Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы


Қазақстан мәдениетінің тәуелсіздік кезеңінде даму



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата02.10.2022
өлшемі1,13 Mb.
#151388
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
4 книга проверенная

Қазақстан мәдениетінің тәуелсіздік кезеңінде даму
 
 
 
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің 
Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ директоры 
А.В. Волкова
Тәуелсіздік кезеңінің басты жетістіктерінің бірі қазақ мәдениетінің
сондай-ақ Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеттері мен дәстүрлерінің 
жандануы және әрі қарай дамуы болып табылады. 1990-2000-шы жылдардың 
қазақстандық мәдениет тарихында жаңа кезең болғаны даусыз. Қазақстан үшін 
жалпы алғанда бұл кезең сондай-ақ оның алуан түрлі мәдениетінің жаңа 
сапасының қалыптасуымен белгіленді. Еліміздегі барлық ұлттар өзінің 
дәстүрлерін, салттарын дамыту мүмкіндігін алды. 
Музыкалық ұжымдар репертуарында және театрлар сахналарында 
қазақстандық тақырыптама басты болды. Абай Құнанбаев, Құрманғазы 
Сағырбайұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жамбыл Жабаев, Мағжан 
Жұмабаев және т.б. сияқты мәдениет қайраткерлерінің мерейтойларына 
арналған фестивальдар өтті. Абайдың 150 жылдық мерейтойын мерекелеу 
шеңберінде республикада 156 жаңа қойылым қойылды [1, 171 б.]. 
Музыка өнерінің әрі қарай дамуын ынталандыру және орындаушылардың 
шығармашылық өсуі мақсатында халықаралық фестивальдар мен конкурстар 
өтті. Алматыда «Азия дауысы», «Үкілі домбыра», «Жігіт сұлтаны», «Қыз 
сыны», «Жас Қанат» конкурстары және басқа мәдени-көпшілік шаралары өтті. 
Тәуелсіз болған жылдар ішінде Қазақстан Кеңес Одағының ыдырауымен
және Азиялық дағдарыспен байланысты ауқымды экономикалық 
дағдарыстардың салдарын басынан өткізді. Мәдениет дамуындағы жақсы 
жақтарымен қатар, шетелдік көпшілік мәдениеттің жаппай енуінен туындаған 
жағымсыз жақтары да болды. Зорлық мен қайырымсыздықты насихаттайтын 
төмен сынамалы, дарынсыз, рухсыз реалити-шоу, кинофильмдер теледидар-
ларды жаулап алды. Өскелең ұрпақтың бір бөлігі лайықсыз және арсыз 
тәртібінің үлгілерін дағдыға айналдырды. Бұқаралық коммуникация 
құралдарынан қазіргі шетелдік мәдениеттің онша жақсы емес үлгілерін 
отандық кино мен телеарнадағы, сондай-ақ білім беру саласындағы, жалпы 
алғанда қоғамдағы сапалы өзгерістермен байланысты біртіндеп ығыстырып 
шығару ғана қалыптасқан рухани-адамгершілік жағдайды біртіндеп жеңуге 
мүмкіндік туғызды [2, 287 б.]. 
Мәдени өмірдегі маңызды оқиға 1995 жылы Қазақстан халқы 
Ассамблеясын – теңдессіз институтты құру болды, оның қызметі этникааралық 
және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталды.


103 
Қазақстанның зайырлы сипатындағы діни алуан түрлілік біздің 
халқымыздың толеранттылығының шынайы белгісі болды. Қазақстанда діни 
мәселелер салдарынан ешқашан дау-дамай болмаған, Астана жаһандық 
дінаралық диалог орталығы болды, онда Әлемдік және дәстүрлі діндер 
көшбасшыларының съездері үш рет өткізілді. Қазақстандық қоғам бұрыннан 
құрмет, достық және сенім принциптеріне бағдарланған және қоғамнан әрі 
қарай да барлығына түсінікті: дұшпандық — бұл моральдық, адамгершілік 
және этикалық нормалардың бұзылуы деген сигнал үнемі болуы қажет. Осы 
мақсаттарда Қазақстандық этникааралық және конфессияаралық модельді 
жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 
Қазақстанда да, шетелде де этностардың мәдениет күндері, фестивальдар, 
конкурстар, ұлттық театрлар, шығармашылық ұжымдар концерттері барлық 
жерде өткізілді. «Дөңгелек үстелдер», конференциялар, семинар-тренингтер 
қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, толерантты тәртіпті қалыптастыру, 
ұлтаралық қатынастарды үйлестіру проблемаларына арналады [3, 75 б.].
Барлық проблемаларға қарамастан, Қазақстандағы экономиканың үдемелі 
өсуі әлеуметтік-мәдени сферадағы реформаларды оңтайлы жүргізуге мүмкіндік 
берді. Мәдениетті қолдаудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы құрылды. Қазақстанда 2000 жыл Мәдениет жылы болып 
жарияланды. Театрлар, мәдени орталықтар саны 20 есе өсті.
2000-
шы жылдарда мәдениет саласында белгілі нәтижелерге қол 
жеткізілді. Мұражайлар қоры құнды экспонаттармен толықтырылып, үштен 
бірге өсті. Білім беру деңгейінің өсуімен бірге библиографиялық ақпаратқа 
сұраныс байқалды. 
2001 жылғы ақпанда еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың 
бірі – Қазақстанның «Асыл мұра» музыкалық мұрасы жобасының тұсаукесері 
болды. Жобаның мақсаты – ұлттық музыкалық мұраны жүйелендіру, өңдеу 
және цифрлық тасымалдауыштарға жазу [4, 297 б.].
1989 жылдан бастап жыл сайын «Азия дауысы» халықаралық фестивалі 
өтеді. Фольклорлық ұжымдар, «Отырар сазы» ұлттық аспаптар оркестрі, 
«Салтанат» би ансамблі өзінің өнерімен қуантады. 1978 жылы құрылған 
«Тамаша» әзіл және сықақ театры жұмыс істеуін жалғастырады, оның 
қанатынан «Бауыржан шоу», «Аққу-Гәкку» сияқты жас ұжымдар шықты. 
Дәстүрлі қазақ музыкасы ғасырлар бойы ұрпақтардың рухани тәжірибесін 
жинады және таратты. Дәстүрлі қазақ музыка тілі бай, оның құрылымы күрделі, 
жүйелі ұйымдастырылған, бұл оның ғасырлар бойы халықтың өзгеріп келе 
жатқан тарихи тәжірибесін көрсетуге және онымен бірге эволюциялануға 
мүмкіндік берді. Қазақтардың, негізінде қалалықтардың арасында дәстүрлі
қазақ музыкасын қабылдамайтын қабатша қалыптасты, бұл – ақпараттың кодын 
ашуға қабілетті хабарламалар. Коммуникациялық жүйеде үшінші буынның 
бұзылуы басталды, бұл коммуникативті және таңбалы жүйелердің өзара 
байланысқандығына қарай жалпы алғанда таңбалық жүйенің, яғни қазақ 
музыка тілігің өзінің құлдырауына әкеледі.
Бұл процесті аутенттік (төлтума дәстүрлі) қазақ музыкасы концерттерінің 
аздығы және оны БАҚ арналары бойынша тарату уақытының үдемелі 


104 
қысқаруы, яғни музыка-тілдік ортаның біртіндеп жойылуы күрделілендіреді. 
Осыдан, қазақ музыка тілінің құлдырауы дегеніміз біздің өзімізде және 
мәдениетімізде бар жақсының құлдырауы. Бірақ осыған қарамастан, 
қазақстандық классикалық өнер жұлдыздары – скрипкашы Айман 
Мұсаходжаева, тенор Әлібек Дінішев, тамаша сопрано, опера әншілері Майра 
Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаева және басқалардың әлемнің ірі театр 
сахналарында үнемі өнер көрсетіп, классикалық өнерді отандық қана емес, 
сонымен бірге шетелдік бағалаушыларға кеңінен танымал болғаны жақсы 
болып табылады [5,с. 59]. 
Егер қазақстандық эстрада жайында айтсақ, мұнда да бірқатар 
проблемалар бар. Мәдениет сарайларының шектелгендігі, персоналмен, 
аппаратурамен, жылумен және әртістерге арналған басқа инфрақұрылыммен
болатын проблемалар көп. Жоғары кәсіптік дыбыс жазу студиялары талап 
етіледі, авторлық құқықтары қорғалмаған. Бірақ отандық сахнада Бибігүл 
Төлегенова, Ермек Серкебаев, Рамазан Стамғазиев, Мақпал Жүнісова сияқты 
танылған мэтрлермен қатар, Досымжан Таңатаров, Тоқтар Серіков және басқа 
жас таланттардың сәтті өнер көрсетіп жүргенін атап кету керек. «Ұлытау», 
«МузАрт» шығармашылық ұжымдарың, «Гүлдер» ансамблі, «Нұр-Мұқасан» 
дуэті және басқалар елімізде де, оның шекарасынан тыс жерлерде де лайықты 
даңққа бөленіп жүр. [6, 24 б.]. 
«Ел», «Алтын самұрық», «Майра», «Қазақ әуендері» продюсерлік 
орталықтары ән кештерін ұйымдастырады. 2005 жылдан бастап республикада 
«Алтын самұрық» ұлттық конкурсы өткізіледі. Қазақстанда жыл сайын жас 
орындаушылар шығармашылығына арналған «Шабыт», «Алтын Алма» және 
т.б. сияқты конкурстар мен фестивальдар өткізіледі. 
Қазақстанның бас қаласы – Астананың мәдени инфрақұрылымы кеңейіп 
келеді. Онда Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театры, М. Горький 
атындағы орыс драма театры, К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және 
балет театры, Президенттің мәдени орталық, Мемлекеттік цирк, Бейбітшілік 
және келісім сарайы, Орталық концерт залы жұмыс істейді [2, 289 б.]. 
Соңғы жылдары концерт залдарының инфрақұрылымы елеулі өзгерді, 
олардың сыйымдылығы артты: 2005 жылдың басында 18 мың орын болды, бұл 
2003 жылмен салыстырғанда 22%-ға артық. Жыл сайын филармониялардағы 
концерттер саны орта есеппен - 56%-ға, олардың тыңдаушыларының саны 10%-
ға көбейеді [4, 299 б.]. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі, атап айтқанда Мәдениет және 
ақпарат министрлігі қазақстандық мәдениетті шетелде насихаттауға үлкен 
көңіл бөледі, мысалы: Алматы хореография училищесінің оқушылары АҚШ, 
Швейцария сахналарында өз талантын көрсетті; Республикалық корей 
музыкалық-драма театры Оңтүстік Кореяда Әлемдік этникалық фестивальға 
қатысты (1991); Мәскеуде, Парижде, Түркияда, Монғолияда, Украинада Абай 
шығармашылығына арналған шаралар өткізілген; 2003 және 2004 жылдарда 
өткізілген Ресейдегі Қазақстан жылы және Қазақстандағы Ресей жылы үлкен 
резонанс тудырды. 


105 
Қазақстан 49 алыс және жақын шетелмен мәдениет саласындағы 
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміздің өміріндегі маңызды 
оқиға ШЫҰ қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кездесуі, ТЮРКСОЙ 
Тұрақты кеңесінің мәжілісі болды. 
2008 жылғы қыркүйекте V Еуразиялық Халықаралық кинофестиваль өтті. 
«Опералия-2008» IV халықаралық музыка фестивалі Қазақстанның бас қаласы 
– 
Астананың 10 жылдығына арналды. Түркіменстанның, Египеттің, 
Иорданияның және Катар мемлекетінің мәдениетіне арналған шаралар 
өткізілді, Қазақстан мәдениетін Монғолия мен Тәжікстанда насихаттау 
бойынша шаралар ұйымдастырылды [7, 137 б.]. 
Осының барлығы тәуелсіздік кезеңінде қазақ ұлттық мәдениетінің және 
жалпы алғанда Қазақстан халқы мәдениетінің айқын жанданғаны және әрі 
қарай дамығаны туралы куәландырады.
Айтыс өнерінің - музыкалық-поэтикалық суырып салып айту жанрының
жандануы өткен ғасырдың 80-ші жылдарында басталды. Айтыстарды 
музыкалық ұйымдастыруға қатысты проблемалар болды. Бірақ мемлекеттің 
қолдауының арқасында айтыс әрі қарай даму мүмкіндігіне ие болды. Ақындар 
сайысын телеарна бойынша тарату айтыстың бүкіл республикада шеру 
жасауына бастама болды. Облыстарда ірі сайыстар өткізілді, жеңімпаздары 
облысаралық жекпе-жекке қатысты. Шымкент, Жезқазған, Қызылорда, Торғай, 
Орал, Семей облыстарында ақындар мектептері қалыптаса бастады. Өкінішке 
орай, біздің кезімізде ақындардың таза суырып салып айтуы сирек кездеседі. 
Оның әлдеқандай себептері бар. Қазіргі уақытта ұйымдастырылатын 
айтыстардың әрқайсысы белгілі тақырыптамаға арналады (соңғысы алдын ала 
жарияланады), нәтижесінде айтысқа азды-көпті «дайындалған» ақындар 
қатысады. Бірақ айтыс өнерінде Аманжол Әлтаев, Мэлс Қосымбаев, Айнұр 
Тұрсынбаева, Оразалы Досбосынов және тағы басқалар өз іздерін қалдырғанын 
атап кету керек. Бірқатар ақындар – Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілов, 
Әзімхан Қосбармақов Қазақстанның халық ақыны атағын иеленді. Ақындардың 
кейбіреуі Қазақстан Республикасының құрметті өнер қайраткері атағына ие 
болды. Абай мен Жамбылдың 150 жылдығына, Түркістанның 1500 жылдығына, 
Тараздың 2000 жылдығына арналған Қазақстанның ірі мерейтойлық 
шараларында ақындар айтыстары өткізілді. 1997 жылдан бастап «Хабар» 
агенттігі ЖАҚ айтыс өнерін белсенді насихаттады. 2002 жылдан бастап 
«Айтыс» хабары аптасына бір рет жақын және алыс шетелдерге «Каспионет» 
спутниктік арнасы арқылы таралады. 
2004 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. 
Назарбаев 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік 
бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойды. Бағдарламаны іске асыру 
халықтың мәдени игілігінің жандануы және дамуы ісінде елеулі нәтижелер 
берді. Оны қабылдаған сәттен бастап 51 мәдени-тарихи ескерткіш қалпына 
келтірілді; Қазақстан аумағында ежелгі тұрақтарда, елді мекендер мен 
қалашықтарда 39 маусымдық археологиялық зерттеу жүргізілді; Қытайға, 
Түркияға, Ресейге, Монғолияға, Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға, Арменияға, 
АҚШ-қа және Батыс Еуропаға 15 экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция-


106 
лар нәтижесінде еліміздің мәдени қорын байыта түскен, бұрыннан белгілі 5 
мыңға жуық қолжазба мен басылым табылды. Фольклортануға, әдебиеттануға, 
өнертануға, философияға, саясаттануға, тіл біліміне арналған 16 бағыт 
бойынша ғылыми басылымдардың бірнеше жүздеген томының жарыққа шығуы 
үлкен жетістік болып табылады. «Бабалар сөзі» 100 томдығының 51 томдық 
нұсқасы, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі энциклопедияның 10 томы, «Қазақ 
философиясының» 16 томы, «Философияның әлемдік мұрасының» 18 томы, 
Баласағұн, Отырар қалаларының, орхон ескерткіштерінің толық атласы 
басылып шығарылды. Сонымен қоса, «Қазақстандық электрондық кітапхана-
ның», «Мәдени мұраның» интернет-порталдары құрылған болатын. «Мәдени 
мұра» бағдарламасы 2007-2009 жылдарда іске асырылды, ал 2009 жылы 2011 
жылға дейін дамудың жаңа кезеңіне өтті [2, 296 б.]. 
«Қазақфильм» студиясы ең үздік гуманистік және реалистік дәстүрлерді 
қалыптастырып, кеңес кинематографиясында алдыңғы шепте болды, Сонымен 
бірге кино және театр, жалпы алғанда мәдениет 1990 жылдардан бастап өтпелі 
дәуірдің қиындықтарымен: бұрынғы байланыстардың үзілуімен, қаржылан-
дырудың, ресурстардың, кадрлардың, икемді басқарушы шешімдердің жоқ 
болуымен атап өтілген ауыр кезеңді бастан өткізді. 2000-2005 жылдарда 
Қазақстанда әр түрлі жанрлы 30 көркем фильм түсірілді. Көрермендер 
Мемлекеттік сыйлықты алған Ардақ Әмірқұловтың «Гибель Отрара» және 
Сатыбалды Нарымбетовтің «Көзімнің қарасы» тарихи фильмдерін жылы 
қабылдады. Талантты жас режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Девушка из города» 
(2004) картинасы Анапа қаласында (Ресей) өткен ТМД және Балтық елдерінің 
халықаралық кинофестивалінде Гран-Приді жеңіп алды. Тәуелсіздік жылдарын-
да «Көшпенділер» (режиссерлері Иван Пассер, Сергей Бодров, Талғат 
Теменов), Дәрежан Өмірбаеваның «Шұға», С. Нарымбетовтің «Мұстафа 
Шоқай», Данияр Саламаттың «Вдвоем с отцом», А. Әмірқұловтың «Прощай, 
Гульсары» фильмдері және басқа фильмдер түсірілді. Отандық киноның 
тарихында алғаш рет «Рэкетир» фильмі бойынша әйгілі кинорежиссер Ақан 
Сатаев «Адасқандар» мистикалық триллерін түсірді. Ермек Тұрсыновтың 
«Келін» фильмі қазақ киносына жаңа толқын әкелді [4, 303 б.]. 
2010 
жыл "Сказ о розовом зайце", "Кто вы мистер Ка" және "Рывок", 
"Ирония любви", "Коктейль для звезды" сияқты бірқатар отандық 
премьералармен белгіленді. Олардың көпшілігі "Қазақфильм" киностудиясы-
ның қатысуымен түсірілді. Кино біздің елімізде мәдениетке бөлінетін 
мемлекеттік бюджеттің ең шығынды бабын құрайды [5, 58 б.]. 
Сонымен, қазіргі қазақстандық кинематография үздік дәстүрлер және 
жаңа маңызды даму бағыттары негізінде қалыптасты және дамыды. 
Қазақстанда туризмнің дамуы мәдениет саласындағы басты 
проблемалардың бірі болып табылады. Қазақстанда туризмнің дамуымен 
айналысатын бірде-бір мемлекеттік құрылым жоқ, барлық туристік фирмалар – 
жеке. Қазақстанда қалыпты реестр және нысандар кадастры болуы үшін, 
туристік-өлкетану экспедицияларын жандандыру қажет. Қазақстанға жаңа 
нысандар қажет. Бұл жұмысқа балалар мен жасөспірімдерді белсенді 
қатыстыру қажет, себебі қазіргі сәтте біздің елімізде балалар және жастар 


107 
туризмі жоқ. Сондай-ақ кадрларды даярлау проблемалары да бар: білікті гидтер 
жоқ, демалыс орындары көркейтілмеген, қала сыртындағы тарихи, атаулы 
нысандарға кірме жолдардың жағдайы нашар, елімізге келетін туристерді 
есепке алу жеткіліксіз жүргізіледі. Қазақстанда 1203 туристік агенттік пен 
фирма бар, олардың 690-ы – Алматыда. Туристік қызмет кең текшені алады. 
Алматы бойынша бұл сфера – алдыңғылардың бірі, бірақ ол, өкінішке орай, 
жеткіліксіз дамыған. 2009 жылы туризм сферасында 30 млрд. теңге қаржы 
табылған – бұл төмен көрсеткіш.
2011 жылы 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу шеңберінде Ойындарға 
қатысушылар және қонақтар үшін қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін 
көрсететін мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. «Мәдени Азиада» - бұл тарихи 
және мәдени мұрасы бай Қазақстанды көрсету, елімізді тұрақты дамыған қазіргі 
мемлекет ретінде көрсету, еліміздің туристік әлеуетін көрсету, Қазақстанды
әлемдік жұртшылықтың алдында Еуразияның спорттық және мәдени жүрегі 
ретінде биікке көтеру, қазақ халқының басты ерекшелігі – қонақжайлылығын 
көрсету мүмкіндігі. Азия ойындары Қазақстан тарихындағы жарқын оқиға 
болып табылады, ол спорттық менеджментте теңдессіз тәжірибені иеленуге 
және республика имиджінің әлемдік аренада жоғарылауына ғана мүмкіндік 
туғызып қоймай, сонымен бірге Қазақстанда туризм индустриясының дамуы 
үшін кең мүмкіндіктерді ұсынады.
Республикадағы халықаралық және ішкі туризмді дамыту үшін 
Қазақстанның «Жібек жолы» туристік трансконтиненттік маршрутына қатысуы 
орасан зор мүмкіндіктерді ашады, ол UNESCO-мен ынтымақтастықта UNWTO 
қамқорлығымен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемнің 80-
нен астам елінде шетелдік серіктестері бар, 1500-ден астам туристік ұйымдар 
жұмыс істейді.
Бірақ Қазақстан халықаралық туристік көрмелерде көрсетілмейді, 
шетелде бірде-бір туристік өкілдігі жоқ, сондықтан әлеуетті туристердің 
Қазақстанда бар жақсы атаулы туралы ешқандай түсінігі жоқ. Қазақстанның 
туристік әлеуеті бай және алуан түрлі, оның туризмнің барлығы дерлік түрлерін 
дамыту үшін теңдессіз мүмкіндіктері бар. Туристер үшін Қазақстан 
аумағындағы саяхаттар маршруттарының көп саны ұсынылады. Соңғы жыл 
ішінде Қазақстанға 4,5 миллионға жуық турист келді. 7-ші қысқы Азия 
ойындары өткенде Қазақстанға 10 000 астам шетелдік қонақ келді. Осы 
көзқарастан, Азия ойындары туристік саланың дамуына түрткі болды [8, 16 б.]. 
Сонымен, Қазақстанның мәдениет, өнер және спорт саласында елеулі 
жетістіктері бар, олар ұлттық мәдениеттің әрі қарай дамуы туралы 
сенімділікпен айтуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет