Атеизм бұл поза немесе құдай немесе жоғарғы болмыс жоқ екеніне сенімділік



бет11/22
Дата02.06.2022
өлшемі234,14 Kb.
#145774
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
госы

Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді.
Антропология – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. 
Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар). Этногенез үрдісінің негізгі екі түрі болады: 1) жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биол. жолмен жаппай араласуы арқылы қалыптасу; 2) жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу.
Этнология (грек. ethos – тайпа, халық және logos – ғылым, ілім, сөз) – қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді 


2 сурак


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет