Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы



бет3/15
Дата12.12.2023
өлшемі79,97 Kb.
#196415
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2017 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС НҰСҚАУ ЖАҢА
8 сабақ үй жұмысы
2. Нормативтік сілтемелер
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдары.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Оқу –әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы» 2007 жылғы 29 қарашасындағы №583 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызындағы №1080 қаулысымен бекітілген, техникалық және кәсіптік білім берудің Жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің м.у.а. «Білім беру ұйымдарының білім беру қызметінде қолданылатын қатаң есептегі құжаттарының нысандарын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 қазанындағы №502 бұйрығы
5. ҚР СТ ИСО 9001-2009 сапа менеджменті жүйесі.Талаптары.
6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылдың 18 наурызындағы №125 бұйрығы.
3. Курстық жұмысты ұйымдастыру реті
3.1. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау
Курстық жұмыстың мақсаты, міндеттері. Курс жұмысына қойылатын жалпы талаптар

Студенттерге пәннің бағдарламалық тақырыптары аясында оқытушы анықтаған тақырыптарды таңдау құқығы беріледі. Курстық жұмыстың тақырыптарын мамандықтардың типтік оқу жоспарына сәйкес анықталған пәндер бойынша оқытушылар әзірлеп, пәндік – циклдік комиссияның отырысында қарап, колледж директорының оқу ісі бойынша орынбасарына бекітуге ұсынады. Студенттердің жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерін есепке ала отырып, кеңінен таңдау жасауларына мүмкіндік беру мақсатында ұсынылған тақырыптардың көлемі олардың санынан артық (5% кем емес) болуы тиіс. Студент курстық жұмысты жазу үшін алдын –ала оқытушының келісімімен басқа тақырыпты да таңдай алады. Курстық жұмыстың тақырыбы студенттің өндірістік практикасының бағдарламасымен, ал сырттай бөлім студенттері үшін олардың кәсіби іс – әрекеттерінің түрімен, жұмыс орнымен байланысты болуы мүмкін. Егер студент анықталған мерзім ішінде курстық жұмыстың тақырыбын таңдамаса, оқытушының өзі анықтауға құқысы бар.


Курстық жұмыстардың тақырыптары келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1. Нақты мамандық бойынша мамандар даярлау міндеттеріне сәйкес болуы (ҚР ЖММБС талаптарына сәйкестігі).
2. Зерттеудің өзектілігі, педагогикалық теория мен практиканың болашақтағы даму мен оның заманауи жағдайына сәйкестігі.
3. Студенттерді зерттеу іс –әрекетіне, білімді өз бетімен алуға тарту.
4.Студентердің зерттеу тақырыбы бойынша әртүрлі қызығушылықтарын ескеру.
3.2. Жұмысты ұйымдастыру және кеңес беру
Курстық жұмысты ұйымдастыру кезінде колледж оқытушыларынан студентке жетекші тағайындалады.
Ғылыми жетекші:
Загрузка...
1) курстық жұмыстың тақырыбын, кеңес беру кестесін, жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспарын, қорғау күнін анықтайды;
2) жұмыстың орындалу барысын бақылайды......................................
Ғылыми жетекшінің негізгі міндеттері:
- студентке тақырыпты таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін, зерттеу әдістемелерін анықтауға көмектеседі;
- студентпен бірге отырып жұмыстың күнтізбелік жоспарын құрады және тапсырмаларды,кеңес беретін күндерді анықтайды;
- студентті курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар және нақты нұсқаулармен таныстырады (жұмыстың негізгі кезеңдері, кезең бойынша жұмыс мазмұны, есеп беру түрі, және т.б.);
- тақырып бойынша әдебиеттер, материалдар жинастыру үшін кеңес береді;
психологиялық-педагогикалық бақылау мен экспериментті ұйымдастыру және өткізуге көмектеседі;
- алынған зерттеу материалдарының сапасын тексереді;
- курстық жұмыстың орындалу барысын бақылайды;
- қорғауды ұйымдастырады.
Жетекші жеке кеңес беру арқылы немесе топпен пән бойынша сабақ барысында студенттің курстық жұмысты жазу іс-әрекетін шоғырландырып, бағыттап отырады. Кеңес беру курстық жұмыс жазылатын пәнге бөлінген сағат есебінен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет