Абулкасова Д. Б



бет7/10
Дата05.06.2017
өлшемі1,43 Mb.
#17871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әдебиеттер:

1.А.Боннар Грецеская цивилизация.В3-х т. М., 1992.

2.А.Боннар Культура Древнего Рима.М., 1985.

3.Н.А.Дмитриева Античное искусство.

4.Н.А.Дмитриева Краткая история искусств.М.,1990.

5.Искусство Древней Греции.

6.Искусство Древней Италии.

7.Н.Кун Легенды и мифы Древней Греции

Б.з.б. ІҮ – ІІІ ғғ. Рим этрус қалаларымен қоса бүкіл Аппенин түбегін өзіне бағындырды. Б.з.д. І ғ. Рим ежелгі дүниенің аса ірі құл иеленуші мемлкетіне айналды, б.з.д. 146 ж. Коринф қаласының құлауімен антика тарихының гректік дәуірі аяқталады. Жалпы б.з.д. ІІІ ғ. аяғынан бастап Римнің әскер басылары жаулап алынған грек қалаларынан өнер шығармаларын кемемен тасып әкетіп жатты. Бұл жағдай римдіктердің көркемдік талғамын дамытуға жол ашты. Римнің қоғамдық ғимараттары, храмдары мен алаңдары Мирон, Фидий, Скопас, Поликлет, Пракситель сынды ұлы шеберлердің мүсіндерімен толды. Римдіктердің табиғи шығармашылық даналықтары сәулет өнері ескерткіштерінде мейлінше байқалады. Сондай таң ғажайып ескерткіштердің бірі Римді оңтүстік италия қалаларымен жалғастыратын ең атақты, ең ежелгі жол – Апий жолы болып саналады. Б.з.б. ІІІ – ІІ ғғ. аралығында Рим құрылысшылары сәулет өнерінде берік, су өткізбейтін бетонды алғаш рет пайдаланды.

Рим әдебиетіне келетін болсақ, бұл салада грек әдебиетінің ықпалы зор болды. Алғашқы Рим ақыны Ливий Андрониктің ұлты грек болған. Бұл дәуірдің жазушылары, прозаның шеберлері Варрон мен Цицерон болды.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Антикалық трагедия өзінің ұмытылмас даңқы үшін қандай үш ақынға борышты? 2. Ежелгі Гректің махббат лирикасының авторын атаңыз.3. Трагедия жанр және дүниені сезу ретінде қайда пайда болды? 4. «Антика» ұғымына түсінік береңіз.5. Ежелгі гректер үшін «катарсис» ұғымының мәні нде болды? 6. «Гедонизм» ұғымы нені білдіреді? 7. Ежелгі гректерде «агон» ұғымы нені білдірді? 8. Ежелгі гректер үшін «диалектика» ұғымының культурологиялық мағынасы қандай? 9. Ежелгі Гректің «полис» ұғымының мағынасын ашыңыз. 10.Ежелгі гректер үшін «варвар» ұғымы қандай мағына береді? 11. Философия пайда болған Ежелгі Грек мәдениет орталығын атаңыз. 12.Ежелгі Рим мәдениетіне қай мәдениет көп әсер етті? 13.Антикалық мәдениеттің дамуының қай кезеңі Көне Шығыс мәдениетінің даму дәстүрлерімен сабақтасып жатады? 14. Ежелгі Грек мәдениетінің өркендеуі қай кезеңге сәйкес келеді? 15. Қай қала эллиндер дүниесінің мәдени өмірінің орталығына айналды? 16. Көне Рим Апеннинда өмір сүрген қай халықтың мәдениетін мұра етті?17. Б.э.д.бірінші мыңжылдықтағы Апенниндағы мәдениет қалай аталады?18. Көне Римнің ұлы шешені, латын әдеби тілінің негізін қалаған саяси қайраткер. 19. Көне Римде сәулет өнерінің жәдігері, барлық құдайлардың храмы қалай аталды? 20. «Жолдарын бәрі Римге апарады» неге байланысты айтылған? 21. Көне Римнің көрнекті қолбасшыларна арналған сәулет құрылысы қалай аталады? 22. Рим тағындағы философ императорды атаңыз. 23. Тарих ғылымының атасы кім?24. Көне Римде қандай бұқаралық шаралар дамыған.



Әдебиеттер:

1.А.Боннар Грецеская цивилизация.В3-х т. М., 1992.

2.А.Боннар Культура Древнего Рима.М., 1985.

3.Н.А.Дмитриева Античное искусство.

4.Н.А.Дмитриева Краткая история искусств.М.,1990.

5.Искусство Древней Греции.

6.Искусство Древней Италии.

7.Н.Кун Легенды и мифы Древней Греции



ХІ-апта Тақырыбы: Араб-ислам мәдениетінің әлемі.

Дәріс №1:

1. Исламның пайда болуы Араб мәдениетінің қалыптасуы. «Араб қайта өрлеуінің» феномені.

2. Араб Шығысының өнері мен әдебиеті.

3. Араб философиясының ғылымы және олардың өзара ісі.



Дәрістің мақсаты: Ислам дінің қалыптасуының тарихи-әлеуметтік жағдайлары, араб-мұсылман өркениеті туралы құнды мағлұматтар беру.

Тірек сөздер: ислам, араб, мұсылман, пайғамбар, халиф.

ҮІІ ғ. Арабия елінде әр тайпаның дербестігі мен өзін-өзі билеуі тайпалар арасындағы қақтығысқа соқтырып, отырды. Араб тайпалары арасындағы алауыздықтар дін алалығынан да туатын. Діни нанымдардың әр түрлі болуы діни өшпенділіктерді туғызды, бұл өшпенділіктер ақырында қан төгушілікке дейін апарып жүрді. ҮІІ ғ. Арабия қалаларының ішінде өзінің байлығы, қуаттылығымен көзге түскен Мекке қаласы еді. Мекке бірте бірте Арабия түбегінің ірі экономикалық, саяси орталығына, кейіннен діни орталыққа айнала бастайды. Келе-келе Мекке феодалдары елді бір орталыққа біріктіру амалдарын іздестіреді. Феодалдық бір тұтас мемлекет құруға керекті құрал дін екендігіне олардың көздері жете бастайды.

610 ж. шамасында әрі бай, әрі саудагер Мұхаммед (570-632) Мекке саудагерлер ұйымын құрды. Мұхаммед өзін құдайдын шын дінін таратушы пайғамбарымын деп жариялады. Мұхаммед бір ғана «Жаратушы күшті» мойындады, ол күш – Алла еді. 630 жылы мұсылмандарға Мекке қарайды. Мұсылмандар Арабияда үлкен күшке айналады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Ортағасырлық Араб Шығысының мәдениетінің бастауларын атаңыз. 2.Ортағасырлық Араб Шығыс мәдениетінің ерекшеліктерін атаңыз. 3.Исламның негізгі қағидаларын атаңыз. 4.Араб Қайта Өрлеуінің негізіг ерекшеліктерін атаңыз. 5. Ортағасырлық Араб Шығысын неліктен Қайта Өрлеу деп атайды? 6.Ортағасырлық Араб Шығысының көркем өнер мәдениетінің негізгі ерекшеліктерін атаңыз. 7. Исламның негізгі бағыттарын атаңыз . 8.Ислам қай ғасырда пайда болды? 9. Исламның негізін қалаған кім? 10.Мұсылмандардың қасиетті кітабы қалай аталады? 11. «Ислам» термині араб тілінен қалай аударылады? 12. «Мұсылман» термині араб тілінен қалай аударылады?13. Ислам христиан дінінен қалай ерекшеленеді? 14. Ислам мен христиандыққа не ортақ? 15.Ортағасырлық Шығыста «Бірінші ұстазды» Аристотель десе, ал екінші ұстаз кім? 16. «Шығыс перипатетизм» термині нені білдіреді? 17. Мәңгілік пен дүниенің жаратылмағандығы адамдардың бәріне ортақ, жалғыз әлемдік парасат туралы ілім қалай аталды?18. Аверроизмнің негізін қалаған кім? 19. Қай араб философының ілімі Батыс Европада философтар арасында талас тудырды? 20. Европаға Авиценна деген атпен әйгілі болған Араб Шығыс философы кім? 21.Араб әдебиетінің көрнекті өкілдерін атап беріңіз.22.Араб философиясына тән өзіндік ерекшеліктер.23.Араб-мұсылман өркениетінің Батыс Европа мәдениетіне әсері қалай болған еді?



Әдебиеттер:

1.Бертольд В.В. Ислам и культура мусульманства. М., 1984.

2.Персидско-таджикская лирика. М., 1987.

3.Философия и история культуры. М.,1985.

Құран – ислам дінің басты уағыздары жинақталған мұсылмандардың қасиетті кітабы. Мұндағы уағыздар, әдет-ғұрып және заң шарттары, құлшылық ету, лұғатты әңгімелер мен қанатты сөздер Мұхаммедтің ауыз екі өсиеттері түрінде айтылады. Бізге жеткен Сәбит Ибн Сина құрастырған құран. Ол «Осман шығарған құран» деп атайды. Бұл құранда 645 жылы ислам діні қабылдады. Кітап 114 сүре, 6225 аяттан тұрады. Әр сүредегі аят саны бірдей емес.

Араб әдебиеті – Таяу және Орта Шығысты, Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Европаны орта ғасырда мекендеген арабтар мен араб тілін ана тілі есебінде пайдаланған халықтардың әдебиеті.Араб әдебиетінің төл басы – «ақындар атасы» аталған Имру-л-Қайс (500-540) деп есептеледі.

Араб философиясы – араб халифаты кезіндегі шығыс халықтарыныңфилософиялық ой-өрісінің даму кезеңі.Араб философиясының басты өкілдері:Әл-Кинди, Әбу-л-Ашари, Ибн-Туфайл, Ибн Рушд, т.б.Араб философиясындағы мистикалық және діни-идеалистік элементтердің европалық схоластикаға нәр болғандығына қарамастан, ол жаңа заманғы философия мен ғылымның дамуына үлкен әсерін тигізді.Араб философиясы өзінің озат тенденциялары арқылы Европаға «зерделі, еркін ойдың» дәнін алып келді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Математиканың қай саласын араб философтары жасады? 2. Оптика заңдарын қай араб ғалымдары ашты? 3. Инфекциялық аурулардың себебі микробтар екендігін ашқан ғалым? 4. Алгебраның (аль-джебр да мукабала) негізін қалаған ғалым? 5. Ортағасырлардағы араб математиктерінің ішінен кімді Европада Алгоритм деп атады? 6.Ибн Сина қай ғылым саласында даңқын шығарды? 7. Араб ғалымдары химия саласында қандай жаңалықтар ашты? 8. Араб ғалымдары математика саласына қандай үлес қосты? 9. Омар Хайямның 4 жолдан тұратын философиялық сипаттағы шумақ-афоризмі. 10. Діни аскетизм мен фанатизмге қарама-қайшы өмір қуаныштары туралы жырлайтын рубаилардың авторы, ортағасырлық шығыс поэзиясының өкілі. 11. Кейіннен Батыс пен Ресей поэзиясында орын алған, Шығыс халықтарының лирикалық поэзиясында алғаш рет қандай шумақтық формалар қолданыла бастады? 12. Арабтық Шығыстың ортағасырлық архитектурасында қандай декорды қолданған? 13. Мұсылман елдерінің өнеріндегі геометриялық формалар, түстер мен өсімдіктер тақырыбының араласып кеткен орнаментінің европалық атауы.14. Махаббат құрметіне салынған ортағасырлық Индиядағы сәулет өнерінің туындысын атаңыз.15. «Шах-наме» дастанының авторы кім?16. Гете өзінің «Западно-Восточном диване» атты шығармасында қолданған «Байлық сиқыры», «Хостров и Ширин», «Ләйлә мен Мәжнүн», «Жеті сұлу», «Искендернаме» («Пятерица») дастандарының авторын атаңыз.17. «Арабтық Қайта Өрлеу» деп аталған, Арабтық Шығыстың ортағасырлық дамуындағы гүлденген кезеңді атаңыз. 18. Араб халифатының қай қаласы 9-12 ғғ. әлемдегі ғылыми орталыққа айналды? 19. Діни-этикалық және құқықтық нормалардың жиынтығы ислам шариғаттарында қалай аталады? 20. Өкілдерінің есімдері поэзия саласында даңқты болған исламның мистикалық-діни ағымы. 21.ҮІІ ғ. Арабия еліндегі саяси-әлеуметтік жағдай қалай өрбіген еді?22. Мұхамед Пайғамбардың араб-мұсылман өркениетіндегі өзіндік орны қандай?23. Ислам дінінің түпкілікті қалыптасқан кезеңін сипаттаңыз.



Қосымша әдебиет:

1.Бертольд В.В. Ислам и культура мусульманства. М., 1984.

2.Персидско-таджикская лирика. М., 1987.

3.Философия и история культуры. М.,1985.



Тақырыбы'>ХІІ апта.

Тақырыбы: Батыс мәдениеті мен өркениетінің дамуының негізгі сатылары мен қалыптасуы (Ү-ХҮІғғ.). Христиан мәдениетінің әлемі.

Дәріс №1.

Тақырыбы:Ортағасырдағы Батыс Европа елдерінің феодалдық-христиандық мәдениетінің қалыптасуы.

Дәрістің мақсаты: Ортағасырлардағы европалық мәдениеттің қалыптасып, дамуының әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашып көрсету.

Тірек сөздер: орта ғасырлық кезең, қасиетті «Үштік», христиан діні.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Орта ғасырларда европалық мәдениеттің қалыптасып, дамуының әлеуметтік-экономикалық негіздері.

2.Батыс Европа мәдениетінің христиандық сипаты.

Ортағасырлар – эллиндік-классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды.Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасссырлар деп атады.Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды, яғни Ү ғасырдан бастап ХҮ ғасырға дейін созылады. «Ортағасырлар» деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған.Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қолданған.

«Орта ғасыр» дәуірі негізінен 3 кезеңнен тұрады:

1.«Бастапқы ортағасырлар кезеңі» - Ү-ХІ ғғ.

2.«Жоғарғы (классикалық) кезең» - ХІ-ХІҮ ғғ.

3.«Кейінгі ортағасырлар кезеңі» - ХІҮ-ХҮ ғғ.

Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі – мәдениеттің дін ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:1.Ортағасырлық Батыс Еуропа мәдениетінің қалыптасуының тарихи, әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын атаңыз. 2.Ортағасырлық Батыс Еуропа мәдениетінің негізгі сипаттарын атаңыз. 3. Ортағасырлық Батыс Еуропа мәдениетіндегі басым құндылықтарды атаңыз. 4. Ортағасырлық Батыс Еуропа мәдениетінің ортағасырлық Арабтық Шығыс мәдениетінен айырмашылығы неде? 5. Ортағасырлық Батыс Еуропа мәдениеті мен ортағасырлық Арабтық Шығыс мәдениетіне ортақ нәрсе? 6.Ортағасырлық Батыс Еуропа мәдениетінің ерекшелігіне не әсер етті? 7. Ортағасырлық Батыс Еуропаның рухани мәдениетінің дүниетанымдық негізін атаңыз. 8.Батыс Еуропаның ортағасырлық өнеріндегі негізгі стильдерді атаңыз. 9. Ортағасырлық Батыс Еуропа өнеріндегі романдық стильдің негізгі сипаттарын атаңыз. 10.Ортағасырлық Батыс Еуропа өнеріндегі готикалық стильдің негізгі сипаттарын атаңыз. 11. Ортағасырдың батысеуропалық өнеріндегі жетекші түрлерін атаңыз. 12. «Рыцарлық мәдениет» қай кезеңге тән? 13. «Песнь о Нобелунгах» ортағасырлық батырлық эпосы қай елде пайда болды? 14. «Исповедь» авторы, «шіркеу әкесі», атақты христиандық ойшыл? 15. Нотрдам де Пари, Париждегі Құдайана соборы қандай архитектуралық стильде салынған? 16. Англиядағы Вестминистрлік Аббаттық қандай архитектуралық стильде салынған? 17. Қайта Өрлеу мәдениетінің негізгі сипаттарын атаңыз. 18. Қайта Өрлеу мәдениетінің ерекшелігіне не әсер етті? 19. Қайта Өрлеу мәдениетінің ортағасырлық мәдениеттен айырмашылығы неде? 20. Қайта Өрлеу мәдениеті мен антикалық мәдениетке ортақ элементтер21.Ортағасырлар кезеңіне сипаттама беріңіз.22.Ортағасырлар дәуірі неше кезеңге бөлінеді?23.Батыс Европа мәдениетінің христиандық сипатын неден көреміз?

Әдебиеттер:

1.Ренессанс. Петр Берк.А,1997

2.Батыс Еуропа өнерінің тарихы. Л.Любимов

3.Мировая художественная культура .Емохонова

4.Лосев А.Ф.Эстетика Возрождения

5.Культура эпохи Возрождения иРеформация.М,1981.

Христиандық ілімнің негізі – Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне кәміл сену болып саналады.Ү-ҮІ ғғ.Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды.«Жеті еркін өнер» - грамматика, риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады.ХІ ғасырда Италияда Балон құқықтық мектебінің негізінде Балон университеті (1038) ашылды.Англияда Оксфорд университеті (1167), ал одан кейін іле-шала Кембридж университеті (1209) ортағасырлық білім ордаларына айналды.

Ортағасырлық Европа мәдениетінде өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады.Ол – «роман стилі» болатын.Романдық стилдің аса көрнекті үлгісі – Париждегі Нотр-дам (Құдай ана соборы) болды.Шіркеу фасадының ерекше сымбаттылығы, оның геометриялық заңдылықтарға сай салынуы адамзат баласын таңғалдырады.

ХІІ-ХІҮ ғғ Еуропа елдерінде готикалық стильүстемдік етті.Бұл жаңа стиль діни сарындағы сәулет, мүсін өнерімен тығыз байланыста қалыптасты.Германиядағы Кельн, Фрейбург соборлары, Италиядағы Санта Мария Новелла шіркеуі осы стильде салынған.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Қайта Өрлеу мәдениетінің антикалық мәдениеттен айырмашылығы неде? 2. Қайта Өрлеу мәдениетіндегі гуманизмнің мәні неде? 3. Еуропалық Қайта Өрлеу мәдениеті мен Арабтық Қайта Өрлеу мәдениетіне ортақ нәрсе? 4. Еуропалық Қайта Өрлеу мәдениеті мен Арабтық Қайта Өрлеу мәдениетінің айырмашылығ неде? 5. «Қайта Өрлеу» терминін қолданысқа енгізген кім? 6. Қайта Өрлеу үшін қай мәдениет еліктеудің үлгісі, идеалы болды? 7. Поэт-гуманистердің ішінен кім Қайта Өрлеу мәдениетінің қайнар көзі болып табылады? 8. Ренессанстың отаны қай ел? 9.Христианшылдықтың қай бағыты 16-ғасырдағы Реформацияның нәтижесі болып табылады? 10. Мына бөлініс негізінен қай мәдениетке тән: діни және тілдік, христиандық және карнавалдық, трагедиялық және әзілдік? 11. «Похвала глупости» шығармасының авторы, Солтүстік Қайта Өрлеудің атақты ойшыл-гуманисті? 12. «Готика» ұғымы нені білдіреді? 13. «Секуляризация» ұғымы нені білдіреді? 14. «Гуманизм» ұғымы нені білідреді? 15. «Ренессанс» ұғымы нені білдіреді? 16. Қайта Өрлеу мәдениеті өзінің алдына қандай мақсат қойды? 17. ХІҮ-ХҮІғғ. мәдениетті не себептен Қайта Өрлеу деп атайды? 18.Христиандық дүниетанымның орнағандығын неден көруге болады?19. .«Жеті еркін өнерге» қандай ғылым салалары жатады?20.Романдық стиль мен готикалық стильдің арасында қандай айырмашылықтар бар?

Әдебиеттер:

1.Ренессанс. Петр Берк.А,1997

2.Батыс Еуропа өнерінің тарихы. Л.Любимов

3.Мировая художественная культура .Емохонова

4.Лосев А.Ф.Эстетика Возрождения

5.Культура эпохи Возрождения иРеформация.М,1981.



ХІІІ апта.

Тақырыбы: Жаңа заман мәдениеті. ХҮІІ-ХІХ ғасырлар

Дәріс №1.

Тақырыбы: Жаңа заман кезеңіндегі Европа елдерінің мәдени дамуы.

Дәрістің мақсаты: Жаңа заман мәдениетінің құндылықтарына жалпы шолу жасау.

Тірек сөздер: Реформация, протестантизм, кальвинизм.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Жаңа заманның мәдени-құндылықтың бағдарлары. Жаңа заман өнерінің негізгі бағдарлары.

2.Жаңа заманның ғылыми-философиялық көзқарастары. Жаңа заман дәуірі: дін, философия

Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең – Реформация дәуірі болып табылады. Реформация ХҮІ ғ. алғашқы ширегінде неміс елінде дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап, жаңғыртуға басталған. Өзінің мәні жағынан алып қарағанда, Реформация буржуазия тобының екі орта ғасырлық тәртіптеріне қарсы болатын. Реформацияның ең басты мәселелерінің бірі – христиан дінінің үшінші бағыты – протестантизмнің католиктерден алшақтай бастауы.

«Бірінші буржуазиялық революция» деген атаққа ие болған бұл діни қозғалыстың дем берушісі – Витенберг университетінің профессоры, августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер.

Реформацияны одан әрі түбейлі жалғастыруға бағыт алғандардың бірі – Ж. Кальвин протестантизмнің беделді ағымының негізін қалады. «Кальвинизм» ағымы Христиан дініне табыну мен шоқыну рәсімдерін одан әрі жеңілдетті, шіркеуді жеке саяси күшке айналдыру мақсатында оны мемлекеттен бөлді және шіркеуге республикалық сипат берді.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. ХҮІІ-ХІХ ғғ. батысеуропалық мәдениеттің материалдық негіздерін атаңыз. 2. Батысеуропа мәдениетінің негізгі сипаттарын атаңыз. 3. ХҮІІ-ХІХ ғғ. батысеуропалық мәдениеттің ерекшеліктерін атаңыз. 4. ХҮІІ-ХІХ ғғ. батысеуропалық мәдениеттің ерекшеліктерінің себебі не? 5. Жаңа заман мәдениетінің сипатын қандай факторлар мен үдерістер анықтады? 6. «Ағарту» антифеодалдық қозғалысы қай жерде басталды? 7. Батыс Европада қай ғасырды Ағарту ғасыры деп атайды? 8. Француз Ағарту өкілдерін атаңыз. 9. Ағылшын Ағарту өкілдерін атаңыз. 10. Неміс Ағарту өкілдерін атаңыз.11. Реформация дегеніміз не?12. Жаңа заманның ғылыми-философиялық көзқарастарын атаңыз?13. Кальвиниз дегеніміз не?



Әдебиеттер:

1. Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. М., 1990.

2. Зомбарт В. Буржуа. М., 1994.

3. Культура: теории, проблемы. М., 1995.

Еуропа үшін жаңа заман (ХҮІІ – ХІХ ғғ.) мәдениетінің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төнкерістерге толы. Жаңа заман - өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алған кезеңі.

ХҮІІІ ғ. Еуропалық мәдениет – ХҮІІ ғ. мәдениетінің заңды жалғасы болуымен қатар, өзінің түрі, мазмұны мен мәні жағынан ерекше мәдениет. ХҮІІ ғ. рационализмнің қалыптасу кезеңі болса, ал ХҮІІІ ғ. Ағартушылық ғасырына айналды. Бұл дәуірді ұлы ағартушы – гуманистері: Вольтер мен Руссо, Гете мен Шиллер, Юм, Ломоносов пен Радищев адамзат баласының теңдігін батыл қолдап, құлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға көтерілуі, протестантизм идеяларының кенінен таралуы, жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы, ғылымға бұрын-соңды болып көрмеген қызығушылықтың пайда болуы жаңа ғасырға тән белгілер болды. ХҮІІІ ғ. құдайға, қоғамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ресейдегі Ағарту өкілдерін атаңыз. 2. Қазақ Ағарту өкілдерін атаңыз.3. Ағарту мәдениетінің басты міндеті не болды?4. «Модернизм» ұғымы нені білдіреді? 5. «Субкультура» ұғымы нені білдіреді? 6. «Контркультура» ұғымы нені білдіреді? 7. Итальян тілінен аударғанда «барокко» термині нені білдіреді? 8. ХІХғ өнерінде қалыптасқан бағыттар жиынтығы. 9. ХІХғ. өнеріндегі қай бағыттар модернистік болып табылады? 10. Қандай бағыт әдебиетте меланхолиялық арманшылдық, сезімдік ретінде көрініс тапты? 11. «Дон Жуан», «Паломничество Чайлд Гарольда» поэмаларының авторы, ағылшын романтизмінің өкілі. 12. «Собор Парижской Богоматери», «Отверженные» романдарының авторы. 13. ХІХ ғ. француз жазушыларының қайсысы буржуазиялық қоғам өмірінің толық картинасын суреттеді? 14.Ағартушылық мәдениетінің адамзат тарихындағы алатын орны қандай?15.. Ағартушылық мәдениетінің гуманистерін атаңыз?



Қосымша әдебиет:

1.Габитова Р.М. Философия немецкого романтизма. М., 1989.

2.Гуревич П.С. Философия культуры. М., 1995

3.Культура эпохи Просвещения. М., 1993.

4.Семенов В.С. Массовая культура в современном мире. СПб., 1991

5.Ортега–и-Гассет Х. Восстание масс. М., 2003

6.Ортега–и-Гассет Х. Дегуманизация искусства. М., 2003

7.Ренессанс. Барокко. Классицизм. Проблема стилей в Западноевропейском искусстве. ХҮ-ХҮІІв. М.,1986.

8.Швейцер А. Упадок и вырождение культуры. М., 1993

ХІҮ апта.

Тақырыбы: Қазіргі мәдениет: қайнар көзі, факторлары, тенденциялары

Дәріс №1:

1.Жаңа дәуір кезеңіндегі Еуропа мәдениеті: қазіргі мәдениеттің қайнар көзі ретінде және оның құндылықтары мен ерекшеліктері.

2.Бұқаралық мәдениет, оның құндылықтық бағыттары мен формалары.

3. Қазіргі өркениеттің дағдарысы және мәдениеттің жаңа типтерін іздестіру, оның парадигмалары.

Бұқаралық мәдениет алғаш рет АҚШ-та дүниеге келді. Мәдениетке коммерциялық көзқарастардың енуімен оны демократияландырды.

Бұқаралық мәдениет- бұл халық тұтынуына арналған мәдениет;бұл мәдениеттің коммерциялық өндірісінің құрылуы болып табылады.Бұл мәдениет салт- дәстүрдің не екенін, ұлт дегеніміз не екенін білмейді, ол тек соңғы сән жаңалықтарына байланысты өзгеріп отырады.

Бұқаралық мәдениеттің түрлері:


  1. Әдебиетте: детективтер, мелодрамалар, триллерлер;

  2. Музыкада: рок,поп, панк, соул,рейв, рэп, клип және т.б.;

Кино.Бұл мәдениеттің түрі XX ғ.50-60 жж.Қарқынды дамыды.Әсіресе,американдық, француздық, испандық, италяндық кинолар әлемдік кино өндірісінің көше басшылары деген атаққа ие болды

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Экрандық мәдениет қандай әлеуметтік құбылыс негізінде пайда болды? 2. Еуропалық адамның ойлау стилі. 3. «Постмодернизм» ұғымы нені білдіреді? 4. «Импрессионизм» ұғымы нені білдіреді? 5.ХХғ. өнерінде қалыптасқан бағыттар жиынтығы. 6. Қазіргі Батыс мәдениетінің ақпараттық негізі. 7. Тұңғыш энциклопедияны құрастырушы кім? 8. ХХғ. жазу мәдениетінен қай мәдениетке ауысу болды? 9. Библияны неміс тіліне аударған кім? 10.Постмодерндік ойдың ұлы өкілдеріне кім жатады? 11. Рим клубының зерттейтін мәлелері.12. ХҮІІ ғ. Еуропа мәдениетіндегі стильдерді атаңыз. 13. «Сциентизм» терминінің мағынасы қандай? 14. ХХғ. өнерінде қалыптасқан бағыттардың сәйкестігінің атауы.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Мәдениеттің дағдарысы оның көпшілікке айналуымен байланысты деп есептеген кім? 2. Маргиналдық дегенімз не? 3. Бір мәдениеттің басқа мәдениетті «жұтып қою процесі» қалай аталады?4. Адамзаттың болашағы жөніндегі түсініктер мен білімдер жиынтығы қалай аталады?5. Классицизм қандай кезеңдегі көркемдік бағыт. 6. Имперессионизм көркемдік-музыка стилі ретінде қай елде қалыптасты? 7.Футурологияның зерттейтін бағыты.8. Итальян тілінен аударғанда «борокко» сөзі қандай мағына береді? 9. Батыс Европада қандай ғасыр ағартушылық деп аталды? 10. Жаңа заман мәдениетінің басты ерекшелігі неде? 11. Авангардизм сөзі қандай мағынаны береді? 12. Бұқаралық мәдениеттің пайда болуы немен байланысты? 13. Ромонтизмге тән сипаттар. 14. Бұқаралық мәдениет мәдениеттің қандай түрінен көрінеді?



Әдебиеттер:

1.Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. М., 1990.

2. Зомбарт В. Буржуа. М., 1994.

3. Культура: теории, проблемы. М., 1995



ХҮ апта

Дәріс №1.

Тақырыбы: ХІХ – ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.

Дәрістің мақсаты: Қазақ-ағартушылардың қазақ мәдениетінде қалдырған мұраларына талдау жасау.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет