Ай атаулары р/р



бет2/6
Дата08.09.2017
өлшемі1,05 Mb.
#30191
1   2   3   4   5   6



Күтілетін нәтиже:
Білу: Отбасылық мерекелер туралы біледі.
Игеру:Қуанышты көңіл-күй сыйлау дағдылары қалыптасады.
Меңгеру: Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: №4

«Графикалық диктант»

Мектепке оқуға даярлығын анықтау-зерттеу тестері
1. Эксперимент жүргізуші: Еркинова Макпал

2. Зерттелуші: мектеп алды тобы

3. Өзіндік есеп: Эксперимент жүргізуге дайынмын.

4. Эксперимент жүргізілген күн:

5. Эксперименттің көрнекті құралы: тор көз дәптер, қаламсап.

6. Эксперименттің мақсаты: зейін процесін анықтау.

7. Эксперименттің барысы: бұл әдіс ойлауды және баланың зейінін тануға арналады.

8. Эксперименттің мақсаты: Бала үлкендердің айтқанын зейін салып, тыңдауы, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды дәл орындай алатындығы, қағаз бетін бағдарлап сызықтарды анықталған бағытта түсіретіндігін анықтау.

Тапсырманы орындау үшін әр балаға тор көзде дәптердің бір парағына төрт нүкте түсіріліп беріледі. Психолог балаға тапсырманы орындау ретін түсіндіреді мыс: нүктелерді сызықтармен қос, жоғары оң жақтағы бұрыштан сызықты оңға содан соң төмен, содан соң солға қарай сызып қос .Бірінші жаттығу бағаланбайды.



НӘТИЖЕЛЕРДІҢ БАҒАСЫ:
-сызу дәл орындалса-4 балл

-бір сызық дұрыс жүргізілмесе- 3балл

-кейбір элементтері ғана нұсқауға сай келсе-2 балл

-ешқандай ұқсастық болмаса-0 балл


ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ НӘТИЖЕСІ.
10 бал- өте жоғары.

8-9 бал- жоғары.

4-7 бал-орташа.

2-3 бал- төмен.

0-1 бал- өте төмен.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №5

Топ:

Күні:

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Психология.

Тақырыбы: «Достық неден басталады?»

Мақсаты: Балаларға «дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру, достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету, достаса білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, ойыншық, жүрекше.

Билингвальдік компонент: достық –дружба, с чего начинается дружба.


Әрекет кезеңдері



Психолог іс-әрекеті


Балалардың

іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

І. Шаттық шеңбері.

Балаларды шаттық шеңберіне шақыру, ойыншық жүрекшені беру.

Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне бере отырып, сәлемдеседі.




Ұйымдастыру-іздену

Балалармен достары туралы әңгімелесу.

-Достық деген не?

-«Өзін-өзі тану» әлеміндегі картасындағы суреттен не көріп тұрсыңдар?

«Үш жолдас». В.Осеева.

Сұрақтар беру .

Дәйексөз «Достық асыл қасиет».

Ойын: «Менің досым».

Тыныштық сәті.

Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті.

Ғажайып сөздер айту, мағынасын түсіндіру.


-Бір-біріне адал, тату достардың суреттерін көріп тұрғандарын айтады.

-Адамдардың арасындағы сыйластық.

Достар бір-бірін түсінеді. Балалар әңгімені тыңдап, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Дәйексөзді қайталайды. Балалар ойынға қатысады.

Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәтін орындайды. Сөздерді қайталайды.




Рефлексифті түзету


Қорытындылау.

Достар әрқашан бір-бірлеріне көмектеседі, бір-біріне адалболады.

«Жүректен-жүрекке»шеңберіне тұрады.

Балаларға ойыншық жүрекшені беру.



Балалар ойыншық жүрекше арқылы өз достарының қандай болғанын қалайтынын айтады.

-Менің досым батыр болса деймін.





Күтілетін нәтиже:
Білу:«Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру.
Игеру:Достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету.
Меңгеру:Достаса білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. №6

Топ:

Күні:

Білім саласы: Әлеумет

Бөлім саласы: Психология

Тақырыбы: «Түсіну мен кешіруді үйренеміз »

Әрекет кезендері

Психолог іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Шаттық шеңбері

« Жақсылық көрсең біреуден,» Ө.Ақыпбековтың өлең жолдарын қайталау.



Балалар шаттық шеңберге тұрады. Қызығушылықтары оянады.


Іздену ұйымдастырушы

Тәрбиеші балаларғаС.Сарғасқаевтің «Неліктен ойнамайды» деген әңгімесін оқып береді.

Сұрақ арқылы талдайды.

-Аман неліктен балалармен бірге ойнамады?

-Балалар, сендер оқиғаны қалай аяқтар едіңдер?

Дәйек сөз . «Қандай рақат, жүрейік достар күнде өстіп .

Ренжу деген, ренжу деген білместік!» деген өлең жолдарын дәйексөз ретінде түсіндіріледі.

Сергіту сәті : «Санайық жаңаша» Тыныштық сәт.

Ойын « Досынды кешір».

Дәптермен жұмыс .

Ғажайып сөздер .Өнегелі сөздерді қайталап айтады.

«Жүректен -жүрекке» шаттық шеңберіне тұрып кешірім білдіретін сөздерді айтады.


Балалар кешіру, түсіну деген сөзінің мағынасымен танысады. Әңгімені тыңдап қойылған сұрақтарға жауап берді.

Өздері ренжіскен кездері туралы

айтты.

Дәйек сөзді қайталайды. Мақалды жаттап, түсінігін айтады.


Сергіту сәтін орындайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Ойын ойнайды.
Шаттық шеңберге тұрады.

Рефлексивті коррекциялаушы

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Біз бүгін не туралы айыттық?

Кешіру, түсіне дегенді қалай түсіндіндер?

Сендер ренжісіп қалған кезде қандай сөздер айттындар? Мадақтау .



Сұрақтарға жауап қайырып қорытындылайды.

Бірін - бірі мадақтайды, баға береді



Мақсаты: «Кешірім» « өзара түсіністік » адамгершілік қасиеттері туралы

Күтілетін нәтиже:

Білу : кешірім, түсіну сөздерінің мағынасын білді .

Игеру: балалар жақсы қасиеттерін игерді.

Меңгеру: өзара сенім мен түсіністікті меңгерді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. №7

Топ: Мектепке даярлық

Күні:

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Психология

Тақырыбы: «Менің үйдегі достарым»

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының маңызын түсіндіру.Үй жануарларына қамқорлық көрсету туралы түсінік беру. Үй жануарларымен жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу,ойын.

Керекті құралдар: суреттер.

Билигвальдік компонент: мои друзья в доме.

Әрекет қозғаушы.

Психолог іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Қ. Ыдырысовтың «Әжесі мен Бағлан» өлеңін оқиды, «Мен» деген сөзді хормен айтады.



Балалар хормен «Мен» деген сөзді айтады.

Ұйымдастыру іздену

Балаларға әдемі ойыншық мысық беріп, кезекпен мысықтың әдемілігін сипаттап, сипап жылы сөздер айтады.

Ит пен мысық адамға қалай дос болды.

(Ертегі) оқып беру.

Ит пен мысық адаммен қалай достасты?

Сендердің осындай кішкентай достарың бар ма?

Сендер оларға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?

Дәйексөз.

«Өміріміздегі ең ізгі нәрсе- достасу»деген халық даналығын түсіндіру.

Тыныштық сәті.

Ойын. «Аңдар әні»

Мысық отыр жайғасып,

Қолымен құлағын сипалап.

Қимылды байқап жасайық,

Жасайық соны қайталап.

1,2,3 қане,қайтала (3рет)

Тағы қайтала.

Ғажайып сөздер.

Қамқорлық- жақсы қасиет.

Жануарларға қамқормын.

Қортындылау.Бүгін біз өзіміздің кішкентай достарымыз ит пен мысық,олардың адамға тигізер пайдасы жөнінде білдік.Оларды жәбірле мей,қамқорлық көрсету қажеттігін түсіндік.



Балалар әдемі сөздерін айтады.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәйексөзді қайталайды.
Көздерін жұмып ауаны терең жұтып,еркін тыныс алады.

Қимылмен көрсетеді.

Балалар қайталайды.


Рефлексифті түзету

Жүректен жүрекке.

Балалар шеңберге тұрып қолдарына күшікті ұстап өз қамқорлықтарын айтады.



Менің күшігім,мен сені жақсы көремін.

Білді:Балалар «Қамқорлық» ұғымының маңызы туралы білді.

Игеру: Ит пен мысық адамға қалай дос болды. Ертегіні игерді.

Меңгеру : Үй жануарларына қамқорлық көрсету туралы түсінікті меңгерді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. №8

Топ: Мектепке даярық

Күні:

Білім саласы: Әлеумет

Бөлім саласы: Психология

Тақырыбы: « Жақсылыққа жақсылық »

Мақсаты: « Өзара достық», «жақсылық» ұғымдары туралы түсінік беру; достық қарым –қатынас туралы түсініктерін кеңейту; үлкендермен, құрбыларымен сыйластық қарым- қатынас мәдениетін дамыту; достыққты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ –жауап, түсіндіру.

Керекті құралдар:дәптер,суреттер , мақал.

Сөздік жұмыс: жақсылық, достық.

Билингвалдық компонент: добро возвращается добром.

Әрекет кезендері

Психолог іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Шаттық шеңбер

«Амансың ба, Алтын күн!»



Балалар шаттық шеңберге тұрады. Тәрбиешінің көмегімен айтады, қызығушылықтары оянады.


Іздену ұйымдастырушы

С.Көбеевтің « Құмырсқа мен көгершін» туралы әңгіме оқып сұрақ -жауап арқылы талдайды.Құмырсқа мен көгершіннің бойыннан қандай қасиет тер байқауға болады? «Жақсылыққа-жақсылық »деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

Дәйекісөз . Тәрбиеші «Жақсылыққа-жақсылық адамдықтың белгісі» деген нақыл сөзді дәйексөз ретінде түсіндіріледі.

Сергіту сәті :

«Санайық жаңаша » Тыныштық сәт.

Ойын «Жақсылық жасау үшін не істеу керек? ».

Дәптермен жұмыс .

Ғажайып сөздер .Өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Жүректен жүрекке. Шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды.


Балалар жақсылық сөзінің мағынасымен танысады. Әңгіме ні тыңдап қойылған сұрақтарға жауап берді. Өздері кімге қалай жақсылық жасағандарын

айтты.

Дәйекі сөзді қайталайды. Мақалды жаттап, түсінігін айтады.


Сергіту сәтін орындайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Ойын ойнайды.

Шаттық шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталады.



Рефлексивті коррекциялаушы

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Біз бүгін не туралы айыттық?

Жақсылық жасау деген не?

Сендер қандай жақсылық жасадыңдар? Мадақтау .




Сұрақтарға жауап қайырып қорытындылайды.

Бірін - бірі мадақтайды, баға береді




Білу : достық, қарым-қатынас туралы білді.

Игеру: жақсылық жасай білу дағдылары игерілді

Меңгеру: жақсылық жасай білуді меңгерді

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. №9

Топ: Мектепке даярлық

Күні:

Білім беру саласы: Әлеумет

Тақырыбы:Бәріде татулықтан басталады

Мақсаты: Отбасы,сүйіспеншілік,татулық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Керекті құралдар:дәптер,ойынға қажетті құралдар,үнтаспа.

Билигвальдік компонент: все начинается с уважения.

Әрекет қозғаушы.

Психологтың іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер!

Балаларды шеңбер тұрып М. Мақатаевтың «үлкенді сыйла»өлеңін бірге айтады.

.


Балаларды шеңбер құрып тұрады айтады.

Ұйымдастыру іздену

Әңгімелеу.

Н.Қадырбаевтың «Мейірім»әңгімесін оқып беру.

Дәйексөз

«Ата-анаңа,құрметпен қара,әдеппен сөйле»

Сергіту сәті.

(өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау)

Ойын «Ғажайып сандықша»

(ата,әже,шеше,аға,әпке,іні,қарындас.т.с.т)

Тыныштық сәт.

Балалар ,денелерінді түзеу ұстап,ауаны терең жұрып,еркін тынысалады.

Дәптермен жұмыс.

Ғажайып сөздер.

Үлкендерді құрметте.

Ата-анаңды сыйла,ренжітпе.



Балалар әңгімені тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Дәйексөзді қайталайды.

Сергіту сәтін орындайды.

Балалар сандықшадан бір суретті алып,суреттегі бейнеге өз құрметін сыйластығын қалай білдіретінін айтады.

Дәптерге өз үйлерінің суретін салады.

Сабақ бойы айтып үйренген сөздерін қайталайды.


Рефлексифті түзету

Біз бүгін отбасында туыстардың,жақын адамдардың бірін-бірі түсіністікпен,сүйіспеншілікпен қараса,барлығы бақытты болып,отбасында татулық орнайды.

Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысты.


Күтілетін нәтиже:
Нені білді:Отбасындағы татулық туралы білді.

Қандай түсінікті игерді:Отбасындағы өзара сыйластық,өзара түсіністіктерінің

қалыптасуы туралы игерді.



Меңгерген дағдылары:Туған,өскен үйде тату болуды меңгерді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №10


Топ: Мектепке даярлық

Күні:

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Психология

Тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам»

Мақсаты: Балаларға балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту, ұжымдық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Дәртер, хрестоматия

Билингвальдік компонент: Балабақша-детский сад.


Әрекет кезеңдері

Психолог іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

Е.Өтемісовтың «Бала, бала, баламыз» өлеңін бірге айту.

Өткен тақырыптарды еске түсіру.


Бала, бала, баламыз,

Балабақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.

Балалар сұрақтарға жауап береді.





Ұйымдастыру іздену

Әңгімелесу



  • Балалар бүгін сүйікті бақшамыз туралы әңгімелесеміз. «Балабақша өз үйіміз»

  • «Балабақша атауы» не үшін берілген?

  • Әңгімелесу Балабақшада С.Оспанов өлеңін оқу (3 рет)

  • Сергіту сәті.

  • Дәйексөдер айту.

  • Тыныштық сәті ойын: «Біздің балабақша бізді неге үйретеді?»




Балалар өз бақшасының атауын, тобын атап, әңгімелейді.

«Балабақша» бұл әдемі атау. Балабақщада балалар өсіп, жақсылыққа, достыққа үйретеді. Балалардың жауаптар.

Сергіту сәтін орындайды.



Рефлексифті түзету

Ғажайып сөздер.

Балаларды бағалап, мадақтау.


Бір шаңырақ астында, тату-тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да.


Күтілетін нәтиже:

Білу: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

Игеру: Ұжымдық қарым-қатынас ұғымдарын дамыту.

Меңгеру: Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы. №11
Тобы:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Психолог

Білім беру саласы: Әлеумет

Тақырыбы: «Шаруа мен Аю» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты:ертегі мазмұнын жете түсіндіріп, оны тыңдауға деген қызығушылығын ояту; өз ойын қиялымен ұштастыра отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету; ертегі арқылы балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар:ертегі желісі бойынша шаруамен аюдың суреттері, ертегі бойынша бейнетаспа, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс:шаруа, шалқан.

Билинвальді компонент:шаруа – крестьянин; аю – медведь; шалқан – репа; Бидай – пшеница;


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Психолог іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Адал, жақсы ниетпен,

Бар амадға бақ тілеп,

Жарып шыққан жүректен

Сөздің бәрі ақ тілек.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып қолдарына ұстаған қамшыны бір-біріне бере отырып жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Балпаң-балпаң басады,

Қыр-жотадан асады

Паналайды үңгірді

Іздемейді тасаны

Ол не?
«Шаруа мен Аю» туралы орыс халық ертегісімен таныстырады. Балаларға ертегіні толық оқып береді, мазмұнын түсіндіреді.
Сөздік жұмыс

Шаруа – жерді баптап, күтіп, егін өсіретін еңбекқор адам.

Билингвальді компонент: аю – медведь; шаруа – крестьянин; бидай – пшеница; шалқан – репа;
Сұрақ жауап

-Ертегі қалай аталады?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?

-Шаруаға не келді?

-Аю шаруаны қалай қорқытты?

-Олар неге келісті?

-Шаруа не екті?

-Аюға қай жағын берді?

-Келесі жылы Шаруа неекті?

-Аю нені білмеді?


Сергіту сәті

Ертегі желісі бойынша іс-әрекетті қимылмен қайталату.

-Шаруа бидайды қалай екті?

-Аю қалай келді?

-Бидайы қалай өсті?

-Шаруа шалқанды қалай екті?

Ертегіні рөлге бөліп ойнату
Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Балалардың жауаптары.


Жауабы; аю

Балалар ертегіні тыңдайды.
Балалар қайталайды:

аю – медведь;

шаруа – крестьянин;

бидай – пшеница;

шалқан – репа;

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Бала қимылмен, сөзбен қайталап көрсетеді.

-Жерді қазып, тұқым шашты

-Балпаңдап келді

-Бидай үлкен болып өсті

-Жер қазып, тұқымды салды.
Ойнайды
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.


Рефлекциялық түзетушілік

-Шалқын жердің астында жатады, жапырақтары жердің бетіне шығады. Ал бидай дәні масақта болады. Сабағын жемейді. Бидайдан ұн жасап, ұннан нан, түрлі тағамдар пісіреді.


Балалар ертегімен танысып, мәнерлеп айта біледі. Рөлге бөліп ойнай алады.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет