Аударма айшыќтары


Сәке, сөзіңізді бөлейін... Бұл сонда қай жылдар еді?



бет7/39
Дата18.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#186327
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
Хрестоматия 2009

Сәке, сөзіңізді бөлейін... Бұл сонда қай жылдар еді?
– Бұл өткен ғасырдың 60-шы жылдары болатын. Бізде қызмет істейтін Қастек Баянбаев дейтін ақын жігіт баспаға ауысып, аударма бөліміне, содан сол досым Сетон Томпсонның “Жырық құлақ” деген әңгімесін аударып беруімді өтінді. Жеке кітап болып шығатынын айтты. Балаларға арналған басылым екен. Кітап дүкендерінен С.Томспсонның кітабын іздеп таба алмаған соң, амал жоқ ұлттық кітапханадан іздеуге тура келді. Содан бұл натуралист жазушының “Хайуанаттар туралы хикаяттар” деген кітабын тауып алып, түгел оқып шықтым да, “Жырық құлақты” аудардым. Ол келесі жылы әп-әдемі кітап болып жарыққа шықты. Содан аударма арқылы да кітап шығаруға болатынын көрген соң баспаға өтінішті енді өзім жасадым. Аталмыш автордың қазақтың салт-дәстүріне біршама сәйкес келетін “Тарпаң жорға” деген әңгімесі бар екен. Соны аударайын деп өтіндім, тағы да бір әңгімесін қосып аударып берсем “кітап етіп шығарып бересіңдер ме?” деп сұрадым. Олар да көңілімді қайтармай, “мақұл” деді. Сол кезден менің кәсіби аудармашылық жолым басталды. С.Томпсонның “Хайуанаттар туралы хикаяларын” түгел дерлік тәржімалап “Бала мен сілеусін” деген атпен жеке кітап етіп шығардым. Сол кітапта мен сол кезде қазақ әдебиетінде хайуанаттар туралы жазылған кітаптардың жоқ екенін, автор туралы біраз мәліметтер беріп, соңғы сөз жазғаным есімде. Кейін мен С.Томпсонның “Хайуанаттар хикаятына” кіретін әңгімелердің бәрін аударып, толықтырып, осыдан үш жыл бұрын “Балауса” баспасынан кітап етіп шығардым. Бұл енді, жас ұрпаққа арналған тағылымды шығарма болады деп ойлаймын. Содан кейін М.Шолоховтың екі әңгімесін аударып, кітап етіп шығардым. Кейін бұл орыстың ұлы жазушысының “Дон әңгімелерін” түгел аударып, түрлі басылымдарда жариялаттым.
- Бәрекелді! Сіз ұлы классиктерді аударуға бірден кірісіп кеткен екенсіз. Кезінде мен де сол кітаптарды қазақша оқып едім. Аудармаларыңыздың тілі жатық, ұғымға өте қолайлы екенін білемін. Осыдан кейін қолыңызға қандай аударма тиді?
- Содан соң орыстың ғалым-жазушысы Владимир Обручевтің “Земля Санникова” деген романын аударуға ден қойдым. Жалпы мен аудармашылықты өзімнің газет жұмысыммен қатар басқа да шаруаларыммен, оның ішінде көсемсөз жазу, деректі дүниелерді дүниеге әкелумен бірге ат салысып жүрдім. Қапшағай су электр станциясы туралы деректі повесть те жарияладым. Осындай қыруар шаруаларыммен қатар аударма саласына да көп көңіл бөлдім. Жоғарыда атап өткенімдей, “Земля Санникова” романын аударып, баспаға ұсындым. Кейін ол кітап болып шықты. Жалпы әрбір кәсіби аудармашы өз ұлтының тіліне кітап аударғанда сол елдің тілін, ұғымын, менталитетін де ескеріп отыруы керек. Әйткенмен ол қазақша сөйлеуі шарт. Мәселен, аталмыш кітапты мен “Санников жері” деп те аударуыма болатын еді. Бірақ қазақ ұғымына сәйкес мен оны “Жұмбақ жер” деп атадым. Өз басым, аударуға кірісер алдында авторын зерттеп біліп, біраз еңбектерімен танысып, ол туралы шығармашылық шырайын ашар очерк-эссе жазамын. Ол кітаптың алғы, не соңғы сөзі болып басылады.
- Осы уақытқа дейін қанша кітап аудардыңыз? Солардың ішінде ең озық шыққан қай автордың кітабы деп ойлайсыз?
- Мен осы уақытқа дейін онға жуық роман, он бес шақты хикая аудардым. Әңгімелер өз алдына бір төбе. Барлығын есептеп көргенде 12-13 кітап болды ғой деп ойлаймын. Солардың ішінде өзім аса ден қойып, қызыға аударған дүнием – Н.Ановтың “Ән қанаты” романы. Бұл өзі таза қазақи шығарма десем артық айтқандық болмас. Осы кітап негізінде фильм де түсірілді. Шығарманың негізгі кейіпкері қазақтың дүлдүл ақыны Иса Байзақов. Оның ішінде Қалибек Қуанышбаевтың, Майра Уәлиқызының , күш атасы Қажымұқанның, одан да басқа қазақ өнерінің белгілі тарландарының образдары сомдалады. Соған мен қызығып, қазақша тәржімалауға барымды салған едім. Қазақ тақырыбын орыс жазушысының игеріп жазғаны маған қатты ұнады. Соны одан әрі қазақыландыруға, барынша ұлт ұғымына жақындатуға көп тер төктім. Мұндағы өлеңдердің бәрін де өзім аудардым. Сол өлеңдер кәдімгідей-ақ қазақша шықты ғой деп ойлаймын. Қазақтың тура өз топырағынан жаралған туынды болды ғой деп ұялмай айта аламын. Содан соң әзірбайжанның жазушысы Джапар-заденің “Елге қайт” деген романын аудардым. Шығарма сюжеті қазақ халқының тағдырына өте ұқсас болғандықтан бұны да аса ыждаһаттылықпен тәржімаладым.
- Жалпы сол кезде аударма саласында бірізділік дейміз бе, әлде бағдарлама ма, сондай бір мақсат болды ма?
- Шындықты айтсам, ол кезде қазақ тіліне кеңес жазушыларының сыйлық алған шығармалары жөн-жосықсыз, тым көп аударылды. Әсіресе орыс ақын-жазушылары. Әрине, классиктерге талас жоқ қой. Бірақ орта қолды орыс жазушыларынан қазақ тіліне ең көп аударылған қаламгерлер жоқ десем ақиқатты аттап кетпеген болармын. “Достық кітапханасы” деген серияны алып қара, сонда кімнің кітабы жоқ дерсіз. Мен осы мәселе туралы кезінде баспаға да, тіпті үлкен үйге де баянхат бергем. Онда аударылатын кітаптардың қазақ тақырыбында болуы керек екенін баса айтқанмын. Сонда Паустовскийді, Пришвинді, Мамин-Себирякты, Всеволод Ивановты аудару қажет екенін атап өткенмін. Өйткені бұл жазушылар кезінде қазақ өміріне біраз қалам тербеген авторлар. Всеволод Ивановтың “Киргиз Темирбай” деген әңгімесі бойынша фильм түсірілген болатын. Фильмдегі басты рөлде қырғыздың Бейшенәлиев деген актеры ойнап еді, туынды таза қырғыздікі боп шыға келді. Ол кезінде қазақ Темірбай еді. Осыдан кейін қазағым қырғыз боп кетті. Бұрын қазақтарды “киргизы” деп атағанын өзің білесің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет