани мәдениетке өте бай.Рухани мәдениетімізге сонау ежелден келе-жатқан түркі бабаларымыздың көне жазу ескерткіштері, сонымен қатар батырлар жыры, махаббат дастандары, т.с.с өлең, жырлар жатады.

Материалдық мәдениетіміз де ұшаң теңіз. Көшпелі ата-бабамыз түрлі қолөнер, зергерлік бұйымдарды дүниеге келтірді.1970 жылдары Есік қаласының маңынан табылған «Алтын адам» материалдық мәдениетіміздің дүние жүзінде теңдесі жоқ шоқтығы биік жұлдызы болды.Музыка аспаптары: домбыра, қобыз,сырнай, сыбызғы, т.б ұлттық нақыштағы киім-кешектеріміз, қазбадан табылған қару-жарақ, ыдыс-аяқтар, зергерлік бұйымдар материалдық мәдениеттің айрықша дамығандығын көрсетеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қобызды ойлап тапқан, аты аңызға айналған түрік шаманы, ойшыл. 2. Қазақ халқының белгілі жырауы, Абылай ханның кеңесшісі. 2. Батыс Қақазстаннан шыққан, қазақтың белгілі күйші-композиторы, «Сарыарқа», «Адай» және т.б. күйлердің авторы. 4. Жерұйықты іздеген белгілі жырау, Жәнібек ханның кеңесшісі. 5. Қазақ халқының ағартушылығына және білімінің дамуына үлкен үлес қосқан Бөкей орда ханы. 6. Алғашқы қазақ мектептерінің, соның ішінде қыздарға арналған мектептің негізін қалаған

белгілі қазақ ағартушысы, педагог. 7. Қазақ халқының жоңғарға қарсы күресін, батырлардың ерлігін жырлаған белгілі жырау. 8. Қазақстандағы ортағасырлық қалалық мәдениеттің орталықтары қай қалалар? 9. Дәстүрлі мәдениетті дағдарысқа ұшыратқан қазақ мәдениетіндегі Зарзаман дәуірі қай уақыт аралығын қамтиды? 10. Қай ғасырды Қазақстанда Ағарту дәуірі деп атайды? 11. Зарзаман мектебінің ақын-өкілдерін атаңыз. 12. Қазақ халқының аспапты музыкасы қалай аталады? 13. Оңтүстік Қазақстандағы Темірлан салдырған архитектуралық ескерткішті атаңыз.

Қосымша әдебиет:

1.Көшпенділер.Эстетика.А-А., 1993.

2.Казахи: историко-этнографический очерк. А-А., 1984

3.Хасанов М. Космос казахской культуры. А-А.,1993



Х-апта

Дәріс №1.

Тақырыбы: Антика дүниесінің мәдениеті.

Дәрістің мақсаты: Ежелгі Грек мәдениетін сипаттау, кезеңдерін ашып көрсету, маңызды түсіндіру.

Тірек сөздер: Антика, эллиндер, Эллада, эллинизм, крит-микены.

Дәріс мазмұны:

1.Ежелгі Греция мәдениетінің даму сатылары, факторлары, оның ерекшеліктері.

2.Ежелгі Грек мәдениетінің рухани гуманизмі

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик»-көне, ежелгі деген ұғым.Қайта өрлеу дәуірінде келген терминді итальян-ойшыл гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған.Бұл атаудың түп-төркіні «көне», «қадым заман»мағынасын беретін «Антиквус»деген латын сөзінен шыққан. «Көне»мәдениеттің негізін қалаушылар ежелгі гректер екенін ешкім жоққа шығара алмайды.Олар өздерің «Эллиндер», ал өз елдерін «Эллада»деп атады.Ғалымдар көне мәдениеттердің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді.

Грек мәдениетінің даму кезеңдері:


  1. Крит-Микены мәдениеті (б.з.б. III-II мың жылдық).

  2. Гомер дәуірінің мәдениеті (б.з.б .XI-YIII ғғ).

  3. Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б.з.б. YIII-YI ғғ.)

  4. Грек классикасы мәдениеті (б.з.б. Y-IY ғғ.)

5.Эллинизм дәуірінің мәдениеті (б.з.б. IY-б.з.I ғғ.)

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Ежелгі Грек мәдениетінің негізгі ерекшеліктерін атаңыз. 2. Ежелгі Грек мәдениетінің негізгі даму сатыларын атаңыз.3. Ежелгі Рим мәдениетінің негізгі ерекшеліктерін атаңыз. 4. Ежелгі Грек мәдениетінің дамуына әсер еткен факторларды атаңыз. 5. Ежелгі Рим мәдениетінің дамуына әсер еткен факторларды атаңыз.6. Ежелгі Грек және Ежелгі Рим мәдениетінің ортақтасғы неде? 7. Ежелгі Рим мәдениетінің Ежелгі Грек мәдениетінен айырмашылығы неде? 8. Ежелгі Грек діні құдайлардың қандай қасиеттеріне көңіл аударады? 9. Ежелгі Грек аңызы бойынша салынған Ежелгі Грек ескерткіштерін атаңыз. 10. Гомер «Илиада» дастаныныда қандай оқиғалар туралы айтады? 11. Гомер «Одиссей» дастаныныда қандай оқиғалар туралы айтады? 12. «Әлемнің жеті кереметіне» кірген Ежелгі Гректің сәулет және мүсіндеу өнерінің туындыларын көрсетіңіз. 13. Ежелгі Грек құдайлары кімнің алдында қауқарсыз? 14. Ежелгі гректердің тағдырды болжауға байланысты діни орталығын атаңыз. 15.Ежелгі Грекияның жанның мәнгілігі мен көшуі туралы діни жүйесін көрсетіңіз.16. Афина құдайына арналған храм қалай аталады? 17. Фидийдің мүсінің атаңыз.18.Ежелгі Грек кескіндемесінің (живопись) ерекшелігін көрсетіңіз.19. Самос аралының атын шығарған инжинерлік құрылысты атаңы.20. Ежелгі Грек архитектурасының стильдерінің айырмашылығы неде? 21. Ежелгі Грек архитектурасының стильдерін атаңыз.22. «Кісендеулі Прометей», «Азат болған Прометей» трагедияларының авторы кім? 23. «Илиада», «Одессей» эпикалық дастандарының авторы кім? 24. «Құдыретті комедиясында» Данте Алегериді тамұқты аралатқан жолбасшысы «Энеада» дастанының авторы кім? 25.Император Август қуғындаған «Махаббат ғылымы»мен, «Метаморфозаның» авторын атаңыз.26. Антикалық трагедия өзінің ұмытылмас даңқы үшін қандай үш ақынға борышты



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет