Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Білім түрлері: реподуктивтік және конструктивтік



бет5/21
Дата26.06.2018
өлшемі1,84 Mb.
#44344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

2. Білім түрлері: реподуктивтік және конструктивтік
Жалпылай алғанда, педагогикалық ғылымда білімнің бір-біріне қарама-қарсы тұрған, антагонистік қағидалар ұстанған екі түрі ажыратылады. Мәселен, Джон Дьюи «Өмірлік тәжірибе және білім беру» атты еңбегінде білімді дәстүрлі және прогрессивтік (Дьюи Дж., Демократия и образование: Пер. с англ. – М.: Педагогика-Пресс, 2000. – 384 с.) деп екіге бөлсе, Жан Пиаже «Баланың сөйлеуі мен ойлауы» атты еңбегінде білімнің келесідей екі түрін атаған: «әлеуметтік-ырықсыз» білім және белсенді түрде үйрену арқылы игерілген білім (Жан Пиаже. Речь и мышление ребенка/ Пер. С фр. и англ. – М.: Педагогика-Пресс, 1999. – 528 с.).

Альфред Уайтхэд те білімді «мектептік» және «пән аумағындағы білім» деп бөлген, бұл жерде ол ұсынған «интуитивтік» білімді ескермесе де болады, өйткені аталмыш білім туа біткен білімдерге жатады (А.Уайтхэдтің жүйесін таблицадан қараңыз). «Пән аумағындағы білім» деп мектеп бағдарламасында орын алған пәндер бойынша өткізілетін сабақтарда оқушылардың өздігімен білім құрастыруды атайды (Ч.Темпл, 2002, 31).

Т.Лешкевичтің жүйелеуінде келтірілген білімнің сан алуан түрлерін де сайып келгенде екіге бөлуге болатын сияқты: репродуктивтік және жүйелі білім (Қосымшада көрсетіледі).

Сонымен білімді келесідей түрде жіктеуге болатын тәрізді: репродуктивтік және құрастырылған (конструктивтік) білім. Олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары қандай? Бұл сұраққа жауап беру әрбір педагогтың білім жүйесіне деген көзқарасы мен ұстанған құндылықтарын айқындайды, ұстаздық философиясын мен сенімдерін көрсетеді, яғни мұғалімнің білім жүйесін қалайша түсініп, осы түсініктен туындаған дидактикалық әдістері мен үйренушіге деген ықыласын айғақтайды.

Дж.Дьюи дәстүрлі мектептің кемшіліктері ретінде «ересектердің қазіргі кезде тек өсіп-жетіліп келе жатқан балалар үшін құрастырған, жоғарғы жақтан және сырттан күштеп берілетін пән мазмұндарының стандарттары мен әдістерін» атайды да, бұл ойын әрі қарай былай деп жалғастырады: «Ұрпақтар арасының алшақтығы орасан үлкен болғандықтан, оқудың бекітілген мазмұны, әдістері және тәртібі балалардың мүдделеріне тіпті де сәйкес келмей, оларға таныс тәжірибенің аумағынан тыс шығып кетеді» (Дж.Дьюи, 328). Сол себепті де ересектердің бекіткен мұндай талаптары жүзеге күшпен асырылады, бұған қоса оқушылар педагогикалық процеске терезесі тең түрде қатыса алмайды, өйткені бұл жоспарлар олардан тек «орындау мен жаттауды» ғана талап етеді: «Мұндай жағдайда оқу дегеніңіз кітаптар мен жасы үлкендердің басында орналасқан нәрселерді иемдену. Бұған қоса оқытылып жатқан мазмұн толық аяқталған деп қарастырылады» (Дж.Дьюи, 328).

Сонымен репродуктивтік білім біреудің тасымалдаған (берген) ақпаратын бәлсенді (пассив), ырықсыз түрде қабылдау дегенді білдіреді. Мұндай білім үйренушілердің мұқтаждары мен мүдделерін ескермейді, олардың бұрынғы білімдерімен байланыс орнатпайды. Үйренушілер бұл білімді сіңіргенде ешқандай ізденуші немесе зерттеу жұмыстарын атқармайды, оның қажеттілігі туралы ойланбайды, тек сырттан берілген ақпаратты механикалық түрде ғана есте сақтауға тырысады. Күнделікті өмірмен байланыспаған мұндай білімнің қажеттілігі шамалы болады, өйткені үйренушілер оларды өз өмірінде қалайша қолданатындығын білмейді. Репродуктивтік білім оқушының тұлғасына бағытталмай, оқу жоспарларын оқытудың негізі деп түсінетіндіктен, оны «бағдарламацентристік» оқыту деп атауға тұрарлық.


Лирикалық шегініс

Жындардың әміршісі

Әкесі дүниеден озып, бір жас жігітке мұрагерлікке көп дәулет қалыпты. Сол байлықтың барлығын жігіт жын мен перілерді жеңу өнеріне сарп етіпті. Ұзақ жылдар бойы жігіт құпия ілімді игеріп, бұл тұрғыдан алдына жан салмайтын дәрежеге жетіпті.

Бірақ өле-өлгенше әлгі жігіт бір де бір жын мен періні кездестірмепті.

(Кітапта: Если ты не осел, или Как узнать суфия. Суфийские анекдоты./ Составление, перевод и литературная обработка: Константинов С.В., Смирнова Л.В.- СПб.: ИД «ВЕСЬ», 2003. -240 с. – Бұдан әрі қарай хикаялар осы кітаптан алынады. – А.Ә.)
Құрастырылған (конструктивтік) білім іздену, тану және ой-толғау секілді үйренушілердің өзіндік белсенді әрекеттері негізінде игеріледі. Білім игеруде олар дайын күйде берілген ақпаратты есте сақтау үшін қабылдамай, оларды «игеру» сөзінің шын мағынасы бойынша жан-жақты қарастырады, оларды әрекеттер арқылы зерттейді.
Кесте №3


Дәстүрлі (репродуктивтік)

білім



Құрастырылған білім

Жоғарғы жақтан күштеу



Тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуы


Еркіндікке жол бермейтін тәртіп


Еркін түрде әрекеттесу


Кітаптар бойынша үйрену


Тәжірибе арқылы үйрену



Қайталау арқылы жүйеленбеген (арасында байланысы жоқ) біліктер мен дағдыларды қалыптастыру


Өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін біліктер пен дағдыларды игеру



Бұлыңғыр болашаққа дайындау


Бүгінгі күннің мүмкіншіліктерін мейлінше пайдалану


Статикалық (өзгерістерге ұшырамайтын) мақсаттар мен материалдар



Әлемнің күнделікті өзгерістерге толы динамикасы




Конструктивтік білімнің басты қағидасы білімнің үйренушіге дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және әр адамның қоршаған әлем туралы өмір бойы өзіндік түсінік құрастыруымен байланысты, яғни білім үйренушінің жеке басында пайда болған ойлары, идеялары, түсініктері,
Кесте №4

Мұғалімнің гуманистік философиясы



Компоненттері



Ерекшеліктері


Конструктивтік

- Оқу жоспары жалпыдан дараға қарай бағытталып, негізгі құрамдас бөліктерді назарға алып құрылады.

- Тапсырмалар үйренушілердің мүдделері мен мұқтаждықтарын ескеріп құралады.

- Өмірде орын алған және нақты құбылыстар зерттеледі.

- Тура емес, жанамалай оқыту таңдалады.



Әлеуметтік- мәдени

- «Оқушылар – мұғалім – ата-аналар» құрамында үйренушілер социумы құралады.

- Үйренушілер басқа жұмыс түрлеріне қарағанда топ құрамында көп жұмыс жасайды.

- Өз ұлттық және әлем мәдениеті бойынша кітап оқуға уақыт беріледі.




Танымдық

(когнитивтік)

- Сабақтың мақсаттары мен тапсырмалары Блум таксономиясының деңгейлері негізінде құралады.

- Жаңа білім бұрынғы білімнің негізінде құрастырылады.

- Оқушылардың әртүрлі деңгейдегі сұрақтары қуатталады.




Қарым-қатынастық (коммуникативтік)

- Сабақтар интербелсенді тұрғыдан құрылады.

- Физиологиялық және моральдік орта оқуды ынталандыруға сәйкес болады.

- Оқушылардың өзіндік ойларын келтіруі қуатталады.

- Мұғалім тұрақты түрде әріптестерімен кәсіби тұрғыдан қарым-қатынас жасайды, сұхбаттасады.



Ой-толғаныстық (рефлексивтік)

- Мұғалімнің сабақ кезінде және сабақтан кейін міндетті түрде ой толғайды.

- Оқушылардың сабақ барысында және сабақтан кейін, көркем әдебиетті оқып шыққанан кейін ой толғаныс жасауы үшін қажетті уақыт және орын беріледі.

- Бағалау және мониторинг оқу барысында мұғалімнің сабақты ұйымдастыруы мен оқушылардың іс-әрекеттерін бақылауы, оқушылардың өз жұмыстарын презентациялауы, олардың портфолиоларының мазмұны арқылы жасалады.

- Оқушылар мен мұғалімдер өз әрекеттерін зерттейді.

- Тәжірибемен алмасу.



көзқарасы, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанымдары, уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсініледі. Ал мұның бәрін де үйренушілердің өздері әрекеттер мен ойлану арқылы құрастырады, «жасайды». Мұндай жағдайда ұстаз үйретпейді, ол тек шәкірт тарапынан білімді өздігімен игерудің жағдайларын ғана жасайды.

Құрастырылған білім ұзақ уақыт есте сақталып, өмірде кең қолданыс табады, өйткені олардың мазмұны үйренушілердің өз мүдделері мен қызығушылығынан туындайды. Құрастырылған білім мен дәстүрлі білімнің айырмашылықтары Дж.Дьюидің «Өмірлік тәжірибе және білім беру» кітабы бойынша №4 кестеде көрсетіледі.

Конструктивтік білім «Үйренушілердің өздері мағына мен түсінікті құрастыруда олардың белсенді әрекеттері үйрену/үйрету процесінің негізі» деген идеяны ұстанғандықтан, мұндай білім үйренушіцентристік мазмұнда болады. Мұнда басты назар үйренушінің қандай да бір ұжым ішіндегі әрекеттеріне ауысады, өйткені мағына мен түсінік тек әлеуметтік ортада және өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана қалыптасуы мүмкін. Л.Выготский «Жоғарғы психикалық функциялардың дамуының тарихы» атты еңбегінде бұл туралы былай деп жазады: «Баланың мәдени дамуының жалпылама реттілігі келесідей екендігі бізге белгілі: алдымен басқа адамдар балаға әрекеттер арқылы ықпал жасайды, одан кейін бала басқаларға ықпал жасайды, тек аяғында ғана бала өзіне қарасты әрекеттерді атқарады. Сөйлеу,

ойлау қабілеттері және мінез-құлықтың басқа да жоғарғы процестері дәл осылайша өтеді» (Выготский Л.С., 678).

Конструктивтік білімнің негізгі идеяларын жан-жақты сараптай және қорытындылай келе, С.Мирсейітова жаңадан «Мұғалімнің гуманистік философиясы» деген ұғымды ұсынады. Ғалым бұл ұғымды терең тұжырымдап, оның функционалды моделін анықтаған соң, өз ұстанымдарын келесідей кестеде (Кесте №5) ықшамдап көрсеткен (С.Мирсеитова, 2008, 83).
ҚОСЫМША

БІЛІМ ТҮРЛЕРІ





          1. Атаулар мен есімдерді білу.

Сократ кезінде былай деген екен: «Кім есімдерді игерсе, бұл есімдер не нәрсеге тиеселі екендігін де игереді».

Ал белгілі философ Дж.Остин зат пен құбылысты білу олардың аттарын, дәлірек айтсақ, дұрыс атауларын білгенімізбен анықталады деп есептейді (Austin J.L. Other Minds. In Austin J.P. Philosophical Papers. 2 ed. Oxford, 1970).

К.Маркс: «Адам барлық нәрсе ол үшін бар болуы үшін, Адам Ата секілді, барлығына да атау беруі қажет» (К.М., Ф.Э., Соч.,т.18, С.18).

«Заттар да, қасиеттер, оқиғалар қалай аталса, солай жалпы қабылданады» (Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии.- М.: Прогресс, 1993.- С.227).

Ф.Энгельс: «Белгілі заттың атауын өзгертсек, сол затты өзгерте аламыз деп ойлау қате» (К.М.,Ф.Э., Соч.,т.18, С.304).

2. Атаулар мен есімдердің мәнін білу.

Адамдар өз түсініктері бойынша әрекет жасайды.

Мәселен, кеңес дәуірінің адамдарының санасы «бостандық», «билік», «демократия», «мемлекет», «халық», «қоғам» секілді абстракциялардың әртүрлі мәнін ажырата алмай, оларды айтпай-ақ түсінікті деп санады.

Бұл жәйт олардың өмірлік салтының жойылуына әкелген себептердің бірі болды (Афанасьев Ю.Н., Строганов А.С., Шеховцев С.Г. Об универсальном знании и новой образовательной среде.- М., Изд. РГГУ, 1999. – 55 С.).

3. Фактілерді білу.

Фактілерді (жәйттерді) білу өзіңнің және өзгелердің қатесін қайталамауға мүмкіндік беріп, білімнің дәлелдемелік негізін нығайта түседі.

Бұл білім жиі ғылыми мәтіндер, бақылау нәтижелері, қауіпсіздік техникасы сияқты ұсыныстар, нақыл, мақал-мәтел, біреудің айтқан сөзі түрінде келтіріледі.

Мәселен, көне Қытайдан ойшыл Джу Сидің келесі сөздері бізге жеткен: «Құмды пісіріп, ботқа жасаймын деп үміттенбеңіздер».



4. Анықтамаларды білу

Білім берудің ең осал жері, өйткені анықтамалар арқылы үйрету мүмкін емес; оларды түсініп, игеру өзіндік және бағытталған ұмтылыстардың нәтижесі болуы мүмкін.

Анықтамалар жүйесін білу тек теориялық дайындықтың куәсі ретінде танылады.

Жоғарыда қарастырылған білімнің төрт түрін репродуктивтік (қайталау) білім тобына біріктіруге болады.

И.Я.Лернер келтіргендей, мектепте оқыған жылдарда оқушылар 10 мыңнан астам тапсырмаларды орындайды екен.

Мұғалім оқушылардың қайталау (репродуктивтік) әрекеттерін ұйымдастыруға ықтиярсыз кесілген сияқты, өйткені онсыз білім мазмұны әу бастан сіңірілмейді (Лернер И.Я. Показатели системы учебно-познавательных заданий. // Новые исследования в педагогических исследованиях. Вып.2(67).М. Педагогика, 1990.-80с.).

Репродуктивтік білім игеру кезінде пәлендей өзгертуді қажет етпейді, өйткені олар сол бәз қалпында қайта келтіріледі.

Мұндай білімдерді шартты түрде бірінші деңгейге жатқызуға болады.

5. Салыстыратын, теңдестіретін білім.

Мұндай білім практика мен ғылымда кеңінен таралған, ол интеллектуалды (парасатты) тұрғыдан дамыған адамдарға, әсіресе мамандарға, тән. Бұл адамдар талдау жасай біліп, қандай да болмасын бір мақсатқа жетуде әрекеттердің ең дұрыс варианттарын таңдай біледі.

Н.Кузанский айтқандай, «Барлық зерттеушілер белгісіз нәрсе туралы басқа бір таныс нәрсемен салыстыру арқылы пайымдайды. Сондықтан да барлығы да салыстыру арқылы зерттеледі».



6. Қарама-қарсылықтарды, қайшылықтарды, антонимдерді,

т.с.с. объектілерді білу.

Мұндай білім оқытуда, әсіресе оның бастапқы кезеңдерінде, өте маңызды.

Кейбір салаларда мұндай білім басты болып саналады.

Мәселен, өмір сүру қауіпсіздігі негіздерінің мектептегі курсында оқушылардың не нәрсені жасауға болатындығын және не нәрсені ешқандай да жағдайда жасауға болмайтындығын нақты білуі керек



7. Ассоциативтік білімдер.

Мұндай білім интеллектуалды (парасаттық) тұрғыдан дамыған және шығармашыл адамдарға тән.

Ассоциациялар неғұрлым бай болса, соғұрлым шығармашылықтың көрінуінің шарттары көп болып, оның ықтималдығы арта түседі.

Көп жағдайда тұлғаның тіл мәдениеті, жазушы жұмысы, суретші мен конструктордың, басқа да шығармашыл кәсіп жұмыскерлерінің еңбегі ассоциациялардың байлығына байланысты.



8. Жіктеу (классификациялау) білімі.

Жіктеуге (класстарға бөлуге) зерттелетін объектілерді топтарға, класстарға, отрядтарға, түрлерге, т.б. бөлу мен жүйелеу жатады. Жіктеулер ғылым мен практикада жиі қолданады.

Мысал ретінде Линнейдің классификациясын, Менделеевтің химиялық элементтер жүйесі, аурулар мен дәрілерді жіктеу, т.б. келтіруге болады.

Классификациялық білім жалпылама, жүйелі білімге жатады. Ол да интеллектуалды дамыған адамдарға ғана тән, өйткені дамыған абстрактілі сананы, құбылыстар мен процестерді біртұтас және өзара байланыста көруді қажет етеді.

Келтірілген білім түрлерін (Салыстыратын, теңдестіретін білім, Қарама-қарсылықтарды, қайшылықтарды, антонимдерді, т.с.с. объектілерді білу, Ассоциативтік білімдер, Жіктеу білімі) екінші деңгейге жатқызуға болады.

Мұндай білімдер оқушыларға типтік тапсырмаларды шешуге септігін тигізеді. Бұл білімдер әрбір нақты тапсырманы бұрыннан таныс құбылыстар мен әдістерге жатқызуға мүмкіншілік береді.

9. Себеп-салдар қатынастарын білу, негіздер (дәлелдер) келтіре білу.

В. Шекспир кезінде «Түсіндіруге мүмкін емес құбылыстардың уақыты өтті, енді баршаның салдарын анықтау керек» деп жазған. Бүгінгі күні ғылым қандай да болмасын қарастырылатын жәйттің себебін анықтайтын талдауды зерттеудің басты бағыты ретінде таңдап алған.



«Мен білемін» деп дау туғыздырмайтын негіздерді (дәлелдерді) келтіргенде айтуға тұрарлық (Витгенштейн, Л. О достоверности. //Вопросы философии, 1991, 2, С.67-120). «Себептілік – кез келген білімнің негізі» (Бердяев Н. Судьба России. М.: Эскимо-Пресс. 2000.-736с.-С.80).

10. Процессуалдық, алгоритмдік, процедуралық білім.

Практикалық әрекеттердің негізін құрайды. Бұл білімдерді игеру кәсіби дайындық пен мәдениеттің елеулі нышаны болып табылады.



11. Технологиялық білім.

Бұл білім технологиялық тізбектің жеке операциясын білуді немесе мейлінше аз шығындармен қойылған мақсатқа жеткізуге мүмкіндік беретін білімдердің жиынтығы.

Аталған білім түрлерін (Себеп-салдар қатынастарын білу, негіздер келтіре білу, Процессуалдық, алгоритмдік, процедуралық білім, Технологиялық білім) жоғарғы үшінші деңгейге жатқызуға болады.



Ең жоғарғы төртінші деңгейге білімнің келесі түрлерін жатқызуға болады:

12. Ықтималдық білім.

Мұндай білім нақтылық болмаған жағдайда, қолда бар білім жеткіліксіз болғанда, ақпарат дәл болмағанда, шешім қабылдау кезінде қателесуді азайту мүмкіндігі туғанда қажет болады.



Бұл деректердің қалайша таралатындығының заңдылығы, айырмашылықтардың дұрыстығы, жорамалдардың (гипотезалардың) негізделуі туралы білім.

13. Абстрактылық білім.

Бұл өмірде жоқ, идеализацияланған ұғымдар мен объектілерді қолданатын білімнің ерекше түрі. Мұндай объектілер геометрия, жаратылыстану, психология, социология, педагогикада көптеп кездеседі.



Ықтималдық білім, Абстрактылық білім арнаулы ғылыми білім бірлесіп әрбір жеке пәннің теориялық негізін құрайды. Бұл білімдер теориялық білімдерге жатады.

14. Методологиялық білім.

Бұл нақты болмысты түрлендіру, жаңғырту әдістері, тиімді әрекеттерді құрастыру туралы білім.

Методологиялық білім - білімнің ең жоғарғы түрі.

(Кітапта: Лешкевич Т. Г. Философия науки: традиции и новаторство. Учебное пособие для студентов вузов. - М.: Изд-во ПРИОР, 2001. - 428 с.)

ІІ. Интербелсенді әдістеменің теориялық және методологиялық негіздемесі
1. Болонья процесінің негізгі идеялары туралы
«Білім игеру процесінің басты тұлғасы – үйренуші» деген ұстаным бүгінгі күнгі «білім» ұғымының жаңа мағынасы мен түсінігі, жаңашыл таным философиясы мен оның идеяларын ұстанатын біліми жобалар мен технологиялардың басты идеясы. Бұл идея Болонья процесінің негізгі қағидаларына сәйкес келеді. Қазіргі күні еліміздің жоғары оқу орындары өзінің дамуы мен ертеңгі болашағын Болонья процесімен байланыстырады. Қазақстанда білімді 2005-2010 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көптеген мақсаттары Болонья келісімінің ортақ жоғары білім саласын құру, ұлттық жүйелерді жақындастыру және өзара мойындау идеяларымен сарындас және үндес.

Болонья идеяларының неліктен, қай себепті пайда болғандығы жақсы белгілі. Күні кеше ғана индустриалдық кезеңде бүкіл Әлем салыстырмалы тұрақтылық жағдайда еді: еңбек пен тауар өндіру нарықтары айқындалып, ұлттық және аймақтық экономикалар бір қалыпты, болжауға тұрарлық түрде дамитын, кәсіптер де көзге көрінетін бәлендей өзгерістерге ұшырамайтын. Бәрі де үйреншікті әрі болжаулы болатын: экономикалық даму капиталдың көлемі мен жалпы тауар өндірісін кеңейтумен шектелетін.

Ал бүгінгі постиндустриалдық заманның басты ерекшеліктері, керісінше, тұрақсыздық пен болжаусыздық, динамика мен өзгерістер. Оның себептері келесіде жатыр: ақпараттың шамадан тыс геометриялық прогрессияда ұлғайып отыруы, бұрынғы рыноктардың өз шекараларын өзгертуі және соның салдарынан туындаған жаһандану үрдісі, әлем экономикасының тауар өндіруден (қазір бұл сала жұмысқа қатысушылардың тек 15 %-ін ғана қамтиды) қызмет көрсетуге (барлық жұмыс жасайтындардың 85%-ін қамтиды) ауысуы. Соңғы жәйт өз кезегінде дәстүрлі кәсіптердің өзгеруіне және жаңа кәсіптердің көптеп пайда болуына әкелуде: әрбір он жылда кәсіптердің жалпы саны 25%-ке жаңарып отырады. Сонымен бірге кәсіптер ықпалдасуға (интеграцияға) қарай ойысуда, ортақ қасиеттер иемденуде: олардың ерекшеліктерінен ұқсастықтары басым болуда.

Постиндустриалды кезеңнің тағы да бір ерекшелігі экономиканың адамға бағытталуымен және өз кезегінде адамның өндірістегі алатын орнының өзгеруімен байланысты. Адам енді өндірістің элементі емей, оның басты құндылығы мен артықшылығына айналуда. Экономика бүгін экономика үшін емес, адам үшін дамуда.

Бүгінгі күнгі экономиканың басты мақсаты адамға, оның біліміне бағытталған. Алайда бұл жерде мәселе білімнің өзінде емес, оның әрекеттегі өзгеруінде, қолдануында болып отыр. Сол себепті де қазіргі адамцентристік (антропологиялық) экономикаға жаңа білімді мамандар қажет. Ал бұл талап «білім беру» тұрғысынан емес (білімцентристік қағида), «білім алу» (үйренушіцентристік қағида) ғана орындалуы мүмкін.

Осы идея аумағындағы Болонья процесі қолданысындағы басты тұжырымдамалық ұғымдардың бірі – білім игеру процесінің нәтижеге бағытталуы, нәтижені білім беру/алу жүйесінің негізгі қызметіне (функциясына) айналдыру. Білім алу процесінің нәтижесі дегеніміз сабақ, пән, бағдарлама, оқудың толық курсы аяқталғаннан кейін студенттің (жоғарғы оқу орны түлегінің) қандай білім, білік, дағды, машық иемденетіндігі, оның «не» жасай алатындығы, қолынан «не» келетіндігі.

Нәтижеге бағытталған білім игеру процесінің басты тұлғасы студент болып отырғандығы дау туғызбайтын мәселе: үйрену ғана ықтимал, яғни бұл процесс бұрынғы «оқытушыцентристік» оқытудан «студентцентристік» оқуға ауысуды меңзейді.

Білім игерудің нәтижесін бұрынғыдай тек білім, білік, дағды аумағында ғана құрастыру қазіргі күні аздық етеді, өйткені олар үйренушінің тек біліктілігін ғана айқындайды. Сол себепті де Болонья процесінде біліктілік (квалификация) термині құзырлылықпен (компетенция) алмастырылған, құзырлылық білім игеру процесінің басты нәтижесі ретінде танылады.

Біліктілікті (квалификация) негізге алған оқыту білім алушының өмір сүрудегі мүмкіншіліктеріне, оның қандай да бір әрекетті жасау дайындығына жіті назар салмай, оның білімін тек оқытылатын пән деңгейінде, яғни оқытушы тұрғысынан жасалған бағдарлама мен жоспарлау тұрғысынан қарастырады. Біліктілік дегеніміз тұрақты контекстер мен алгоритмдер аумағындағы алдын-ала айқындалған әрекеттер арқылы маман дайындау.

Ал құзырлылық білім игеру процесін жоспарлаудан нәтижені айқындауға қарай ойыстырады, негізгі әрекет тұлғасы оқытушы деп есептелетін «оқытудан» («үйретуден») басты қозғаушы күш студент болатын «оқуға» («үйренуге») ауыстырады, салмақты «білім беруден» «білім алуға» түсіреді. Құзырлылық бүкіл білім жүйесін өз білімінің ауқымын, оны игерудің әдістері мен тәсілдерін өзіндік тұрғыдан айқындайтын, қоғам алдындағы өз біліміне деген жауапкершілікті терең түсінетін студентке бағытталуды талап етеді. Құзырлылық идеясы бойынша студент білімді өздігімен игеруі керек.

Құзырлылық дегеніміз маманның белгілі бір кәсіби сала аумағындағы білімі, білігі, дағдыларының жиынтығы. Бұл ұғым тек танымдық және әрекеттік-технологиялық түсініктерді білдірмей, сонымен бірге мотивациялық, әлеуметтік және тұлғалық ерекшеліктерді меңзейді. Кәсіби құзырлылық – маманның кәсіби қызметті атқаруға дайындығын көрсететін күрделі қасиеттерінің (өмірлік тәжірибесі, теориялық білімдері, практикалық біліктері мен дағдылары, тұлғалық ерекшеліктері) көрсеткіші.

Бүгінде кәсіби құзырлылықтың келесідей түрлері ажыратылады:

- арнайы - жеткілікті деңгейде кәсіби қызметті меңгеру, өзінің болашақтағы кәсіби дамуын жоспарлау қабілеті;

- әлеуметтік – бірлескен кәсіби қызмет пен өзара әрекеттесуді, кәсіп саласында қабылданған қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру, өз жұмысының нәтижелеріне деген әлеуметтік жауапкершілікті сезіну;

- тұлғалық - өзін-өзі дамыту және өз қабілеттерін жүзеге асыру тәсілдерін меңгеру;

- жеке – кәсіп аумағында өз қабілеттерін жүзеге асыру тәсілдері мен өзінің дербестігін дамытатын тәсілдерді меңгеру, кәсіби тұрғыдан өсіп-дамуға деген дайындығы.


Каталог: uploads -> doc -> 0b40
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b40 -> Сабақ: №23 Сынып: 11 а тақырыбы: Ұлыбритания. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
0b40 -> Сабақтың тақырыбы Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет