Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама



бет85/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86

12.1. Білім беру

Білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығыстар 2016 жылдың түзетілген бюджетіне сәйкес 1 622 млрд. теңгені құрайды (2016 жылғы


1 қазанға)55. Білім берудің қазіргі заманғы жүйесін дамыту үшін мемлекеттік бюджеттің шығыстары жыл сайын артып келеді, басты түрде жергілікті бюджеттер есебінен.

54-диаграмма. Динамикадағы білім беруге арналған мемлекеттік бюджет, млрд. теңге56


Халықаралық құжаттар білім беру қажеттіліктеріне ішкі жалпы өнімнің кем дегенде 4-6% және/немесе жалпы мемлекеттік шығыстардың 15-20% бөлуді ұсынады.
Инчхон Декларациясы.

Білім беру қажеттіліктеріне ішкі жалпы өнімнің кем дегенде 4-6% және/немесе жалпы мемлекеттік шығыстардың 15-20% бөлу.


Қазақстанда білім беруге арналған мемлекеттік шығындар 2015 жылы ІЖӨ-нің 3,3% құрады. 2015 жылы жалпы мемлекеттік шығындарға қатысты білім беруге 16,5%, 2016 жылы – 17,1% құрады, бұл халықаралық ұсынымдарға сай келеді.

Білім беруге арналған мемлекеттік шығыстар үлесі 2012-2015 жылдарғы кезеңде ІЖӨ-ге қатысты да, жалпы мемлекеттік шығыстарға қатысты да төмендеді. 2015 жылы ел бюджетінде білім беруге арналған шығыстар үлесі артқан.

Бірақ шығыстардың артуын инфляцияның 13,6%-ға дейін артуы57, бағаның азық-түлік тауарларына 10,9%-ға және азық-түліктік емес тауарларға 22,6%-ға дейін өсуі және т.с.с. жағдайында жағымды құбылыс деп қарау қиын.



Оның үстіне, экономика дамуы қарқынының төмендеуі білім беру саласындағы шығыстар үлесінің артуына ықпал етті, өйткені білім беруге арналған шығыстар секвестрге (бюджеттің шығыс бөлігін қысқартуға немесе шектеуге) жатпайды.

42-кесте. Білім беруге арналған шығындардың ІЖӨ-ге және мемлекеттік (түзетілген) бюджетке үлесі, %58




2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

ҚР ІЖӨ, млн. теңге*

31 015 187

35 999 025

39 675 833

40 884 134




Мемлекеттік бюджет, млн.

1 216 138

1 243 228

1 361 439

1 367 800

1 621 952

Білім беруге арналған мемлекеттік бюджеттің

3,9

3,5

3,4

3,3




Шығындардың елдің мемлекеттік бюджетіндегі үлесі, %

19,2

18,0

17,4

16,5

17,1

*ҚР 2015 жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Бір оқушыға шаққандағы білім беруге арналған шығыстар мектепке дейінгі мекемелер мен ЖОО студенттерін қоса алғанда 2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда 45 мың теңгеге өскен.
43-кесте. Бір оқушыға шаққандағы шығындар59

 

Бюджет, млн. теңге

Оқушылар саны, мың

1 адамға шаққандағы шығындар, мың теңге

2012 жыл

1 216 138

4210,3

288,8

2013 жыл

1 243 228

4300,7

289,1

2014 жыл

1 361 439

4422,9

307,8

2015 жыл

1 367 800

4516,7

302,8

2016 жыл

1 621 952

4664,5

347,7

График 2015 жылы шығыстардың көбеймегенін көрсетеді –
2014 жылғымен салыстырғанда (-2%) (төменде қараңыз). Бұл ретте ІЖӨ нақты көлемінің индексі (жан басына шаққандағы өндіріс әдісі) 2013 жылдан бері төмендеуін жалғастырып келеді және 2015 жылы өткен жылымен салыстырғанда 99,7% құрайды. 2016 жылы бір оқушыға шаққандағы шығындар 15%-ға (45 мың теңгеге) артты, бұл бір қарағанда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың оң нәтижесі болып табылады. Бірақ елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы шартында бұл амалсыздан жасалған шара.

55-диаграмма. Білім беру саласындағы бір оқушыға шаққандағы (мектепке дейінгі мекемелердің балалары мен ЖОО студенттерін қоса алғанда) мемлекеттік бюджеттің және ІЖӨ нақты көлемі индексінің өсу динамикасы60, %

Республикалық бюджеттің құрылымында барынша ауқымды үлесті жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беруге арналған шығыстар құрайды – 33% (мамандар даярлау) немесе 149 млрд. теңге61. Мектепке дейінгі оқыту мен жалпы орта білім беру тең дәрежеде 22%-дан. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қол жетімдігін қамтамасыз етуге арналған шығыстар 100 млрд. теңге және сапалы мектеп білімінің қол жетімдігін қамтамасыз етуге арналған шығыстар – 98 млрд. теңге. Республикалық бюджет шығыстарының өте аз үлесін техникалық және кәсіптік білім беру құрайды - 4%, яғни 19 млрд. теңге техникалық және кәсіптік білімді кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.


56-диаграмма. Білім беруге арналған шығыстар құрылымы, Республикалық бюджет 2016

Мемлекеттік бюджетте шығыстардың жартысынан көбі (67%, 2015 ж. тараудың басындағы диаграмманы қараңыз) орта жалпы білім беруге тиесілі, басты түрде жергілікті бюджеттердің есебінен. Бірақ шығыстар біртіндеп тек жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беруге артып келеді. Шығыстардың


2015 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша 32,5%-ға едәуір төмендеді, орта жалпы білім беру бойынша 1,2%-ға және КжТБ бойынша
3%-ға төмендеді.

57-диаграмма. Білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік бюджет шығындарының динамикасы, 2012- 2015 (млрд. теңге)

2015 жылғы қаржылық нәтижелерге сәйкес62 барлық (ағымдағы және күрделі) шығыстардың 48% орта білім беруге жұмсалады, соның арқасында барлық азаматтар үшін тегін және міндетті білім беру қамтамасыз етіледі (төмендегі диаграмманы қараңыз).

Шығыстардың барынша аз бөлігі техникалық және кәсіптік білім берудің үлесінде (9%). Сондықтан 2015 жылы экономикалық белсенді халықтың құрамындағы біліктілігі жоқ жұмысшылардың 25% құрауы кездейсоқ емес (сарапшылар 10% болуын ұсынады), колледждер жабылуда, техникалық және кәсіптік білім алу беделді емес.

Шығыстардың 12%-ын мектепке дейінгі білім беру құрайды, бұл ретте мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен жалпы қамту коэффициенті


2015 жылы 60,37% құраған, ал әлеуметтанулық сауалдама нәтижелері бойынша ата-аналардың 19% кезекте тұр (орын жоқ). Сонымен қатар Қазақстанның Орталық Азиядағы мектепке дейінгі мекемеде бір жылдың ішінде міндетті, тиісінше тегін оқытатын тұңғыш ел болғаны жетістігіміз болып табылады.


58-диаграмма. Білім беру деңгейлері бойынша шығыстардың қаржылық нәтижелері (ағымдағы және күрделі шығыстар), 2015 ж.



Едәуір қаражат ауылды жерлердегі бастауыш білім беруге (алғашқы саты) жұмсалады – 69% (қалалық жерде – 31%), осының есебінен ауылдарда барлық балаларды бастауыш білім берумен қамту қамтамасыз етіледі (төмендегі диаграмманы қараңыз). Негізгі және жалпы орта білім беру деңгейінде шығыстар қала мен ауылға тең бөлінеді (50%-дан). Біздің елімізде жалпы орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 44%-ын ауылдық елді мекендердегі шағын жинақты мектептер құрайды, онда оқушылардың тек


8% білім алады. Білім беру ұйымдары жоқ елді мекендерде тұратын мектеп жасындағы 22 778 баланың ішінен 22 278 бала (97,8%) тасымалдаумен қамтылған. Ауылды жерлерде педагог кадрлардың жетспеушілігі проблемасы сақталуда, бұл білімнің, әсіресе шағын жинақты мектептердегі білімнің сапасына ықпал етеді. Білім беру саласындағы мамандардың біліктілігін көтеруге арналған қаражатты бөлу кезінде бұл факторларды ескеру қажет.

Ауылды жерлерде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған шығыстардың үлесі аз (16%).



ҚР-да мектепке дейінгі білім беру ақылы және ауылды жерлерде көп отбасылар үшін мектепке дейінгі қызмет көрсету ақыларын төлеу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан ауылды жерлерде мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік желісін кеңейту басымдыққа ие болуға тиіс. Қазірше 2015 жылдың қорытындылары бойынша мектепке дейінгі білім беруге арналған шығыстар 33% құрайды.

59-диаграмма. Қалалық/ауылдық жерлердегі білім беру деңгейі бойынша шығыстардың қаржылық нәтижелері (ағымдағы және күрделі шығыстар), 2015 ж., %

Шығыстардың қаржылық нәтижелерінің өңірлер бойынша өзгешеліктері бар. Мысалға, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында мектепке дейінгі мекемелерде бір балаға шаққандағы шығыстар 156-154 мың теңгені құраса, Астана және Алматы қалаларында - екі есе көп, тиісінше


313 мың теңге және 330 мың теңге (төмендегі диаграмманы қараңыз).

Орта білім беруде – бір оқушыға шаққандағы барынша аз шығыстар Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында (201-202 мың теңге), бұл мектепте үш ауысымда оқытатын өңірлер. Ең көп шығыстар Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында (408 мың және 332 мың теңге), онда шағын жинақты мектептер саны аз.

Техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарындағы бір оқушыға шаққандағы барынша көп шығыстар сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Білім беру мекемелерінде оқитындар санының азаюымен бір оқушыға шаққандағы қаржыландыру құны өсіп келеді, экономикалық теорияда ауқымдық нәтиже деп аталады.

Жоғары білім беруде барынша көп шығыстар елордалық ЖОО-лардың еншісінде, басты түрде «Назарбаев Университеті» ДББҰ есебінен. 2015 жылы республикалық бюджеттің шеңберінде 61 млрд. теңге мөлшеріндегі мақсатты салымдар көзделген болатын.


44-кесте. Бір оқушыға шаққандағы шығыстардың бөлінуі, мың теңге63

12.2. Денсаулық сақтау



Денсаулық сақтауға бөлінген мемлекеттік шығындар 1 011,4 млрд. теңгені құрайды (2016 жылғы 1 қазанға).64 Денсаулық сақтауға бөлінетін салымдар негізінде республикалық бюджеттің есебінен жыл сайын артып келеді.

60-диаграмма. Динамикадағы денсаулық сақтауға арналған мемлекеттік бюджет, млрд. теңге65

Бюджеттің 5 млрд. теңгеге артқанына қарамастан халықтың жан басына шаққандағы шығыстар 2015 жылы қысқарды (-1%). 2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда халықтың жан басына шаққандағы шығыстар 16%-ға артты.



61-диаграмма. Денсаулық сақтауға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының және жан басына шаққандағы ІЖӨ нақты көлемі индексінің (НКИ) өсу динамикасы, %66


2016 жылы денсаулық сақтауға арналған шығындардың ел бюджетіндегі үлесі өткен жылмен салыстырғанда 10,7%-ға дейін (0,2%-ға) артты. Экономика дамуы қарқынының төмендеуі жағдайында денсаулық сақтауға арналған шығыстар төмендемейді, өйткені мемлекеттік саясатқа сәйкес бұл сала секвестрленбейтін бағдарламалар қатарына жатады (қысқартуға немесе шектеуге жатпайды).
45-кесте. Денсаулық сақтауға арналған шығындардың ІЖӨ-ге және мемлекеттік бюджетке (түзетілген) үлесі, %67




2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Денсаулық сақтау арналған мемлекеттік бюджет шығындарының ҚР ІЖӨ-ге үлесі, %

2,4

2,2

2,2

2,1




Елдің мемлекеттік бюджетіндегі шығындардың үлесі, %

11,6

11,6

11,0

10,5

10,7


12.3. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған мемлекеттік шығындар 2 004,6 млрд. теңгені құрайды (2016 жылғы 1 қазанға)68 Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға салымдар мемлекеттік бюджет шығындарының барынша көп үлесін құрайды (21%) және жыл сайын артып келеді, басты түрде республикалық бюджеттің есебінен.



62-диаграмма. Динамикадағы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған мемлекеттік бюджет, млрд. теңге69

ІЖӨ нақты көлемі индексінің төмендеуі аясында (халықтың жан басына шаққандағы өндіріс әдісімен) мемлекет 2013 жылдан бері әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстардың өсу қарқынын төмендетпеуге тырысуда. 2016 жылы бір адамға шаққандағы шығыстар өткен жылмен салыстырғанда 16% өскен.



63-диаграмма. Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары мен халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ нақты көлемі индексінің өсу қарқындары, %70

Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстардың үлесі білім беру және денсаулық сақтауға қарағанда


2012 жылдан бері көбейіп келеді және 2015 жылы ІЖӨ-нің 4,2% құраған. Жыл сайын ел бюджетінде әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстардың үлесі өсіп келеді, 2016 жылы 21,2%-ға жеткен
(2016 жылғы 1 қазанға). Осылайша мемлекеттік әлеуметтік осал халықты экономикалық дағдарыс, инфляция, бағаның өсуі жағдайында қолдауға бағытталған саясаты жалғасып келеді.
46-кесте. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындардың ІЖӨ-ге және мемлекеттік (түзетілген) бюджетке үлесі,
% 71





2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Мемлекеттік бюджет шығындарының ҚР ІЖӨ-ге үлесі, %

4,0

3,8

3,9

4,2




Ел бюджетіндегі шығындардың үлесі, %

19,5

19,7

19,8

20,7

21,2

Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау еліміздің мемлекеттік бюджетіндегі секвестрленбейтін бағдарламалар қатарына жатады (қысқартуға және шектеуге жатпайды). Экономика дамуы қарқынының төмендеуі жағдайында мемлекет әлеуметтік салаға арналған шығыстарды төмендетпеуге тырысады, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған саясатты ұстайды.

Дегенмен, техникалық және кәсіптік білім беруге, ауылды жерлерде мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту мен педагог кадрлардың біліктілігін көтеруге бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігін атап өту қажет.


Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет