Абулкасова Д. Б



бет5/10
Дата05.06.2017
өлшемі1,43 Mb.
#17871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дәріс мазмұны:

1. Типология мәдениет зерттеу әдісі ретінде.Мәдениет «типі» түсінігі.

2.Мәдени-тарихи типологияның принциптері мен критерийлері

1. Мәдениет типі- бұл ұқсастық, ортақтық, не мәдени бірлестіктерді мәдениеттердің бір тобына біріктіретін және бұл көптікті басқалардан ерекшелейтін ұғым.

Ал оның көмегімен Жер шарында өмір сүрген мәдениеттердің бүкіл көптүрлілігі мәдениеттердің түрлі типтеріне (топтарына) жіктелетін, ретке келтірілетін ғылыми таным методы типологияландыру деп аталады.

Мәдениеттануда қолданылатын ғылыми метод ретінде типологияландыру әлеуметтік –мәдени объектілерді бөліктерге бөлу және оларды қайсібір ортақ негіз , белгілер бойынша топтастыру, әлдебір мәдениеттің идеаландырылған типологиялық моделін немесе типін жасау болып табылады. Типологияландырудың нәтижесінде онымен мәдениеттердің бөлініп шығарылған типтер жүйесін түсіндіру қажетті, ол мәдениеттер типологиясы болып табылады. Нақтылы өмір сүрмейтін «таза түріндегі» мәдениеттің типологиялық моделі ретінде мәдениеттің типологиясының құрылымын неміс социологы Макс Вебер толық қарастырды. Бұл ұсыныстар да М. Вебердің мәдениеттің идеалды типі басқалармен қатар өмір сүретін мәдениет типі емес, мәдениеттің кез-келген типінің оның абстрактылы-теориялық идеяландырылған формасындағы гнесеологиялық, логикалық-танымдық сипаттамасы болып табылады дегенін білдіреді.

2. Мәдениеттерді типологияландыру немесе типтердің әлдебір жүйесін құрастыру, мәдениеттер типологиясы екі маңызды, бастапқы логикалық-танымдық амалдардың көмегімен жүзеге асады.

Біріншіден, кез-келген жіктеме сияқты, мәдениеттер типологиясы топтар бойынша реттеу, негіздер, жіктеме критерийлерін таңдауға сүйенеді.

Түрлі көптіктерді мәдениеттер типтерін көрсету үшін бөлінген жалпы маңызды сипаттамалар ретіндегі негіздердің (критерийлердің ) өздері әр түрлі бола алады. Олар мыналар:

-этнографиялық критерийлер (олардың сапасында тұрмыс, шаруашылық уклады, тіл, және т.б.көрініс табады.);

-мәдениеттердің аймақтық типологиясының негізінде жататын, кеңістіктік –географиялық критерийлер: батыс-еуропалық латынамерикандық, қиыршығыстық, африкалық т.с. )

-төмендегідей мәдениет типтерін көрсетуге негіз болатын, хронологиялық –уақыттық: алғашқы адамдар мәдениеті, мәдениеттің антикалық типі, орта ғасырлық мәдениет, қайта өрлеу мәдениеті, ағартушылық мәдениет, Жаңа заман мәдениеті, модернистік мәдениет, постмодерн және т.б



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.«Типология»термині қай тілден алынған? 2. Мәдениеттер типологиясының тұйық шеңберлік (циклдік) теориясын ұсынған мәдениеттанушылар. 3. «Белдеулік уақыт» ілімін кім дамытты? 4. Алғашқы өркениеттер К.Ясперстің пікірі бойынша қай жерлерде пайда болды? 5. «Тарихтың мағынасы мен міндеттері» еңбегінің авторы кім? 6. О.Шпенглер неше тарихи-мәдени типтері санап өтеді? 7. О.Шпенглер типологиясына қай мәдениет кірмейді? 8. Қандай да болмасын негіздемелеріне, белгілеріне қарай мәдениеттер топтандырылуы қалай аталады? 9. Н.Я.Данилевский мәдени-тарихи типтің қандай төрт негізін көрсетті? 10. Мәдениет типологиясы деген не? 11. Мәдениет типологиясы негізіне қандай критериялар алынады? 12. М.Вебер «идеалды тип» ұғымына қандай анықтама береді? 13. П.Сорокин мәдениеттің типін қандай сапалармен көрсетеді? 14. П.Сорокин мәдениеттің идеалдық түріне қай сапаларды береді?



Әдебиеттер:

1.Соколова. Мировая история искусств.М,2000

2.Шаповалова. Культурология. М,2004

3.Емохонова. Мировая художественная культура М,2001

4.Борзова.История мировой культуры. М,2004

5. Ерасов.Социальная культура.М,1996



Н Данилевский мәдениет типологиясы. Ол локалды « мәдени- тарихи типтер» ілімін құрастырды. Және бұл типтер өздамуында туындау , гүлдену, құлдырау және жойылу кезеңдерінен өтеді дейді.Н.Я. Данилевский өзінің мәениеттер типологиясының негізгі критерийі рптінде қандай да бір нақтылы мәдениетке сәйкес мәдени құндылықтардың басымдығын қамтамасыз ететін әрекет түрлерінң басымдығын алды.

Н.Я. Данилевский төрт түбегейлі әрекет түрлерін атап көрсетеді:

1. діни әрекет

2. мәдени әрекет

3. саяси әрекет

4. экономикалық әрекет



О. Шпенглердің мәдениет типологиясы.

Шпенглер де бірегей жалпы адамзаттық мәдениет бар ма деген сұраққа теріс жауап береді. Олөзжауабын барлық мәдениеттердің оқшау екндігін мойындаудан және олардың өзгерісінде тек бір логиканы мойындаудан іздейді. Шпенглер бойынша, мәдениеттердің өміллік циклі-бұл кез-келген тірі организмнің өмірлік циклі. Бұл ұстанымда ол өзінің аяқталуына жеткен , 8 мәдениеттер типін атап көрсетеді., олар: қытайлық, вавилондық, үнділік, антикалық( грек-римдік), арабтық, батыс-еуропалық, майялық.

О. Шпенглер тарихи мәдени тип шектерінде мәдениет басқалардан ештенені қабылдамай, оқшау өмір сүреді, сондықтан мәдени сұхбат мүмкін емес деп пайымдайды.



Ф.Ницшенің типологиялық моделі..

Кейбір ескертулер мен типологиялық модель сапасында неміс философы Ф.Ницше ұсынған Дионис-Аполлон типологиясын қарастыруға болады.Ескерту бұлоның типологиясының тке көркем мәдениетпен қатысты екендігмен байланысты қарайды. «Трагедияның музыка рухынан тууы» еңбегіде (1872ж) ол Вагнер драмасын және антикалық трагедияны аполлондық және дионисийлік түйінделуі ретінде қарастырады.

К.Ясперстің мәдениет – типологиялық моделі.

Ол жалпы адамзаттық мәдениетпен тарих идеясына көңіл бұрады. Ол мәдениет тарихы тура бағыттық сипатқа ие және мағыналық аяқталуға ие болады деп пайымдады. К. Ясперс дүниежүзілік тарих пен мәдениеттің «белдеуін» іздейді.

Осыған сәйкес дүниежүзілік тарих схемасын белгілей келе, К.Ясперс тарихтың төрт гетерогенді кезеңіне сәйкес келетін төрт тарихи мәдени типті атап көрсетеді, олар:

І) тарихқа дейінгі алғашқы қауымдықкезең-мәдениеттің прото -тарихи типі;

ІІ) ежелгінің «ұлы мәдениеттері» дәуірі;

ІІІ)адамдық болмыс негіздерінің қаыптасу дәіуірі- өзіндік белдеулік уақыт пен шектелген тарихты бірегей дүниежүзілік әдени-тарихи процеске айналдыру негіздері қаланған әмбебап гуманистік мәдениет;

ІУ) белдеуліктен кейінгі , ғылым мен техниканың дамуына негізделген «империялық дәуір».

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Мәдениеттің идеалистік түріне П.Сорокин қандай сапаларды береді?

2.Шаруашылық мәдени түрдің анықтамасын беріңіз.

3. М. Вебер типологиясының негізіне қандай критериялар алынады?

4.19ғ.Славянофильдік өкілі, орыс әлеуметтанушысы, мәдениеттанудағы қоғамдық-тарихи бағыттың өкілі.

5. Қай философия мәдениетті талдауға таптық белгілерді негізге алады?

6. Ақпараттың қоғам терминін кім енгізді?

7. Шаруашылық мәдени типология негізіне қандай өлшем алынған?

8. Мәдениет тарихында төрт гетерогендік кезеңдерді: «Прометей», «Ежелгі дүниенің ғұлама мәдениеті», «Белдеулік уақыт», «Техника дамуын» кім көрсетті.

9. Мәдениеттің 3 типін :сезімталдық, идеационалдық, идеалистік кім көрсетті?

10. Идеалды тип копценпциясын ұсынған кім?

11.Мәдениет типология негізінде саяси, қоғамдық,экономикалық деп көрсеткен кім?

12. Мәдениет тарихының 2 түрін: матриархалды және патриархалды анықтаған кім?

Әдебиеттер:

1.Ғабитов Т.Х., Құлсариева А, Мүтәліпов Ж.Мәдениеттану.А,2004

2.Құлсариева А.Ғарифолла Есім, Ғабитов Т.Х. .Мәдениеттану.А,2006

3.Төкенов Ө. С. Жаңақұлов А. Мәдениеттану негіздері А,1999

4. Ш. Нағымұлы .Мәдениеттану.Астана,2007

ІҮ апта

Тақырыбы: Мәдениет адамзат әлемінің айнасы.

Дәріс -1:

1.Адам мәдениеттің объекті және субъектісі ретінде.Адам қызметі мәдениет негізі ретінде.

2. Мәдениет әлемнің белгісі және мағынасы ретінде.Мәдениеттегі түсінік жағдайы.

Дәрістің мақсаты:

Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдейілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни мәдениетті жан.

Адам-мәдениет субъектісі, яғни оны жасаушы, қозғаушы күш. Адам – табиғат туындысы, және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам – табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.

ХІХ ғасырдың басында мәдениеттануда тілге деген бетбұрыс байқалды. Соның нәтижесінде тіл адам болмысының ең негізгі тәсілі екендігі айқындалады. Тіл – тек денотативті (белгілік, сигналдық) коммуникация құралығына емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі әлеуметтік –мәдени, идеологиялық мәні бар) құрал. Тілде әр халықтың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мәдениеті жатыр. Тарихи-әлеуметтік және мәдени байланыстар жүйесіндегі адамның алатын орны ерекше.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Өркениет ұғымының бастапқы этимологиялық мағынасын атаңыз.2.Тілдің дұрыс анықтамасын беріңіз. 3.Таңбаның дұрыс анықтамасын беріңіз.4.Рәміздіздің дұрыс анықтамасын беріңіз. 5.Тілдің маңызы неде?6.Тілдің коммуникативтік маңызы неден көрінеді? 7.Тілдің номинативтік қызметі неден көрінеді? 8.Мәдениет феномені ретіндегі тіл қандай құрамды бөліктерден тұрады? 9.Сәйлеу мәдениетінің негізгі параметрлерін атаңыз? 10. Адамның қандай қасиеттері оны мәдениеттің субъектісі (жасаушы) ретінде көрсетеді? 11. Мәдениет объектісінің анықтамасын беріңіз. 12. Мәдениет субъектісіне анықтама беріңіз.13.Мәдениеттің сұхбаттық қағидасаның авторын атаңыз.14. Мәдениетте рәміз ұғымы нені білдіреді?15. Вестернизация деген не?16. Номадтық өркениеттердің өрістеген аймағы.17.Тексті интерпретациялауда тек оны реконструкциялау ғана емес, әрі конструкциялаумен айналысатын ғылым қалай аталады?18.Қытай мен түрік мәдениетін жан-жақты зерттеген ғалым. 19.Мәдениеттер «сұхбаты» нені білдіреді?20. «Мәдениет» және «өркениет» ұғымдарын қарама-қарсы қойған ойшыл. 21.Қызметке

анықтама беріңіз. 22. Шығармашылыққа анықтама беріңіз.23. Этикетке анықтама беріңіз. 24. Тілдің ақпараттық қызметінің мәні неде? 25. Тілдің регулятивтік қызметінің мәні неде? 26.Басқа пән туралы ақпарат беретін пән қалай аталады? 27. Ақпараттарды тіркейтін, сақтайтын және тарататын белгілер жиынтығы қалай аталады? 28. Белгілер жүйесі туралы ғылым қалай аталады? 29. «Тесттерді түсіндірудің» тәжірибесі және теориясы қалай аталады? 30. Белгі берудің қарапайым жүйесінен табиғи тілдерге дейінгі белгілер жүйесін салыстырмалы түрде зерттейтін ғылым қалай аталады? 31. Қандай белгілер жүйесінің көмегімен адамның сөйлесу, ойлау жүзеге асады. 1. Өркениет ұғымының бастапқы этимологиялық мағынасын атаңыз . 2. Тілдің дұрыс анықтамасын беріңіз. 3. Таңбаның дұрыс анықтамасын беріңіз .4. Рәміздіздің дұрыс анықтамасын беріңіз. 5. Тілдің маңызы депсіз? 6. Тілдің коммуникативтік маңызы неден көрінеді ? 7. Тілдің номинативтік қызметі неден көрінеді ? 8. Мәдениет феномені ретіндегі тіл қандай құрамды бөліктерден тұрады ? 9. Сәйлеу мәдениетінің негізгі параметрлерін атаңыз? 10. Адамның қандай қасиеттері оны мәдениеттің субъектісі ( жасаушы ) ретінде көрсетеді ? 11. Мәдениет объектісінің анықтамасын беріңіз. 12. Мәдениет субъектісіне анықтама беріңіз. 13.Мәдениеттің сұхбаттық қағидасаның авторын атаңыз. 14. Мәдениетте рәміз ұғымы нені білдіреді? 15. Вестернизация деген емес? 16. Номадтық өркениеттердің өрістеген аймағы . 17. Тексті интерпретациялауда оны реконструкциялау ғана емес, әрі

конструкциялаумен айналысатын ғылым қалай аталады ? 18. Қытай мен түрік мәдениетін жан - жақты зерттеген ғалым . 19. Мәдениеттерді ақты « сұхбаты » нені білдіреді ?20. Тарихи-әлеуметтік және мәдени байланыстар жүйесіндегі адамның алатын орны қандай?21. Мәдениет тілі ұғымына анықтама беріңіз.22. Мәдениеттер сұхбаттастығы мәселесін қалай түсіндіре аласыз? 23. «Диалог» ұғымының бүгінгі күндегі қазақша баламасы?24. Сұхбаттың болу, болмау мүмкіншіліктері?25. Сұхбаттың қандай түрлері бар?



Әдебиеттер:

1.Соколова. Мировая история искусств.М,2000

2.Шаповалова. Культурология. М,2004

3.Емохонова. Мировая художественная культура М,2001

4.Борзова.История мировой культуры. М,2004

Диалог сөзінің шыққан тегі – көне грек тілі (Соңғы уақытта қазақ тілінде жарық көрген ғылыми-зерттеу жұмыстарында «диалог» ұғымы «сұхбат» деп аударылып жүр). Адамдар қарым-қатынасының құндылығын ашып көрсетіп, сұхбаттың адам игілігіне жарайтын ұлы күш екендігін аңғарған тұнғыш философ Сократ болды.

Сұхбат адамдардың бір-бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол дегеніміз адамдардың қатынасы. Тіпті бір ауыз сөз айтылмайды да, ешбір мағлұмат алынбаса да сұхбаттың болу мүмкіншілігі, өйткені сұхбат – ішкі, көрер-көрінбек әрекеттің бір-біріне бағышталғандығы.

М. Бубердің пікірінше сұхбаттың үш түрі бар: шынайы сұхбат, техникалық сұхбат, сұхбат болып танылуға тырысқан монолог. Сұхбат адамдардың белгілі бағыт-бағдарлы рухани іс-әрекетінің көрінісі болғандықтан ол екі немесе бірнеше интеллектуалдық позициялардың арақатынасынан туындайды.

2.Дискурс ұғымы ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып дискурс ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері термин батыстық философияда кеңінен қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады – қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі) , сол

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Қызметке анықтама беріңіз. 2. Шығармашылыққа анықтама беріңіз. 3. Этикетке анықтама беріңіз. 4.Тілдің ақпараттық қызметінің мәні неде? 5.Тілдің регулятивтік қызметінің мәні неде? 6. Басқа пән туралы ақпарат беретін пән қалай аталады? 7. Ақпараттарды тіркейтін, сақтайтын және тарататын белгілер жиынтығы қалай аталады? 8. Белгілер жүйесі туралы ғылым қалай аталады? 9. «Тесттерді түсіндірудің» тәжірибесі және теориясы қалай аталады? 10. Белгі берудің қарапайым жүйесінен табиғи тілдерге дейінгі белгілер жүйесін салыстырмалы түрде зерттейтін ғылым қалай аталады? 11. Қандай белгілер жүйесінің көмегімен адамның сөйлесу, ойлау, Тесті 12. Өркениет ұғымының бастапқы этимологиялық мағынасын атаңыз .13. Тілдің дұрыс анықтамасын беріңіз .14. Таңбаның дұрыс анықтамасын беріңіз .15. Рәміздіздің дұрыс анықтамасын беріңіз. 16. Тілдің коммуникативтік маңызы неден көрінеді ? 17. Тілдің номинативтік қызметі неден көрінеді ? 18. Мәдениет феномені ретіндегі тіл қандай құрамды бөліктерден тұрады? 19. Сәйлеу мәдениетінің негізгі параметрлерін атаңыз 20. Адамың қандай қасиеттері оны мәдениеттің субъектісі ( жасаушы ) ретінде көрсетеді 21. Мәдениет объектісінің анықтамасын беріңіз. 22. Мәдениет субъектісіне анықтама беріңіз 23. Мәдениеттің сұхбаттық қағидасаның авторын атаңыз .24. Мәдениетте рәміз ұғымы нені білдіреді? 25. Вестернизация деген емес ? 26. Номадтық өркениеттердің өрістеген аймағы. 27. Тексті интерпретациялауда оны реконструкциялау ғана емес , әрі конструкциялаумен айналысатын ғылым қалай аталады ? 28. Қытай мен түрік мәдениетін жан - жақты зерттеген ғалым . 29. Мәдениеттерді ақты « сұхбаты » нені білдіреді ? 30. « Мәдениет » және « өркениет » ұғымдарын қарама - қарсы қойған ойшыл .31. Қызметке анықтама беріңіз .32. Шығармашылыққа анықтама беріңіз . 33.Шығармашылық тұлғаның қандай сипаттарын бөліп көрсете аласыз? 34. Тілдің ақпараттық қызметінің мәні депсіз ? 35. Тілдің регулятивтік қызметінің мәні депсіз ? 36 Басқа пән туралы ақпарат беретін пән қалай аталады ? 37 Ақпараттарды тіркейтін , сақтайтын және тарататын белгілер жиынтығы қалай аталады ? 38 Белгілер жүйесі туралы ғылым қалай аталады ? 39. « Тесттерді түсіндірудің » тәжірибесі және теориясы қалай аталады ? 40. Белгі берудің қарапайым жүйесінен табиғи тілдерге дейінгі белгілер жүйесін салыстырмалы түрде зерттейтін ғылым қалай аталады? 41. Қандай белгілер жүйесінің көмегімен адамның өзін рухани практикалық көрсетуі, сөйлесуі , ойлауы іске асырылады? 42. Адамның әлеуметтік-мәдени мән ретінде пайда болу және даму үдерісі қалай аталады? 43 Адамда рухани мәдениет қалай көрініс табады? 44. Жасанды тілге анықтама беріңіз.45. Мәдениет негізін қызметтің қандай түрлері құрайды? 46.Адамның мәдени мән ретінде қалыптасуының негізгі жолдарын атаңыз. 47.Табиғи тілге анықтама беріңіз.

Қосымша әдебиет:

1.Петров. М.К Язык, знак, культура. М.,1971

2.Гуревич П.С. Философия культуры

Әдебиеттер:

1.Ғабитов Т.Х., Құлсариева А, Мүтәліпов Ж.Мәдениеттану.А,2004

2.Құлсариева А.Ғарифолла Есім, Ғабитов Т.Х. .Мәдениеттану.А,2006

3.Төкенов Ө. С. Жаңақұлов А. Мәдениеттану негіздері А,1999

4. Ш. Нағымұлы .Мәдениеттану.Астана,2007

Ү-апта.

Тақырыбы:Мәдениет формалары: өнер мен дін

Дәріс №1:

1.Өнер спецификасы мәдени феномен және оның әлеуметтік-мәдени мәні ретінде.

2. Өнер дамуының негізгі сатылары және ерекшеліктері.

1. Өнер – бұл рухани бейнелеу мен шындылықты меңгерудің ерекше түрі. Адам қабілетін туғызуды және дамытуды мақсат қою арқылы қоршаған ортамен өзін-өзі әсемдік заңы бойынша шығармашылық өзгерту. Екіншіден, өнер - бұл көркемдік, эстетикалық, құндылықтар жинақталған мәдениеттің бірден-бір элементі. Үшіншіден, бұл әлемді сезім арқылы таным формасы. Адам танымының үш әдісін көрсетуге болады: рационалдық (логикалық, абстрактылық, пайымдауға негізделген), сезімдік (эмоцияға, сезімге негізделген); иррационалдық (интуицияға негізделген). Төртіншіден, өнерде адамның шығармашылық қабілеті көрінеді. Бесіншіден, өнер ләззат алумен рахат алу мүмкіндігін беретін көркемдік құндылықтарды адамның меңгере алуы мәселесін қарастырады.



2.Өнер – көп қырлы, бұл – адам жаны, өнер – бұл тамаша бейнелердің бай әлемі,фантазияның асқақтауы, адамның шығармашылық күшінің топтасуы, өмір мен адам болмысының мәнің ұғынуға мүмкіндік береді. Антика философиясында өнердің адамға деген эстетикалық әсерін айқындау үшін «катарсис» термині қалыптасты. Пифагор мектебі шеңберінде тән дерттерін, жанды зиянды құмарлықтан емдеуде нақтылық музыкалық үйлесімділік тазарту теориясы мен тәжірибесі орын алған. Біз өнерден мәңгілік құндылықтарды – Ақиқат, Игілік және Сұлулықты үйренеміз. өнер бізді тәрбиелейді, біздің әдептілігімізді шығарады.

Өнердің мәдениеттегі мәдени-әлеуметтік мәні болмысты түсіну үшін өмірді меңгерудің сезімдік бейнесінің тәсілі, көркемдік , эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, коммуникацияның ерекше құралы мен бейсаналық импульстің компенсациясы тұлғада рухани өнегелік фактордың даму ретінде көрінеді.

Мәдениеттегі діннің ролін әрбір мәдениеттің жүйесін құрастырушы факторы деп анықтауға болады. Дін –қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі . Дінге нақты және бір мағыналы анықтама беру өте қиын. Егер «религия» -(дін) терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда « байлау» , «екінші қайта оралу» дегенді білдіреді. Цицирон шығармаларында «религия» өзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қары қойылған ұғым ретінде пайдаланылады.

Бұдан шығатын бірден-бір тұжырым , дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік , тапжырлмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім – діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым- қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр.

Дін жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайларға үйлесімді және тиімді бейімделуге бағытталған бағдарлары мен іс-әрекеттік стереотиптерінен тұрады. Дүниежүзілік діедер таза этникалық құндылықтар аумағынан шығуға мүмкіндік беретін іс-әрекетте императивтерін қалыптастырады. Дін мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде орнықты құндылықтарды нығайтып, статус-квоны сақтауға мүмкіндік береді.

Адамдық қатынастарды мәдени-әлеумееттік реттеудің маңызды тетігі болып табылатын дін өз қызметінде өмір мен өлімнің түбегейлі, болмыстық, экзестенциялық мәселесін қояды және өз шешімінұсынады : тіршіліктің мәнң мен мағынасы, оның шектері , нәпсіқұмардық және тәубаға келу, өлімнің мағынасы, қорқыныш және үміт т.с.с.



Әдебиеттер:

1.Торосян В.ТКультурология .М,2005

2. Под ред. Драча . М,2000

3. Культурология.Маркова М,1998

4..Тимошинов. Культурология.м,2001

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Өнерге анықтама беріңіз.2. Эстетикаға анықтама беріңіз.3. Кереметке сипаттама беріңіз.4. Кескіндеме ұғымына анықтама беріңіз.5.Мүсін ұғымына анықтама беріңіз.6.Әуен ұғымына анықтама беріңіз.7.Архитектура ұғымына анықтама беріңіз.8.Өнердің қайта құру қызметінің мәні неде? 9.Өнердің танымдық қызметінің мәні неде?10.Өнердің ақпараттық қызметінің мәні неде?11. Өнердің коммуникативтік қызметінің мәні неде?12. Өнердің эстетикалық қызметінің мәні неде?13. Өнердің тәрбиелік қызметінің мәні неде?14.Өнердің рефлексивтік қызметінің мәні неде?15.Өнердің қандай түрлері уақытша болып табылады?16. Өнердің қандай түрлері синтетикалық болып табылады?17. Өнердің қандай түрлері бейнелеу түріне жатады?18. Өнердің қандай түрлері техниканың дамуына байланысты болады?19. Өнердің қандай түрлері орындаушылық болып табылады? 20 Өнердің қандай түрлері қолданбалы-сәндік өнер түріне жатады?21.Өнердің мәнін қандай қызметтер сипаттайды?22. Өнер рухани мәдениеттің қандай формаларымен тығыз байланысты?23. ХХғасырда өнер мен техниканың синтезделу негізінде өнердің қандай түрлері пайда болды?24. Дымқыл сылаққа (штукатурка) сулы бояумен жазылған кескіндеме түрі қалай аталады?25. Эстетикалық предметтік ортаны қалыптастыруды мақсат тұтқан жобалық қызмет түрі қалай аталады?26. ҮІІІ ғасыр философтарының ішінен кім «эстетика» терминін алғаш енгізді?27. «Жизнеописания наиболее знаменитых живописцев, ваятелей, зодчих» еңбегінің авторы, итальяндық кескіндемеші өнер тарихының негізін қалаушылардың бірі? 28. Дін ұғымына анықтама беріңіз. 29. «Әлімдік діндер» ұғымына анықтама беріңіз? 30. «Ұлттық діндер» ұғымына анықтама беріңіз. 31. «Шіркеу» ұғымына анықтама беріңіз. 32. Тілдік дін ұғымына

анықтама беріңіз. 33. Наным-сенім ұғымына анықтама беріңіз.34. Діннің негізгі белгілеріне анықтама беріңіз. 35. Діни сенімнің негізгі белгілерін атаңыз. 36. Тілдік діннің негізгі белгілерін атаңыз. 37. Шіркеудің негізгі белгілерін атаңыз. 38. Ұлттық діннің негізгі белгілерін атаңыз. 39. Діннің сипаттамалық қызметін атаңыз. 40 Әлемдік діннің негізгі белгілерін атаңыз. 41. Діннің экзистенциялдық қызметінің мәні неде?42. Діннің компенсаторлық қызметінің мәні неде?43. Діннің регулятивтік қызметінің мәні неде? 44. Діннің танымдық қызметінің мәні неде? 45. Діннің дүниетанымдық қызметінің мәні неде? 46. Діннің коммуникативтік қызметінің мәні неде? 47. Діннің аксиологиялық қызметінің мәні неде?

Қосымша әдебиет:

1.Арсеньев В.Ф.Звери.Боги. Люди.М.,1991.

2.Боев Ю. Эстетика. М.,1998.

3.Выготский Л.С.Психология искусства. М.,1968.

4.Бахтин М.М.Эстетика словенсного творчества.М.,1979.

5.Васильев Л.С.История религий Востока.М.,1998.

6.Кислюк К.В.,Кучер О.Н.Религиоведение. Ростов-на Дону, 2003.

7.Кимелев Ю.А. Философия религии.М., 1998.

8.Малерб М. Религии человества. Миф, религия, культура//пер.с фр. М.-СПб.,1997.

ҮІ-апта

Тақырыбы:Мәдениет формалары: мораль, құқық

Дәріс мақсаты:Мәдениеттің негізгі формалары ретінде мораль мен құқықтың мазмұнын ашып көрсету

Тірек сөздер:морль, құқық, этика, құқықтық нормалар

Дәріс мазмұны:

1.Мораль түсінігі, адамгершілік, этика. Мораль құрылымы және қызметі.

2.Моральдың негізгі түсінігі.

1.Мораль (латын сөзінен «moralis» аударғанда «адамгершілік»; «mores» – «мінез»)- адам мінез құлқын раттейтін қоғамдық институт. Мораль – адамгершілік, адамның қоғамға және өзінен басқа кісілерге қатысты мінез-құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығы, қоғамдық сананың ежелден бергі нысаны, адамның мінез-құлқын реттеу функцияларын атқаратын әлеуметтік институт.Мораль қатынасында «сырттан» қамтамасыз етумен байланысты сәттерге ерекше көңіл аударылады. Өмір жағдайында олар өте маңызды. Егер бұған тереңірек үңілсек, адам- бұл жоба, өмірдің шындық түрінде , сол сияқты мәнді-мазмұнды қарым-қатынастың тіршілік ету деңгейінде өз бетімен субъективті жасалады және жүзеге асырылады. (Сартр ).Адам өзін қаншалықты жүзеге асыра алады ,соншалықты тіршілік етеді. Бұндағы өмірдің мәні өзіне қызмет ету. Ежелгі гректердің дәлелдеуінше: «Адам - барлық заттардың өлшемі», «Өзіңді-өзің таны» деп айтқан.

2.Мораль – этика зерттеу нысаны.Этика - көптеген ұрпақтардың моральдық мәдениетінің тарихи тәжірибесін халық тағылымы, этикалық дәстүрлердің ерекшеліктерін өзіне қосқан адамның рухани өмірі туралы ғылым. Этикаға нормативті этика және мораль теориясы кіреді. Нормативті этика игілік, жақсылық, жамандық, әділеттілік мәселелерін зерттейді.

Нормативті этика және мораль теориясы негізінде моральдың мына түрллерін атауға болады: ұжымшылдық мораль, гуманистік мораль, белсенді, қарекетшіл мораль.

Моральдық – этикалық нормалар, халықтың ұлттық әдет-ғұрыптары қалыптасқан дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Халқымыз өзінің бай тәжірибесіне сүйене отырып, ұрпақты адал еңбекке, өнер-білімге тәрбиелейді, елдің намысын қорғау сияқты адамгершілік қасиеттер қалыптастырады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет