Ай атаулары р/р



бет3/6
Дата08.09.2017
өлшемі1,05 Mb.
#30191
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ертегіні тыңдай отырып, еске түсіреді, ертегіні рөлге бөліп ойнайды.

Түсінеді: ақылды, аюдың аңқау екендігін түсінеді.

Қолданады: ертегіні сахналау арқылы байланыстыра сөйлеуге дағдыланады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№14
Тобы:

Күні:

Білім беру саласы:Әлеумет

Бөлімі: Психолог

Тақырыбы:«Тәуелсіз Қазақстан» (өлең) Мақсаты: өлеңді оқып, сөздердің мағыналарын түсіндіру ; өлең арқылы елге , жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Отанды,елді қорғайға тәрбиелеу. Көрнекіліктер, қажетті құралдар: Тәуелсіздік монументінің, Астана қаласының , Бәйтеректің, Ақорданың суреттері, слайд, жұмыс дәптері. Сөздік жұмыс: тәуелсіздік, еркіндік, теңге Билингвальді компонент: тәуелсіз – независимый.

Оқу іс-

Әрекетінің

кезеңдері


Психолог іс – әрекеті


Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы -

лық

Шаттық шеңбері

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен

Туған ел!


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, Отанға деген жылы лебіздерді білдіреді.






Кіріспе әңгіме
-Біз қай республикада тұрамыз?
-Қазақстан Республикасының бас қаласы қай бала?
-Енді біз ақын ағамыз Оразақын

Асқардың «Тәуелсіз Қазақстан» атты өлеңімен танысамыз.


Тәуелсіз еркін елде біз

Дүниеге келгенбіз.

Көк ту мен елтаңбамыз,

Бар біздің өз теңгеміз.
Сөздік жұмыс

Тәуелсіздік- еркіндік, теңдік, егемендік

деген мағынаны білдіреді.

Еліміздің өз туы, гимні,елтаңбасы бар.

Теңге – біздің төл ақшамыз.


Билингвальді компонент:

Тәуелсіз – независимый



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір.

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл – гүл жайнап жанамыз,

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.
Өлең шумақтарын қайталату.
Сұрақ - жауап

-Өлең қалай аталады?

-Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?



Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы

Балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Мақал жаттау

«Туған жерге туынды тік»



Балалардың жауаптары.
-Қазақстан Республикасында
-Бас қаламыз –Астана.

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.


Тәуелсіздік, еркіндік, егемендік,ту, гимн,елтаңба,теңге сөздерін қайталайды.
Қайталайды:

Тәуелсіз – независимый


Балалар қимылмен көрсетеді.


Балалардың жауаптары.

Балалардың жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Балалар жаттап алады.



Рефлексия -

лық түзету-

шілік

-Тәуелсіздік ,еркіндік сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже: Ойланады: өз еліміздің тәуелсіз, егемен,жеке мемлекет екенін біледі. Түсінеді: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі туралы түсінеді, өз елтаңбамыз , туымыз, гимніміз бар екендігін біледі,айта алады. Қолданады: тәуелсіздік, Астана, Алматы, елтаңба,ту туралы тақпақтарды айтып бере алады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№15

Тобы:

Күні:

Білім беру саласы: Әлеумет Тақырыбы:«Ақымақ қасқыр» (ертегі) Мақсаты: балаларға ертегіні оқып беріп, ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз қасиеттерін көре білуге , өз ойларын жеткізе білуге ойлау ертегі арқылы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер, қажетті құралдар: қасқырдың,қойдың,ешкінің суреттері, жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар,слайдтар ертегі бойынша бейнетаспа.

Сөздік жұмыс: ақымақ,жылы-жұмсақ. Билингвальді компонент: қасқыр –волк; қой – овца; ешкі – коза.

Оқу іс –

Әрекетінің

Кезеңдері


Психолог іс – әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивация –лық қозғау –

шылық



Шаттық шеңбері

Балаларды шаттық шеңберіне

тұрғызып , жылы тілектерін айтқызады.


-Айша, мен саған, жақсылық

тілеймін!

-Бақтияр, мен саған, жылулық тілеймін!

-Баян,мен саған денсаулық тілеймін!




Ұйымдастырушылық- ізденістік

Кіріспе әңгіме

-Балалар,сендер қандай ертегі білесіңдер?

-Сол ертегілердің ішінде қайсысы ұнайды?

-Ертегі несімен ұнайды?

-Қазір біз «Ақымақ қасқыр» ертегісімен танысамыз.

Ертегіні мәнерлеп оқып береді.


Сөздік жұмыс

Қасқыр – жабайы, азулы аң.

Қой – жуас, момын үй жануары.

Билингвальді компонент:

Қасқыр – волк; қой – овца; ешкі – коза.
Сұрақ – жауап

-Ертегі қалай аталады?

-Ертегіде қасқыр қандай үй жануарына кездеседі?

-Қасқыр жайылып жүрген нені ұстап алады?

-Қой қасқырдан қалай құтылады?



Балалардың жауаптары.

Балалар ертегімен танысады.


Сөздің мағынасын түсінеді.


Қайталайды: қасқыр – волк ;

қой – овца; ешкі – коза.


Балалардың жауаптары.

-Қойды ұстап алады.

-«Мен арықпын. Мені босат,қоралы қойға қайтайын,

Тартайын»,-дейді



Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Қасқырға тағы не жолығады?

-Ешкі қасқырдан қалай құтылады?

Сергіту сәті

Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса дағы сақалы.

Секеңдеуді қоймайды.
Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.


-Ешкі жолығады.

-«мен қарапайым ешкі емеспін,тойда билеп торқа киген ешкімін»,-дейді.

-Ешкі билеп,секіре-секіре

Жалт беріп,көп қойдың арасына кіріп кетеді.
Балалар қимылмен көрсетеді .

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.



Рефлек-

Сиялық

Түзету-

шілік

-Ертегі неге «Ақымақ қасқыр» деп аталған?



Балалардың жауаптары.





Күтілетін нәтиже: Орындайды: ертегідегі кейіпкерлердің дыбыстауын жүріс қимылмен көрсете алады.

Түсінеді: жануарларға қамқорлық көрсету керектігін біледі,ертегідегі қасқырдың ақымақтығын, қой мен ешкінің ақылдылығын түсінеді. Қолданады:ертегідегі жағымды- жағымсыз кейіпкерлерді ажырата алады.

ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: №16

«ДҰРЫС ОРНАЛАСТЫРУ»

(ОЙЛАУ ПРОЦЕСІН АНЫҚТАУ)


  1. Эксперимент жүргізуші: Еркинова Макпал

  2. Зерттелуші: Мектепке даярлық

  3. Өзіндік есеп: эксперимент жүргізуге дайынмын.

  4. Эксперименттің жүргізілген күні:

  5. Эксперименттің көрнекті құралдары: қалам.

  6. Эксперименттің мақсаты: ойлау процессін анықтау

  7. Эксперименттің мақсаты: Бұл әдістеменің көмегімен баланың қоршаған табиғат және олардың байланысы туралы көз қарасы бағаланады, сол сияқты баланың жасау қабілетін талқылауын, өзінің ойын граматикалық дұрыс атауы анықталады.Алдымен балаға 17 сурет көрсетіледі, онда жануарларға ыңғайсыз жағдай көрсетілген. Балаға мынадай тапсырма беріледі: «мына суретке зейін қойып қара және айт: мыналар өз орнында ма? Егер дұрыс болмаса онда неге олай екенін түсіндір. Суретті көруге және тапсырманы орындауға 3 минут беріледі.

  8. Қолданылған әдебиет: Немов ІІІ том 97бет


Нәтижелердің бағасы:

10 – балл Егер бала 3 минут ішінде жеті суретті көріп дұрыс немесе дұрыс емес екенін дұрыс түсіндіре алса.

8 – 9 балл Бала барлығын дұрыс байқап , 1-3 дейінгі суретті аяғына дейін түсіндіре алмаса.

6 – 7 балл Бала дұрыс түсініп, дұрыс шешіп 3-4 түсіндіріп үлгермесе.

4 -5 балл Бала дұрыс түсініп, дұрыс шешіп 5-7 берілген уақытта үлгермесе.

2 – 3 балл Берілген уақытта 1-4 дейінгі суретті байқап үлгермесе және түсіндіруге жетпесе.

0 – 1 балл Берілген уақытта аз байқаса және түсіндіре алмаса.

Даму деңгейінің нәтижесі:

10 балл -өте жоғары

8-9 балл- жоғары

4-7 балл- орташа

2-3 балл –төмен

0-1 балл- өте төмен

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.№17
Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Бір уыс мақта» (әңгіме) Мақсаты: әңгіменің мазмұнын ашып түсіндіру; әңгімелеу арқылы ойын қиялын дамыту; әңгіме жанрларын ажыратып, қимыл іс-әрекет арқылы сахналау; еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер, қажетті құралдар: анасы мен қызының, мақтаны алып ұшып бара жатқан торғайдың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд.

Сөздік жұмыс: күн өтпей жатып, шапан. Билингвальді компонент: мақтавата; ана – мама; торғай – воробей.

Оқу іс- әрекетінің көздері


Педагогтің іс- әрекеті


Балалардың іс- әрекеті

Мотивация-лық-қозғау-шылық

Шаттық шеңбері

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.






Педагог баларға жұмбақ жасырады:

Өзі аппақ қардай,

Жұмсақтығы мамықтай.

-Мақта туралы Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Бір уақыт мақта» деген қызықты әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені мәнерлеп оқып береді.

Сөздік жүмыс:

Кән өтпей жатып деген сқзінің мағынасы – бір күннің ішінде болған оқиғаны білдіреді.

Шопан–адамның сырт киімі.


Балалар жұмбақты шешеді.

Жауабы: мақта
Балалар әңгімені тыңдайды.

Күн өтпей жатып сөзінің мағынасын өайталайды.

Балалар қайталайды:



мақта – вата; ана – мама;

торғай – воробей.




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сұрақ жауап

-Кішкентай қыз не істеп отырды?


-Анасы қызының қалған қиқымын қайда лақтырды?

-Қыз мақтаның қалған қиқымын қайда лақтырды?

-Оны не лақтырды?

-Анасы оған не айтты?



Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

-Әкесінің шапанын жамап отырды.

-Анасы қызына кез келген заттың қажет болатыны туралытүсіндірді.

-Қыз мақтаның қалған қиқымын терезеден сыртқа тастады.

- Оны бір торғай тұмсығымен тістеп алып кетті.

- Ол мақтаны торғай ұясына төсеп, балапандарына мамық етеді.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.



Рефлек-сиялық -түзету-шілік

- Құс мақтаны не үшін алып кетті?



Балалардың жауаптары.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: анасына тігін тіккенде, үй жұмысына көмектеседі.

Түсінеді: біруыс мақтаның пайдасы бар екенін түсінеді .

Қолданады: кез келген заттың керегі болатындығын біледі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. №18
Күні:

Білім беру саласы: Психология Тақырыбы: «Мысық, Әтеш және Түлкі» (ертегі) Мақсаты: ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, жағымды – жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету; ертегіге тән қызығушылығын арттырып, ойын, қиялын дамыту; ертегі арқылы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: мысықтың, әтештің, түлкінің реттері, ертегі бойынша бейнетаспа, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс: шап беріп, тәкаппар. Билингвальді компонент:әтеш-петух; түлкі -лиса; мысық -кот.

Оқу іс- әрекетінің көздері


Психолог іс- әрекеті


Балалардың іс- әрекеті

Мотивация-лық-қозғау-шылық

Шаттық шеңбері

Балалардың шаттық шеңберіне тұрғызып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді



-Жансерік, мен саған ашық аспан тілеймін!

-Айша, мен саған күннің шуағын тілеймін!

-Жансая, мен саған қуаныш тілеймін!





Кіріспе әңгіме

Педагог баларға жұмбақ жасырады:



Бұрап қойған сағаттай

Айғайлайды таң атпай.
-Қандай жан- жануарлар туралы ертегі білесіңдер?
-Бүгін біз « Мысық, Әтеш және Түлкі» деген ертегімен танысамыз.

Ертегіні мәнерлеп оқып береді.


-Орманда Мысықпен бірге не өмір сүрді?

-Мысық қайда кетеді?

-Әтешті Түлкі қалай алдады?

-Мысық Әтешті қалай құтқарды?




Жауабы: әтеш.


Балалрдың жауаптары.

Балалардың ертегінің мазмұнымен танысады.


-Әтеш.

-Орманға, аң аулауға.

-« Терезеден қарашы, бұршақ беремін», -деп алдады.
- Түлкіні қуып жетіп, Әтешті үйшігіне алып келеді.





Ұйымдастырушылық - ізденістік

Сөздік жүмыс: шап беріп, тәкаппар.

Әтеш – үй құсы.

«Ку – ка – ре – ку»>деп шақырды.

Мысық та үйде өмір сүреді.

Мысық мияулайды.

Билингвальді компонент: әтеш – петух;

Түлкі – лиса; мысық – кот.


Ойын: «Не қалай дыбыстайды?» \электрондық ойын слайд\

Сергіту сәті

Ертегі желісі бойынша қимылдар жасатады.

-Мысық қалай жүреді?

Қалай дыбыстайды?

-Әтеш қалай секіреді?

Қалай шақырады?

-Түлкі қалай қуланады?

-Құйрығын қалай қозғалтады?

-Түлкі Әтешті қалай мақтады:
Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.


Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Сұрақ жауап

-Ертегіде не туралы айтылған?

-Қай кейіпкер саған ұнайды?

-Түлкінің жасаған қылығы дұрыс па?


Мақал жаттау

«Дос болсаң, берік бол,

Досыңа серік бол».

Сөздердің мағынасын түсінеді.

-Ку – ка – ре – ку!

-Мияу!


Қайталайды: әтеш – петух;

Түлкі – лиса; мысық – кот.

Балалар қимылмен көрсетеді.

-Дыбысын білдірмей жүреді.

-Мтяу – мияу!

-Ку – ка – ре – ку!

Қүйрығын бұлғандатып, майысып, қуланады.


Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.


Балалар ертегіні рөлге бқліп ойнайды.

Сахналық өойылым өояды.

Балалар мақалды жаттап алады.



Рефлек-сиялық -түзету-шілік

-Мысық Әтешке қалай көмектесті?

-Әтеш қандай құс?


-Мысық – адал дос.

Ол әтештң Түлкінің арбауынан құтқарады.

Әтеш – аңқау, алданған ңа сенеді.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ертегіде кездескен кейіпкерлердің қимылдарын жасай алады.

Түсінеді: ертегі желісі бойынша әтештің еңбекқор, мысықтың қамқор екенін түсінеді.

Қолданады: ертегі мазмұны бойынша рөлге бөлініп ойнайды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. №19
Тобы:

Күні:

Білім беру саласы: Психология Тақырыбы: «Бала-біздің болашақ» (өлеңді жаттау) Мақсаты:Қасым Аманжоловтың «Бала-біздің болашақ» өлеңінің мазмұнын ашу, өлең әнін әр шумағын дауыс ырғағын келтіре отырып қайталау, жаттату; балалар мерекесі туралы айтып жеткізуге; мерекелік көңіл күиін ояту; балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер, қажетті құралдар:мерекеге арналған шарлар, жалаушалар, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс:болашақ, шалқиды. Билингваольді компонент: балалар-дети; болашақ-будущее; жаз-лето; бақытты-счастливый

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Психолог іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық



Шаттық шеңбері

Бала,бала баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Ұйымдастырушылық-ізденістік



Кіріспе әңгіме

Педогог балаларға жұмбақ жасырады:

Қойны толы жеміске,

Көк майсалы еңісте

Көбелек ұмып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?


-Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Жаз мезгілі несімен ұнайды?

-Жаз мезгілінің бірінші күні - «Балаларды қоғау күні».

-Балалар –болашақта елімізді, жерімізді қорғайтын азаматтар.

-Балалар, ол сендердің мерекелерің

-Бүгін біз ақын Қасым Аманжоловтың «Бала-біздің болашақ» атты өлеңімен танысамыз.

Бала- біздің болашақ,

Сүйсінеміз.

Бұл болашақ тамаша-ақ,

Болашаққа иеміз.

Сөздік жұмыс

Болашақ сөзі алдағы уақыт деген мағынаны білдіреді.

Билингвальді компонент:

Балалар – дети; болашақ-будущее; жаз-лето;

бақытты-счастливый.

Сергіту сәті

-Таңертең тұрғанда жазда нені көресіңдер?

-Күнді көргенде қалай қуанасыңдар?

-Күн бізге не шашады?

-Қане, алақанымызды жылытайық.

Қолымызды күнге созайық.

Сұрақ-жауап

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Өлең шумағын қайталайық


Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Дидактикалық ойын:

«Не болар еді»

-Күн жоқ болса, не болар еді...

-Ауа жоқ болса, не болар еді...


Балалар өз ойларын толықтыра отырып, жұмбақтың жауабын айтады.
Жауабы: жаз мезгілі.

Балалардың жуаптары.

-Жаз мезгілінде күн ысиды.

-Әдемі гүлдер өседі.

-Көбелектер шығады.

-Суға шомылып, күнге қыздырынамыз.

-Жайлауға, ауылға, қалаға, ата-әжелерімізге қыдырып барамыз.

Балалар мұқият тыңдай отырып, өлеңді жаттап алады.

Болашақ-алдағы уақыт мағынасын білдіреді.

Қайталайдыбалалар-дети;болашақ-будущее;жаз-лето;бақытты-счастливый.

Қимылмен көрсете отырып жасайды.

-Күнді.


-Алақай!

Жылуын шашады.

Балалар қолдарын күн жылуына тосады.

Өлең шумақтарын қайталайды.


.
Балалар шеңберіне тұрып, педогогтің қойған сұрағына жауап беріп, сөйлемді аяқтайды.

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды



Рефлексиялық-түзетушілік

-Мереке сендерге несімен ұнайды?

-Мерекеде қайда бардыңдар?



Балалар өз ойларын айтады.

-Мерекеде саябаққа қыдырамыз.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әдемі шумақтарын мәнерлеп айтады.

Түсінеді: болашақта үлкен азамат болып өсетіндерін түсінеді.

Қолданады: мереке туралы өз ойларын айтады.

Ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы. №20

Топ:

Күні:

Білім саласы:Әлеумет

Бөлім саласы: Психология

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет