Қазақ әдебиетінің



бет7/20
Дата25.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#7708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

ер Домрул туралы қожаұлы ер Домрул жөніндегі жыр”.

жыр” деп аталады. Бұл жырдың сан ғасырлар бойы халық арасында аңыз болып, ауызша тарап кеткен түрі мен “Қорқыт ата кітабына” енген жазбаша нұсқасының бір-бірінен принциптік айырмасы бар.

Домрул жөніндегі халық аңызы — түгелдей дерлік ислам дініне қарсы айтылған жыр. Бұл жырдың исламға дейінгі дәуірде айтылған мотиві шығарманың сюжетінен-ақ айқын көрінеді.

Домрул деген бір алып батыр аң аулап, өзен жағасында жүреді екен. Бір күні сол маңайға бір ауыл келіп

77

қонады. Көп ұзамай солардан бір сұлу жігіт қайтыс болады. Бүкіл ел азан-қазан болып жылайды. Жас жігіттің қыршын кеткеніне Домрул қатты ашуланады. Ол ызаланып елден сұрайды:— Оны өлтірген кім?— дейді. Ел айтады:—Тәңірінің бұйрығымен өлді, оның жанын алған қызыл қанатты әзірейіл — дейді.

Қаһарына мінген ер Домрул бостан-бос кісінің жанын алатын әзірейілмен соғысып, жас жігіттің жанын өзіне қайтарып бермек болады. Сонда тәңірі әзірейілге: “Домрулдың өз жанын алып кел” деп бұйырады. Әзірейіл іздеп үйіне келеді. Домрул қылышын қынабынан шығарады. Сол сәтте әзірейіл көгершінге айналып ұш-

ып кетеді.

Қорқыттың ажалмен күресудегі басты мотивтерінің бірі осы жырдан көрінеді.

Ал, енді бұл жырдың “Қорқыт ата кітабына” енген жазбаша нұсқасында Домрул әзірейілден қорқып, құдайдан кешірім сұранады. Өзі тірі қалуы үшін қартайған әке-шешесінің жанын әзірейілге әперуге келіседі. қартайса да әке-шешесі баласы үшін өлгісі келмейді. Сонда Домрул әйелімен қоштасып шыкпақ бола-ды. Әйелі күйеуі үшін өз жанын беруге келіседі. Бірақ әзірейіл әйелдің күйеуіне соншалықты адал, берілген екенін біліп, оның жанын алмайды. Өлгісі келмеген әке-шешесінің жанын алып жазалайды. Домрул сүйікті әйелімен бір жүз қырық жыл ғұмыр кешіпті.

Мұнда ерлі-зайыпты адамдардың бір-біріне деген адалдығы, шын берілгендігі, мөлдір махаббаты туралы жырланған.

Дегенмен жырдың жазбаша нұсқасы халыктық эпосқа онша ұқсамайды. Домрул туралы жырдың жазбаша түрі ислам діні енді тарай бастаған дәуірде оны наси-хаттау мақсатымен жазылған секілді. Сондықтан бұл жырдың бізге ауызша, аңыз болып жеткен халықтық нұсқасына көбірек назар аударуымыз керек.



VI. “Қаңлы- Бұл жырдың негізгі тақырыбы — әке-

қожаұлы шешенің мұрагер-баласын үйлендіріп,

Қан-Тұралы оған жаңа отау тігуі деуге болады.

жайындағы жыр”. Сонымен бірге, мұнда оғыз-қыпшақ,

әсіресе түрікмен батырларының жат жұрттық христиан

қыздарына үйлену дәстүрі өз көрінісін тапқан. Тарихи

деректер бойынша, XI—XIV ғасырларда түркі елін билеген хан балалары алыс өлкелерге жорық жасап, сол



78

жақтан христиан сұлуларын әкеліп үйленуді өздеріне зор мәртебе көрген1.

Трапезунд империясының тарихын зерттеуші ғалым Фалмерайер бұл жөнінде қызықты деректер келтіре отырып, Итальян жазушысы Джованни Амброджо Маринидіц “Калоандро” романын атап өтеді. Түркі елі әміршісінің Сапар деген баласы Трапезунд империясы патшасының қызына құда түсіп келгені романда егжей-тегжейлі жазылған.

“Қаңлы-қожаұлы Қан-Тұралы жайындағы жырда” осы бір тарихи оқиғалардың көмескі ізі, елесі бар. Мұны жырдың сюжетінен аңғару қиын емес.

Алтыншы жыр былай басталады: Сонау оғыз-қыпшақ дәуірінде Қаңлы-қожа деген бір данышпан кісі болған екен. Бір күні ол өз ұлы Қан-Тұралыны үйлендірмек болыпты. Бірақ баласы болашақ қалыңдығына бұрын кұлақ есітіп, көз көрмеген қатал талаптар қояды: “Маған тием деген қыз төсектен менен бұрын тұруы керек, менен бұрын атты ертеп, атқа менен бұрын мінуі тиіс. Мен әлі жауға шабуыл жасамай тұрған сәтте ол соғыс ашып, маған жаудың басын кесіп әкелуі керек. Мен тек сондай қызға үйленем” дейді. Әкесі ұлына:—“Ондай қалыңдықты өзің іздеп тап” дейді. Жігіт күллі оғыз елін аралап ондай қалыңдық таппайды.

Сонда Қаңлы-қожа қасына бір топ ақсақалдарды ертіп, баласына қалыңдық іздеп сапарға шығады. Ақыры олар Трапезунд еліне келіп, сондағы патша қызы нағыз алып екенін, екі қабат садақты қиналмай тартатынын есітеді. Бірақ патшаның күйеу баласы болам дегендерге қоятын талабы қатал екен. Патша қызына үйленуге дәмеленгендерге алдымен үш жыртқыш аңды: арыстанды, қара өгізді, кара түйені жеңуі керек. Осы шартты орындай алмаған оғыз екі жігіттің басы қамал қақпасына қағып қойылыпты.

Қаңлы-қожа мұның бәрін баласына айтып келеді. Қан-Тұралы қаймықпайды. Сол елге барып, патша шартын орындайды. Қызын алып, той бітісімен дереу еліне қайтады. Жолда батыр бір жерге келгенде ұйықтап алмақ болады. Бірақ қалыңдығы ұйықтамай, қару-жарағын әзірлеп отырады. Өйткені қыз өз әкесінің опасыздығын, артынан қуып келетінін біледі. Шынында да патша көп әскермен келіп, Қан-Тұралыны өлтірмек болады.

1 Гарбузова В. С. Сказание о Мелике Данышменде. М., 1959.

79

Сақ отырған қыз ұйықтап жатқан жігітті оятады. Қыз батырларша сауыт, дулыға киіп әкесімен шайқасқа шығады.Қан-Тұралы жараланады. Қыз қалың қолды жалғыз өзі жеңіп шығады. Бірақ Қан-Тұралы өзін ажалдан алып арашалаған жігіт емес, қыз екеніне намыстанып қалыңдығын өлтірмек болады. Екеуі жекпе-жекке шығады. Шайқаста ол Қан-Тұралыны өлтіріп қоя жаздайды. Сонда ғана екеуі қайта татуласып, жігіт қызды өз еліне апарып үйленеді. Жыр осылай аяқталады. Батырлығы, күш-қуаты күйеуінен кем түспейтін қалыңдық іздеу — өте ерте дәуірден бері қалыптасқан, қоғамда әлі матриархат элементтері күшті кезде өмірге " келген дәстүр болса керек. Ол дәстүр бойынша, қыз өзі ұнатқан жігітті жан-жақты сынап көретін болған. Жігіт көбінесе садақ тарту, атжарыс, күрес арқылы сыналған. Мұндай мотив қазақтың ежелгі ертегі-аңыздарында да кездеседі.



Қан-Тұралы жайындағы жыр осындай мотивке құрылған. Сүйген жігіті үшін қыздың өз еліне қарсы қан майданға қару алып шығуы секілді көріністер түрікменнің “Қөроғлы” және “Саят пен Хемра” дастандарында да едәуір орын алған.

VII. “Қазылық- “Қорқыт ата кітабындағы” теңдесі

қожаұлы Жүгенек жоқ алыптардың бірі — Қазылық-қожаұлы

туралы жыр”. Ер Жүгенек. Оны жырда Игенек деп те атайды. Жүгенектің жырдағы басқа батырлардан ерекшелігі — ол сегіз қырлы бір сырлы жігіт ретінде суреттеледі. Ол — әрі жойқын алып ер, әрі қобызшы, әрі ақын. Елі оны ерекше ұнатқан.

Қазылық-қожа жауға аттанып, соғыста жеңіліп тұтқын болған еді. Бұл кезде Жүгенек әлі бір жасқа да толмаған екен. Ол он бес жасқа келгенде Баяндыр ханға барып:— Маған әскер беріңіз, әкемді тұтқыннан босатам,— дейді. Жүгенек соңына ұлы алыптар бастаған әскер ертіп жорыққа аттанады. Жолшыбай Жүгенек түс көреді. Түсінде Қорқыт ата кеңес береді. Әулие атаның ақылын тыңдап Жүгенек жол-жөнекей сырт оғыздардан тағы да көп нөкер қосып алады.

Әкесін тұтқын еткен Дюзмюрд елінің әміршісі Дирек деген екен. Ол бойы он алты аршын, алпыс батпан шоқпарды ұршықтай иіретін алып батыр. Жүгенек сондай алыпты жеңіп, әкесін тұтқыннан босатады.

Бұлар еліне аман-есен оралып, бұрын-соңды тірі пенде көрмеген ұлан-асыр той жасайды. Тойға Қорқыт ата



80

келіп, ел-жұртқа өлеңмен ұлағатты ғибрат сөз айтады. Ей, Баяндыр хан, бұл жырымыз Жүгенек ерге бағышталсын. Мына өмірге менен кейін келген ұзандар (ақындар) да Жүгенек туралы осылай деп мәңгі-бақи мадақтап жырлай берсін — дейді.

Сосын Қорқыт ата тойға жиналған игі жақсыларға бата береді:— Қаратаудың жүзі жығылмасын, жапырағы қалың қаба ағаштың басы кесілмесін. Ақсақалды бабаңның жері ұжмақ болсын, ақ бүркендік анаңның жері бейіш болсын — дейді.

Жүгенек батыр жөніндегі бұл жыр қазақ эпосында композиция-лық құрылысы тұрғысынан да өте ұқсас. Бұл сақталған “Хан-Шентай” жырына сюжеті жағынан да, ұқсастықты алғаш

В. В. Радлов байқаған. Сөйтіп, Қорқыт ата есімімен байланысты осы жырды да қазақ эпосы сан ғасырлар бойы сол күйінде сақтап келген.

VIII. “Бисаттың Осы сегізінші жырға ұқсас сюжеттер қазақ

Төбекөзді және қырғыз фольклорында жиі ұшырайды.

өлтіргені туралы Мәселен, осындай сюжет “Жалғыз көзді

жыр”. дәу” ертегісінде де бар. Бұл ертегіде Төбекөз дәу бірде тажал, бірде айдаһар бейнесінде суреттеледі. Айдаһар қалың елге салық салып, жұма сайын көптеген адам, мал алып жеп тұрады. Елдің құты қашады. Сол кезде Жандыбатыр қырық құлаш семсерімен айдаһарды өлтіріп, ел-жұртқа бейбіт өмір сыйлайды.

Бисат туралы жырдың “Қорқыт ата кітабындағы” басқа жырлардан өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшелігі — Бисат батыр туралы бұл жыр дүние жүзі халықтарының фольклорымен мейлінше кең көлемде байланысып, астасып жатыр деуге болады. Оғыз-қыпшақтармен тікелей қатысы жоқ француз, итальян, неміс, грек, фин, славян халықтарында Бисат туралы жырға арқау болған сюжеттің екі жүзден астам нұсқасы бар екен. Әрине, кезінде оғыз-қыпшақтарымен ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Орта Азия, Кавказ, Таяу Шығыс халықтарында бұл жырдың сан қилы нұсқалары одан да көп.

“Қорқыт ата кітабындағы” Төбекөз әсіресе грек аңызындағы Полифемеге ұқсас болып келеді. Тебекөздің іс-әрекеті, әрібір қимылы, ой-мақсаты, қатыгездігі “Одиссей” жырының үрейлі қаһарманын еріксіз еске салады.

“Бисаттын, Тебекөзді өлтіргені туралы жырдың “қысқаша сюжетін еске салып өтейік.

81

Бір күні қалың оғыз елін жау шабады. Бүкіл ел дүрлігіп, көше жөнеледі. Асығыс-үсігісте Аруз-қожаның емшектегі баласы жұртта қалып қояды.Оны ана-арыстан тауып алып, емізеді. Үңгіріне апарып бағады. Арадан біраз жылдар өтеді. Ел-жұрт бұрынғы жайлауына қайта көшіп келеді. Күн сайын қамыс арасынан адам секілді бір жәндік шығып, аттардың қанын сорып кетеді екен. Мұны жылқышы жұртқа хабарлайды. Аруз-қожа өзінің жоғалған ұлы сол жәндік екенін біледі. Әкесі оны ұстап алып, үйіне әкеледі. Бірақ жабайы бала қайта-қайта қалың қамыс ішіне кете береді. Ақыры оған Қор-қыт ата өзі барып, оның адамзат баласы екенін, ал адам қашанда адамдар ішінде жүріп тіршілік ететінін түсіндіреді. Бала үйіне келеді. Оған Қорқыт ата Бисат деп ат қояды.



Бір жолы Арзу-қожа аң аулап жүріп, бүлақ басында су шашып ойнап жүрген пері қыздарын көреді. Біреуін ұстап алып, онымен көңіл қосады. Пері қызы Аруз-қожаға:—“Келесі жылы осы арадан “аманатыңды” алып кет”— дейді де көзден ғайып болады. Бір жылдан кейін Аруз-қожа сол жерден жалғыз көзді бала тауып алады. Ол есе келе қолына түскен адамды да, малды да шетінен жалмай беретін жалмауыз болып шығады.

Ел-жұрт Тебекөзден қатты қорқып, онық күнделікті азығына екі адам, бес жүз қойдан беріп тұрады. Бұл елдің адамы азайып, жұрт қатары сиреп қалады. Ақыры Бисат батыр Тебекөзбен шайқасуға шығады. Бірақ жеңіліп қалып, жалғыз көзді дәу оны қойлармен бірге үңгіріне қамап қояды. Тебекөз ұйықтап жатқанда Бисат оның жалғыз көзіне отқа қыздырған темір сұғып соқыр етеді. Бірақ Төбекөз әлі жеңілмейді. Ол Бисатты ұстап алып өлтіру үшін қойларды біртіндеп ұстап, үңгірден шығара бастайды. Бисат бір қойды сойып, соның терісін киіп шығып кетеді. Кейінірек ол ақыры Тебекөзді өлтіреді.

“Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы жыр”— қаһармандық эпосқа ұқсас сипаттары бар. Алайда мұнда Бисат жалғыз көзді дәуді батырлар жырындағыдай алып күшімен емес, қулығымен, ептілігімен жеңіп шығады. Мұның өзі Бисат туралы жыр ертегіден туындағанын көрсетеді. Ежелгі заманда түркі халықтарында жалғыз көзді дәу жөнінде қиял-ғажайып ертегілер көп болған. Ақын соның бірін жырға негіз етіп алуы әбден ықтимал.

82

IX. “Бегілұлы Бұл жырда оғыздар өздерінің жаңа

Әмрен жөніндегі қонысы — қазіргі Әзербайжан терри-

жыры ториясына көшіп келгеннен кейінгі

оқиғалар баяндалады. Демек, тоғызыншы жыр кейінірек өмірге келген. Мұнда Әзербайжан жеріндегі нақты жер- су аттары, оғыздардың кене тарихтан белгілі жаулары, кейбір шежірелерде жазылып қалған шынайы оқиғалар жөнінде айтылады.

Оғыздар мұнда көшіп келген соң Грузия мен Арменияның көптеген өлкелерін жаулап алғаны тарихтан мәлім. Бағынышты өлкелер оғыз ханына көп салық төлеп отырған. Грузиндер мен оғыздаар арасындағы шекараны оғыз бектері күн-түні күзетіп тұрған. Өйткені грузин, грек және абхаз жансыздары оғыздардың ішіне кіріп алып, шабуыл жасауға қолайлы сәтті ұдайы өз елдерінің патшасына хабарлап отырған. Шекарада талай рет қанды қақтығыстар болған.

Міне, “Бегілүлы Әмрен жөніндегі жырда” осындай тарихи оқиғалардың елесі бар.

Бұл жырдың сюжеті басқаларға қарағанда өте қарапайым. Мұнда шытырман оқиғалар жоқ. Жырдың қысқаша мазмұнын айта кетейік.

Баяндыр хан Грузиядан көп салық жинап алады. Соның құрметіне барша бектерін шақырып, үлкен той жасайды. Бірақ хан түнеріп отыр. Өйткені бектердін, ешқайсысы шекараны күзету қызметіне барғысы келмейді. Тіпті жиналған салықтың үштен бірін берем десе де бармайды. Ақыры Қорқыт ата Бегіл деген бекті ше-кара күзетуге көндіреді. Қорқыт атаның өзі бектің беліне қылыш асып, қолына шоқпар ұстатады. Сөйтіп, Бегіл бекті Барды және Гянджы маңындағы оғыз елінің шекарасын күзетуге аттандырып жібереді.

Жау жағы алып Бегілден қатты қорқады. Сондықтан Бегіл тұрғанда шекара, ел іші бейбіт болады. Бір күні хан Бегілді сарайына шақырып, оған сый-сияпат көрсетеді, қымбат тартулар береді. Ақындар Бегілге арнап өлең шығарады. Бір ақын “Бегілдің күші өзінде емес, оның сәйгүлік атында” деп жырлайды. Бегіл бұған ыза-ланып, ханның тартуларын өзіне қайтарып береді де, сарайдан өкпелеп шығып кетеді. Әйеліне келіп: “Бүйтіп қорланғанша жүр, біз грузиндер жағына өтіп кетейік” дейді. Әйелі:“Ашу — дұшпан, оған тізгін берме, одан гөрі аңға шығып, көңіл көтеріп қайт”— деп кеңес береді. Ол аң аулап жүріп аяғын сындырып алады. Мұны



83

естіген жау дереу шекарадан өтіп, оғый еліне шабуыл жасайды.

Енді оғыз елін жаудан қорғауға Бегілұлы Әмрен шығады. Әкесі оған: Баяндыр ханға барып, әскер сұра — дейді. Бірақ тәкаббар Әмрен хан алдында бас игісі келмейді. Азғантай нөкерімен майданға аттанады. Жекпе-жекте грузин батырын жеңеді. Әмрен қашқан жауды қуып, ол жақтан көп олжамен оралады. Хан жас батырға зор құрмет-қошамет көрсетеді. Әмрен батырды хан енді төрдегі ең құрметті орынға — Қазанұлы Ораздың қасына отырғызады.

Бір қызығы — Әмрен қарсы жақтың қалың қолын үрейлендіріп, ыдыратып жіберу үшін қулық жасайды: Қасында жоқ оғыз батырларының атын айтып, жаудың зәресін алады. Әмрен айтады:

— Ей, дінсіз, менің қосынымда кімдер барын білесің бе?! Міне, жанымда бүкіл елдің беделі — Салар Қазан тұр. Қасында інісі ер Қара-Көне бар. Жеңілу дегенді білмейтін Дүзенұлы Ербен батыр келді. Алып Рүстем де менің қасымда. Анау ақбоз атқа мініп келген — Бамсы-Бейрек қой! Бегіл маған атын берді, алмас қылышын сеніп тапсырды, өзінің үш жүз жігітін соңыма ертті. Кәне, мықты болсаң, күш сынасып көрейік!—дейді.

“Бегілұлы Әмрен жөніндегі жырда” ел қорғайтын жігіт тек қара күштің иесі ғана емес, сонымен бірге ақылды, айлалы, жауын ақыл-айламен де алып жығатын болуы керек деген пікір жатыр. Сондай-ақ бұл жырда ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы шынайы, кіршіксіз, адал қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінген. Бегіл өз әйелін шын жүрегімен құрмет тұтады, оның қас-қабағына қарайды, әрбір өтінішін мүлтіксіз орындауға тырысады. Бегіл тіпті ханның сөзін де тыңдағысы келмей, қаһарына мініп үйіне келгенде әйелінің сөзіне құлақ асады. Онымен ашылып сырласады. Ал, мұсылман дәстүрі бойынша, әйелдің сөзін тыңдау, онымен кеңесу — ер адам үшін өліммен тең ұят саналған. Мәселеге осы тұрғыдан қарасақ, жырда әйелді кемсітетін діни көзқарастарға қарсы мотив бар. Бұл жырда ғана емес, жалпы “Қорқыт ата кітабында” әйелдерді кемсі-тудің нышан-белгісі де жоқ. Мұның өзі ислам діні тарағанға дейін оғыз-қыпшақ тайпаларыньщ әйелдерді зор құрмет тұтқаньш аңғартады.

Туған елдің шекарасын күзету — қашанда қасиетті іс саналған. Сол кене заманның өзінде каһарман-шека-

84

рашылар (оларды оғыздар “акрит” деп атаған) жөнінде халық талай-талай ғажайып дастандар шығарған1. Солардын бірі осы “Бегілұлы Әмрен женіндегі жыр” болып табылады.



X. “Үйсін-қожаұлы Халық ауыз әдебиетінде кең тараған

Секрек туралы тақырыптың бірі — кенже баланың ерлік

жыр”. көрсетуі. “Қорқыт ата кітабында” осы тақырыпта жалғыз ғана жыр бар. Ол —“Үйсін-қожаұлы Секрек туралы жыр”. Мұнда бір-қатар әлеуметтік мәселелер сөз болады. Солардың ең бастысы — әдептілік, жасы үлкенді құрметтеу, қария адамдардың алдынан кесіп өтпеу сияқты патриархалдық қоғамның кейбір дәстүрлері. Сол кездегі салт-сана бойынша, хан сарайына барғанда әрбір бек тек өзіне лайықты орынға ғана отыруы тиіс. Ал, бектің қай орында отыратыны — сол бектің соғыста көрсеткен ерлігіне, яки мал-мүлкіне қарай белгіленеді. Әрине, таптық қо-ғамның қай-қайсысында болса да адамды материалдық жағдайына қарай бағалаған. Оғыз-қыпшақ дәуірінде де солай болған. Соның өзінде, ел қорғаған ерлік іс қашанда бірінші орынға қойылған.

“Қорқыт ата кітабындағы” Секрек туралы жырдың оқиға желісі төмендегідей:

Үйсін-қожаның тұңғыш баласы Егрек —барып тұрған өркекірек, мақтаншақ, қытымыр, әдепсіз адам болады. Әсіресе оның әдепсіздігі оғыз бектеріне ұнамайды. Өйткені Егрек хан сарайына бектер жиналғанда баса-көктеп төрге шығып, құрметті адамдардан жоғары отырады. Бектер бегі Қазанбектің қабылдауына кез келген мезгілде рұқсатсыз кіріп кетеді. Бұған ашуланған бектердің бірі хан сарайына жиналған көптің кезінше Егрекке кейіп тастайды:

— Ей, Үйсін-қожаның баласы! Сөзіме құлақ сал. Мына бектердің әрқайсысы өзі отырған орындарын майдандағы ерлігімен, ханға көрсеткен қызметімен жеңіп алған. Ал, сен төрге шығып шіреніп отыратындай-ақ қандай ерлік көрсеттің?! Жаудың басын кестің бе, қанын төктің бе, әлде аштарды бағып, жалаңаштарды киіндірдін, бе?!”

Бұл сезге намысы келген Егрек дереу Қазан батырдан үш жүз нөкер алып, жауды шауып келуге аттанады. Сол шайқаста жау қолына тұтқын болып түседі.

А Я. Сыркин. Поэма о Диченисе Акрите. М., 1964.

85

Егректің үйде қалған Секрек деген інісі болады. Әке-шешесі Секрекке көп жылдар бойы ағасы Егрек жау қолында тұтқында отырғанын айтпай жүреді. Бір күні Секрек бұл құпияны кездейсоқ біліп қалады. Сөйтіп, ол дереу ағасын құтқаруға аттанбақ болады. Бірақ қарт ата-анасы екінші ұлынан да айрылып қалудан қорқып, Секректі жібергілері келмейді. Тіпті оны қалдыру үшін дереу үйлендірмек болады. Сұлу қалыңдық тауып, той жасайды. Бірақ Секрек “ағамды құтқармай тұрып, үйленбеймін” деп қалыңдықтың ақ төсегіне жатпайды.

Секрек той өткен күні жауға аттанады. Ағасын тұтқындаған елдің самсаған қалың қолын қырып салады. Ол елде Секрекпен күш сынасатын, қол бастайтын батыр қалмайды. Сонда жау жағы Секрекке қарсы ез ағасы Егректі шығарады. Алғашта олар бірін-бірі танымайды. Екеуі бірнеше күн жекпе-жек шайқасады. Күн сайын кешке қарай екеуі де үйықтауға кетеді. Бір күні Егрек келсе, Секрек әлі ұйықтап жатыр екен. Егрек жерде жатқан сыбызғыны тартып Секректі оятады. Сол арада ағалы-інілілер бірін-бірі танып, құшақтасып көріседі. Екеуі бірігіп жаудың қалған әскерін қырып са-лады. Сосын еліне қайтып, екеуі де үйлену тойын жасайды. Оқиға осымен бітеді.

Сөйтіп, бұл жырда оғыз-қыпшақ дәуірінің адамгершілік, әдептілік, кішіпейілділік ерлік сияқты көптеген моральдық және этикалық талаптары әңгіме болады. Шығарманың негізгі идеясы — әдептілік пен ерлік әрбір жігітке қажетті егіз қасиет екенін жастарға жеткізу.



XI. “Салар Бұл жыр өзінің тақырыбы жағынан

Қазанның тұтқынға оғыздардың қазіргі Әзербайжан жері-

түсуі және оны не кешіп келгеннен кейінгі дәуірде көрші ұлы Ораздың боса- отырған елдермен қарым-қатынасын туралы жыры” бейнелеуге арналған. Мұнда қоныс аударған соң оғыздар талай жерді күшпен өздеріне қаратып алғаны мәлім. Сонымен бірге, жаңа көршілер де оғыз тайпасына едәуір қатер төндіріп тұрды. Мұның бәрі осы жырдан өз көрінісін тапқан.

Шығарманың экспозициясы —“Қорқыт ата кітабы” үшін дәстүрлі сюжеттен басталады.

Қазан батыр Трапезунд әміршісінен сыйлыққа сұңқар алып, аң аулауға шығады. Қайтарда алыптың қатты ұйқысы келеді. Бірнеше күнге созылатын мұндай ұйқыны оғыздар “кіші ажал” деп атап кеткен. Жаудың шолғыншысы Қазанның ұзақ ұйқыға

86

кеткенін дереу әміршісіне хабарлайды. Жау жалма-жан шабуылға шығып, Қазанды тұтқындайды да, қасындағы бектерін қырып тастайды.

Қазанның қол-аяғын матап байлап, арбаға салады. Жолда келе жатып батыр ұйқысынан оянады. Бірақ ол титтей де абыржымайды. Қатты бір сілкініп аяқ-қолын байлаған арқанды быт-шыт етіп үзіп жібереді де, қаркылдап күледі: “Мен мына тербеліп келе жатқан жаман арбаны түсімде бесігім екен деп қалыппын. Ал, сендер нөкер емес, менің бесік тербеп, ыңылдап отыратын сүйікті әжем сияқты көріндіңдер”—дейді.

Жырдың бір ерекшелігі — мұнда әзіл-оспақ, кекесін-күлкіге, юморға едәуір орын берілген. Соған жырдан мысал келтірейік.

Трапезунд әміршісі Қазан батырды қорлау үшін терең құдыққа тастайды. Әміршінің аңқау әйелі тұтқынды кекетпек болып, құдық басына келеді де, шыңырау түбінде жатқан батырға:

— Денсаулығың қалай, батырым?— депті. Қазан әйелге қарқылдап күліп жауап береді:

— Өте жақсы. Сендердің арғы дүниеге кеткен туған-туысқан адамдарыңның несібесін тартып алып жеп жүрмін. Дозақта өлгендер қайта тіріледі екен. Сендердің бұрын елген бауырларыңды ат қылып мініп жүрмін,— дейді.

Мұны естігенде аңғырт әйелдің зәре-құты ұшады. Енді ол Қазанға жата жалбарынады:

— Ойбай-ау, ол не істегеніңіз! Өлікке міну күнә ғой! Менің жеті жасында қыршын кеткен қызым бар еді. Рахым етіңіз, менің аяулы қызыма міне көрмеңізші, нәресте ғой!—дейді.

Қазанның күлкіден ішек-сілесі қатып, зорға жауап береді:

Жарқыным-ай, ол не дегенің?! Мұндағы еліктердің ішіндегі ең жүйрігі сенің қызың ғой. Мен ұдайы соған мініп жүрем. Әйтпесе жаяу шаршап қалам ғой,— дейді.

Әміршінің әйелінің құты қашады, күйеуіне жалынып-жалбырынып, ақыры Қазанды құдықтан шығартады.

Қазан бейнесіне тән нәрсе — оны қай жерде көрсе де, тіпті атын есітсе де жаудың зәресі қалмай қорқады. Қазан бұл жырда ғана емес, “Қорқыт ата кітабының” басқа жырларында да осындай үрейлі, сұсты, ажалмен бетпе-бет келсе де каймығуды

87

білмейтін жүрек жұтқан қаһарман бейнесінде көрінеді.

Бұдан бұрынғы жырларда баяндалғандай мұнда да Ораз алғашта әкесі туралы ешнәрсе білмейді. Кейін бәрін білген кезде дереу әкесін құтқаруға аттанады. Әкесін бірден танымай онымен жекпе-жекке шығады. Жыр соңында екеуі бірін-бірі танып, екеуі де жауға қарсы шығады. Еліне жеңіспен оралады.

Шығарманың топонимиясына қарағанда, бұл жыр оғыздар Кавказ жеріне қоңыс аударғаннан кейін жазылған секілді. Мұнда Трапезунд, Акча-қала, Сүрмелі, Акхисар т. б. кенттер мен қамалдар аталады. Бұлар Әзербайжан мен Кіші Азияда екені мәлім. Шығарма оғыздардың жаңадан тапқан Отанында жазылғанына тағы бір дәлел, жырда оғыз батырлары шіркеуді бұзып, оның орнына мешіт салады. Тарихи деректер бойынша, мұндай оқиғалар оғыздар қазіргі Әзербайжан жеріне қоныс аударған кезде болған. Әйтсе де бұл жырда оғыздың Сыр бойында өткен көне дәуірінен алынған көпте-ген эпикалық материалдар бар.



XII. “Сыртқы “Қорқыт ата кітабының” барлық

оғыздардың ішкі жырларында оғыздардың ауызбірлігі,

оғыздарға қарсы өзара достығы, мәңгілік тұтастығы

шығыуы және көкке көтере мадақталады. Ал енді

Бамсы-Бейректің біз әңгіме еткелі отырған жырда тұңғыш

елімі туралы рет оғыздардың арасындағы, өз- ара

жыр”- өшпенділік, сыртқы оғыздардың

ішкі оғыздарға қарсы күреске шығуы жырға арқау болған. Бұл тарихи шындыққа сәйкес келеді. Оғыздар ұдайы өзара бірлікте, татулықта тұрған деу өмір шындығына жанаспас еді.

Сонымен “Қорқыт ата кітабының” ең соңғы, он екінші жыры — оғыздардың өзара қырғиқабақ соғыстарын баяндайтын жыр деуге болады. Оғыз тайпасының өзара тату-тәтті, достықта тұрған ежелгі дәуірі мадақталады. Көне заманды жырлағанның өзінде толып жатқан нақты, тарихи деректер келтіріліп отырады. Мұнда тіпті тарихи деректер мен эпикалық оқиғаларды бір-бірінен ажырату қиын секілді.

“Сыртқы оғыздардьщ ішкі оғыздарға қарсы шығуы және Бамсы-Бейректің елімі туралы жырдың” кысқаша сюжеті мынадай болып келеді.

Қазан өз үйін өзі тонауға береді. (Өз үйін өзі тонауға беру — ежелгі бір салт па, әлде қолбашыға соғыстан

88

жиналған олжаны белісіп алудың тәсілі ме, әзірше ғылымға бұл мәселе айқын емес). Мұндай тонауға бүкіл оғыз елі, яғни “үш оқ” (ішкі оғыз) та, “бозоқ” (сыртқы оғыз) қатысуы керек еді. Бірақ Қазанның үйін тонау салтанатына тек ішкі оғыздар ғана келеді.



Ал, Қазанның нағашысы Аруз-қожа бастаған сыртқы оғыздар өкпелеп, бұл салтанатқа келмей қалады. Олар келмек түгілі, енді қалайда Қазанға бір жамандық істеу жолын іздей бастады. Осындай мақсатпен Аруз-қожа ішкі оғыздардың беделді бегі, батыры Бамса-Бейректі шақыртып алады. Сөйтіп, оны Қазанға қарсы шығайық деп азғырады. Бірақ мұндай опасыздыққа адал жүрек Бамсы-Бейрек сірә көнбей қояды. Бектер бегі Қазанға адалдығы үшін Аруз-қожа оны зұлымдықпен өлтіреді.

Бамсы-Бейректің өлімі жөніндегі суық хабар күллі оғыз елін дүр сілкіндіреді. Ашу-ыза кернеген ішкі оғыздар дереу сыртқы оғыздардан қанды кекті қайтаруға бел байлайды. Қазанның өзі бастаған қалың қол сыртқы оғыздарға қарсы соғысқа аттанады. Аласапыран, қым-қиғаш шайқас басталады. Осы соғыста екі елдің арасына іріткі салған Аруз-қожа өледі. Жыр осымен бітеді.

Сонымен оғыздардың бір-біріне қарсы екі топқа белініп кетуіне не себеп болды? Жырда бұл сауалға айқын, дәлелді жауап жоқ. Шамасы Бамсы-Бейректің өлімі туралы жыр оғыз бектерінің билік үшін өзара қырық пышақ болып, жауласып жүрген кездерінде өмір-ге келсе керек. Бұрынғы жырларда —“қалың оғыз” (яғни “күллі оғыз елі” деген мағынада) деп елдің бірлігі мадақталып келсе, бұл соңғы жырда “үш оқ” (үш жебе) және “боз оқ” (сынған жебе) жөнінде көбірек айтылады. Сөйтіп, оғыз елін “екі қанатқа” яғни екі топқа бөлініп кетуі шығармада тарихи шындық негізінде жырланған.

Қашанда өзара бақталастық, алауыздық бүкіл елдің құтын қашыратыны жырда аллегориялық әдіспен меңзеп айтылған.

Сөйтіп, “Қорқыт ата кітабына” негізгі сюжет болған қаһармандар: атақты жырау, ұлы күйші, оғыз-қыпшақ елінің данышпан-ақылгөйі Қорқыт атаның өзі, жойқын алыптардың ұлы ағасы, барлық бектердің бегі Салар Қазан (Қазанбек), күйеуі жорықта жүргенде ер кісілер ше қару алып асынып, жауға қарсы


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет