Ай атаулары р/р


Тақырыбы: «Отбасындағы қуаныш» Мақсаты



бет4/6
Дата08.09.2017
өлшемі1,05 Mb.
#30191
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: «Отбасындағы қуаныш»

Мақсаты: «Бақыт», «қуаныш» құндылықтарының мәнін түсіндіру.Отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету; отбасын мүшелеріне қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту; отбасындағы өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ –жауап, түсіндіру.

Керекті құралдар:дәптер,суреттер , тақпақ,мақалдар.

Сөздік жұмыс: отбасы, қуаныш, бақыт, шаңырақ.

.


Әрекет кезендері

Психология іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Е.Өтетілеуровтің «Біздің шаңырақ» өлеңін тәрбиешімен бірге қайталайды.

Атамнан басталар...,


Балалар шаттық шеңберге тұрады. Тәрбиешімен бірігіп өлең жолдарын қайталайды, қызығушылықтары оянады.

Іздену ұйымдастырушы

Өзіммен- өзім. Балалар көздерін жұмып өздерінің отбастарың, үйлерін көз алдарына елестетеді. (Балалар жауаптарымен бөліседі.)

Ә.Табылдының «Арұлан» әңгімесін оқып ,балаларға сұрақтар қояды.

-Аружан інісінің қай ісіне сүйсініп, қа лай еркелетеді екен?

-Арұланды неліктен пысық, тіл алғыш деп айтады?

-Арұланды ата-анасы қалай еркелетеді екен?

-Отбасында бір-бірлерінді қалай еркелетіп атайсыңдар?

-Арұлан отбасында жақындарын қандай істерімен қуантады?

Мақал: «Балалы үй базар», балалрға түсіндіріледі.

Сергіту сәті :«Орнымыздан тұрайық... »

Дәптермен жұмыс . Ойын «Менің отбасым».



Балалар көздерін жұмып өздерінің үйлері туралы айтады.

Әңгімені мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап қайырады.


Дәйекі сөзді қайталайды. Мақалды жаттап, түсінігін айтады.
Сергіту сәтін орындайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Ойын ойнайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

-Біз бүгін не туралы айыттық?

-Отбасы деген не?

-Отбасы қандай болады?

-Қандай әңгіме оқыдық?

«Жүректен -жүрекке» шаттық шеңберіне тұрады.

Мадақтау .


Сұрақтарға жауап қайырып қорытындылайды.

Бірін - бірі мадақтайды, баға береді



Күтілетін нәтиже:

Білу : «бақыт», «қуаныш » сөздерінің мағынсын білді.

Игеру: отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға игерді.

Меңгеру: отбасына деген сүйіспеншілікпен қарауды меңгерді

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. №21

Топ:

Күні:

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Психология

Тақырыбы: «Менің сезімдерім»

Мақсаты: Балаларға адамның сезімдері туралы түсінік беру, бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту.

Керекті құралдар:ойыншық жүрекше

Билигвальдік компонент: менің сезімім- мои чувства.

Әрекет қозғаушы.


Психология іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер!

«Кел, балалар, күлейік» өлеңін айту.

Өткен тақырыптарды еске түсіру.


Шеңберге тұрып,қимыл көрсету арқылы өлеңді орындайды.

Ұйымдастыру іздену

Әңгімелесу

Бүгін көңіл күйлерің қандай?

Адамның неліктен көңіл күйі өзгереді?

Әңгімелеу.

«Әдептілік әлемі» Е.Өтетілеуұлы

өлеңін оқу,мазмұнын түсіндіру.

Ойын: «Көкпар» қимылды ойыны.

Сахналау


«Жақсы көңіл-күй сыйлаймыз»

Ғажайып сөздер

Сабақта айтып,үйренген өнегелі сөздер айтады.

Балаларға жылы сөздер айтқызу.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс жүргізу.



Балалардың жауабы.


Өлеңді мұқият тыңдап,не туралы екенін түсінеді.
Бір-бірін мадақтап жылы сөздер айтады.

Сезімтал бол!

Жақсы көңіл күй жанды жадыратады.

Дәптермен жұмыс жүргізеді.



Рефлексифті түзету

«Жүректен жүрекке»шеңберіне тұрады.

Ө.Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік» өлеңін барлығы бірге айтады.




Шеңберге тұрып барлығы бірге айтады.


Күтілетін нәтиже:
Білу:Адамның сезімі туралы білді.

Игеру:Адам бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуды игерді.

Меңгеру:Сүйспеншілік туралы меңгерді

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№22

Күні:

Білім беру саласы: Әлеумет Бөлімі: Психология Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын» (өлеңді жаттау) Мақсаты: өлеңді мәнерлеп оқу, сөздердің мағыналарын ашып түсіндіру арқылы ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту; өлеңді қайталау арқылы жаттату; ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын ояту; ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру; Отанымыздың адал азаматы болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ғарышкерлер суреттері, ғарыш айлағының суреті, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс: зымыран, ғарыш.Билингвальді компонент: ғарыш-космос; ғарышкер- космонавт; зымыран-ракета.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Психолог іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивацялык – қозғаушылық


Шаттық шеңбері

-Біз далаға шыққанда аяғымызбен нені басамыз, жоғарыға қарағанда нені көреміз?

-Аяғымызбен Жер-ананы басамыз.

Жоғарыға қарап, көк аспанды, Күнді көреміз.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.



ұйымдастыршылық-ізденістік




Кіріспе әңгіме

Педогог балаларға жұмбақ жасырады:



Аспанда бір алып құс

Ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң, ғажайып,

Соңында із қалады.

-Зымыран (ракета) не үшін қажет?

-Ғарышқа кімдер ұшады?

-Бүгін біз ақын Жақан Смақовтың «Мен ғарышкер боламын» деген өлеңімен танысамыз.



Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын.

Сөздік жұмыс

Ғарышкер-ғарыш кемесімен ғарышқа ұшатын, аспан әлемін зерттейтін адам.


Билингвальді компонент:

ғарыш-космос;

ғарышкер- космонавт;

зымыран- ракета.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Бір, екі, үш!

Орнымызды табайық.
Өлең шумақтарын қайталату
Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

«Ұшақ» ойыны

-Балалар, ұшаққа отырып, ұшып көрейікші.

Музыка әуені ойналады. Балалар ұшады, музыка аяқталғанда қонады





Балалардың жауаптары.


Шешуі:зымыран.


Ғарышқа ұшу үшін керек.

-Ғарышкерлер ұшады.

Балалар өлеңді мұқият тыңдап, жаттап алады.
Ғарыш, ғарышкер сөздерінің мағынасын қайталайды.

Қайталайды:

Ғарыш-космос;

Ғарышкер- космонавт,

Зымыран-ракета.

Балалар өлеңді жатқа айтып береді.

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Балалар ойынды ықыласпен ойнайды.



Рефлексиялық түзетушілік


-Қазақта тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкерлерді атаңдар.



Балалардың жауаптары

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкерлерін еске түсіреді.

Түсінеді: ғарыш әлемі және оның құпия сырлары туралы түсінеді.

Қолданады: «Мен ғарышкер боламын» өлеңін мәнерлеп жатқа айтады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№23

Күні:

Білім беру саласы: Әлеумет Бөлімі: Психология Тақырыбы: «Әкесі мен балалары»(әңгімелеу) Мақсаты:сурет бойынша әңгіменің мазмұнын мәнерлеп жеткізу; көркем шығарманы тыңдауға деген қызығушылығын арттыру және оның мазмұнын түсіне отырып әңгімені аяқтауға дағдыландыру; татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар:әкесі мен балалары туралы реттеп жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс:сыпыртқы, шыбық. Билингвальді компонент:әке-отец; балалары- дети; сыпыртқы -веник .



Оқу іс- әрекетінің көздері


Педагогтің іс- әрекеті


Балалардың іс- әрекеті

Мотивация-лық-қозғау-шылық

Шаттық шеңбері

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр сәніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Кіріспе әңгіме

- Балалар, уйде сендерді қандай жақсы сөздермен еркелетеді?

-Біз бүгін белгілі орыс жазушысы Лев Толстойдың « Әкесі мен балалары» деген әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені мәнерлеп оқып береді.

-Әкесі балаларына қандай ақыл айтты ?

-Балалары оның ақылын тыңдады ма?

- Сыпыртқы неге сынбады?

-Жеке-жеке сындырғанда неге сынды?

-Әкесі балаларына осылайша ұрыспай тату болсаңдар, сендерді ешкім де ренжіте алмайды деген ойды білдірмек болды.

Балалардың жауаптары.

Балалар әңгімені мұқият тыңдайды

-Балаларым, тату-тәтті өмір сүріңдер! –деді.

-Балалары әкесінің айтқанын тыңдамады.

-Сыпыртқының шыбықтары көп болғандықтан мықты.

-Жеке шыбық әлсіз болады.





Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сөздік жұмыс

Сыпыртқы – үй сыпыратын зат,

Шыбық – сыпыртқының жеке-жеке талдары деген мағынаны білдіреді.
Билингвальді компонент:

Әке отец; балалары – дети;

Сыпыртқы – веник.
Сергіту сәті

Ал балалар, тқрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарай иіліп.

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.
Сұрақ-жауап

-Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.


Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Мақал жаттау

Бірлік болмай, тірлік болмас



Сөздердің мағынасын түсінеді.

Қайталайды:



Әке – отец; балалары – дети; сыпыртқы – веник.
Балалар қимылмен көрсетеді.


Балалрдың жауаптары.

Балалар жұмыс дөптеріндегі тапсырманы орындайды.

Балалар мақалды жаттайды.

Рефлек-сиялық тұзету-шілік

-Бауырлар бір-бірімен тату болуы керек.

-Үлкендердің айтқан ақылын тыңдаған жөн.



Балалар өз ойларын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әңгіме арқылы үлкеннің айтқанын тыңдау керектігін біледі, сурет бойынша ажыратып айта алады.

Түсінеді: Әрдайым бірге болсаңдар, сендерді ешкім де ренжіте алмайды деген сөздің мағынасын түсінеді.

Қолданады:жұмбақтар мен сөзжұмбақтың жауабын таба алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. №24

Күні:

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Психология

Тақырыбы: «Менің елімнің рәміздері»

Мақсаты: Өлеңді дауыс ырғағын келтіре отырып оқу, мазмұнын ашу, балаларды еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу, имандылық, адамгершілік тәрбиесіндегі үлгі өнеге сөздерді үйретіп, елді қорғауға баулу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: елтаңба, ту суреттері, гимн мәтіні, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Психолог іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

- Менің Отаным өте сұлу!

-Менің Отаным өте бай!

-Менің Отаным әдемі!

-Мен Отанымды, рәміздерімді мақтан етемін!



Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

-Бүгін біз өзіміздің туған жеріміз Отанымыз туралы әңгімелесеміз

-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?

-Елтаңбаның авторлы кім?

-Тудың авторлары кім?

-Гимннің авторлары кім?

-Енді, балалар, ақын Н.Қалқаның «Менің елімнің рәміздері» өлеңімен танысамыз.

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші

Рәміздерім елтаңба, ту, гимнді.

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз

Өсіп өніп толамыз

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз

Қанат қағып ұшамыз

Қарлығаштай самғаймыз.

Дидкатикалық ойын: «Менің сүйікті қалам»

Ойынның шарты: балалар дөңгелене шеңберге тұрады. Ойын бастаушы «Сүйікті қалаңды ата!» деп допты бір балаға лақтырады. Келесі бала ойынды одан әрі жалғастырады.




Біздің Отанымыз-Қазақстан.

Балалардың жауаптары.


Балалар өлеңді қайталай отырып жаттайды.

Қазақстан Республикасының рәміздері тудың, гимннің, елтаңбаның авторларын қайталайды.
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Балалар қимылмен сергіту сәтін орындайды.

-Менің сүйікті қалам Астана!

-Менің сүйікті қалам Алматы!

-Менің сүйікті қалам Қарағанды!


Рефлекциялық түзетушілік

Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана.

Қазақстан қазба байлықтарға өте бай.

Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу керек.


Балалардың толық жауаптары тыңдалады.

Өлеңді жатқа айтып береді.






Күтілетін нәтиже:
Ойланатын: Қ.Р рәміздерін жатқа айтады.
Түсінеді: Қ.Р рәміздеріне құрметпен қарауды, Отанын қорғау міндеті екенін түсінеді.
Қолданады: рәміздерді мәнерлеп суреттей алады.

Ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы. №25

Күні:

Білім беру саласы: Әлеумет Бөлімі: Психология Тақырыбы: «Көктем сәні»(ертегі) Мақсаты: ертегіні оқып, кейіпкерлерін талдауда мазмұнын, идеясын, ертегі жанрының ерекшелігін сезіну; ертегіні баяндауда өз ойын алдымен ұштастыруға баулу; ертегіге деген қызығушылығын арттыру; көктемде табиғаттың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: көктем туралы иллюстрациялы суреттер, ертегі бойынша аңдардың суреттеі, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс: нөсер, жасыл, желек. Билингвальді компонент: көктем сәні – красота весны; аңдар – дикие животные.

Оқу іс- әрекетінің көздері


Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың

іс- әрекеті

Мотивация-лық-қозғау-шылық

Шаттық шеңбері

Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.






Кіріспе әңгіме

Педагог балаларға сұрақ қояды:

-Көктем сәні не деп ойлайсыңдар?

-Көктемде қандай ерекшелікті сезінесіңдер?

-Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды?

-Бүгін біз «Көктем сәні» деген ертегімен танысамыз.

Ертегіні мәнерлеп, түсіндіре отырып оқып беру, мазмұнын айту.

Сөздік жүмыс

Нөсер деп төгіп жауған жаңбырды айтамыз. Жасыл желек сөзі көк шөпті, жасыл ағаш жапырақтарын білдіреді.

Билингвальді компонент:



көктем сәні – красота весны;

аңдар – дикие животные.

Балалардың жауаптары.


Балалардың ертегіні мұқият

Тыңдайды.


Сөздердін мағынасын түсінеді.


Қайталайды:

Көктем сәні – красота весны;

аңдар – дикие животные.




Ұйымдастырушылық - ізденістік

Сұрақ жауап

-Арыстан орманға аңдар не үшін шақырды?

-Қандай аңдар жиналды?

-Арыстан қандай сұрақ қойды?

-Ақбөкен не деп жауап берді?

-Қоян, арқар, қабан, түлкі не деп жауап берді?

-Елік дұрыс айтты ма?

-Сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар?


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Бір, екі, үш!

Орнымызды табайық.
Ертегінің мазмұны туралы айтып, сөздердің мағынасын қайталау.
Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Дидактикалық ойын:

«Бұл қандай аң?»

Ойын шарты: суретте бірнеше аңның суреті көп бөліктерге бөлініп қиналған.

Балалар қиындылардан аңдардың денесін құрастыруы тиіс.

Балалардың жауаптары

Балалар қимылмен көрсетеді


Нөсер, жасыл, желек сөздерінің мағынасын қайталайды.
Балалар жұмыс дәптеріндегі

Тапсырманы орындайды.

Балалар қиындылардан аңдардың денесін құрастырды.


Рефлек-сиялық -түзету-шілік

-Арыстан не үшін аңдарды жинайды?

-Көктем сәні неде?


Балалар жауаптары



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ертегіні тыңдап, көктем сәні неде екенін айта алады.

Түсінеді: аңдарға қамқорлық көрсету керектігін, табиғатты аялап , күтіп баптау керектігін түсінеді

Қолданады:ертегіні сахнадан, рөлге бөліп ойнайды.

ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: №26

«КІМГЕ НЕ ЖЕТІСПЕЙДІ»

(зейін)
1. Эксперимент жүргізуші: Еркинова Макпал

2. Зерттелуші: мектеп алды тобы

3. Өзіндік есеп: Эксперимент жүргізуге дайынмын.

4. Эксперимент жүргізілген күн:

5. Эксперименттің көрнекті құралы: қаламсап.

6. Эксперименттің мақсаты: зейін процесін анықтау.

7. Эксперименттің барысы: бұл әдіс ойлауды және баланың зейінін тануға арналады.

Орындалудан алдын балаға 20-шы суреттегі тапсырма түсіндіріледі. Суреттің астындағы көрсетілген заттардың жоғарғы суреттерге қайсысы дұрыс келетінін табуы керек.



8.Қолданылған әдебиет: Р.С. Немов 3 том 105 бет.
НӘТИЖЕЛЕРДІҢ БАҒАСЫ:
10 бал-30 секунд аз уақытта тапсырманы орындау.

8-9 бал-31 секундтан 49 сек-қа дейін орындау.

6-7 бал-Тапсырманы 50 сек-тан 69 сек-қа дейін орындау.

4-5 бал- Тапсырманы 79 сек-тан 89 сек-қа дейін орындау.

2-3 бал-Тапсырманы орындау 90 сек-тан 109 сек-қа дейін созылуы.

0-1 бал- тапсырманы 110 сек-та орындау.
ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ НӘТИЖЕСІ.
10 бал- өте жоғары.

8-9 бал- жоғары.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет