Қазақ әдебиетінің



бет5/20
Дата25.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#7708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

52

яғни сегіз хикая бар. Әрбір циклдың өзі үш элементтен (оқиғаның бастауы, өрістеп ұлғаюы, түйіні) түрады.

Енді Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуы текстінің композициялық құрылысына талдау жасап көрейік. Үлкен жазудағы Күлтегін жыры көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде ұзыннан-ұзақ 53 қатар жазу болып шығады.

Бұл жырдың ерекшелігі — бұл жыр бір-бірінен толық дербес тұрған алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған деуге болады. Бірінші хикая — түрік халқының ұлы ата-бабалары туралы, екінші хикая — түріктерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде, үшінші хикая — Елтеріс қағанды сипаттауға арналған, төртінші хикая — Қапаған қаған туралы, бесінші хикая — Білге қағанды жыр өткен, алтыншы хикая — Күлтегін туралы жыр.

Түрік халқының ата-бабалары ұлы адамдар болғанын жырлауға арналған бірінші хикая — құлпытастағы руналнқ жазудың бірінші— төртінші жолдарын толық қамтиды.

Бірінші хикая — төрт циклдан тұрады. Бірінші циклда — түрік халқының үстіне билік жүргізу үшін бір кезде Білге қағаннын, ата-бабалары отырғаны жырланады, екінші цикл — Білге қағанның ата-бабалары жасаған әскери жорықтар туралы, үшінші цикл — түрік халқының арғы ата-тегінің адамгершілік қасиеттері жоғары болғаны жайында, төртінші цикл — Білге қағаннын, ата-бабаларын жоқтап-жылауға арналған.

Мұнда да әрбір цикл өз ішіне міндетті түрде үш элементті қамтиды — бастауы (орысша “зачин”), осы циклдағы оқиғанын. өрістеуі және түйіні.

Бірінші хикаяның бірінші циклын да талдау жасап көрейік:

1. Осы циклдың бастауы үш жол өлеңнен тұрады. Мұнда жер мен көктің және адамның жаралуы туралы әңгіме болады:

Биікте Көк тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған.

2. Циклдың екінші бөлімінде — оқиға өрістей түседі: Білге қағанның ата-баабасы адам баласы үстіне билік жүргізу үшін отырғаны екі жол өлеңде айтылады:

53

Адам баласы үстіне (билік жүргізу үшін) ата-тегім —

Бумын қаған, Істемі қаған отырған.

3. Осы циклдың қорытынды бөлімінде — екі жол өлеңде Білге қағанның ата-тегінің билік жүргізуі бүкіл түркі халқы үшін игілік әкелгені айтылады:

Отырып, түркі халқының ел-жұртын

Қалыптастырғаи, иелік еткен.

Бірінші хикаяның бірінші циклы осымен аяқталады. Бұл хикаяның қалған екінші, үшінші және төртінші циклдарының композициялық құрылысы да дәл осы үлгіде болып келеді.

Ал, енді осы Күлтегін (үлкен жазу) жырының мазмұны жағынан аса қызықтысы, композициялық құрылысы зор шеберлікпен жасалғаны — алтыншы хнкаясы.

Күлтегін ескерткішінің (үлкен жазу) алтыншы хикаясын Күлтегін батырдың жауынгерлік жорықтары жөнінде жазылған ғажайып жырдастан деуге болады. Алтыншы хикая он үш циклдан тұрады.

Міне, осы алтыншы хикаяның бірінші циклы Күлтегіннің әскери қызметінің алғашқы сәттері қалай басталғанын суреттеуден басталады. Бұл циклдың бастауы — он жастағы бала жігітке Күлтегін деген ерлік есім қалай берілгенін төрт жол жырда баяндап береді. Сосын оқиға желісі ұлғайып, Күлтегіннің туған жер үшін жүргізген қанды шайқастары (он жол өлеңде) көрсетіледі. Ал, циклдың қорытынды бөлімінде (бір жол жыр) Күлтегіннің теңдесі жоқ жеңістері жыр болады:

Ісін-күшін беріп, осыншама

ел жиып, інім Күлтегін өзі қайтыс болды.

Әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды.

Он жаста Умай текті шешемнің бағына

Інім Күлтегін ер атанды.

Он алты жасқа (келгенде) ағам қағанның

ел-жұртын сонша молайтты.

Алты чуб, соғдаларға қарсы

Аттандық, талқандадық.

Табағаш,Оңтұтықты бес мың әскері келді,

Соғыстық

Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды.

Онтұтықты қарулы басшыларымен қолға түсірді.

Қарулыларды қағанға еншіледі.

Ол әскерді сонда талқандадық.

Бірінші хикаяның екінші циклы Күлтегін батырдың аса катыгез жау Чача Сеңгунмен болған аяусыз шайқасын суреттеуге арналған:



54

Жиырма бір жасында

Чача Сүңүнмен айқастық

Ең ілкі Тадықын чурдың

Боз атын мініп шапты,

Ол ат сонда өлді.

Екіншіде Ышбар Ямтардық Боз атын мініп

шапты.—


Ол ат сонда өлді.

Үшіншіде иегін Сілікбектін ерттеулі торы атын

мініп шапты,—

Ол ат сонда өлді.

Міне, бұл циклда Күлтегін жырының басқа циклдары сияқты үш элементтен тұрады. Циклдың бастауында — Күлтегіннің соғыс кезінде неше жаста екені айтылады, содан кейінгі оқиғаның өрістеу бөлімінде — соғыс картинасы берілген, ең соңындағы бір жол өлеңде түріктердің жеңіске жеткені хабарланады.

Мұндай композициялық кұрылыс “Қүлтегін” жырының барлық хикаялары мен циклдарына тән болып келеді. Тегіндежырды композициялық жағынан дәл осылайша етіп құру — сол көне түркі дәуірінің міндетті түрде орындалуы тиіс әдеби дәстүрінің бірі болса керек.

Күлтегін жырының бұдан кейінгі хикаялары мен циклдарында түркілердің түргеш, соғды, аз, оғыз, т. б. қарсы соғысы, Қүлтегінің тайсалмай сол қанды майдандарда ұлық Еркін, Құшы Тұтық, аздардың Елтебері сияқты жауларымен жекпе-жек арпалысы суреттеледі.

Жырда Күлтегін түркі елінің “төрт бұрышындағы” барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Қүлтегін түркі халқын тәуелсіз етті, байлыққа кенелтті деген пікір айтылады.Жырдың басты идеясы — түркі халқын ауыз бірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ата-баба жолын берік ұстауға шақыру болып табылады.

Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, жақсы өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанның алданған сәттерінде:

Бек ұлдары — кұл болды,

Пәк қыздары — күн болды.—

дейді. Жыр сонында Күлтегін өлгенде бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап-жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көп елшілер, батырлар, тас қашайтын шеберлер, таңбашылар (мөр иесі), бектер, т. б. келгені айтылады.

55

Күлтегін батырды жерлеуге татабы елінен келгендерді Удар-Сеңгун, табғаш қағанынан — Ісиі-Лікең бастап келді. Күнбатыстағы Соғды, Бершекер, Бұхар ұлыстарының халқынан — Нең-Сенгун, Тархан ұлы, “он оқ” елі мен түргеш қағаннан — Мақраш таңбашы және Оғыз Білге таңбашы, қырғыз Тардуш Чур, Қүлтегінді жерлеуге қатысқаны жырда зор шеберлікпен баяндалған.



Орхон жазба ескерткіштері ішінде “Т о н ы к ө к ж ы р ы” ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар.

Әйтсе де бұл жыр өзінің жазылу стилі, көркемдік тәсілдері, композициялық құрылымы, идеялық мазмұны жағынан Күлтегін жырына өте-мөте ұқсас. Әсіресе, композициялық құрылымы — циклдар мен элементтердің атқаратын қызметі құдды Күлтегін жырындағыдай болып келеді.

Әрине, “Тоныкөк” жырының сюжеті, оқиғалары басқаша болып келеді. Мұндағы басты қаһарман — қағанның кеңесшісі Тоныкек. Ол өзі туралы:

Ақыл иесі,

Сөз иесі мен болдым,—

дейді. Ал, дұшпандары Тоныкөктің ақыл алыбы — білге екенін мойындайды:

Қағаны — алып екен,

Ақылгөйі — білгір екен.

Егер “Күлтегін” жырында түркі елінің белгілі бір соғыстағы жеңісіне себеп болған негізгі нәрсе — Күлтегін батырдың ерлігі деп көрсетілсе, ал “Тоныкөк” жырында автор дәл сол жолғы шайқаста жеңіске Тоныкөктің, ақыл-айласы арқасында ғана жеттік деп көрсетеді.

Бұл жырдың басты қаһарманы батыр емес, бүкіл түркі елінің дана қарты, тіпті Білге қаған мен Күлтегінің әкесі Елтеріс қағанға да кезінде ақылгөй болған Тоныкөк қарт. Сондықтан бұл жырда уағыз-өсиет, нақыл сөздер көбірек ұшырасады:

Жұқаны бүктеу — оңай,

Жіңішкені үзу — оңай.

Немесе:

Қол қосылса — күш әсер.



Яки:

56

Өлімнен ұят күшті, т. б.



Ел басына қатер тенгенде Тоныкөк:

Осы сөзді есітіп.

Түні бойы ұйқым келмеді,

Күндіз отырғым келмеді,—

дейді. Ол түркі елі үшін, оның қағандары үшін өзінің күш-қуатын аямағанын зор мақтанышпен айтады:

Елтеріс қаған үшін,

Түркі Бөгі қаған үшін

Түркі Білге қаған үшін,

Қапаған қаған үшін

Түнде ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым.

Қызыл қанымды төктім.

Қара терімді ағыздым.

Күш-қуатымды аямадым.

“Тоныкөк” жыры да көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытаста 62 руналық жазу жолына сыйып түр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер он төрт циклға, яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырады. Күлтегін жырындағы секілді мұнда да әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Бірінші циклда түркі халқының табғаштарға бағынышты болып қалу тарихы, екіншіде — аман қалған түркілердің бас қосып, бірігуі, үшіншіде — сол біріккен халықты басқаратын қаған сайлаудың қиын болғандығы, қаған сайлаудағы Тоныкөктің зор роль атқарғаны, төртіншіде—Елтерісті қаған етіп жариялағаны, ел іш-індегі тыныштыққа сырттан қатер төне бастағаны, бесіншіде — оғыздардан тыңшы келіп, олар түркі елін шаппақ болып жатқаны, алтыншыда — түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықты жеңудегі Тоныкөктің ролі, жетіншіде — оғыздармен болған соғыс туралы, сегізінші циклден бастап, ол үшін-ші циклға дейін түркілердің түрлі тайпалармен жүргізген қиян-кескі соғыстары жыр етіп баяндалады.

“Тоныкөк” жырының ең соңғы — он төртінші циклы бүкіл жырдың қорытындысы сияқты. Мүнда түркілердің өз елі, жері үшін жүргізген соғыстарын атап-атап айтады да, соның бәрінде түркілердің жеңіске жеткенін, сол жеңістер өзінен-өзі келмегені, оған Тоныкөк өзінің ақыл-кеңесімен, ерлік істерімен қыруар үлес қосқаны сез зергерлеріне ғана тән зор шеберлікпен суреттеледі. Бұл жырда түрік елінің сан қырлы өмірінде Тоныкөктін,

57

тарихи роль атқарғаны ерекше атап айтылады:

Бүкіл түркі халқына

Қарулы жау келтірмедім,

Атты әскер жолатпадым.

...Еліміз қайта ел болды, :

Халқымыз кайта халық болды.

Тоныкөк ескерткіші — ежелгі түркі поэзиясына тән әдеби дәстүрде, көріктеу құралдары, тілі, композициясы т. б. жағынан зор шеберлікпен жазылған жырдастан болып табылады.

Күлтегіи” жыры Түрік қағанатының есімі мәшһүр әскери

және қолбасшысы, даңқты батыры Күлтегіннің

қазақ эпосы. он алты жастан бастап, қырық жеті жасына дейін, яғнн өлгенге дейінгі ерлік істері эпостық сарынмен жырланады. Күлтегін тарихи адам болса да жырда ол бейне бір аңыз қаһарманындай ешқашан жеңілуді білмейтін батыр ретінде көрсетілген.

“Күлтегін” жырында эпостық баяндау сазы басым екенін айта келіп, М. Әуезов: “Мұнда батырдың жас шағынан бастап өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрылысына ұқсастық бар” деп көрсеткен болатын1.

Күлтегін ескерткіші тарихи фактілер тізбегі емес, ежелден еркіндік аңсаған түркі халқының бақытты өмір жайындағы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы жүргізіп келген ерлік күресін, кескілескен шайқастарда қол бастаған хас батырларын жыр еткен батырлық эпосының алғашқы үлгілері деп танығанымыз жөн сияқты.

Міне, осы тұрғыдан қарағанда тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды” және “Шора батыр” сияқты қазақ эпостарыныц да “Күлтегін” жыры секілді тарихи негіздері бар болуы ықтимал. Бұл туралы академик Ә. Марғұлан өзінің “Қазақтың ерлік жырындағы әлеуметтік сарындар” деген мақаласында қазақ эпосының халықтық сипаты мен тарихи негіздері барлығын ерекше атап көрсетті. Ғалым оғыз және қыпшақ тайпалары эпосының генезисіне қатысты көптеген жәйіттерді айта келіп: “өткен дәуірдің жыршылары қандай ерлік жырын жырласа да, оның бәрі



1 М. Әуезов. Шығармалар. Алматы, 1969, 11—том, 136-бет.

58

материалистік негізге тіреліп, болған тарихи уақиғаны, тарихи фактілерді жырлаған деп жазады.”1 Қазақ елінің ауыз әдебиеті бай, әсіресе, ежелгі дәуірден көненің көзіндей сақталып келе жатқан дәстүрлі дастандар — батырлық жырлары көбірек дамыған деу-



ге болады.

Эпикалық шығармалар желісінде қара бастың камы емес, халықтың мұрат-мақсаты үшін күрескен батырлар мадақталады. Қамбар батыр, Қобыланды батыр және Алпамыстың ел үшін атқарған ерлік істері, олардың туған жері, елі үшін өз басын ажалға тігуі бұл сөзімізге толық дәлел. Енді “Күлтегін” жырының мына бір жолдарына назар аударайық:

Жалаңаш халықты тонды,

Кедей халықты бай қылдым.

Аз халықты көп қылдым,

Тату елге жақсылық қылдым.

Төрт бұрыштағы халықты

Бәрін бейіт қылдым,

Тату қылдым,

Бәрі маған бағынды,

Ісін-күшін беріп,

Осыншама ел жиып,

Інім Күлтегін өзі қайтыс болды.

Эпостық батырдың бойынан табылатын асқақ қасиеттер: батырлық, адалдық, алыптық сияқты болып келетіні мәлім: Күлтегін

Азманағын мініп,

Шабуылға ұмтылды.

(Жаудың) алты ерін шанышты,

Шабуылда жетінші ерін қылыштады.

Немесе Күлтегін туралы:

Тізеліні бүктірді,

Бастыны еңкейтті,—

дейді. Алпамыс батыр сияқты Күлетегін де суға салса батпайды, отқа салса күймейді:

Жүзден артық оқ тнді

...Бірі де дарыған жоқ.

“Күлтегін” жырында батырлардың жекпе-жек шайқасқа

1 Ә. Марғулан. Ежелгі жыр, ақыздар. Алматы, 1985, 367-бет.

59

шығуы, батырдың шайқас алдындағы қаһарлы бейнесі ашу-ызасы зор шеберлікпен берілген.



Дәл осы дәстүрдің көрінісін қазақтың батырлар жырынан аңғару қиын емес. Мәселен, Қобыланды батыр қарсыласы Қазан батырға қарап былай дейді:

Қылышпенен өлтірсем,

Қиқаладың дерсің сен.

Найзаменен өлтірсем,

Миқаладың дерсің сен.

Садақпенен өлтірсем,

Қапыл қалдым дерсің сен.

Мылтықпенен мен атсам

Жазым қалдым дерсің сен.

Мінген атын, кұла ғой,

Сен үлкен де, мен — кіші,

Кезегіңдіі ала ғой.

Сендер көп те, мен — жалғыз,

Қолыңа келді бір бала,

Білгеніңді қыла ғой!

“Қобыланды батыр” жырында қанды шайқастың жанды суреті жасалған:

Ат тізесін бүгісті,

Бүгіле, бүгіле. тырысты.

Тебінгіге тер қатып,

Қақырғаны қан татып,

Түкіргені жын татып,

Қанжарменен қармасты.

Семсерменен серместі.

Қанжар қалды қайысып,

Семсер қалды майысып,

Диқан еккен егінді,

Есен алса тегін-ді,

Қан қабақтан төгілді,

Ерлер жаннан түңілді.

Аш күзендей бүгілді,

Екеуінің ақ сауыт

Шығыршықтан сөгілді.1

Қазақ эпосында, әсіресе, батырдың жан серігі атының түр-түсін, шабысын, қалай бапталғанын, т. б. суреттеуге ерекше назар аударып, соған ықлас қойып отырады. Мәселен, “Қобыланды” эпосында мынадай жыр жолдары бар:

Тобылғы меңді торы атпен

Қобыланды шапты ауылға.

Немесе


Батырлар жыры. “Жазушы” баспасы, 1986, 1-том, 68—69-бет.

60

Үстіндегі түгіңнің

Жары күміс, жары алтын.

Жан серігім, Бурыл ат,

Жылқыда тұлпар сен едің.

Ал, Күлтегін мінген аттардың да сыр-сипаты осылайша суреттеледі:

(Күлтегін) боз атын мініп шапты,

Ол ат сонда өлді.

Ерттеулі торы атын мініп шапты,

Ол ат сонда өлді.

...Күлтегін алып Шалшы ақбоз (атын) мініп, :

Жауға қарсы ұмтылды.

Сондай-ақ Күлтегін батыр өлгенде бүкіл елдің қабырғасы қайысып, айтқан жоқтау-жырлары да эпостық жырлар сарынымен орайласып жатады. Мұның бәрі Күлтегін ескерткішіндегі жазу — қазіргі түркі тілдес халықтардың көне заманда-ақ елдікті, адалдықты ту етіп көтерген батырлық эпосының алғашқы үлгілері деп танып-білуімізге мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, түркі елінің VI—VIII ғасырлардағы қоғамдық-әлеуметтік өмірін, түрлі түркі тайпаларының әдет-ғұрпын, наным-сенімін, өзіндік поэзиясың тілін, т. б. танып-білуде Орхон ескерткіштерінің мәні аса зор. Әсіресе, жазба әдебиеттің өсіп-өркендеу процесін, халықтық эпостың табиғатын, сөз өнерінің түп тамырын зерттеп білуде руналық жазба-ескерткіштер ғылым үшін аса құнды материал болып табылады.

ҚОРҚЬІТ АТА КІТАБЫ

(“Китаби дедем Коркуд”)

Қорқыт туралы “Қорқыт ата кітабы”— түркі тектес халықтардың

ақиқат пен аңыз. ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатынэпикалық, әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы — VII—VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т. б. мәнін жоймаған, аса құнды шығарма.

Бұл көне заман мұрасы туралы айтудан бұрын Қорқыт атаның өзі кім болған деген сауалға жауап бере

61

кетейік. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, 'Қоркыт — сегізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан екені мәлім. Міне, сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел ағасы атанған Данышпан қарттың ұзак жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар.



Ал, оның теңдесі жоқ күйші-композитор болғандығын халық жадында сақталған “Қорқыт ата күйі”, “Қорқыт сарыны”, т. б. музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір-ұстаз тұтқан. Олар өздерінің өлең жырларын бастар алдында, алды-мен Қорқыт атаның есімін ауызға алуды шарт деп білген.

Жырауың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған барлық бақсы асқан ата.

Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.

Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жүйрік жел-маясына мініп алып, халқына мәнгі жасайтын жер-ұйық іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің сонында “өлмейтін нәрсе жоқ екен” деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. ¥лы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан секілді. Қорқыт атаның жан тебірентерлік сыйқырлы күйлері, ұлағатты ғибарат сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келе жатыр.

Қорқытты асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты жырау деп, мазар-күмбезіне (қорым, ұйық жер, панте-он) бас ию сонау оғыз-қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында) халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, оны “Қорқыт атаның күй тартатын жері” деп басына күзетші, шырақ жағушы адам қойып жүрді. Қорқыт ата күмбезі шамамен IX—XI ғасырларда салынған. Соңғы кезде Сырдария арнасы ауытқып, бұл қорымды 1960

62

жылы су шайып кеткен. Қазір пантеонның бір жақ қабырғасы ғана сақталып қалған.



Барлық адам баласына ізгілік өмір іздеген жан, ұлы қобызшы, асқан жырау есімін бүгінгі ұрпақтары есінен шығарған жоқ. Қүй мен жыр атасының есімін мәңгілік сақтау мақсатымен оның мазары тұрған жердегі темір-жол станциясын “Қорқыт” деп атаған. Республика үкіметінің арнайы қаулысы бойынша, су шайып кеткен Қорқыттың бұрынғы күмбезі маңынан 1980 жылы ұлы күйшіге ғажайып жаңа обеляск орнатылды. Аңыз бойынша, Қорқыт атаның бұрыиғы күмбезінен қобыз сарыны, әдемі күйлердің толқынды үні ертелі-кеш естіліп тұрады екен. Архитектор осы аңызды негізге ала отырып, Қорқыт атаның жаңа обелискісін жасады. Онда биік төрт қобызды бір-біріне сүйеп, біріктіріп қою арқылы композиция құрған. Сыр бойында тынымсыз ескен самал-жел әсерімен әлгі төрт қобыздан ой тербейтін әсерлі үн, жанға жайлы қобыз сарыны естіліп тұрады.

Ең бастысы — сан ғасырлар бойы түркі тілдес түрлі тайпалардың сүйіп тыңдаған жыр-дастаны советтік дәуірде қайта қолға алынып, бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отыр.

Алдымен “Қорқыт ата кітабының” қолжазба нұсқаларының табылуы, зерттелуі және басқа тілдерге аударма жасалуы туралы қысқаша айта кетелік.

Қолжазба Біздің дәуірімізге дейін “Қорқыт ата кітабының”

нұсқадары екі қолжазба нұсқасы сақталып келген.

зерттелуі Солардың бірі қазір Германиядағы Дрезден аудармалары. қалалық кітап ханасыйың сирек кездесетін қол-

жазбалар қорында сақтаулы тұр. Бұл қолжазба кітаптың мұқабасында көрсетілген аты: “Кітаби дедем Коркут ғали лисани таифаи у огузан”, яғни “Қорқыт атаныд оғыз тайпасы тіліндегі кітабы”-

“Қорқыт ата кітабының” осы Дрезден қолжазбасын он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз-намеден тұрады.

Ал “Қорқыт ата кітабының” екінші қолжазба нұсқасы' Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба алты жырдан құралған, ол: “Хикаят оғыз-наме Қазанбек уа ғайри” деп аталады. Мұны осы кітапханадан тауып, итальян тіліне тұңғыш рет аударған ғалым Этторе Росси болды

“Қорқыт ата кітабының” Дрезден каласында сақталбаған толық

63

нұсқасын зерттеу, Европа тілдеріне аудару ісі ХІХ-ғасырдың бірінші жартысында басталған еді. 1815 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Г. Ф. Диц бұл шығарманың бір тарауын — сегізінші хикаясын неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады. Екінші бір неміс ғалымы Теодор Нельдеке “Қорқыт ата кітабын” неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ ол бұл істі аяғына дейін жеткізе алмады да, барлық материалдарын өзінің шәкірті В. В. Бартольдке тапсырды. В. В. Бартольд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен ондаған жылдар бойы айналысты. Сөйтіп, ол Қорқыт ата кітабын” 1922 жыл орыс тіліне аударып шықты. Бірақ ғалымның көзі тірісінде аудармасы жарық көрген жоқ. Бұл аударма 1962 жылы академик В. М. Жирмунский мен А. Н. Кононовтың редакциясымен басылып шықты.



Сондай-ақ оғыз-қыпшақ дәуірінің ғажайып әдеби ескерткішін зерттеуге А. Н. Самойловнч, В. В. Вельяминов-Зернов,

К. А. Иностранцев, А. Ю. Якубовский, А. А. Диваев сияқты көрнекті орыс ғалымдары да мол үлес қосты.

Оғыздаардың каһармандық эпосын әдеби, тарихи және тілдік тұрғыдан комплексті түрде зерттеген белгілі совет ғалымы, көрнекті түрколог X. Г. Көроғлы болды.

Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухаррем “Қорқыт ата кітабының” толық текстін латын әрпімен трансрипция жасап бастырып шығарды. Бұл кітапқа косымша ретінде шығарманың Дрезден және Ватикан қолжазба нұсқаларының факсимилесі де енгізілді.

Қазақстан ғалымдарынан “Қорқыт ата кітабын”зерттеу, аудару, насихаттау ісіне академик Ә. Марғұлан, профессор

Ә. Қоңыратбаев және филология ғылымдарының кандидаты

Б. Ыскақов белсене ат салысып келді.

“Қорқыт ата кітабы” сол кездегі оғыз-қыпшақ тайпаларының бәріне бірдей түсінікті ортақ тілде жазылды.1

Қорқыт хикаясы түсінікті болу үшін алдымен оғыз- қыпшақ тайпаларының тарихи, олардың ескі мекен-жайлары, Қорқыт ата туралы қазақ арасына тараған аңыздар жайында қысқаша айта кетейік.

1 Ә. М. Дәмирчизадә. “Қитаби-дәдә Горгуд” дастанларының дили. Бақы, 1959.

64

Тарихи шындық Қорқыт — жыр мен күйдің атасы,

пен аңызға айнал- оғыз, қыпшақ және қаңлы

ған бейнелер. тайпаларын басқарған данышпан кісі

бейнесінде VIII—IX ғасырларда-ақ аңыз кейіпкері болған жан. Қорқыт ата жөніндегі жырдастан алғашта Орта Азия мен Сыр бойында туып, халық эпосының дәстүрі бойынша сан ғасырлар бойы ауызша айтылып келген. Тек XVI ғасырда ғана Қорқыт

есімімен байланысты бұл дастан қағазға түсірілген.

Енді оғыздар жөнінде бірер сөз айта кетейік. Оғыздар Кавказ өңіріне қоныс аудармай тұрған кезде олардың түбегейлі мекені Қаратау өңірі, Бөген, Шаян және Арыс маңайы болған. “Истахри шығармасының парсыша нұсқасында Келес Даласында болған “Оғыздар қонысы” (Дех и гузз) айтылады. Мұнда Келес даласында, Ангрен мен Шыршық аңғарында, Шатқал және Угам жоталарының баурайында оғыздар қарлұқтармен және басқа түркі тілдес топтармен аралас мекендеген”1.

Оғыз тайпалары сондай-ақ Сырдарияның төменгі ағысында мекен еткен. Тарихи деректер бойынша, Сыр бойында түрған оғыз тайпаларыньщ ең маңызды қалалары Янги-Кент (Жаңакент), Жент, Үзкент (Өгізкент), Баршын-кент (Қыз қала), Сүткент, Отырар т. б. болған. Оғыздармен қатар Сырдария бойында қыпшақ тайпалары да тұрған. Олардың басты қалалары, астаналары — Сығанақ, Сауран, Түркістан, т. б. кенттер болған. Демек, қазақ халқының рухани тұрмыс-тіршілігіне оғыздардың, тигізген ықпалы аз болған жоқ. Кейінірек XI ғасырдың орта кезінде оғыздардың бірсыпыра топ-тары қыпшақтардың тегеуірінен Шығыс Европаға, Кіші Азияға қоныс аударып кетті. Ал, сонда осында қалып қойған кейбір оғыз тайпалары қазақ қауымын құрысуға қатынасып, солардың этникалық құрамына біржола сіңіп кеткені мәлім.

Өте ерте заманнан Сыр суының төменгі ағысында тұрған Женкент қаласы — ұзақ жылдар бойы оғыз мемлекетінің астанасы болған. “Су аяғы Қорқыт” деген мақал осыдан шыққан. Сейтіп, тарихи болмысы ғылымға мәлім Қорқыт атаның туылып, өмірге келген, тіршілік еткен, атақты күй-жырларың нақыл-ғибрат сөздерін шығарған, күллі адамзатқа мәңгілік өмір іздеген, ақырында дүние салған жері де осы Сырдарияның төменгі



1 Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1980, 1-том, 370-бет. 3-93

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет