Аударма айшыќтары



бет6/39
Дата18.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#186327
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Хрестоматия 2009

АУДАРМА ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫНА
ЖАҚЫН БОЛУЫ КЕРЕК
С. Ақтаев

Аударма саласы қай елдің әдебиеті болмасын, негізгі жанр болып саналатынын көзі қарақты оқырмандарға түсіндіріп жатудың қажеті жоқ шығар. Өйткені әр мемлекетте тұратын ұлт пен ұлыстардың өмір салты, тарихы, әдет-ғұрыптары осы аударманың арқасында басқаларға жетіп, әдебиеттің осы саласы адамзат игілігіне айналатынын түсіну қиын емес. Кеңес Одағы кезеңінде Қазақстандағы аударма саласының дамып, шетел әдебиетінің, орыс классиктерінің туындылары қазақ оқырмандарына үздіксіз жетіп тұрғаны сол кезде оң-солын таныған қазақ оқырмандарына жақсы мәлім. Әлем әдебиетінің алыптары О. Бальзактың, В. Скоттың, В. Гюгоның, Э. Хемингуэйдің, Д. Лондонның, У. Теккерейдің, Т.Манның, Пиранделлонның, Ж. Амадудың, Л. Толстойдың, А.Чеховтың, Н. Гогольдың және басқа да көптеген авторлардың шығармаларын қазақ жұрты өз ана тілдерінде оқып, сол кездегі әрбір қоғамның өмір ағысын танып, ой елегінен өткізді. Міне, аударманың құдіреттілігі де осында жатыр. Алайда, Кеңес Одағы ыдырап, соның құрамында болып келген одақтас республикалар тәуелсіздік алған соң бұл сала да тоқырауға ұшырады. Дей тұрсақ та, соңғы бес-алты жыл көлемінде бұл сала қайтадан қолға алынып, біраз көркем дүниелер қазақ тілінде шыға да бастады. Бұл, әрине, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің дамуына әсер ететіні даусыз. Осы мәселе төңірегінде газет тілшісі белгілі аудармашы, жазушы Сарбас Ақтаевқа жолығып, бүгінгі таңдағы бұл мәселенің жай-күйі туралы әңгімелесіп қайтқан еді. Төменде біз екі арада болған сұхбатты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.


- Сәке! Сөзімізді ең басынан бастасақ. Сіз аударма саласына қашан келдіңіз және осыған себеп болған жайттарды таратып айта кетсеңіз?!
- Менің аударма саласына ат басын бұруым ең алдымен журналистикадан басталды десем бұл енді шындық. Газет жұмысынан өзің де хабардарсың ғой, “аттың жалы, атанның қомында” қауырт кезеңде аяқ астынан материалдар дайындап, оны дереу нөмірге салу күнбе-күнгі қарбалас екенін онда қызмет істейтін журналистердің бәріне де мәлім дүние. Мәшіңкешінің қасына отыра қалып, орыс тілінде жазылған кейбір материалдарды бірден қазақшаға аударып, айтып береміз. Ол материалдардың тақырыптары да әр-алуан, саясат жөнінде де, әдеби-мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға да жазылған көптеген мақалаларды газетке асығыс дайындауға тура келеді. Сол газеттің таусылмайтын күнбе-күнгі тіршілігі журналистерді де неше-алуан шеберлікке тәрбиелейтінін айтып жатудың өзі артық. Оны шеберлік мектебі десек те артық болмас еді. Өйткені әр журналист уақыт өткен сайын бір нәрсеге бейімделіп, сол саланың маманына айналады. Мен де кезінде сол газетке қажетті материалдарды: ол публицистика ма, сықақ па, фельетон ба, немесе шағын көркем-әдеби дүние ме, соларды аударып, содан шыңдалып өстім. Әсіресе, “Күлкі ортақ” деген айдармен осы заманғы әлем сықақшыларының әзіл әңгімелерін жиі аударушы едім. Солардың бәрі дерлік газетте қолым қойылмай, жарияланып кеткеніне енді өкінем. Ал шын әдеби, кітап боп шығатын аудармаға келуім қызық болды. Ол кезде мен Алматы облыстық “Жетісу” газеті бас редакторының орынбасары едім...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет