Атеизм бұл поза немесе құдай немесе жоғарғы болмыс жоқ екеніне сенімділік



бет10/22
Дата02.06.2022
өлшемі234,14 Kb.
#145774
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
госы

Руналық жазу (көне сканд.run - күпия) [орыс.][1] руническое письмо — 2—3 ғғ. бастап кейінгі орта ғасырларға шейін германдықтар қолданған әліпби. Латын жазуының таралуына байланысты қолданыстан шыққан. Руналық жазудын таңбалары сынатәрізді сүйірленіп, негізінен, металл, тас, ағашқа жазылған. Бұл әліпбидін құрамы, таңбалануы уақыт өткен сайын өзгеріп отырған. Ғылымда 150-дей жалпы германдық бұрынғы (үлкен) Руналық жазу (негізінен Ютландия, Скандинавия аралдарымен [Еуропаның][2] баска аудандарында) және 3500-нан аса кейінгі (кіші) Руналық жазу белгілі.Руналық жазудың ерекше түрі 7—10 гг. Англияда болған. Бұрынғы Руналық жазу мен кейінгі Руналық жазу қызметі жағынан да, тілі жағынан да бір-бірінен ерекше. Бұрынғы Руналық жазу қару-жараққа, тасқа жазылған. Олардың тілі негізінен біркелкі және өте ескі, көне герман тілдерінің ешбіріне сәйкес келмейді. Сонымен бірге ол сиқырлау мақсатында да қолданылған сияқты. Ал кейінгі Руналық жазуда көне Скандинавия тілдерінің ескерткіштері (тастағы мемориалдық жазулар) жазылған. "Руналық жазу" термині басқа көне жазуларға қатысты да айтылады, мысалы, дат ғалымы В. Томсен оны көне түркі жазулары үшін қолданған.
Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты.
Трактат — нақты бір тақырыпты талқылайтын және шешу жолдарын көрсететін философиялық, теологиялық немесе ғылыми шығарма. Мысалы: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ғақлиялары. Оның бір де бір шығармасы өзінің көзі тірісінде баспа бетінде жарық көрмегені белгілі. Тек ақын дүниеден қайтқан соң бес жылдан кейін ғана, 1909 жылы Петербургте оның өлеңдер жинағы баспадан шықты. Ал, «Ғақлия» немесе «Қарасөздері» деп аталатын ерекше әдеби жанрда жазылған прозалық шығармалары тек біздің уақытымызда ғана жарияланды. Бірақ, соған қарамастан, Абайдың өлеңдері мен қарасөздері ақын елінде қолжазба түрінде халық арасына кең тараған. Оның өлеңдерін ел адамдары қолдан қолға көшіріп, бірінен-бірі жаттапалып, әнге қосып айтып жүрді, ал прозалық шығармалары қолжазба түрінде тарады, оларды енерпаз-әңгімешілер нәшіне келтіріп, көпшілік алдында орындап та жүрді, «Ғақлиялардың» немесе Қарасөздердің Абай Құнанбаев шығармашылығында алатын орны қандай? 


2 сурак
Өлке тұрғындары моноэтникалық құрамының өзгере бастауы. ХІХ ғасырдың 20-жылдарына дейін Қазақстан халқының түгелдей дерлік құрамы қазақтар болды. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстан халқының ұлттық құрамы өзгеріске ұшырай бастады. ХVІІІ ғасырдан бастап казактар және әскери тұрғындар көбінесе бекіністер мен шептерде және станицаларда орналасты. 1824 жылдан округтік приказдар 
құрылуымен әскери казактар, кейіннен шаруалар Солтүстік-Шығыс Қазақстанды мекендей бастады. ХVІІІ ғасырдан бастап казактар және әскери тұрғындар көбінесе бекіністер мен шептерде және станицаларда орналасты. 1824 жылдан округтік приказдар құрылуымен әскери казактар, кейіннен шаруалар Солтүстік-Шығыс Қазақстанды мекендей бастады. Осы кезде жаңа қалалар пайда болды. Қазақстанға Ресейден орыс шаруалары 1861 жылғы басыбайлылық құқықты жойғаннан және ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы өлкеде жүргізілген әкімшілік реформалардан кейін кеңінен қоныс аударыла бастады.
1897 жылы Қазақстан аумағында 4 млн-нан астам адам өмір сүрді, олардың 81,7%-ын қазақтар құрады. Тұрғындардың қалған бөлігі казактар және қоныс аударушы шаруалар, ұйғыр, дүнген, татар, өзбек т.б. ұлт өкілдерінен тұрды. Қоныс аударушылардың едәуір бөлігі Қазақстанға ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында келді.


3 сурак
Ия келисемин
19 билет
1 сурак


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет